Батыс тарихнамасы. Негізгі зерттеулер және қалыптасқан тұжырымдар



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Батыс тарихнамасы. Негізгі зерттеулер және қалыптасқан тұжырымдар

Ресей мен Алтын Орданың арасындағы қарым-қатынас тарихы Ресейде де, шетелде де көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырып келеді. Бұл проблематиканың шетелдік тарихнамасы әлі де толығымен зерттелмеген. Неміс тарихнамасын зерделеудің өзекті қажеттілігі ғылымды интернационалдандырудың объективті үдерісіне, сондай-ақ шетелдік тарихи ойға қатысты шектен шығуды болдырмау қажеттілігіне байланысты. Неміс тарихнамасы шетелдік тарих ғылымында ерекше орын алады. Неміс ғалымдары Алтын Орданың тарихындағы мәселелерді зерттеумен бірінші болып айналысқан. ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейін неміс тарих ғылымының басты бағыты - Батыста Жошы Ұлысының тарихымен байланысты мәселелерді зерттеу саласы болды. Шетел тарихшыларының тәжірибесі ескі тарихнама мәселелеріне басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп және Алтын Орда мәселелерін зерттеуге түбегейлі жаңа тәсіл ұсынатыны баршамызға мәлім.
Орыс жерлері мен Орда арасындағы қарым-қатынас тарихы неміс зерттеушілерінің жұмыстарында негізгі орынға ие. Мақаланың мақсаты - XIV ғасырдың екінші жартысында орыс жерлері мен Орда арасындағы қарым-қатынас тарихындағы бірқатар маңызды мәселелер бойынша отандық ғылыми қоғамдастыққа неміс тарихи ғылымының негізгі жетістіктерін анықтау және ұсыну болып табылады. Байланыстар тарихының негізгі мәселелерін айқындай келе, түсіндірмелері отандық тарихнаманың түсіндіруімен сай келмейтін кейбір тарихи сюжеттерге тоқталғымыз келеді: Ұлы дүрбелеңнің Ресейге ықпал етуі, Кулиководағы және Ворскла өзеніндегі шайқастың маңызы.

Ұлы дүрбелеңнің Ресейге тигізген әсері.
Алтын Ордадағы қиындықтардың (кейбір тарихшылардың сипаттамасы бойынша азаматтық соғыс деп аталады) басталуына байланысты мәселелер жөнінде неміс зерттеушілері ортақ пікірге келген жоқ: кейбіреулері бұл үдерістің басталуы Сұлтан-Мұхаммед-Өзбек ханның өлімімен байланыстырса, ал басқалары 1359 ж. Бердібек ханның өлтірілуіне қатысты деп санайды. Р. Бехтольдтің ойынша Алтын Ордадағы дау-дамай - өткен ғасырдағы Қытай, Парсы, Орталық Азия және оңтүстік Ресей жерлерін жаулап алуын қамтыған Моңғол мемлекеттерінің апатының бір бөлігі болып табылады. Т. Шиманн мен Н.И. Костомаровтың пікірінше, дау-дамай Қыпшақ мемлекетінің тарихында, сондай-ақ шығыс жаулаушылардың барлық мемлекеттеріндегі тұрақты кезең. Сарайдағы гарем және сол сияқты тағы басқа нәрселер хандарды әлсіретіп, арандатушылық әрекеттер тақтың мұрагерлік тәртібінің бұзылуына әкеліп, Өзбек ханның мұрагерлері әкелері мен ағаларын өлтіру арқылы таққа қол жеткізген. Орданың соңғы ыдырауына жақындағаны анық еді. Қыпшақ мемлекетінің ыдырауы орыстардың моңғол езгісінен босатылуына үміт беруге тиіс еді. Ордадағы қиындықтар татар-ресейлік қарым-қатынастарға әсер етпеуі мүмкін емес еді. Ордадағы бәсекелес топтар бір біріне қарама-қайшы бұйрықтар шығара бастаған сәттен бастап сөзсіз мойынсұну саясаты мүмкін болмады; осылайша, ресейліктер татарлардың нұсқауларын елемеуге үйрене бастады. П. Ниченің айтуынша ынтымақтастық әріқарай Мәскеу билігінің өсуіне қызмет ете алмады. Сондықтан, бір жағынан татарлардың әлсіздігі және екінші жағынан Ордадағы оқиғаларды білетін ресейліктердің санасының күшеюі татар-орыс әскери қақтығыстардың ұлғаюына әкеліп соқты. Алайда, орыс князьдері әлі күнге дейін татарлардан Ұлы князь атауын растау үшін Ордаға барғанымен, жеңілген князьдар әріқарай татарлардың бұйрықтарына мойынсұнбайтын, тіпті ашық түрде қарсылық білдіретін. Княздік арасындағы қақтығыстарда барлығы әскери күштің көмегімен шешілетін және татарлар біреудің жақтасы ретінде екінші дәрежедегі рөлді сомдай бастады. Ресейдегі қақтығыстың нәтижесінде пайда болған босқындардан тұратын татар әскери топтары, Орда билеушілері жіберген әскерлерге қарсы шайқастарға да қатыса бастады. XIV ғасырдың соңында орыстардың татарларға байланысты қатынасында жаңа құбылыс пайда болды: татар князьдарі Ордадан шығып, шоқыну рәсімінен өтіп, Мәскеу қызметіне қосыла бастады.
Жеке саяси некелерді санамағанда, бұрын соңды болмаған, орыс әйелдері татарларға тұрмысқа шыға бастады. Осылайша, татарлар мен орыстардың қан араласу үдерісі орын ала бастады - деп қорытындылайды Ниче. Берлин университетінің профессоры А. Брюкнердің айтуынша, Мәскеудің ұлы князьдерінің тәжірибесі өсе келе, Орда шенеуніктерін сатып алатын делдалдардың саны арта бастап және сол арқылы татар езгісінің қысымы әлсірей бастаған.
Азияда тоқыраудың жалғасуы, ешқандай прогресстің болмауы және эволюциялық даму үдерісінің тоқтап тұруының салдарынан татар хандығының жақын арада толығымен құлдырайтыны айдан анық болды. Орда орталығындағы ішкі дағдарыс пен басқарушылардың жиі ауысуы Азия мемлекетінің әлсіреуіне ықпал етті. Бұл даму Орданың ішкі ыдырауы тек Мәскеу ұлы князьдігінің ғана емес, сонымен бірге екі басқа мемлекеттердің: Молдованың (Солтүстік Румыния) және Литва Ұлы князьдігінің көтерілуімен қатар жүрді. Орда ішкі ыдырауының кесірінен әлсіреп жатқан кезде, Мәскеу өз аумағын кеңейтумен айналысты.
Татардарлардың Ресейдегі күштерге қатысты ештеңені өзгертуге шамасы болмады. Егер бұған дейін ресейліктер татарлардан әскери өнерде артта қалса, енді оларға жете бастады. Орталық билігінің әлсіреу нәтижесінде орта Еділде ушкуйник деп аталатын Новгород өзен қарақшылары пайда болды. Ұлы дүрбелең кезеңінің ұзаққа созылған геосаяси зардаптарын Ф. Шуселька айрықша атап кетті. Оның пікірінше, Азия мен Еуропадағы татарлардың орнына орыстар келді, әлемді жаулап алуға ұмтылған, биліктері шектеусіз орыстар Шыңғысханның шынайы мұрагерлері болды. Орыстар да Азия мен Еуропа үшін бұрынғы татарлар сияқты құдайдың жазасы болды.
Куликово өрісіндегі шайқастың маңызы.
Вена университетінің профессоры А. Каппелердің пікірінше, Дмитрий Ивановичтің жеңісінің салдары өте маңызды болды: 1380 жылы орыстардың татар армиясын алғаш рет жеңуі Мәскеу үшін маңызды кезең болды, және осыдан кейін ұлы князьдер Алтын Орданың мұрасы үшін бұрынғыдан да үлкен құлшыныспен күресе түсті.
Куликово өрісіндегі жеңісімен Мәскеу Ұлы князьдігі Литва мемлекетіне өзінің Ресейдің үстінен үстемдігін көрсетті. Дәл осының арқасында Ресей жерлерінің бірігуі Мәскеудің қорғаушылығымен өтеді. Брюкнер езгіден құтылу өте қиын болғаны туралы жазып, 1380 жылы Куликово өрісіндегі әйгілі шайқастың сәтсіздігін көрсетеді. Бұл шайқастан кейін тәуелділік тағы бір ғасырға сақталды. Азиялық қарақшылардың жиі шабуылдары шайқастан кейін де жалғасты.
Орыстардың қатаң қарсылығы мен белсенді әскери әрекеттері туралы мәлімет аз. Әдетте олар, Куликово шайқасын санамағанда, пассивті болып, артқа шегінуге және қашып кетуге бейім болатын, олар жалпылама көтеріліс туралы және қаскүнем жауларына қарсы үнемі күресуді ойлаудың орнына келіссөз жүргізіп, пара алды. Сондықтан тек үлкен моральдық маңызы туралы айтуға болады. Ресейдің жағдайын жақсартып, ауыртпалықтың ең жаман кезеңіне нүкте қойған орыстардың қаһармандығы емес, ал Шығыс тұрғындарының бір-бірімен бәсекелесті - деп қорытындылайды Брюкнер. Ф. Штральдың айтуынша, Дмитрий князьдің жарқын жеңісі Ресейді татарлардың қаһары мен шабуылдарынан қорғап қала алмады, небәрі екі жылдан соң Тоқтамыш Мәскеуге тағы да шабуыл жасап, сонымен қатар тонап, алым-салық салып кетті. Бірақ Куликово шайқасындағы жеңістің арқасында Мәскеу беделінің өскенін елеусіз қалдыруға болмайды. Бұдан былай Мәскеудің ұлы князі елді татарлардан босатуға ұмтылғандардың басында тұрды. Алайда, шайқастың нәтижесі теріс болғанын айтады П.Ниче. Мамай қуылған соң, Орданың жігерлі көшбасшысы Тоқтамыш татарлардың Дондағы шайқаста жоғалтқан беделін қайтадан қалпына келтіруге ұмтылды. Сондықтан, екі жылдан кейін татар әскерлері екінші рет Ресейге қарсы шықты. Енді Ресейдің 1380 жылғы жеңісінің нәтижелі болмағандығы көрінді. Татарлар қайтадан күшті армиясын қолдана алатын болды, алайда Ресейде қарсылық білдіруге дайын емес еді. Әлбетте, Дондағы шайқастағы сұмдық шығындар әлі де қалпына келтірілмеген еді. Штральдың айтуынша, Дондағы жарқын жеңіс толығымен ұмыт болып үлкен қауіпке қарсы тұруға мүмкіндік беретін орыс князьдерінің келісімі жойылды; дау-дамайлар күш-жігерлерін әлсіретіп жіберді; қызғаныш әр бірлескен іске кедергі жасады. Әркім өз мақсаттарын жүзеге асыруды ғана көздеп жүрді, сондықтан олардың барлығы қас жаудың құрбаны болды. Осылайша, Дондағы жеңістен кейінгі орыстардың татар езгісінен босатылу туралы арманының ізі де қалмады, керісінше күшті қысым мен қатаң құлдық оларды
одан бетер әлсіретті. Т. Шиманның айтуынша, Дмитрий Иванович Мәскеудің алғашқы князьдері ұстанған мойынсұну саясатына қайтып келіп және содан бері Ресейде өзінің князьдігінің гегемониясын сақтап қалуға ғана тырысты. Б. Шпулердің айтуынша Куликово шайқасы ештеңенің соңы болған жоқ, ол татарларды жеңуге болатынын көрсеткен соққы болды, алайда шайқастың нәтижесі татарлардың толығымен жеңілгенін білдірмеді.
Ворскла өзеніндегі шайқастың маңызы.
Литваның шығыс сыртқы саясатының белсендірілуіне ықпал еткен адам Алтын Ордадан қуылған Тоқтамыш хан болатын. Ф. Штральдың айтуынша, ол Литвалық ұлы князь Витовтқа, егер ол Тимур-Кутлугқа қарсы шайқаста көмек көрсетсе, оған Псковты, Новгородты және Ұлы Ресейді беруге уәде еткен. Жасалған келісімшарттың мазмұны белгісіз болғанымен, Б.Шпулердің айтуынша, Витовт Тоқтамышты өз жеріне қайтару туралы шешім қабылдап, және де егер Тоқтамыш оны бүкіл Ресейдің болашақ иесі ретінде мойындайтын болса, Мәскеудің ұлы князіне және жартылай Ордаға тиесілі аумақтардың көп бөлігін иелену құқығын беруге уәде берді. Бұл Витовттың Алтын Орданың істеріне араласуына және сонымен қатар оның билігін Қара теңізге дейін ұзартуға себеп болды. Дегенмен, 1399 жылы 12 тамызда Витовт пен Тоқтамыш Ворскладағы шайқаста жеңіліске ұшырады.
Бұл оқиға, А. Брюкнердің айтуынша, тіпті еуропалықтардың перспективасында Азияға жалпы қарсылық білдіру жоспарланбағанын көрсетті. Литвалық княздар сол уақытта және кейін де кез келген қолайлы жағдайда ханмен Мәскеуге қарсы бірігуге дайын болды, сондықтан да московиттер 1399 жылы литвалықтардың қайғылы апатына қуанды. Бірақ соның салдарынан Ресейдің оңтүстік-батыс жерлерінің көбісі түршігерліктей қиратылды. Христиан әлемінің Азиялықтарға қарсы ынтымақтастығы туралы айту мүмкін емес еді. Алтынордалықтардың Литва ұлы князін жеңуі оның Мәскеуге қарсы қастық жоспарларын бұзды.
Витовт мен Тоқтамыштың жеңіліске ұшырауы Ресейді Литва қауіп-қатерінен мәңгілікке құтқарды. Ресейдің Польша-Литвалық мемлекетке қосылу жоспарлары күшін жойды, Алтын Орданың Ресейге қатысты гегемониясы сақталды. Б. Шпулердың
айтуынша, шайқастың әсері айрықша болды. Даму үстіндегі Литва мемлекетінің оңтүстік-шығыс саясаты сәтсіздікке ұшырап, оңтүстікте Қара теңізге шығу әзірге тоқтатылды. Алтын Орда тәуелсіздігін сақтап қалды; ол әлі де бұрынғыдай қауіпті қарсылас екендігін дәлелдеді.
Ағартушылық кезеңнен кейін, батыста ғылым-білімнің тез дамуы, оренталистика - ғылым саласы ретінде қалыптасты. Сол себепті Еуропа елдері және АҚШ-та арнаулы тақырыптық зерттеулер ерте пайда болды. Бастамасында біз Ресейдің үлесін айтпай кете алмаймыз. Ресей императорлық ғылым академиясынң ұйымдастыруымен жарыс ұйымдастырылды. Шарты қарапайым, Алтын Орда тарихын барлық аспектілері жағынан жазып шығу. Әрине, бұл өте ауқымды, әрі жан-жақты тақырып. Бірден жинақатлған еңбек пайда бола қоймады. Солардың ішінде, Й. Хаммер-Пургштальдің Дешті Қыпшақтағы Алтын Орда тарихы. Ресейдегі моңғолдар атты еңбегі жарыққа шықты. Өз заманындағы еңбек үшін ол өте үлкен жетістікке жетті. Хаммер еңбегінің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі ол кезде әле толық қанды қазіргіндей деректік база болмады.
Тақырыптық зерттеулер кейін жалғасын тапты. Бұл тек бастамасы еді, ХХ ғасырдың басында Алтын Ордаға қатысты ірі көлемді еңбектер жазыла бастады. Солардың ішінде Б. Шпулердің еңбектерін атап өтуге болады. 1938 жылы Моңғолдардың Ирандағы билігі еңбегін жариялады. Монография Германияда 4 рет баспадан шықты. Өзіне дейінгі неміс зерттеушілерімен салыстырғанда жоғарғы деңгецде жазылған еңбек еді. Б. Шпулердің 1943 жылы неміс тілінде шыққан Золотая Орда. Монголы на Руси деген еңбегі шыққан. Сол еңбектің соңғы басылымы 2017 жылы Мәскеу қаласынан шығарылды. Б. Шпулер өз еңбегінде моңғолдардың Рустьі өтіп ШЫғыс Еуропаға келген кезідегі жағдайларды жазған. Оған венгрлерлің, чехтардың, неміс рыцарларының ерлікпен шайқасқандығы жайлы мәліметтерді қамтыған.
Б. Шпулер - жалпы моңғол дәуірін зерттеудің ғылыми ілімін жаңа дейгеге көтерді. Алайда, неміс зерттеушісінің еңбегі Кеңестік ғалымдар арасында қатты сынға ұшырады. Якубовский өзінің атақты Золотая Орда и ее падения еңбегінң кіріспесінде Б. Шпулердің еңбегіне қатысты Көптеген деректерді қолданған, алайда орыстардың татарлармен күресін бұрмалап жазған. Оның жазбасы құрылымы жағынан ғылыми еңбекке жатпайды - деп, реакциялық сипаттама берген. ХХ ғасырда батыс еуропа ғалымдарының ішінде барынша ауқымды, танымалдары Р. Груссен, Дж. Бойл, М. Правдин, Ч. Галперин еңбектері. Ал ХХІ ғасырдағы еңбектерге келсек, П. Джексонның (Моңғолдар және Батыс) еңбегі.
ХХ ғасырдың 1920-30 жылдардағы кеңес тарихнамасының зерттеулері мен басылымдарының, соның ішінде Волгалық Болгария мен ішінара Алтын Орданың тарихы мен мәдениетінің салыстырмалы түрде егжей-тегжейлі зерттеуін Мария Чичикова Болгар тарихи қоғамының жаңалықтарында жариялаған (Известия на българското историческо дружество)27. Автордың Алтын Орданың мәдениеті күрделі және әртүрлі, ол Волгалық Болгария мәдениетімен де Хорезмнің ортаазиялық мәдениетімен де бірдей байланысты деген қорытындысы қызық. Құрамына Волгалық Болгарияны кіргізген Алтын Орда мемлекеттік құрылым ретінде ХХ-шы ғасырдың 60-жылдардағы Васил Гюзелев пен Панайот Дражевтің Волгадағы Болгар мемлекетіне арналған еңбектерінде айтылған. Бұл еңбекте Волгалық болгарлардың өз тәуелсіздігін қайтаруға ұмтылуы, ХІV ғасырдың екінші жартысындағы Ордадағы династиялық дағдарыс, 1361 ж. Болат-Тимур ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Іі-дүние жүзілік соғыс және жаңаша көзқарас
Б.Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Қола дәуірінің тарихнамасы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Пәндер