ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . …. . 3
І ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МƏН-МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ САЛАСЫ… . . . ……5
1. 1 Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi… . . . ……5
1. 2 Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi……… . . . 8
1. 3 Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны…… . . . 10ІІ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ . . . ……13
2. 1. Психология ғылымының даму тарихы…… . . . …. . 13
2. 2 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы… . . . 162. 3 Қазақстанда психология ғылымының дамуы . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ……… . . . 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…… . . . 28
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т. б. ) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.
Оның биологиялық компоненттері жануарларда да кездеседі (ортаны сезіну, жүріс-тұрыс мотивациясы, инстинктивтік және жүре пайда болған) . Бірақ адамның психикалық ұйымдасуы оның биологиялық формаларынан әлдеқайда өзгеше. Әлеуметтік мәдени өмір сүру адамның санасын оятады. Адамаралық қатынастар тіл арқылы сөзбен немесе өзара әрекеттесу барысында, индивид өзін басқа адамдарға қарау арқылы психикалық өмірдің субъектісі екендігін тани алуға қабілеттенеді. Алдын ала мақсат қою, оны әрекетке айналдыру өзіндік жүріс-тұрысты іштей жоспарлайды. Осындай жоспардың барлық компоненттері саналы тілге ауыса алмайды. Бірақ бұл аймақты біз санадан тыс аңғарылмайтын өріске жатқызамыз. Бұл да психологияның пәнін анықтауға көмек береді, мысалы: елігулердің қайда және неліктен пайда болатындығын анықтауға көмек береді. Аңғарылатын және аңғарылмайтын психикалық фактілер нейрогуморальдік механизмдермен жүзеге асады, бірақ физиологиялық заңдылықтармен емес, психологиялық заңдармен жүреді. Психология - жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп алғанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, даму және көрніс беру заңдылықтары туралы ғылым. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндіруден ғана емес, сондай- ақ олардың мәнін қорта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептердін, олардың болашақта көрніс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады.
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика.
Психика туралы түсінік. Психика - матария қасиеті, мидың қызметі болуымен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, бірініден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстардын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін ретестіру.
Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т. б. ) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оның биологиялық компоненттері жануарларда да кездеседі (ортаны сезіну, жүріс-тұрыс мотивациясы, инстинктивтік және жүре пайда болған) . Бірақ адамның психикалық ұйымдасуы оның биологиялық формаларынан әлдеқайда өзгеше. Әлеуметтік мәдени өмір сүру адамның санасын оятады. Адамаралық қатынастар тіл арқылы сөзбен немесе өзара әрекеттесу барысында, индивид өзін басқа адамдарға қарау арқылы психикалық өмірдің субъектісі екендігін тани алуға қабілеттенеді. Алдын ала мақсат қою, оны әрекетке айналдыру өзіндік жүріс-тұрысты іштей жоспарлайды. Осындай жоспардың барлық компоненттері саналы тілге ауыса алмайды.
Зерттеу пәні. Психология ғылымның дамуы
Курстық жұмыстың мақсаты .
Психология ғылымның дамуы жағдайларындағы негізгі ерекшеліктерін зерттеу
Курстық жұмыстың міндетті
Психология ғылымының мəн-мағынасын және зерттеу саласымән және түрлерін анықтау
Психология ғылымының даму кезендерің анықтау
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлім мен қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
І ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МƏН-МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ САЛАСЫ
- Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi
Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, тәң iрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығы уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы бipi iс-əрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкін емес.
Адамның даму заңдары мен оның болмысы жасампаздық мүмкiндктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн те қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың əрбiрi өзi не тəн ерекше көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi мүмкiн емес. Л. С. Рубинштейн «Жалпы психология негiздерi» (1940) атты еңбегiнде »Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анык; Keiлiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас-ниеттерiмiз бен тектерiмiз, т. б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз ушып денiмiзге ажырамастай болып сінген құбылыстар жиыны», - деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншк толғанысының болуы, ол түйск сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты əдемi, нəрлi суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезiнуi қиын; керең ткелей қабылдамаған соң, əн-күй əуенiн танымайды; махаббат лəззатына өзi бөленбеген адамға ол жөнiндеп эңгіме-дастан да түкке де тұрмайды.
Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым кұбылыс болуында. Себебi, əрқандай нақты заттың өзi мен онық қабылданған кейпi бiр-бiнен ажыратылып тұратыны даусызАдам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмip тəжiрибесi негiзiнде топтайды. Əлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлктi тұрмыс құруға, iс-əрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын құрады. /3/
Осы бiршама бiлктер əр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-əрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның eқі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дəлелсiз. Оларды бiз күнделктi тұрмысты тəжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем əдебиеттен, халық ауыз əдебиетi үлгiлерi нен (мақал-мəтел, ертек, əпсана) ұғып, түсiнiп келдк Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының бастауларынақ осы тəжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiпшығады.
Психология өте ежелгi де, өте жаста ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы əлi алда. Психологияны дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пəлсапамен бiрге келе жатыр.
ХIХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дəл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психологияның фəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды.
Пəн атының өзiде грек тiлiнен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо - «жан», логос - «ғылым») дегендi аңғартады. Кең тараған түсініктергетерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күрес iнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөн iндегi зерттеулер мен түсiнктер психологияның пəндк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология əуел бастан »жан» туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түандайды.
Психика мəнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мəселесiн - материя мен сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелдi болып келдi.
Дəл осы мəселенiң шешiмi тәңiрегiнде бiр-бiрiне ткелей қарсы философия бағыттары - идеализм мен материализм пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға тəуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистк танымда психика - туынды, материяға тəуелдi құбылыс.
Идеалистк бағыт өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың əрекетi тəнсiз, мəңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiзбен елестерiмiздiң нəтижесi.
Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуiмен тəнге ен iп, оның өлуiмен ұшып кететiн жан жəне рух əрекетi деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның əр түрлi мүшелерiнде жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Ойдын пайда болуымен жан «о дүниемен» байланысты, көрiнбейтын әpi мəнiң жасайтын, тəны өзгеше бiр екiншi баламасы - рухтық зат деп танылды. Бар əлем бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген əртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды.
Адам психикасы - рухани өмiрдiң көрiнiсi, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен дiни догматтар адам жан дүниесiн материалистк тұрғыдан түсiндiруге ұмтылған ғылыми ой-пiкiрлердi көп ғасыр кейiнге ысырып тастады.
Психикалыққұбылыстың органикалық материя қасиетi ретiндесапалық ерекшелiгi барша материя бейнелеу қасиетiне ие. Психика - материя қасиетi, мидың қызметi болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудiң ерекше формасы. Психика материяның даму желiсiнде, оның бiр қозғалыс формасынан екiншiсiне өзгерiп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда болып, психика сол эволюцияның маңызды фактор бiрлiгiне айналады. Бейнелеу қасиетi негiзiнде организмнiң қоршаған ортамен кең салалы жəне сан алуан байланыстары түзiледi.
Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша, тiршiлiк ие-сiнiң iшкi психикалық өмiрi болуы мүмкiн емес, яғни сана, психика өзiнен тыс жəне тəуелсiз жасайтын танымды болмыстың бейнесi. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесi жөнiнде əңгiме қозғау қажетсiз. Əрқандай психикалық акт нақты болмыстың бiр бөлшегi əрi оның бейнесi болып табылады.
Сонымен, психиканың қызметi, бiрiншi ден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн, байланыстарын бейнелеу, екiншiден осының негiзiнде адам қылығы мен қызмет əрекетiн реттестiқ. Психиканы диалектика-материалистк тұрғыдан қарастыру əрқандай iшкi Жан күйлiк былыстардың өзiмен өзi шектелмегенiн, шындықтан бөлiнбей, онымен түбегейлi əрi тығыз байланыста екенiн танытады.
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми бiлiмдердiң құрамы неден тұрады, яғни пəнiне? Бұл - ең алдымен психикалық өмiр деректерi. Мысалы, психикалық дүние дерегi ретiнде адамның тəжiрибе топтау қабiлетi - жад, естi қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның мiндетi түсiндiру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мəнiн айқындап беру. Əрқандай ғылым мақсаты зерттелетiн процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгiлеу. Теориялық жəне эксперименталды зерттеулердiң бəрi нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзi құбылыстар арасындағы міндi, қажеттi, тұрақты, қайталанып жүретiн байланыс, қатынастарды бiлуден келiп шығады. Мысалы, ес өзiнiң қызметтiк заңдылықтарына бағынады. Естiң түрлерi болатыны белгiлi. Жақсы есте қалдыру қайталуға тəуелдi екенiн бiлемiз, байланыссыз материалға қарағанда, жоспарланғаны жеңiл əрi тез еске түсетiнi мəлiм. /5/
Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекетт iк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зертеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бipre ескеретiн жəйт, заңдылық байланыстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетктердi ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iс-əрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлкте зерттейдi.
Қорытындыласақ, жантану ғылымы психология - психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн зерттейтiн бiлiмдер саласы
- Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi
Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне практикалық мiндеттердiң сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекеттi оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiнктер қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздксiз өрiстеуде, психология бұрын кезкпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов «Психологияның методологиялық жəне теориялық проблемалары» атты еңбег iнде қазipгi заман ғылы-мының жағдайын сипаттай келе, «бүгiнгi күнде психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады», - деп жазады. Психологияның зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiнекүрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерi не əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.
Жантану ғылымы үшiн ең маңызды мəселелердiң бiрi - зерттелушi құбылыстардың мəн-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты əдi снамалық мəселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мəн iн тануда Б. Ф. Ломов өзiнiң еңбегiнде психология ғылымының тeк категорияларын, олардың жүйелi өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бiр бұл категориялардың өзiндк дербесткте екенiн айқындап берген. Ғалым психологияның келесi тiрек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, iс-əрекет категориясы, жеке адам категориясы, тiл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсiнiктер - «əлеуметтiк» жəне «биологиялық». Адамның əлеуметтiк жəне табиғат қасиеттерiнiң объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық жəне əлеуметтiк себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым мiндеттерiнiң ең бip қиыны.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазiрri кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiтeгi, мемлекеттiк басқару, медицина, спорт жəне т. б. кəсiбi практикалық қызметтiң ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бi лiкт i лiктi қажет еткен мi ндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмiрiн барша тарапында əр қилы формада пайда болуда. «Адамдық фактор» дегенiмiз әр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-əрекетiнде көрiнiс беретiн əлеуметтiк психологиялық, психологиялық жəне психо-физиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.
Бiз бұл жерде осы күнгi қоғамдық тəжiрибенiң психология алдына қойған талаптарының бəрiн талдау мiндетi н алмай (өйткен i, адам араласқан жердiң бəрiнде мың сан мiндет), бала психикасының дамуына байланысты психологияның маңызын қысқа атап өтпекп iз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң барша бөлктерiнде (мектепке дейiнгi, орта, жалпы бiлiм берушi, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен сабақтас проблемалар шексiз. Психикалық құбылыстардың жүйесiн түгелiмен қарапайым түйсктен бастап, жеке адам психикалық қасиеттерiне дейiн - оларды басқарушы объектив заңдылықтарды ашу үшiн зерттеу, оқу мен тəрбиенiң теориялық негiзiн, қоғамдық мiндеттерiн, ұйымдастыру формаларын анықтап белгiлеуде орасан маңызға ие.
Психология ғылымының қолданбалық мəнiн қоғам түсiнiп, қабылдауынан халыққа бiлiм беру мекемелерiнде психологиялық қызмет тармақтарын iске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазiргi күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нəтижелерiн практикаға ендiруде дəнекер жүйе болуы кəмiл.
Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда.
Б. Ф. Ломов “Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары” атты еңдегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, ”бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады”, -деп жазды. Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б. Ф. Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен қатар бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап береді . Ғалым психологияның келесі
тірек категорияларын атайды:
бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер-“әлеуметтік”және “биологиялық”. Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің обьектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.
Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Казіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы ықтимал.
1. 3 Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны
Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық деректердщ басқа ғылымдарда пайдалану мүмк iндктерi н жəне керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн өзi не қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi өзгертiп тұрған емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz