НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАНРЛАРЫ . . . 5
1. 1 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы . . . 5
1. 2 Мектепке дейінгі шақтағы балаларды бейнелеу өнері сабақтары арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу . . . 7
ІІ НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ . . . 12
2. 1 Натюрморт композициясы . . . 12
2. 2 Пейзаж және оны бейнелеу мүмкіншіліктері . . . 17
2. 3 Бейнелеу өнерінің Қазақстанда даму тарихы . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Бұған Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, “Қазақстан Республикасы Жалпы орта Білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары” (Жалпы бастауыш білім) айғақ болады. Мұнда бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсіп, оқу сапасын арттыру міндеті көзделіп отыр.
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.
Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсібі бейнелеу өнерінің дамуының негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүектік станоктық мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес үлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды.
Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы - күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі.
Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге баулиды. Өнер қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады. Қорыта келгенде, курстық жұмыстың тақырыбының өзектiлiгi қазiргi бiлiм беретiн процесте өнердің осы жанрды зерттеу қажеттiлiгi болып табылады, адамның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру үшiн оның мәнiн дәлелдеу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстыру және оның мүмкіншіліктерін жан‑жақты қолдана білуге үйрету. Оқушылардың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау болып отыр.
Курстық жұмыстың міндеті :
- Бейнелеу өнерінің жанрларын зерттеу;
- Мектепке дейінгі кезеңдегі баланы бейнелеу өнері сабақтары арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу;
- Натюрморт, пейзаж және оның бейнелеу мүмкіншіліктері ерекшеліктерін анықтау;
Бiлiмнiң ең маңызды бөлімінің бiрi баланың тұлғасын жан-жақты дамуы болып табылады. Эстетикалық тәрбиеде ерекше рөл, дүние танудың қалыптастыруы және ұлттық-мәдениеттi сезім, өнер жатады. Өнерге сипаттама - көркем бейнелердегi шындықтың қалыптасуы, баланың санасы және сезiмi жұмыс iстейдi, онда оқиғаларға және тiршiлiк құбылыларға нақтылы қатынасқа тәрбиелейдi, шындықты тереңiрек және толығырақ танысуға көмектеседi.
Адамның тұлғасын қалыптасу өнердiң әсерi, оның дамуына өте көмектеседі. Бала қабылдауға бейiмделеді ғажайып әдемiлiкті сезiнуге қабiлеттi болады. Эстетикалық бiлiм өнердiң әр түрлi түрлерiмен танысуға жол табады, эстетикалық әсерлері және түрлері дамиды, көркемөнер шығармаларына мүдденiң оянуы, ұғынылған шығармашылық процесске алғашқы қадамдар, сауатты көрермендi тәрбие, қабiлеттiлiк, көркемөнер шығармасына сыртай қарап бағалау, барлық ғажайып өмiрлiк әсер етулердегі тәрбиесi дамиды.
Кескiндеме шығармасы, өз идеясы мазмұны жағынан бай және көркем пiшiні жетiлген, көркем әрі әсем қалыптасады, қабiлеттiлiк түсiну, тек қана өнерде ғана емес ғажайып көріністерді айырып таныстыру, бағалау, сонымен қатар шындықта да, табиғатта да, тұрмыста да . Бар байлық және әлемнiң алуан түрлiгiн қайта жасайды. Кеңiстiктiң тереңдiгi нақты дүние қайтадан түрленіп, өзгереді, көлем жағынан да, түсі жағынан да, жарықтығы жағынан да.
Көркем қызметтiң түрi мектеп оқушыларының бейнелеу қызметi үшін шығармашылығы көркеюi керек сияқты. Ұстазға бұл барлық шарттардың орындалуы үшiн: ол, дегенде, қызығушылық қабілеттерін оята білуі керек, шындықтың бейнесiн қабылдау, эстетикалық сезiмдер және ұсынысты қалыптастыру, бейнелi ойлау және елестетудi үдету, суреттердiң жасау әдiстерiне балалардың көңілін бөлу, оның мәнерлi орындауын қадағалау.
І БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАНРЛАРЫ
1. 1 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә. Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлері және жанрларымен танысқан жөн. ХІХ ғасырға дейін архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің басты бір үш түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір түрі - графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Живопись
Живопись- қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған түрі болып саналады. Живопись орындалу тәсіліне, бояу түрлеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Станокты живопись - белгілі қағазда, картонда, кенепте, тұғыр (станок) үстінде орындалатын живопись
Монументальды живопись - белгілі сарай, ғимараттардың іші- сыртын безендіру үшін қолданылатын живопись. Роспись, мозаика, фреска, т. б.
Миниатюралық живопись - кітап мазмұнына байланысты шағын көлемді материалда орындалатын сурет. Негізінен кітап көркемдеуде басты орын алады.
Жанды бейне
Бейнелеу өнері түрлерінің ішінен жанды бейне көрермендер арасында барыншатанымал. Егер мүсін өнері -көлемді денелерді графика -қағазда салынған ақ қара түстер арқылы көрсетілсе жанды бейне өз көркрмнедеріне ешқандай түсініктемесіз -ақ түсінікті. Жанды бейне -бүкіл майлы бояулармен жасалған және кергішке салынғаен біз мұражайда қызықиайтын картиналар ғана емес . Жанды бейне ұғымы кең, әрі сан алуан техниканы қамтиды. Мысалы:темперамен, гуашьпен, акварельмен, пастельмен сангинамен салынады. Сонымен қатар жартылай гравюра -жанды бейне де бар.
Мұның бәрі станоктык, яғни станокте жасалатын жанды бейне. Мономенттік жанды бейне де болады. Оның үлгілерін біз ескі ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұндай жанды бейне арнайы техникада әк «сүтіне аралыстырылған бояулар мен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады(Фреска) . Мүлдем бояусыз істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік жанды бейне де бар Бейне түрі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (. Мозайка) . Сондай- ақ «жарықтанатын» жанды бейне -шыныдан жасалған картинадан өтіп, түрлі-түсті жарық түсіретін шығарма да болады (витраж)
Мүсін
Мүсін, яғни «скульптура» латынша /sculptura/ сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді мүсін жасауды білдірген. Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған щығармалар да осы ұғымен білдірген.
Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол, онйһың басты әсерлік құралы аймақтық форма. Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш металл тас сияқты ұзақ сақталатын иатериалдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқанг мүсіндік шығармалары бізге дейін жетті. Ежелгі Мысырдың, Үндістан мен Американың мүсіндері мен барельефтері кеңінен мәлім. Антикалық Грекия аса көрнекті мүсіншілер - Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.
Мүсін жұмыр / оны барлық жағынан қарауға болады/ және бедерлі болып келеді. Жұмыр мүсінде адамды бейнелеи отырып тек маскамен, яғни бетпен, баспен ғана шектеліп қала алады. Басты иықпен бірге кеудеге дейіе мүсіндеу кеуіт болып табылады. Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу мүсінше деп аталады. Көпфигуралы композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.
Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса, барельеф деп, ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса ол горельеф деп аталады.
Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты, станокты және монументі -сәндік болып, -бөлінеді. Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайлада қоюға болады. Монументі-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе саябақтың сәулет композициясының құрамдас бөлігі болып табылады.
Сәулет өнері
Мүсін өнері әрқашанда пластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келеді. Ол дәуір идеясын мейлінше айқын білдірді және өз заманының басқа бейнелеу өнерінің мүсін мен жанды бейненің стилін анықтап отырды. Бұл әоі ұзақ жасайтын өнер: мысырлы пирамидалар немесе американ үндістеріінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып, бізге дейін жетті.
Сонымен бірге, сәулетті өнер ретінде қабылдау көбіне мүмкін емес сияқты көрінеді. Біріншіден, оның мүсін мен суреттерден айырмашылығы өте көп: ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді. Екіншіден, біз сәулет ғимаратарында өмір сүреміз, оқимыз және жұмыс жасаймыз, барлық уақытта сәулет өнерінің арасында жүреміз, барлық уақытта сәулет өнерінің арасында жүреміз. Сәулет - бұл адам қызметінің ерекще түрі, мұнда техника мен өнер, пайда мен әсемдік бірге өрілген.
Сондықтан да сәулет тікелей ештенені бейнелемегенімен және суреттемегеннімен бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде мейлінше әсерлі біздің сезімімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылды.
Дарынды сәулетші жасаған ғимаратта, әрбір құрылыста өзіндік бет- бейне бар, оған ерекше көңіл күй берілген.
Сәулет негізі үш түрге бөлінеді.
Бірінші-көлемді құрылыстар сәулеті. Бұған тұрғызылған үйлер, қоғамдық орындар жатады.
Екінші түрі- ландшафты сәулет. Ол негізінен демалыс орындарының құрылыстарымен байланысты. Бұған скверлер, сонымен қатар сәнді орындықтар, фонтандары бар саябақтар жатады.
Сәулеттің үшінші түрі -қала құрылысы. Бұларға жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады.
1. 2 Мектепке дейінгі шақтағы балаларды бейнелеу өнері сабақтары арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу
Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде оқыту барысындағы мәселелердің бірі-оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.
Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т. б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.
Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп, көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді. Төменгі сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты. Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте мұғалімдер эстетикалық тәрбиені халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жүргізгендері жөн.
Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі бастауыш мектеп кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады.
Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Ол үшін біздің зерттеу жұмысымызда төмендегідей міндеттенр қарастырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;
• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін анықтау;
• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен ұщтасуына көмектесу;
• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау;
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе, сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер («Түстерді ажырат», «Кім алғыр», «Үйлестіре біл», т. б. ойындар) тиімді қолданылса, оқушылардың табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі, талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып отырады.
Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді, оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып отырмыз.
Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық тәрбие беру мәселелері В. В. Алексеева, А. В. Бакушинский, Г. В. Лабунская, Н. П. Сакулина, Б. П. Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнертүрлерінің маңызы туралы Республика ғалымдары Б. Қазыханов, А. Қасымова, Ә. Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген.
Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Ж. Наурызбаев, С. Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.
Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу С. Аманжолов, Ш. Әлібеков, Б. Әлмуханбетов, Б. Байжігітов, Ж. Балкенов М. Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары әдіс-тәсілдері нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру мәселелерін жан-жақты қарастыруымыз қажет.
Сонымен мектепке дейінгі мекемелерде оқыту барысында кезек күттірмейтін мәселенің бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру; екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял - сезімін шарықтату болып табылады.
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс.
Оқушы эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім - саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек қажет болатыны түсінікті.
Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік - қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі - табиғат. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.
Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну сезімі туады, ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық сезімдерін оятады.
Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк -жасыл орман - тоғай, сылдыраған су, шексіз - түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.
Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың эстетикалық ықпалы да айтарлықтай арта түседі.
Міне, сондықтан да балардың табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу -тәжірбие алаңында, табиғатта, үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын көгалдандыруда) эстетикалық бағыт беру керек.
Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін дүнижүзілік және ұлттық көркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің т. б. ) мысалдарын, үлгілерін көрнекі қолдану қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz