Бала тілін дамытудың әдістер мен тәсілдері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І СӨЙЛЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . . 5

1. 1 Тіл қатынасы жөніндегі түсінік . . . 5
1. 2 Сөйлеудің дамуы және сөйлеу қызметтері . . . 10
1. 3 Сөйлеу мәдениеті . . . 14

ІІ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ . . . 18

2. 1 Бала тілін дамытудың әдістер мен тәсілдері . . . 18
2. 2 Бала тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені тіл - адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған. Бұл жөнінде К. Маркс пен Ф. Энгельс: «Тіл де сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе, тіл практикалық сана . . . , Тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен келіп туады», - деп көрсете келіп, тіл мен ойлауды тығыз бірлікте қарастырады. Тіл мен ойлаудың диалектикалық бірлікте үздіксіз дамып отыратынын айтады. [4]

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіл дыбыстарын дұрыс, анық айтуға үйрету, балаларды өз ойларын, сөздерін түсінікті жеткізе білуіне дағдыландыру.

Тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының белгілерін бейнелейді.

Тілдің қоғамдық, тарихи құбылыс, халықпен бірге жасасқан қымбат қазына екенін академик-жазушы С. Мұқанов «Сөз советтік Армия» деген өлеңінде былай сипаттайды.

Сөз халықтың қымбаттан, қымбат кені,

Жүректің шахтасынан халық оны,

Мыңдаған жылдар қазып кен тасына,

Тереңнен әрең барып жетті қолы.

Жеткен соң қолы сөздің кен тасына,

Кен күйінде қазына болмасына,

Түсініп, қорытуға әкеп төкті,

Мидың мың градустық домнасына.

Тілдің адам қоғамының, әдебиет пен мәдениеттің өркен жайып дамуымен бірге дамып, көркейіп, қазіргі толысқан дәрежесіне жеткені бұл өлеңде осылай әсерлі суреттелген.

Ендеше, тіл мәдениетін меңгеру - адамның сәби шағынан іске асатын, келекеле біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», - делінеді.

Курстық жұмыстың міндеті : тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - деген болатын. Сондықтан бұл еңбекте халық ауыз әдебиеті нұсқаларын пайдалану арқылы тілге үйреті әдістемесіне елеулі орын берілгені табиғи.

Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат - баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Сәбилер тобынан бастап, балалар сөздерді түрлі грамматикалық категорияларда қолдана бастайды. Бұл мәселе соңғы кездегі зерттеу - бақылау жұмыстарында анықтала түсті. Сондықтан тәрбиеші-педгогтар бұл жұмысқа ерекше көңіл бөліп, баланың қате айтқанын түзете отырып, сөзді грамматикалық формада дұрыс айтуға үйретеді. Бағдарлама осыны талап етеді.

Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту-үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады.

Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізеледі.

І СӨЙЛЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Тіл қатынасы жөніндегі түсінік

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. үшін сол үлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.

Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге тусіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды емес, тұрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айна-лысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.

Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мөнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол коздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сойлейтіндерді "сөзі мірдің оғындаң екен" дейді. Ескі қазақ жұртының ғүлама ғалымы Жүсіп- Баласағүн "Ақылдьің коркі тіл, тілдің көркі соз" деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы үжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің інің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бүл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас қүралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиясының корсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бүл оның атқаратын екінші қызметі.

Тілдің бүл екі қызметі озара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, "Мүғалім келді" деген сойлемде мүғалімнің келгені жонінде айтылса, "мүғалім келді ме?" деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.

Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, озінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп создік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке создерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері кобінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының коп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын қүбылыс екенін аңғарады.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сойлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін кызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам озінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі соз. Біз сөз арқылы неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М. Жүмабаев) .

Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дүрыс қабылдамай түрып, оны үғынуға болмайды. Жеке создерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мөнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Моселен, бүйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.

Тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Арсыз сөйлеу өзінің қызметін дүрыстап атқара алмайды. Мүның біріншісі - сөйлеудің мазмундылыгы, екіншісі - оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни өрбір сойлемді озінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды "сөзі мірдің оғындай екен" дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мүғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бүл жөнінде: "Балалар сіздің созіңізден озіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек", - дейді.

Сойлеу өрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бүлшық еттері т. б. ) дүрыс қызмет істеуін қажет етеді.

Сойлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нөзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың болшектенген элементтерін байланыстырудан корінеді. Физиологиялық түрғыдан сөздің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: "Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар - сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бүл соңғы бізге тән ең жоғары ойлауды қүрайды" 68 .

Француз ғалымы Брока "адамдардың ми сыңарларының сол жақ болігінде (маңдай қыртысының томенгі жағында) адамның дыбыстап сейлей алуын басқарып түратын

жүйке орталығы бар, ал созді қабылдау көптеген анализаторлардың (есту, қозғалыс т. б. ) бірлескен, қызметін қажет етеді" дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің созін есіту мидың сол жақ сыңарындагы самай болігінін арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.

Созді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының тобе, самай, желке боліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ болегі зақымданса, адам сойлей алмайтын жағдайға душар болады. Мүндай қүбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мүның үш түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сойлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сойлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан қүйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, icy т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.

Мүның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.

Сөздік сигналдары дүрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше корінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға "сағат" деген сөзді айтқанда немесе сагатқа қарап сөйлегенде, со л сағатқа үқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шыгып жатқанын дүрыс айыра алмайды. Бүл жағдай баланың ми қабыгының анализдік, синтездік жүмысы әлі женді жетілмегендігін, яғни онда созді дүрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін корсетеді. Созді жалпылай алу - адам ойлауы мен сойлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мүндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.

"Сөйлеу", "тіл" "қарым-қатынас"үғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми түрғыдан бүлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс өрекетшщ ауқымды саласы, ол өмір сүрудщ, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т. б. ) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлүмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз "ымға түсінбеген дымға түсінбейді", деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыны белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мүның неше түрлі нүсқалары болады. Мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рөсімі бір түрлі болса, отбасында, қүрбы-қүрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, өзіл-қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл - парасат) түрінде көрініп отырады. "Қарым-қатынас", "сөйлеу" үғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы қарастырады.

"Тіл" үғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, кебінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т. б. ) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қорамдық қүбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мүрасы үрпақтан үрпаққа (ауыз екі - фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал "сөз", сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, ертүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше. көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шығасылы адамдардың да сайлау ерекшеліктерін зерттеумен айналы сады. Басқа ғылымдар сөйлеудің осы жактарын қарастырып жатпайды, олар тіл үғымын адамзат қоғамына ортақ қүбылыс ретінде өр қырынан сөз етеді.

Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Тіл - қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Сондықтан қоғамды дамытудың басты ұстанымы - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Адам ойының жемісі, тіршілігінің көзі болып табылар бұл ерекшелік бүгінгі тіл білімінің де, әдістеме ілімінің де басты мәселелелерін құрайды. Осыған орай тілді тек құрылымдық негізде ғана емес, әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан талдап түсіндіру қажет. Тілді әлеуметтік проблемалар қатарында әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру, оның қоғамдағы орны мен қызметін анықтау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып саналады. Оған тілдің әлеуметтік сипатын саралау, әдеби тіл мен диалектілердің арақатынасын қарастыру, тілдік форма мәселелеріне көңіл бөлу, т. б. жатқызылатындықтан, қазақ тілін оқыту негіздерін де бұл проблемалардан сырт қалдыруға болмайды.

Тіл тек қоғам бар жерде және оның тікелей ықпал етуімен дамып отыратындықтан, қоғамдық нормалар және қалыптасқан ережелер тілді өркендетуші әрі жүйелеуші қызмет атқарары даусыз. Тіл үйрену мәселесі де қоғамдық қажеттіліктен туындайды. Барлық мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, саяси қарым-қатынаста болғандықтан, тіларалық байланыс деңгейі жоғары. Сол себепті де қазақ тілін үйретуде оның жан-жақты тоғысқан байланыстарына да назар аудару керек. Сөйтіп қазақ тілінің функционалды-семантикалық, прагматикалық, әлеуметтік ерекшеліктерін негізге алған дұрыс. Себебі тіл мен қоғам өзара тығыз байланыста қарастырылатын адамзат өмірінде маңызды орын алатын құбылыстар.

«Қазіргі кезеңде халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси байланысына жан-жақты жол ашудан көрінеді» [1, 8] . Қазіргі қоғамда тіл үйренудің, тіл арқылы түсінісудің ерекше мәні, атқарар қызметі бар. Тіл қарым-қатынастың құралы бола тұра, адамдарың қоғамдық, әлеуметтік қызметін сұрыптауға, психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтауға, мәдени нормаларын жүйелеуге мүмкіндік береді. Себебі тіл мен қоғам тығыз байланысты қарастырылатын, адамзат өмірінде маңызды орын алатын құбылыстар. Кез келген тіл қоғамның дамуына, өзгеруіне қалай әсер етсе, қоғам да тілдің сөздік құрамының толығуына, кемелдене дамуына немесе, керісінше тілдің тоқырауына ықпал етері сөзсіз. Оның айғағы ретінде тілдік реформаларды, тіл туралы заңдарды және әр жердегі тілдік жағдайды сөз етуге болады. Барлық тілдерде кездесетін дерлік кірме сөздер де сол қоғамдық жағдайлардың, халықаралық қатынастардың дамып жетілу жемісі. Демек, тілдік қатынас - тілдің әлеуметтік қызметін нақтылайтын адамдар қарым-қатынасының ерекше түрі.

Әлемдегі саяси-әлеуметтік мәселелерден тыс қалмаудың бірден бір жолы - ақпарат алмасу. Сондықтан тіл білу арқылы адамдар дүние жүзіндегі қоғамдық, экономикалық, саяси жаңалықтармен, ақпараттармен хабардар болады. Тілді меңгеру оның қоғамдық табиғатын, өмірлік қажеттілігін ескеруден басталады. А. Байтұрсынұлы айтқандай, «тіл - адамның адамдық белгісінің зоры». Тілдің әлеуметтік саралануы, қоғамның тілге саналы түрде әсер етуі, тілдік жағдай тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметін айшықтай түседі. Яғни адамзат баласының болашақ үшін қоғамдық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық т. б. күресі, сан ғасырлық тарихы, рухани жаңғырулары ұрпақтан-ұрпаққа сол ұлттың тілінде сақталуы арқылы жетеді. Ана тілінің өміршеңдік қызметінің қуаты мен құдіреті негізінде жаңа ұрпақ ұлтымыздың көне тарихы мәдениетін дұрыс танып білуге бастау алады. Осы бастаулар кешенді тіл ғылымының көкжиегінде ұлттық мәдениеттің көзі ретінде тағылымдық мәні зор ұлттық тлдің өн бойынан табылады. Осымен байланысты тіл табиғатының қыр-сыры өзге ғылым салаларымен (философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этнография, т. б. ) тығыз қарым-қатынастың негізінде танылып, зерделеніп отыр.

Өйткені ұлттық тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойғы тарихымен, тұрмыс-салтымен, мәдениетімен, дәстүрлі менталитетімен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан тілді үйретуде сол этностың дүниетанымымен, мәдениетімен, тарихымен біріктіре қарастыру мәселесі туындайды.

Тіл мен ой біртұтас ұғымдар. Тілдің ойды жарыққа шығарып, жеткізу қызметі сол ойдың қабылдаушы тарапынан қабылдану теткітері арқылы жүзеге асады. Мұның негізінде тіл де өзінің қоғамдағы қарым-қатынас құралы ретіндегі негізгі қызметін атқара алады. Тіл мен ойлаудың бірлігінің арнасында қарастырылатын өзекті мәселенің бірі - тіл мен оның дүниетанымдық қызметі. Қоғамның қай сатысында болсын, тіл мен ой бірлігінің егіз дамып, өзара байланысып, ұлттық болмысты айқындап, тілде көрініс табуы заңды құбылыс. Кез келген халықтың этномәдени тұрмысын ұлттық тілдің жетегінде, әлеуметтік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдар аясында сөз ету мәселесі этнолингвистика ғылымында қарастырылғанымен, осы құбылыстың қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өрісі - лингвомәдениеттанудың үлесіне тиіп отыр. Нәтижесінде тіл мен мәдениеттің шекарасында халық тілі мен ұлт мәдениеті, ұлт мәдениеті арасындағы қызметі анықталады. Бұл тілдің адамға, оның жан дүниесіне көркем тіл арқылы ерекше әсер ететін эстетикалық қызметімен астасады. Осымен байланысты қазақ тілінің дүниетанымдық қызметін өзгетілді дәрісханада үйретудің маңызы зор. Дүниетанымның жинақы бой көрсетер жері - ұлттық дүниетаным.

Сондықтан жалпы адамзатқа тән дүниетанымның ұлттық ерекшелігін анықтау, құрылымын зерделеу - жалпы адамзаттық дүниетанымға қосқан үлкен үлес. Ұлттық дүниетаным қайталанбайтын құбылыс. Ол сол ұлттың бүкіл бітім-болмысымен, қоршаған ортасымен, ділімен, шаруашылық жүйесімен, тіпті, табиғат құбылыстарымен тығыз байланысты. Әрине, ұлттық дүниетаным - тарихи өзгеріп отыратын жүйе.

Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Себебі әр мәдениет заманына, діліне моральдік нормаларына қарай адамға, өмір-өлімге, адамның іс-әрекетіне, сұлулыққа тағы да басқа әр халықтың басында бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін қалыптастырады. Міне, осы көзқарастың көрінетін, таралатын, сақталатын құралы - тіл.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Сөйлеу дағдысын дамыту
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдәс – тәсілдері
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту ерекшелігі
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Ойдың тілі сөз
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz