Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару


Кіріспе3

1. 2 Орман қорын құқықтық реттеудің қайнар көзі4

2 ОРМАН ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ12

2 Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару12

2. 2 Орман шаруашылығын ұйымдастыру20

2. 3 Орманды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар30

3 ОРМАН ҚОРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ37

3. 2 Орман заңдылығын бүзғаны үшін қүқықтық жауапкершіліқ40

ҚОРЫТЫНДЫ47

Кіріспе

Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 32, 2% - ға тең (басқа мәліметтер бойынша 25%) . Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы ормандарды жойған. М үн ын нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%- дан, қазір 25-30%- ға дейін кеміген. Ормандардың ауданының кему процесі қазір де жалғасуда. Бұл процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр. Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің эсері тимеген немесе элсіз болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде. Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4%.

Дүние жүзінің ормандарда өсімдік массасының (биомасса) 1, 65-1, 96 триллион м 3 (құрғақ масса) шоғырланған. Бұған барлық жер үсті бұталар, діндер, жапырақтар жэне жер асты тамыр массасы кіреді. Ағаш дінінің ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сипаттайтын маңызды көрсеткіш ағаштың жылдық өсімі болып табылады [2] .

Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Орман қоры мемлекеттік жэне жекеше орман қорларынан тұрады. Мемлекеттік орман қорына:

  1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі орманды жэне ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда табиғи жэне қолдан өсірілген ормандар;
  2. табиғи жэне қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері;
  3. халықаралық жэне республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың жэне басқа желілік құрылыстардың белдеулеріндегі ені он метр жэне одан көбірек, алаңы 0, 05 гектардан астам қорғаныштық екпелері жатады.

Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке жэне мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен жасалған, ені он метр жэне одан көбірек, алаңы 0, 05 гектардан астам қолдан өсірілген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жэне бюджет қаражаты есебінен отырғызылған екпелер жатады.

Орман қорына: мемлекеттік орман қорының жерінен тыс орналасқан жекелеген ағаштар жэне көлемі 0, 05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бұта өсімдіктер; қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл желектер. Үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар кірмейді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншік объектілеріне жатады жэне республикалық меншікте болады. Жекеше орман қоры учаскелерін иеленуді, пайдалану мен оған билік етуді, орман Кодексінде жэне Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес, жекеше орман иеленушілер жүзеге асырады.

Орман қорының жерлері мемлекеттік жэне жекеше орман қоры жерлеріне бөлінеді. Мемлекеттік орман қорының жерлеріне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген жэне ағаш өспеген орманды жэне ағаш өспеген алқаптар, орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер жатады.

Жекеше орман қорының жеріне Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жэне бюджет қаражаты есебінен отырғызылған екпелер өсірілген жерлер жатады. Мемлекеттік орман қоры жерлерінің шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде орман орналастыру материалдарының негізінде белгіленеді жэне нақтыланады. Мемлекеттік орман қорының жерлерін сатып алу-сату, кепілге беру жэне басқа мәмілелер жасасу арқылы иеліктен шығаруға жол берілмейді.

Орман қорының жерлерін беру, алып қою жэне пайдалану тэртібі Орман Кодексімен, Қазақстан Республикасының жер жэне азаматтық заңдарымен айқындалады [3] . Орман қоры жерлерін, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқыгы қатынастарының объектісі болып табылады. Орман құқығы қатынастарының объектілері орман Кодексінде жэне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тэртіппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескеріле отырып пайдаланылады. Ормандарды күзетуді, қоргауды, молықтыруды, орман өсіру мен орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке жэне заңды тұлгалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар орман құқыгы қатынастарының субъектілері болып табылады.

Қазақстан орман қорының ясері - 21, 2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап - 9, 1 млн. га, орманнан жылына 2, 0- 2, 4 млн. м 3 -ке дейін агаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3- 3, 5 млн. м э -ке жетеді. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. м ^ жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан агаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстанның ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.

1. 2 Орман қорын құқықтық реттеудің қайнар көзі

Орман қорын құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алады.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы экологиялык құқықтың негізгі көзі болып табылады, өйткені ол табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің жалпы құқықтық негіздерін баянды етеді. Бұдан кейінгі барлық зандар мен заңға тәуелді актілер Конституцияның баптарын орындау үшін, Конституцияда айтылган принциптер негізінде қабылданады. Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады:

  1. ұйымдық-баскару;
  2. экономикалық;
  3. әлеуметтік нормалар [4] .

Ұйымдық -басқару нормаларына қоршаган ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласында оның органдары, лауазымды адамдары арқылы мемлекеттің қызметі мен құзыретін баянды ететін Конституцияның нормаларын жатқызган жөн. Конституция нормаларынң бұл тобына Республика Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, биліктің жергілікті органдарының өкілеттіктерін реттейтін нормаларды жатқызу керек.

Конституцияның жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31 бапта былай делінген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулыгына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды».

Экономикалық нормаларға табигат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6 -бабын жатқызган жөн. «Жер жэне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиги ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» Конституцияның элеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауга жэне табигат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Азаматтардың қогамдық экологиялық ұйымдарға қатысуына өздерінің құқықтарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында экологиялық проблемаларды қою және шешу, өздерінің экологиялық құқықтарын сотта қоргау жэне т. б. мүмкіндіктерімен жүзеге асыруга қатысты жекелеген ережелер Конституцияның «Адам жэне азамат» деген II бөлімінде белгіленген. Конституцияның мақсаттары мен міндеттеріне, негізгі принциптерінесәйкес экологиялық заңдар мен кодекстер, сондай-ақ заңға тәуелді актілер қабылданды және қабылданып жатыр.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама жүйесі Конституцияда айтылган негізгі идеялардың мазмұнынан дамиды. Оның негізінде республикада аса маңызды табиғат қоргау заңдары мен табигат ресурстарының кодекстері қабылданды. Өкінішке қарай, біртұтас кешен ретінде табиғаттың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі идеясы экологиялық заңнаманың бүкіл жүйесін қамти аламйды. Сондықтан кейбір табиғат ресурстары заңдарының құқықтық мәртебесі біртұтас табигат кешенін сақтаудың басымдылығы жэне бағыныштылығының принципі күшінің шегінен шығып кетеді. Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сэйкес жэне оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге багытталган заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жекелеген объектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортага қатысы болады. Заңга тэуелді актілер жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады. Осы орган қабылдайтын нормативтік актілер атқарушы билік органдарының барлық жүйесі үшін, министрліктер, комитеттер, ведомстволар, барлық деңгейдегі әкімдіктер үшін міндетті болып табылады. Бұл актілермен табиғатты қоргау мен табиғи ресурстарды пайдалану мэселелері бойынша субъектілер тэртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді. Министрліктер мен ведомстволар да заңга тэуелді актілерді бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады, олар белгілі бір министрлікпен қатынаста болады. Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тэртібі жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды атауға болады. Биліктің жергілікті атқарушы органдары, облыстар, қалалар, селолық елді мекендер экімдері атынан шешімдер қабылдайды, олар да заңга тэуелді экологиялық актілер болып табылады. Сөйтіп, экологиялық заңның құрамына экологиялық заңдар мен кодекстер, экологиялық заңга тэуелді актілері, сондай- ақ экологиялық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық нормалар мазмұндалатын заңнаманың өзге де салаларының заңдары мен заңға тәуелді актілері жатады.

Экологиялық құқықтың келесі белгісі экологиялық қатынастарды құқықтық реттеуі эдісінің болуы. Құқық теориясынан мына жайт та белгілі: құқық саласының эдісі ретінде қогамдық қатынастарга қатысушыларга ықпал ету тэсілдері, осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады. Экологиялық құқық біршама жуықта гана дербес сала ретінде танылуымен байланысты экологиялық құқық эдісін анықтау тұрғысынан элі де болса бірегей пікір болмай отыр. Қазіргі көзқарастар арасында эдіс ретінде ұсынымдар мен міндетті нұсқамалар әдісі деп аталатыны да белгілі, басқа бір көзқараста - экологиялық құқықта дербес эдістің болуын жалпы теріске шыгарады, үшінші көзкараста - экологиялық қатынастарды реттеу үшін осы замангы құқықтың белгілі әдістерінің бэрі тартылады делінген. Экологиялық құқық әдісі туралы мэселе елеулі гылыми проблема болып табылады жэне ол жеке зерттелуге тиіс. Әдістің ерекшелігі құқық саласы мен реттеу мэні сипаттамасынан бастау алуымен анықталады. Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табигат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процестерін ортақ мақсатқа - адамның тіршілігі үшін жарамды табигат сапасын сақтаудан бастау алады. Ғалымдар жекелеген салалардың (жер, су, тау жэне т. б. ) өз жүйесі, өз мэні мен өз әдісі болады. Алайда экологиялык кұқық эдісі - бұл неғұрлым күрделі құбылыс. Біздің көзқарасымызда, экологиялық қатынастарды реттеуде осы заманғы заң ғылымында белгілі көптеген эдістер, құқықтық тәсілдер қатысады. Солардан экологияландыру әдісі «орталық» орын алады. Оның мазмұнынан экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу тэсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаган ортага немесе оның жекелеген ресурсын пайдалану немесе кез-келген шаруашылық жэне өзге де ықпал ету бүкіл табигат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуга тиіс. Пайдалы қазындыларды өндіру, өнеркәсіп объектілерін салу кезінде, республика аумагына шетелдік өнеркэсіп технологияларын әкелу кезінде, гарыш объектілерін пайдаланган кезде жэне т. б. кезінде барлық жерде экологияландыру әдісі қолданылады. «Басты» мәртебесі бар осы эдістен басқа экологиялық қатынастарды реттеуде азаматтық құқық әдісі - тараптардың теңдігі эдісі қатысады. Бұл әдіс, егер экологиялық құқық қатынасының мазмұны азаматтық құқықтық мәмілелер, залалдың орнын толтыру болып табылатын жагдайларда қолданылады. Бұл қатынастардың субъектілері, эдетте, бірдей жагдайда болады, бірі-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады. Оларды тек шарт қана байланыстырады. Жер учаскесін жалга алу, шарттың талаптарын сақтамаган жағдайда дау тек сот тэртібінде ғана шешілуі мүмкін. Экологиялық құқық қатынастарының елеулі саны биліктің ықпал етуімен реттеледі. Бұл әдіс субъектілер багынышты, тэуелді болған, олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемін жоғары тұрган субъекті анықтаган жагдайдагы экологиялық құқық қатынастарында қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасының аумагында табигат ресурстарын пайдалану жөніндегі барлық кұқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырылады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне жэне тоқтатылуына ықпал етеді. Биліктің ықпал етуінің әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жагдайында, кінэлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктер мен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілетін табигат қоргау шараларын жүзеге асыру кезінде қолданылады [5]

Экологиялық құқықта келесі эдістің пайда болуы республикада нарықтық қатынастардың қалыптасуымен, басқарудың экімшілік әдістерінен экономикалық әдіске көшуімен байланысты болады. Экологиялық құқықтың бұл эдісі экономикалық эдіс деп аталады. Осы әдістің көмегімен табигат ресурстарын пайдаланганы үшін, қоршаган табигатты ластаганы үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі. Осы эдістің негізінде табиғат қорғау шараларын материалдық ынталандыру жөніндегі құқық қатынастары қалыптастырылады, ал бұл кең ауқымды кешенді іс экологиялық жағынан таза өндірістерді ұйымдастыруға кредит беру, жеңілдікті жәрдем ақшалар, экологиялық банктерді құру. Экологиялық эдіс қаржы құқығына жатады жэне экологиялық кұқық үшін алып пайдалану әдісі болып табылады. Кұқық саласының мазмұны адамдардың белгілі бір мінез-құлық ережелерін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Құқықтық нормалар белгілі бір құқықтық мәртебесі, заңдық күші мен басылым нысаны бар құжаттарда баянды етіліп ресімделеді. Белгілі бір белгілер бойынша біріккен құқықтық актілердің жиынтыгы заңнаманың нақты саласының мазмұны болып табылады. Құқық саласы мен заңнама саласы дербес құқықтык құбылыстар, бірақ тығыз байланысты және өзара тәуелді құбылыстар болып табылады. Заңнаманың дамыған саласының болуы құқықтық дербес саласын қалыптастыру үшін қажетті алгышарт болып табылады. Сондықтан экологиялық құқықтың мэні мен сипатын талдау үшін экологиялық заңнаманың мазмұнын зерделеу керек.

Экологиялық құқықтың көздері деп танылады, бірақ экологиялық құқықтың құрамына олар кірмейді. Сондықтан былай деп айтуга болады: «экологиялық құқықтың көздерінің» ұгымы «экологиялық заңнама» ұғымынан гөрі кеңірек. Қазақстанның осы заманғы құқық жүйесі тығыз өзара байланысқан, құқық салалары «астасып жатады» және өз кезегінде «Экология кодексі» қылмыстық, азаматтық, экімшілік, салық жэне т. б. құқық салаларының көзі болып табылады [6] . Экологиялық құқықтың көздері мазмұндық, жуықтастық жэне өзге де белгілері бойынша бөлінеді, мұның өзі оларды топтастыру үшін негіз болып табылады. Құқық теориясында көптеген негіздер белгілі - басылым түрі бойынша, іс-қимыл аумағы бойынша, іс-қимыл уақыты бойынша, адамдардың тобы бойынша жэне т. б. Мейлінше кеңінен тараган топтастыру - заңдық күші бойынша. Заңдық күші жағынан экологиялық құқықтың барлық көзі заңдарға жэне заңга тэуелді актілерге бөлінеді, бұларға Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, министрліктер мен ведомостволардың нұсқамалықтары мен бұйрықтары, биліктің жергілікті органдарының шешімдері жатады. Олар заңдарды орындау үшін қабылданады.

Экологиялық құқықтың көздері объективтік белгісі жагынан мыналарға: кешенді, ресурстық және элеуметтік-экологиялық көздер болып бөлінеді. Экологиялық құқықтың кешенді көздері ретінде құқықтық реттеу объектісі бүкіл табиғат кешені болып табылатын нормативтік актілер, біртұтас құрылым ретінде табиги орта танылады. Экологиялық құқықтың кешенді көздеріне Қазақстан Республикасының экология кодексін жагқызуіа болады. Экологиялық құқықтың ресурстық көздері деп құқықтық реттеу объектісі табигаттың жеке объектісі, жеке табиғат ресурсы болып табылатын нормативтік актілер танылады. Бұл арада мыналарды атауга болады: Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі жэне т. б.

Орман қатынастарын реттейтін басты заң - Орман Кодексі. Ол 8 шілде 2003 жылы қабылданды. 9 бөлім, 20 тарау, 118 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының

Конституциясына негізделеді жэне Орман Кодексі пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесін, су объектілерін, жер қойнауын, жерді, атмосфералық ауаны, ерекше қоргалатын табиги аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледі. Орман Кодексі орман қорын иелену, пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ орман қорын күзетудің, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық жэне ресурстық элеуетін көтерудің, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негіздерін белгілейді. Орман қүқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтік жэне экономикалық мэні бар аса маңызды компоненттерінің бірі болып табылатыны негізге алына отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының орман заңдары: 1) ормандардың климатты реттейтін, орта түзетін, егіс-топырақ қорғау, су сақтау жэне санитарлық- гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттік мэнін мойындау; 2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту) ; 3) ормандардың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, мэдени және табиги мұраның биологиялық эралуандыгын сақтау; 4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану; 5) орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сарқылмайтындай етіп пайдалану; 6) орман қорын күзету, қоргау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау; 7) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу мен алынган сүректі қайта өңдеуді жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жігін ажырату; 8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген залалдың орнын толтыру; 9) орман ресурстарын ақылы пайдалану; 10) орман қорының жай-күйі туралы ақпараттың қол жетімділігі; 11) халықтың жэне қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуге жэне қорғауға қатысу принциптеріне негізделеді [7] . Соңгы уақытта, заңнама жүйесінде адамның денсаулыгына немесе адам тіршілік етуінің жагдайларына орай табиги ортаның жай-күйіне ықпал ететін, реттеу объектісі табигат жагдайлары болып табылатын нормативтік актілердің жеке тобын бөліп көрсетуге болады. Мысал ретінде «Халықтық санитарлық- туралы», «Арал өңірінде экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды элеуметтік қоргау туралы», «Семей облысындагы ядролық полигон туралы» заңдарды көрсетуге бола ды. Осы топтагы актілердің (элеуметтік-экологиялық) кешенді актілерден өзгешелігі адам факторының қатысуында, адамның тіршілік етуі үшін ортаны құру багытында, яғни, әлеуметтік фактордың қатысуында болып табылады.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының даму тарихы бірнеше кезеңнен өтеді. Біздің білетініміздей, жер қатынастары Қазақстанда бұдан көп бұрын, оның Ресей империясының құрамына енуі кезеңінде-ақ дамыған болатын. Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірінші кезеңі 1922-1957 жылдарының аралыгында (1922-1957жж. ) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР аумагында табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданды. Бұл актілердің күші жер құқыгы шегінде жүзеге асырылды, бірақ бұл кезеңнің айрықша ерекшелігі жер заңнамасының жүйелілігінің жэне оны қисындауының болмауы дер едік. Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаган ортаны қорғау мәселелері реттелмеді, күн тэртібіне қойылмады. Су, орман, тау-кен заңнамалары заңның дербес салалары ретінде көрсетілмеді. Екінші кезең 1958-1981 жылдары аралығында басталды. Бұл кезең экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді дамуымен, заңның ресурстық салаларын жүйелеу жэне оларды қисындау процестерімен сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңде: 1971 жылы - Жер кодексі, 1972 жылы - Су кодексі, 1976 лсылы - Жер қойнауы туралы Кодекс, 1978 жылы - Орман Кодексі, 1981 жылы «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңдары қабылданды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық қатынас субьектілерінің құқықтары мен объектілері.
Орман қорын құқықтық қорғау
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Орманды мемлекеттік бақылау, басқару талаптары»
Орман ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Орман шаруашылығы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz