МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ӘРТҮРЛІ КӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ОРЫН АЛУЫ

Кеңестік кезең тарихнамасында тарихты жазуда, тарихи ойды қалыптастыруда бірнеше ерекше факторлар болды. Мысалы, ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі тарихшылар, өз көзқарастарын империялық кезеңде қалыптастырған еді. Олар тарихты бірден марксистік-лениндік тұрғыдан жазған жоқ. Алғашқы бөлімде де айтылғандай, ХХ ғасырдың ІІ-жартысында партияның нұсқауына байланысты, тарихты нақты ұстанымдармен жазу басталды. Осы кезде Орда билігі жайлы, мемлекеттілігі жайлы пікірлер, көзқарастар туындады. Бұл кезеңге А.Ю. Якубовский, Б.Д. Греков, В.В. Каргалов, С. Закиров, Г.А. Феодоров-Давыдов және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Кеңестік кезеңде ерекше рөлге ие болған, жаңаша пікірлерді, көзқарастарды, жаңа ой-тұжырымдарды қамтитын еңбектер ХХ-ғасырдың 80 жылдары дүниеге келді. Аталған кезеңде Алтын Орда жайлы ғылымға тың мәселелерді ұсынған, Орда билігіне жаңа көзқараспен қарап жазғылған еңбектер пайда болды. Олар Р.Г. Скрынников, Н. С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г. В. Вернадский, Э. Д. Хара-Даван және т.б.
Мемлекет жайлы көзқарасты өз кезінің Орда жайлы ең ірі монографисы Золотая Орда и ее Падениеден бастаған жөн болады. А.Ю. Якубовский Образование Золотой Орды (Улус Джучи) атты ІІІ тарауын Ф. Энгельстің сөзімен бастаған. Әрине, белгілі бір ел(халық) көрші елдерді бағындырып, жаулап алғанымен, жеңіске жеткен елдің дамуы жағынан мәдениеті, мемлекетті басқару аппараты, эккономикасы төмен болса, көпке созылмай олар жергілікті халықпен сіңісіп кетеді. Нәтижесінде сол елдің дінін, тілін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қабылдайды. Осы жағдайды кітаптың 2-бөлімін жазған Б.Д. Грековтың тұжырымдарынан да көре аламыз. Автор өз жазбасында Алтын Орданың біріккен орыс мемлекеттілігінің қалыптасуында әсерін барынша төмендетіп көрсетуге тырысты. Татарлардың көмегімен емес, керісінше орыс халқының Алтын Орда билігіне қарсы ауыр күрес нәтижесінде Москва князьдігінің төңірегіне шоғырланып, бірорталықтанған мемлекет құрылды.
Осы еңбектің ішінен біз А.Ю. Якубовскийдің де мемлекеттілік жайлы тұжырымын көре аламыз. Якубовскийдің айтуынша Алтын Орда құрылуы жағынан бірнеше географиялық зонаны қамтиды. Екіншісі әртүрлі ұлттарды біріктірген, соның ішінде діндері басқа халықтарды топтастырған, алайда бастапқы кезде туелдікте өмір сүрген империя деп айтады. Осы жерге автордың қатты көрсеткісі келгені, алайда деректердің жеткіліксіз болғанынына байланысты тереңінен қозғамаған тақырып мемлекеттік басқару аппараты. Алайда, бар материалдарды қарастырып, бір тұжырымға келуге тырысқан. Ол айтады: Орда құрамында өзімен тікелей шектеспейтін аймақтар болды.Олар басқа моңғолдық ұластардың құрамында болды. Барлық Орда иелігінде бір заң жинағы - Яса болды. Алайда, сот процессі әр жерде әртүрлі жүргізілді. Барлық территория тікелей бағынышты аймаққа саналды. Бірақ, кейбір ұлыстар, князьдіктер белгілі бір дәрежеде тәуелсіздікте болды деп - өз еңбегінде осы мәселелерге тоқтады. Осы мәселелреге қатысты мемлекет ретіне қалыптасқан Ұлысқа Г.А. Феодоров-
Давыов та өз пікірін білдірді.
Автордың басты ерекшелігі барлық процесстерді бір-бірімен салыстырып тұжырымдауға тырысты. Жошы Ұлысы бастапқыда Моңғол империясының құрамындағы бір аймақ ретінде мемлекетті басқару жүйесі моңғолдық болды. Алайда, уақыт өте келе, белгілі саяси себептерге байланысты Жошы ұлысы Қарақорымнан алшақтай бастады. Нәтижесінде, басқару билігі жергілікті басқару жүйесімен араласып, трансформацияга ұшырады. Бұрын, моңғолдық мемлекеттерге тән емес аспектілер байқала бастады деп келтірген өз тұжырымын. Келесі келтірген тұжырымдасы, Алтын Орданың бір орталыққа бағындырылған мемлекет ретінде әр халыққа әртүрлі әсер еткендігін айтады. Г.А. Феодоров-Давыдов айтуынша, Көбісі Алтын Орда билігін тек орыс жерін бағыныштылықта ұстады, ал Дешті Қыпшақ даласында айрмашылық болған жоқ, билік ауысқанымен, сол көшпелілердің билігі ғой деген пікір қате пікір-деді. Жаңа биліктің орнауы, ұлыстық жүйені енгізуі, тайпа көсемдерін алмастырды. Басшылыққа мыңбасыларды немесе жүзбасыларды алып келді. Бұрынғы ру-тайпалар арасындағы жер бөлінісін, көшу маршруттарын, мал жаю кезегін өзгеріске алып келді. Бұның барлығы ХІІ-ХІІІ ғасырда мемлекет ретінде қалыптасып келе жатқан қыпшақтардың саяси тарихына балта шапты - деген тұжырымға келген.
Келесі, маңызды, өзгешелігімен көзге түсетін мемлекеттілік жайлы Л.Н. Гумилевтің пікірлері. Жалпы бұл ғалым Батыйдың жорығын жаулаушылық соғыс ретінде қарастырмайды. Олардың орыс жерлерін өз қарамақтарында устау ойларында болса, олар жорық аяқталған соң жаңа территорияға гарнизондар салатын еді. Жергілікті әскер қалдыратын еді, елдегі басқарушы әулетке өз адамдарын алып келетін еді. Ал олар, ондай әрекетке барған жоқ. Тек, орыстарға жыл сайын Сарайға салық төлеп тұру міндеттелді. Бұл сөздердің жаны бар, алайды өз заманында бұл пікірлер үлкен қолдауға ие болмады. ХХ ғасырдың соңында Евразиство қалыптасты, осы бағытты ұстанушылар Алтын Орда жайлы жаңа көз қарастарды, зертелмеген тұстарын қарастыруға тырысты. Ал олар жайлы төменде толықрақ айтылатын болады. Қазір, Л.Н. Гумилевтің тұжырымынан үзінді келтірсек: Алтын Орда орыс жерлерін шығыстан туған қауп-қатерлерден қорған болып, нәтижесінде Русь тез бірігіп, күш жинап үлгерді. Бұл үлкен пікір талас тудырған болатын. В.Л. Егоров осыған байланысты өзінің Историческая география Золотой Орды в ХІІІ-ХIVвеках еңбегінде басқа қырынан көрсетуге тырысты. Георгафиялық жағынан алып қарасақ Еділ бойы, Сібір, Сырдың орта ағысына дейнгі аймақ Орда қарамағында болды. Қауптің төнуі мүмкін де емес еді. Ал, П.Н. Савицкий Без татарщины не было бы - России деген кардинальді шешімін Степь и оседлость мақаласында жазды. Киев Русьінің ХІ-ХІІІ ғасыр аралығындағы бөлшектенуі, өз арасындағы қырқыс-таластар, өзге елдің боданыны болуны тікелей алып келетін еді - деп жазды. Г.В. Вернадский да Алтын Орданы тек отарлаушы емес, оны жаңа басқару аппаратын алып келген мемлекет ретінде қарастаырды. Оның айтуынша, Орда билігінің жағымды салдары тек Орданың құлауынан кейін байқалды дейді.
Қазіргі қазақ территориясы көптеген тайпалардан құрылған, бір орталыққа бағынбаған болатын. Дәл сондай жағдай Русь аймағын да айтады. Ал, Орда билігі тараған соң екі аймақтада тұрақты, бір орталыққа бағынған мелекет құрылды дейді. Алтын Орданың өз кезі үшін өте прагматикалық шешімдерге барғандарын көрсетті. Яғни, сот процессін мысалға келтірген. Ұлтына, дініне қарамастан айып бірдей тағылды, ақсүйектерден басқа. Орыс жері тәуелді вассалы болғанға қарамастан, мұсылман дінін қабылдауға итермелеген жоқ. Ал билікті жергілікті ұлт өкілдеріне қалдырды. Евразийства қозғалысының төорағасы, қалмақтың тарихшы, саясаткері, ХХ ғасырдың І жартысының көрнекті өкілі Э.Д. Хара-Даван (1993-1941жж.). Оның пайымдауынша Алтын Орда өзі құрған мемлекеттік институт, өзінен кейінгі құрылған ұлттық мемлекеттердің нігізі болды. Бұл сөздерін Э.Д. Хара-Даван Орда ыдырағаннан кейін құрылған елдер, ұлыстар мемлекеттік басқару жүйесін Алтын Ордадан алды. Осы тұжырымдаманы В.Г. Вернадскиде қолдады. В.Г. Вернадский Орда билігі құлағаннан кейінгі Орыс мемлекеттерінің билік жүйесіндегі өзгерістерге байланысты қарапайым мысал келтірді. Киев Русьі кезінде билік толық князь қолында болмады. Халық жиналысы үлкен рөл атқарды. Жекелеген орыс князьдіктері құрылған кезде Боярлар думасы болды. Ал моңғол-татарлар билігі орнаған кезде, олар барлық билікті моңғол императорына бағындырып, жергілікті өкіл ретінде тек князьдерді мойындады. Кейін, моңғол билігі құлаған кезде билік толықтай князьдер қолында қалды. Ескеретін жағдай бұл Шығыс Ресей терриоториясындағы князьдіктерге тән қасиет болды. Ал батыс аймақ, Поляктық-Литовтық бірлестіктің ықпалында болып, бір орталыққа бағыну процессі әлсіздеу боды. Нәтижесінде, ХV ғасыр соңында бүкіл Русьті біріктіру үшін күресте Мәскеу князбдігінің жеңеске жетуі бір орталыққа бағынған мықты мемлекеттік аппараттың болуында - деп өз ойын білдірді.
Белгілі орыс ғалымы, тарихшы А. Н. Насонов (1898-1965жж.) Орда тарихына қатысты Монголы и Русь. История татарской политики деген үлкен еңбек жазған болатын. Өз туындысында автор Орда мемлекеттілігі жайлы таза марксизм принциптері бойынша жазған болатын.
Ол жайлы еңбегінің кіріспесінде айтып өтеді. А.Н. Насоновтың айтуынша Көшпелі феодализм - бүкіл әлемді бағындырамыз деген ойымен құрылған империяға қолайлы жағдай жасай алмады. Сонымен қатар билік бөлінісіндегі кемшіліктер. Орталықта хан басқарды, оған бағынышты ұлсытарды да хан басқарды, нәтижесінде көп ұзамай моңғол империясы құлады. Оның құрамынан ең алғашқылардың бірі болып бөлінген Алтын Орда қала мәдениетке көңіл бөліп, орталықтанған отырықшы феодализм қаыптастырғысы келгеніен, ол іс-әрекеттер нәтиже бермеді. Оның басты себебі ретінде автор: Хандар негізгі табыс көзі ретінде салықты қалалар мен саудагерлерден жинады, ал өздері, әулеттерімен бірігіп қалада тұруға, саудамен айналысуға тырыспады деп көрсеткен. Жоғарыда айтысған С. Закировта өз еңбегінің қорытындысында көрсеткен, Алтын Орда Мысыр елімен қарым-қатынас орнатқанымен, оның барлығын сауданы дамыту емес,
негізгі мақстаттары басты қарсыластарының бірі Хулагуйдтік Иранға қарсы тұру. Яғни, бұл жерде автордың негізгі айтқысы келген ойы, үлкен территорияны жаулап алғаннан кейін, мемлекеттің ішкі жағдайын барынша жақсартып, тікелей саудада жетістікке жету үшін келісім жасаған жоқ, жеке саяси көзқарастары үшін, сол себепті Алтын Орда тұрақты өмір сүре алмады. Елдің осы экономикалық жағдайына қатысты өз көзқарасын Г.А. Феодоров-Давыдов Общественный строй Золотой Орды еңбегінде келтірді. Алтын Орда Батый ханның кезінен бастап өздерін алшақ ұстауға тырысты. Оны бірінші көрсеткіші ретінде Үгедей хан қайтыс болған кезде Батый ханның Едел бойнда қалып, ары қарай бармауы.
Алтын Орда үлесінде көптеген көркейген қалалар болғанымен, оларды орталыққа айналдырмады, жаңа қала салды. Бұны автор империялық заңмен түсіндіреді. Моңғол әскерлері шабуыл жасап, басып алған кез келген қала, қай аймақта болмасын, Ұлы ханның жеке иелігіне саналады. Ал, ол қалалардан жиналған салық Қарақорымға жіберілетін болған. Осы аталған себептерге байланысты, Батый жаңа қала салып, өзінің дербестігін көрсеткісі келді дейді. Келесі бір ерекше жағдай, бүкіл Еуразияның жартысынан аса аймағында құрылған моңғолдық ұлыстардан ерекше саясат ұстануға тырысты. Жергілікті билікті толықтай өз қолына алған жок. Егерде жақсы жұмыс атқарып тұрған функция болса оны өзгеріссіз қалдыруға тырысты. Қала мәдениеті жақсы дамыған аудандарда жергілікті басшысын ауыстырмай, тек салық төлеумен міндеттеді. Барлық жүйені күштеп бір жолға салуға тырсқан жоқ дейді. Алайда осы факторды, Орданың тез тұрақсыз күйге көшуімен сипаттайды. Алтын Орда, мәдениеті әртүрлі, тілі бір-бірінен мүлдем алыс, экономикалық даму жағынан үлкен айырмашылығы бар мемлекет болды. Ол елдің тыныштығын бұзды дейді.
Өтеміс қажының еңбегін талдаған, негізгі тұжырымдарын сол арқылы жасаған В.П. Юдин, Алтын Орданың мемлекеттілігі жайлы біршама жаңа ой-тұжырымдар білдірді. В.П. Юдин мемлекеттіліктің қалыптасуын ұлтыстық жүйе арқылы түсіндірді. Алтын Орда территориясы жеткен жетістіктеріне байланысты, бірнеше ұлыстарға бөлінді. Ең ірі ұлыстар өз орталықтары ретінде қалалары болды. Өздерінің ішкі салық жүйесі болды. Ұлыстарды тек Шыңғыс ұрпақтары немесе әскери жорықтарда көзге түскен қолбасшылар басқарды. Осы тенденция кейін Алтын Орданы құлдырауға алып келді. Себебі, кезкелген Шыңғыс тұқымы Орда тағына отыруға құқылы болды. Ал, Алтын Ордада тақ мұрагерлері ретінде тек Батый ханнан тарағандарды отырғызы келді, Батый ханның жесірі. Алайда, ол жүйе іске аспады, нәтижесінде қыпшақтық дәстүр мен моңғолдық дәстүр араласып, бірде тақ әкеден балаға, бірде ағадан ініге беріліп отырды.
Г. А. Феодоров-Давыдов Общественный строй Золотой Орды еңбегінің V тарауында Алтын Орданың қоғамдық құрылысына тоқталды. Соның ішінде қоғамдық құрылыстың мемлекеттің тарихи дамуына әсерін айтып өтті. ХІІІ ғасырдың басында ұлыстық жүйе көшпелі феодализмнің негізін қалады. ХІV ғасырдың орта тұсында, ұлыстық жүйе күшеюінің әсерінен, бастапқы қалпынан бір қатар өзгерістерге ұшырады. Бұл процестер
мемлекеттік билікті децентризмге алып келді. Ал ол елді тұрақсыздыққа алып келді .
Осы кездегі жағдайға А.Ю. Якубовский де өз пікірін білдірді. Ұлыстың тұрақсыздығына сипаттама берді. Мемлекет ретінде өмір сүруіне саяси топтардың және қара халық арасындағы жіктің әсерін айтты. Мысалы Жалпы Орда территориясында экономикалық бай аудандар, қала мәдениеті жоғары дамыған Орта Азия жерлері, сауда қарым-қатынастары тұрақты түрде қалыптасқан Қырым мен Кавказ жерлері және көшпелілер мекендеген Дешті Қыпшақ даласы. Жалпы көшепелілер мен отырықшылардың ара салмағы қатты үлкен болған жоқ. Алайда, мемлекеттік билікте негізге әулеттер көшпелі тайпалардың өкілдері болды. Хандар да көшпелі өмірді жақтаушылар болды. Негізгі әскери күштің басымдылығы көшпеліліерде болды. Ал бұл жағдай, Алтын Орда Өзбек ханның кезінде, Жәнібек ханның кезінде қала мәдениетін қанша дамытуға тырысқанымен, қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмады. Мемлекеттік аппаратың салық жинау жүйесін Алтын Орда сияқты алып мемлекет үшін әлі жетілмеген деп көрсетті. Басқақтардың қызметін айптады. Қалалар тұрақты түрде, жыл сайын жүйелі түрде салық төлеудің орнына талан-таражға салып салық жинау жүйесі басым болды. Г.В. Вернадский моңғолдар бұл қателігін тез түсінді деп жазған. ХІV ғасырдан басатп салық жинау жүйесі өзгертілі бастады. Моңғолдар өздері тікелей отырықшы аймақтарда тұра алмайтын болғандықтан салықты, кньздің өз қолына берді. Ал бұл жағдай алдағы уақытта Мәскеу князьдігінң тез көркеюіне алып келді деген.
Якубовскийдің келесі көтерген маңызды мәселесі ол - тақ мұрагерлігі. Автор таң қалып жазған, Әмір Темір күші бүкіл Алтын Орданы басып алуға жетеді, алайды сол кезде қалыптасқа хан тағына тек алтық ұрық отырады деген түсінік өте қатты болғанын көрсетіп отыр.
С. Закиров жоғарыда айтылған авторларға қарағанда өзгеше пікір ұстанды. Оның өзгеше көзқараста болу да таң қалатын жағдай емес, әрине ол да кеңестік мектептің түлегі. Алтын Орданы өз еңбегінде Сол кездегі қутты Иранға қарсы тұра алатын жалғыз мемлекет ретінде көрсеткен. Мысыр мен Алтын Орданың одақтас болуының басты себебін де осы жағдаймен түсіндіреді.
Алтын Орданың мемлекеттік құрылысына, оның ерекшеліктеріне тоқталған келесі автор, М.Г. Сафаргалиев. Распад Золотой Орды еңбегінде өінің басты көзқарастарын айтып өткен. Алтын Орданың шарықтау шегінде, XIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIV ғасырдың бас кезі, Европа, Азия және Африканың солтүстік бөлігіндегі елдерге едәуір әсері бар, әлемдік державалар санатында болды. Алайда, ондаған ұлттан және георграфиялық жағдайы сан алуан түрлі елдің басқару аппаратты нақты жүйеге емес, ол күшке сүйенген деп көрсеткен. Автор, кітабының қорытындысында Орданың басқару жүйесін К.Маркстің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz