ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ


Дипломдық жұмыс
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің жағдайындағы ұлттық сананың жаңғыруы тарихи танымның көкжиегін кеңейтіп, отандық тарихтың өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыда қайта бағалауды қажет етуде. Тарихи үдерістерді шынайы да жан-жақты, әрі қасаң әдістемелік қағидаларға ұрынбай еркін бағалайтын бұндай ізденістер еліміздің әлемдік қауымдастықтың алдындағы орнын айқындауға қызмет жасайды. Тарих ғылымының алдындағы күрделі мәселелерді қамтитын бұндай кешенді зерттеулердің қатарында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасаған қалалардың тарихы да енеді.
Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі және басты байлығы сол елді құраған халқы болып табылады. Ал сол халықтың алға қарай адымдап дамуында тарих ғылымының алар орны ерекше. Себебі, тарих халықтың өзін-өзі тануына жәрдемдесіп, ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді. Ұлттың шынайы тарихы ұлттық идеологияның қалыптасуының да негізгі қайнар көзін құрайды. Сондықтан тарихи білім беруге үздіксіз көңіл бөлінуі қажет.
Қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі жұртын тарихи тамырсыз етіп көрсетуге тырысқан кеңестік тарихнама төл тарихымыздан көз жазып қалуға соқтырды. Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятып, өткен дәуірлердегі бабаларымыздың еліміздің тарихында алар орнын, алыс-жақын елдермен байланыстарындағы ұстанған ұстанымдарын білуге деген ерекше талпынысты тудырды.
Қазіргі кезде тәуелсіз қоғамымызда тәуелсіз тарихи сана қалыптастыру - басты міндеттердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мәселенің аса зәрулігін «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы - тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр . . . Бірақ, бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» деп, атап көрсетеді [1] .
Қазақ тарихында хандық дәуірдің тарихы мен бүкіл өткенін зерттеу қашан да маңызды болып, ол көптеген ғылыми зерттеулердің жүргізілуіне арқау болып отыр. Қазақ хандығы өзінің өмір сүрген үш ғасырдан астам уақыттың ішінде талай саяси процестерді басынан кешірді. Әлемдік империялар мен мемлекеттердің тағдырында бар болғаны сияқты Қазақ хандығының тарихында да құрылу, нығаюы, күшею, гүлдену, құлдырау процестері болып өткен. ХVI ғ. аяғы мен ХVIІ ғ. басында Қазақ хандығы Орталық Азиядағы ірі хандықтардың біріне айналды. Осы және осыған дейінгі кезеңде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен түскен геосаяси тартыстарда табысты қимылдар жүргізіп, бірқатар іргелес аймақтарды иеленді, соның негізінде өзінің территориясын кеңейтіп алды.
Қазақ хандығының гүлденген және дамыған кезеңінің тарихы өзінің сан-қилы даму жолдарымен ерекшеленіп, онда хандар мен сұлтандардың биліктегі ішкі және сыртқы саясаты әр түрлі болды. Қазақ хандығының гүлденген кезеңі Хақназар, Тәуекел және Есім хандардың билеген тұсына тура келді. Қасым ханның туған баласы Хақназар хан (1538-1580) билік құрып, осы әулеттегі ірі мемлекеттік саяси қайраткер ретінде танылған. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл билеп оның билеген кезеңі хандықтың дамыған кезеңі болды. Қазақ хандығының тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хандықтың дамуы Хақназардан кейінгі кезеңде (1582-1598) жылдары билік құрған Тәуекел ханның тұсында жалғасын тапты. Қазақ хандығының билеушісі болған ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Ішкі саяси мәселелерді реттеген соң сыртқы мәселелерге көшіп, ол өзбек хандарымен күресті, әскери одақтас ету мақсатында Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда көп жорықтар ұйымдастырды
Тәуекел хан қайтыс болған соң, билікке келген «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атқа ие болған қазақ ханы Есімханның хандықты дамыту жолындағы қызметі зор болды. Есімнің билігі тұсында ішкі саясатта кикілжіңдер туындап Қазақ хандығында біршама ішкі алауыздықтар орын алды. Біраз кіші хандар мен сұлтандар өз алдына жеке хандық құрмақшы болды. Олардың ішінде ең негізгілері Есім және Тұрсын Мұхаммед хандар болды. Зерттеу жұмысының өзектілігі ретінде осы аталған екі ханның бір-бірімен билікке тайталасуы өзара соғыстары мен сол замандағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси ахуалы таңдап алынды. Сондай-ақ сол кездегі Есім хан мен Тұрсын Мұхаммед ханның арасындағы соғыс пен оның маңыздылығы басты ғылыми тақырыптардың бірі болды.
Аталған кезеңдегі қазақ хандарының мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын тіктеу мен дамытуда сіңірген еңбектерін зерттеу хандықтың тарихын зерттеудегі өзекті тақырыптардың бірі болып саналады. Тәуелсіздік жылдарынан бастап қазақ билеушілерінің саяси қызметі туралы әр түрлі тақырыптарда зерттеулер жүргізіліп келеді. Тәуелсіздіктің тұғырын одан сайын бекітіп, өткен тарихты түгендеуде ХVI-ХVIІ ғасырлардың тоғысындағы хандықтың саяси өмірі мен онда мемлекетті дамыту жолындағы қызметін зерттеу маңызды ғылыми бастамалардың бірі болып саналады.
Диплом жұмысының нысаны ХVI ғасырдың соңы мен ХVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси тарихы мен қазақ хандарының саяси қызметі, сондай-ақ олардың хандықтың даму жолындағы қызметтері болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты - ХVI ғасырдың соңы мен ХVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси тарихы мен мемлекетаралық саяси тартыстар мен соғыстар тарихын зерттеу болып табылады. Диплом жұмысында аталған ғылыми мақсатқа жету үшін төмендегідей ғылыми міндеттер қойылды:
- Аталған кезеңдегі Қазақ хандығының сыртқы саяси қарым-қатынастарын көрсету;
- Қазақ хандығының ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері мен оның басты бағыттарын зерттеу;
- Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саяси дамуы мен оның ерекшеліктерін және ханның заңдар жинағы мен құқықтық нормаларының мазмұнын айқындау;
- Есім ханның билігінде хандықтың сыртқы саяси тарихын және қазақ билеушілерінің көрші мемлекеттермен күресін және соғыс қимылдарының тарихын зерттеу;
- Есім хан тұсында Қазақ хандығында орын алған ішкі саяси дағдарыс себептерін, саяси алауыздықтарды, оның Тұрсын ханмен күресін, хандар арасындағы соғыс факторларын көрсете отырып ғылыми талдау жасау;
- Есім ханның өмірі мен қызметі жайлы халық ауыз әдебиетінің рөлін, тарихи маңыздылығын көрсету болып саналады.
Зерттеу пәні. XVI ғасырдың соңы XVІІ ғасырдың алғашқы ширегі Тәуекел, Есім, Тұрсын хандардың кезеңіндегі ішкі және сыртқы саяси қатынастар мен хандардың жеке дара қасиеттері, сыртқы саяси байланыстарының негізгі кезеңдері біздің зерттеуіміздің пәні болып саналады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы барысында XVІ ғасырдың соңы мен XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығының ішкі саясаты мен сыртқы саясатына қатысты тікелей және жанама түрде жүргізген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектеріне тарихнамалық талдау жасалды.
XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы бойынша Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі зерттеулерден бастайтын болсақ, мемлекеттің ішкі саяси жағдайы мен оның сыртқы саяси байланыстарының тарихы орыс тарихнамасында шашыраңқы, жүйесіз баяндалуымен де ерекшеленеді. Дегенмен, бұл уақыттағы тарихи еңбектер тақырыпқа қатысты ғылыми мәселелерді қыр-сыры мен бағыттарын айқындауға көмектесе алатыны анық.
Төңкеріске дейінгі зерттеулердің қатарында алдымен қазақ даласын зерттеуге мақсатында арнайы ұйымдастырылған тарихи-географиялық мақсаттағы экспедициялардың мүшелері болды. Олар негізінен қазақ даласының тарихы мен географиясын зерттеу мақсатында келіп, ғылыми еңбектер жазды. Олардың қатарында П. Паллас [2], И. Георги [3] және басқа да ғалымдардың тарихи-географиялық, этнографиялық суреттеуге толы болған еңбектерін атауға болады. Олардың арасында аталған кезеңдегі Қазақ хандығының ішкі саяси тарихына және хандықтың Ресеймен орнатылған алғашқы байланыстары туралы алғашқы ғылыми тұжырымдар берілген. Сондай-ақ, ХІХ ғ. А. И. Левшин [4] еңбектерінде қазақ өмірінің ішкі және сыртқы жағдайы, географиясы, рулық құрылымы, билеушілері мен қоғамдық өмір тынысы жайында шынайы мағлұматтар баршылық.
XVІ-XVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы және оның көршілерімен саяси қарым-қатынасы мәселелері В. В. Вельяминов-Зернов еңбегінде алғаш рет арнайы сөз болады. Ол кейбір Шығыс авторларының дерегіндегі мәліметтерді ғылыми айналымға енгізеді [5] . Қазақ хандығының құрылу мәселесі XIX ғ. 60-шы жж. В. В. Вельяминов-Зерновтың зерттеуінен басталады. Оның материалдарын В. В. Радлов, Н. А. Аристов, И. И. Крафт, В. В., Бартольд Ш., Құдайбердіұлы М., Тынышпаев Г. Е., Грумм-Гржимайло, және т. б зерттеушілер өз еңбектерінде пайдаланып, Қазақ хандығының құрылуы, хандардың жеке басы мәселесіне тоқталып өтеді.
Ортағасырлардағы Қазақ хандығын зерттеуде В. В. Бартольд еңбектерінің маңызы зор [6] . Ол XV-XVІІІ ғасырлардағы Орта Азияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын, қазақтардың көрші елдермен саяси қарым-қатынастарын шығыс деректеріне сүйене отырып талдайды. Сонымен қатар, В. Бартольд көптеген зерттелмеген деректерді ғылыми айналымға қосады.
Бұл тақырып А. П. Чулошниковтың зерттеулерінде де біршама көрініс табады [7] . Бұл еңбектің ерекшелігіне, автордың XV-XVІІ ғасырдағы Қазақ хандығы және оның Мауреннахр, Моғолстан, Ноғай Ордасының билеушілерімен, қалмақтармен саяси қарым-қатынастарын арнайы қарастыруы жатады. Сонымен қатар қазақ хандары мен ру-тайпаларының тарихына тоқталады.
Тақырыпқа қатысты ғылыми мәселелер кеңестік кезеңде де назардан тыс қалмады. Дегенмен де, кеңестік биліктің орнаған алғашқы кезеңінде зерттеліп отырған тақырып арнайы зерттеу объектісіне айналмады. Тек зерттеушілердің тарихи еңбектерінде жалпылама қарастырылған болатын. Олардың ішінде М. П. Вяткиннің [8] еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Кеңестік дәуірде алғашқылардың бірі болып аталған кезеңдегі Қазақ хандығының сыртқы саясатына, оның ішінде қазақ-орыс қарым-қатынастары тарихын зерттеген В. Я. Басин болып, ол хандықтың сыртқы саясатының тарихнамасын да қарастырған. В. Я. Басиннің 1975 жылы «Русско-казахские отношения в XVI-XVIII вв. » атты докторлық диссертациясы аса ірі еңбектердің бірі болып, онда қазақ билеушілерінің орыс княздіктерімен байланыстары көрсетіледі [9] . Осы сияқты кеңестік тарихнамадағы ірі еңбектердің бірі Р. Б. Сүлейменовтың «Внешнеполитические связи Казахстана XVI-XVIII вв. в советской историографии» ғылыми еңбегі болып, автор алғаш рет Қазақ хандығының көрші елдерімен байланыстарының тарихнамасын жазды [10, 8-34 бб. ] . Ол туралы автор: « . . . к сожалению, до настоящего времени не предпринималось даже попыток проанализировать историографию внешней политики казахских ханств, показать степень изученности этой проблемы, вскрыть имеющиеся трудности и пути их преодоления», - деп өзінің зерттеуі алғашқы арнайы тарихнамалық еңбек екендігін тілге тиек еткен. Бірақта бұл тарихнамалық талдауда қазақ-орыс байланыстары жалпы көрші елдерімен қатынастары аясында талданады. Жұмыстың бағыт-бағдар берерлік мүмкіндігі зор. Сонымен қатар мақала авторы талдап отырған еңбектерін хронологиялық және территориялық белгілеріне қарап топтарға сыныптап, жүйелеп, талдайды.
Келесі кезекте, осы кезде шиеленісе бастаған Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы саяси байланыстарды зерттеу кеңестік тарихнамадағы басты тақырыптардың бірі болды. Тәуекел мен Есім хандардың тұсында қазақ-жоңғар байланыстары туралы В. А. Моисеев [11], И. Я. Златкин [12] сынды зерттеушілер қарастырып, олардың еңбектерінде қазақ-жоңғар қатынастарының деңгейі халықаралық қатынастар мәселелері аясында зерттелген. Бұл ғалымдардың еңбектері қазақ-жоңғар қатынастары мен соғыстарына қатысты, оның ішінде Есім ханның Жоңғар хандығына қарсы жорықтары туралы тұжырымдар талданады.
Қазақстан мен Орта Азияның XV-XVІІ ғасырлардағы тарихын зерттеуге П. П. Иванов пен А. А. Семенов сияқты зерттеушілердің қосқан үлесі айтарлықтай. П. П. Иванов қазақтардың Оңтүстіктегі көршілерін зерттей отырып, Дешті Қыпшақ пен Мауреннахрдың XІV-XVІІ ғасырлардағы өзара саяси қатынасына тоқталады [13] . Ал, А. А. Семенов еңбектерінде XV-XVІ ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Мауреннахр арасындағы қарым-қатынастар арнайы тарихи мәселе ретінде зерттеле бастайды [14] . Мұнда Қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыру жолындағы күрес баяндалады.
Қазақстандық шығыстанушы-тарихшылар С. К. Ибрагимов[15], В. П. Юдин [16], К. А. Пищулина [17] және т. б. еңбектері біздің қарастырып отырған тақырыбымыз үшін өте маңызды. С. К. Ибрагимов өзінің бірнеше еңбектерінде XVІ ғасырдағы Шайбанилық деректердің мәліметтерін ғылыми айналымға енгізе отырып, XV-XVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерін, оның көрші елдермен, соның ішінде Мауреннахрмен байланысын зерттейді[15] .
XІV-XVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихының деректерін зерттеуде қазақстандық шығыстанушы В. П. Юдиннің қосқан үлесі зор. Ол осы кезеңге қатысты бұрын аз көңіл бөлініп келген немесе мәліметтері ғылымға мүлдем белгісіз шығыстық текстерді аударды. Қазақ халқының ру-тайпалық құрылымын зерттеуге В. П. Юдиннің қосқан үлесі қомақты. Көптеген деректердің мәліметтері В. П. Юдиннің арқасында ғылыми айналымға енді [16] .
Осы мәселе бойынша К. А. Пищулинаның еңбектерінде Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы қалалардың XV-XVІІ ғасырларда Қазақ хандығы үшін маңызын шығыс жазба деректерінің мәліметтері мен археологиялық материалдар негізінде кешенді түрде зерттейді . Алғаш рет автордың зерттеуінде Қазақ хандығы мен Мауреннахр билеушілерінің Сыр бойындағы қалалар үшін XV ғасыр соңында болған күрестің кезеңдері мен барысы, сипаты мен себептері қарастырылады [17] . Бұл мағлұматтар XVІІ ғасырдағы Сыр бойындағы қалалар үшін болған күресті түсіндіру барысында пайдаланылды.
Кеңестік кезеңде және тәуелсіздік жылдарында қазақ хандығының тақырыпқа қатысты кезеңімен айналысқан ғалымдар Т. И. Сұлтанов [18], М. Қ. Әбусейітова [19] және басқалар болды. Аталған зерттеушілер осы кезеңдегі қазақ хандығының ішкі құрылымдары мен оның саяси-әлеуметтік дамуы жолын зерттеген. Сонымен қатар, хандықтың сыртқы саясатына терең үңіліп, оның ерекшеліктеріне терең тоқталған. Оның ішінде М. Қ. Әбусейітованың зерттеулері Қазақ хандығы мен көрші мемлекеттер арасындағы байланыстарға негізделген. Зерттеуші, өз ғылыми жұмыстарын тәуелсіздік жылдарынан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғастырып келеді.
Тарихшы М. Х. Әбусеитованың көптеген еңбектері Қазақ хандығының тарихына, оның мемлекет ретінде нығаю жолындағы Мауреннахрмен саяси қарым-қатынас мәселесіне арналады [19] . Оның еңбектерінде Қазақ хандығыны ішкі және сыртқы саяси жағдайлары, дипломатиясы қарастырылады . Біз қарастырып отырған мәселе Қазақ хандығы мен Мауреннахр билеушілерінің Түркістан үшін күресінің бірнеше ғасырлық кезеңі болса, М. Х. Әбусеитова еңбектерінде соңғы кезең оқиғалары нақты зерттеледі. Сонымен қатар, жақында жарық көрген Ю. Г. Баранова мен М. Х. Әбусеитованың жазған еңбегі Қазақ хандығының тарихын зерттеуде өте құнды болып табылады [20] .
Біздің қарастырып отырған мәселемізбен тікелей айналыспаса да тарихшы Ә. Хасеновтің еңбегінде біздің мәселемізге қатысты құнды пікірлер бар [21] . С. Жолдасбайұлы өзінің зерттеу еңбегінде қазақ-өзбек, қазақ-жоңғар қатынастарының, ру-тайпалар тарихының кейбір мәселелерін қарастырады [22] . Әсіресе, Есім, Тұрсын хандардың арасындағы қақтығыс пен Жәңгір ханның Орбұлақ шайқасындағы ерлігі біршама талданған деуге болады.
Бұл мәселемен арнайы айналысып жүрген тарихшы ғалым Б. Б. Кәрібаевтің ғылыми еңбектері мен мақалалары өте құнды [23] . Онда XV-XVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы, оның көрші Мауреннахрмен, жоңғарлармен саяси қарым-қатынастары жан-жақты талданып, Қазақ Хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы шебер көрсетіліп, тың жаңалықтар ашылған .
Қазақ хандығының ХVI ғасырдың аяғы мен ХVIІ ғасырдың басындағы саяи тарихы жайлы мәліметтер жоқтың қасы. Алайда, отандық тарихшылар бұған қарамастан өздерінің керемет ізденістерінің арқасында біраз мәліметтерді дүниеге келтірді.
Сондай-ақ Қазақ хандығының көрші елдермен байланысы мәселесін зерттеген Кәмен Мамырұлы, М. Әбдіровтың, У. Х. Шалекенов, С. Едилханова[24], Э. Т. Телеуова[25], А. М. Әбділдабекова[26], Г. Е. Сабденованың [27], Ж. Е. Жаппасовтың жұмыстарында қарастырылады [28] . Олар Қазақ хандығының көрші елдермен саяси байланыстарын біршама қарастырып, түрлі қырларынан жаңалық еңгізді деуге болады. Жазба, ауыз әдебиеті, археологиялық деректермен барынша кешенді түрде зерттелініп, XV-XVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси тарихын ашып көрсете білген.
Осы кезеңдегі Қазақ хандығы мен көрші елдер арасындағы қарым-қатынастарына қатысты тарихшы А. Исиннің зерттеулері мысал бола алады. А. Исин қазақ-ноғай және қазақ-орыс қарым-қатынастарына арналған бірқатар еңбектердің авторы болып табылады [29] .
Тақырыптың деректік негізі. Зерттеу тақырыбының мазмұнын ашуда және көзделген ғылыми мақсатқа жетуде сипаты жағынан әр түрлі болып келетін дерек көздері пайдаланылады. Оның ішінде әрине, ең бастысы жазбаша деректер, олардың көшірмелері және сонымен қатар ауызша немесе ауыз әдебиеті арқылы жеткен дерек көздері болып табылады. Ауызша деректер де тақырыптың міндеттерін орындауда көптеген мәліметтер бере алады.
Бұл дипломды жазу барысында XV-XVІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерyдің әулеттік деректер тобына жататын Шайбанилық, Аштарханилық, әулет дерекетері мен орыс тіліндегі дерек мәліметтерін пайдаландық[30] .
XVI-XVII ғасырдағы тарихи оқиғаларды көрсететін соның ішінде Тәуекелге қатысты деректер құнды болып табылады. Тәуекелдің Орталық Азияға шабуылуы туралы «Тарих-и аламари-ий Аббаси» Ескендір мунши, «Зийа ал-кулуб» Мұхаммед Аваза, «Мусахир ал-билад» Мұхаммедиар ибн Араб катаган, «Тарихи Кипчак» т. б бірнеше еңбектерде көрсетіледі.
Шайбанилық әулет деректерінің 3-ші тобына Хафиз Таныштың ”Шараф наме-ий шахи, атты еңбегінде (“Книга шахской славы”) атты еңбегі Абдулла ханның өмірін баяндайды, онда Хақназар, Шығай, Тәуекел хандар тұсындағы Қазақ хандығы мен Шайбанилер әулеті арасындағы қарым-қатынас мәселесінен басқа, XVІ ғасырдың соңындағы Сыр бойындағы қалалар, олардың орналасуы, қалалардың бекінісі мен архитектурасы туралы, Тәуекел мен Есім хандардың Орта Азия билеушісіне қарсы күресі туралы мәліметтер кездеседі[31] . Әсіресе, 1588 ж. Ташкенттегі көтеріліс, 1598 ж. Тәуекел мен Есім хандардың әскери қолының Абдулла ханның әскеріне қарсы жорығы жайлы құнды мәліметтер бар.
Шах Махмұд Шорастың «Тарих» («Хроника» 1676-1677 жж. жазылған) деген шығармасының да маңызы зор. Онда Есім ханның Шалыш пен Турфан әміршісі Абд ар-Рахимнің Жаркенттегі орталық әміршімен күресіне қатысқаны туралы айтады. [32] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz