АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Кеңестік идеология негізінде бүкіл Одақтас Республикалар тархихы жаңаша форматта зерттеле бастады. Олардың ішінде ХІІІ-ХVғғ. тарихы да қарастырылды. ХІІІ-ХVғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ тарихының мәселелері қозғалған Алтын Орда жайында алғышқы монографиялық еңбектер пайда болды. Кеңес тарихшыларының және шығыстанушыларының еңбектерінде Шығыс Дешті Қыпшақ, Алтын Орда тақырыбы жаңадан жеке зерттеу мәселелерін туғызды. Тарихшылар сол кезеңнің проблемалық аспектілерінің барлығын қозғауға тырысты. Нәтижесінде тиянақты, жинақталған еңбектер пайда болды. Осы кезде қалыптасқан жаңа марксистік-лениндік тарих мектебінің ішінде П.П. Ивановтың, М.П. Вяткинаның, А.Ю. Якубовский және Б.Д. Греков, М.Г. Сафарғалиевтің, еңбектерін атауға болады.
М. П. Вяткиннің Очерки по истории Казахской ССР. С древнейших времен до 1870г. еңбегінде Алтын Орданынң этникалық және саяси құрылысы жайлы біршама жазылған болатын. Автор, барынша Жошының ұлдары - Орда Ежен, Бату, Шибан, Тұқай-Темірге берілген ұлыстардың шекарасын мүмкіндігінше толыққанды көрсетуге тырысты. Аталған еңбек тас дәуірінен ХІХ ғасырдың соңына дейінгі аралықты қамтыған дерек болғандықтан, Орда туралы қысқаша, нақты мәліметтерді көрсетіп өткен. Сонымен қатар, Жошы ұлысы құрылғаннан кейінгі халықтың құрамы мен шаруашылығына қатысты өз ой тұжырымдарын қосқан. Қоғамдық құрылыстың ерекшелігін, жеті атаға дейін бір-бірін туысқан санап, бір жайылымды қолданатындығын айтып өткен.
Жошы Ұлысының құрылуын және қалыптасу процессін Б.Д. Греков пен А.Ю. Якубовскийдің бірлесіп жазған Золотая Орда и ее падение еңбегінде ауқымды қарастырылған. Жалпы бұл еңбек Алтын Ордаға арнайы жазылған кеңес тарихнамасындағы алғашқы көлемді монография. Аталған шығарма посткеңестік тарихнамада сол кезге дейін белгілі болған шығыс деректерін топтастырып, ХХғ. 50 жылдарына дейінгі еңбектермен салыстыра отырып жазылған. Аталған артықшылықтарына байланысты Золотая Орда и ее падение монографиясы Алтын Орда тарихын оқып-тануда басты еңбектердің қатарына жатады. Алайда, ескеретін басты жағдай, ол еңбектің марксистік-лениндік көзқараста жазылуы. Оны біз А.Ю. Якубовскийдің мына сөйлемінен көре аламыз: Орыс княздіктерінің еңбек және еркіндік сүйгіштігі, ұлттық патриоттық сезімінің жоғары деңгейде болуы, олардың мәдениетінің жоғары дамуы Алтын Орданың тек ішкі тыныштығын бұзып қоймай, сонымен қатар Алтын Орданың құлауында да басты рөлді орыс княздіктері атқарды. Бұл жолдардың сол кездегі қоғамда қалыптасқан саяси жағдайларға байланысты жазылғаны белгілі. Алайда, бұл жағдай, еңбектің тарихи құндылығын төмендетпейді.
Жошы Ұлысының құрылуы және Алтын Орда терминінің пайда болу мәселесін П.П. Иванов, Г.А. Федоров-Давыдов, М.П. Вяткин, А.Ю. Якубовский, Б.Д. Греков еңбектерінде қарастырылған. Яғни, аталған авторлардың барлығы бірінші кезекте Орда сөзінің мағынасын және олардың қалыптасу тарихын ашып көрсетуге тырысты. Мысалы, М.П. Вяткиннің Очерки по истории Казахской ССР. С древнейших времен до 1870г. еңбегінде, Жошы ұлысының қалай бөлінгендігін көрсеткен. М.П. Вяткиннің айтуынша Көк орда немесе Алтын Орда - Батыйға, Ақ Орда - Орад Еженге, ал Боз Орда - Шайбанға тігілгендігін жазған. Алайда, В.П. Юдин Өтеміс қажының Шыңғыснамесіне сүйеніп; Алтын босағалы Ақ Орда - Батыйға(Сайын хан), Күміс босағалы Көк Орда - Орда Еженге, Болат босағалы Боз Орда - Шайбан ханға берілгендігі жазылған.
Бұл арқылы М. П. Вяткиннің алғашқы деректерді толық қанды қарастырмағандығын көре аламыз. Ал А.Ю. Якубовский бұл мәселеге өзінің жеке көзқарастары болды: - Ең алғаш Алтын Орда термині Рашид-ад-диннің еңбегінде, Алтын Орданың құрылуына дейін кездеседі. Рашид-ад-диннің жазуынша, Шыңғыс хан тәжік жерлерінен қайтып келе жатып, Букса Джику жеріне жетіп, Ұлы Алтын Орданы тігуді бұйырды - делінген. Яғни, алғашында Алтын Орда термині ол Шыңғыс ханның өз ордасына қатысты болған. Кейін, Батый ханның кезінде бұл атау Жошы ұлысына ауысты, - деп келтіреді А.Ю. Якубовский. Екінші ұсынған нұсқасы Ұлы Алтын Орда терминінің қалыптасуына Цзинь патшалығының үлесі болуы мүкін дейді. Солт. Қытайды билеп тұрған бұл патшалық өз билеушісін Алтын хан деп атайтын, осы себепті бұл атаудың қалыптасуына әсер ету ықтималдылығы жоғары- деп автор көрсеткен. Ал В.П. Юдин Өтеміс қажының еңбегіне сүйене отырып, Шыңғыснаменің Шайбанидтік хандардың нұсқауымен жазылғандығын, тек ауызша деректерге негізделіп жазылған еңбек екендігін ескере отырып, Ордалардың қалыптасу тарихын барынша шындыққа жанасатын нұсқасын көрсетті.
Жошы ханның қайтыс болуынан бастап Алтын Орданың саяси тарихы басталды. Алғашқы Жошы Ұлысындағы саяси өзгерістерге А.Ю. Якубовский тоқталған болатын. Автор Батый ханның билікке келуін, оның ішкі сыртқы саясатты жүргізудегі белсенділігін. Империя ішінде Шағатай мен Үгедей ұлыстарына қарсы Төлеліктермен бірігіп күрескендігін, нәтижесінде өз ұлысының шығыстағы шекарасын Амударияның төменгі ағысынан, Шу өзенінің орта ағысына дейін кеңейткендігін жазған. Отырықшы шаруашылықты, қала мәдениетін қайта жандандыру үшін көп күш жұмсады. Еділ өзенінің бойына жаңа астана салдырған: Сарай и дворец Батыя находиться на восточном берегу.
Сонымен қатар Автор өзінің бұл монографиясында орыс жерлеріне және Шығыс Еуропаға шабуылды, Орданың орыс княздіктерінің территориясында орын алған мәселелерін өзінің серіктесі Б.Д. Грековтың үлесіне қалдырған. Ол мәселелер алда талданатын болады. Б.Д. Греков Золотая Орда и ее падение еңбегінің, ІІ бөлімі Золотая Орда и Русьтің авторы. Автор еңбегін араб, парсы, армян деректеімен қоса - орыс және болгар жылнамаларын белсенді түрде қолданған. Моңғол-татар әскерлерінің калка өзеніндегі шайқасынан бастап, 1257 жылғы Новгорд княздігі моңғолдардың билігін мойындаған кезге дейін қарым-қатынасын жазған. Ал одан ары қарай ішкі саяси жағдайда, Орыс княздіктерінің Алтын Орданың құрамындағы кезін барынша жақсы жағынан көрсетуге тырысқан. Орыс княздіктерінің Алтын Орданың өзге ұлыстарына қарағанда дербестігі болғандығын, оны қазіргі автономиялық елдермен салыстырды. Оны автор орыс жерлерінде княздік биліктің сақталуы арқылы түсіндіреді: Егерде отырықшы аудандарға тікелей жасалған әскери тонаушылықтар мен жазалаушы отрядтардың іс әрекетін есепке алмасақ, бұл аймақттағы билікті моңғолдар жергілікті феодалдыардың қолыныа беріп, өздері тек сырттай бақылау орнатты-дейді. Орыс жерлерінің қысқа мерзімнің ішінде тізе бүгуін автор, әрбір княздік жеке-жеке қорғаныс тактикасын жүргізуден болған еді - дейді. Екінші жағынан, моңғолдардың да әскери өнердегі артықшылықтарын атап өткен.
Осы кезде алғашқы жылдары қалыптасқан қоғамдық өмірді Г.А. Федоров-Давыдов жазды. Оның еңбегінің басты артықшылығы, ол сол кезде белгілі жазба материалдарын қолданумен қатар, археологиялық қазба ескерткіштеріне сүйене отырып көптеген жаңалықтар ашқан болатын. Г.А. Федоров-Давыдов Алтын Орданың алғаш құрылған кезіндегі халықтардың
орналасуындағы өзгерістерді, отырықшы және көшпелі мәдениеттің шекарасының ауысқандығын ареологиялық ескерткіштерге сүйене отырып жазды. Г.А. Феодоров-Давыдов Алтын Орда хандарының билігі кезінде қала мәдениетін қайта қалпына келтіру процессіне тоқталды. Өз еңбегінде хандардың екі топқа бөлініп кеткендігін жазған. Алғашқылары бұрынғы дәстүрді ұстанушылар, яғни қазынаны жергілікті елді-мекендерді талап-тонау арқылы толтыру, ал келесі топ өзге көзқарасты болды. Олар қала мәдениетін көтеріп, бірнеше жыл оларды салықтан босатып, тұрақты түрде салық төлей алатын жағдайға жеткізіп, сол арқылы қазынаны толықтыруды ұсынды. Осы екі топтың арасында екіншілері жеңіске жеткендігін автор Еділ бойына және Дон өзенінің аймағына жасалған қазба жұмыстары арқлы дәлелдейді. Яғни, ХІІІ ғасырдың 70-80 жылдары осы аймақтарда қала тұрғындарының қайта ұлғайғандығын, өзге елдермен тұрақты қарым-қатынас орнатқандығын айтады. Бұл процесті Берке ханның таққа отырған кезінен бастап оырын ала бастады деп көрсеткен. Сонымен қатар автор осы кездегі қалыптасқан дәстүрді жақсы көосеткен. Моңғолдардың жаулап алған кезінде бар қалалардың барлығы Ұлы Ханның меншігіне жататын еді, ал жергілікті ұлыстың хандары тек салықтың бір бөлігін алды. Яғни, жаңа қалалардың салынуын осы мәселеге байланысты деп көрсеткен. Ал қала мәдениетіне қатысты А.Ю. Якубовский Сарай Беркенің салынуын бүкіл бағындырылған территорияны басқару үшін, империяның дәл ортасынан жаңа астана салды. Ол қаланы Орыс княздіктерінен жиналған салыққа салды деп айтады. Қаланың тез көркеюіне ыңғайлы орналасуы мен бағындырылған елдерден ұсталарды күшпен алып келу. Бұл жерден автор П. Карпинидің еңбегіне сүйенгендігін көреміз. П Карпинин өз күнделігінде дәл осы мәліметті келтірген.
Келесі кезекте ХІІІ ғасырдың ІІ жартысындағы қалыптасқан саяси жағдай. А.Ю. Якубовский және Г.А. Феодоров-Давыдов Батый қайтыс болғаннан кейінгі жағдайды бір деректен алып жазаған көрінеді. Екеуі де Батыйдың биліктен кетуін, Мөңке ханның Қарақорымда алғашында Батыйдың ұлы Сартақты, ол қайтыс болған соң, Сартақтың ұлы Ұлақшы мен Батый ханның жесірі Борақшы патшайым хан тағына бекітілді. Алайда, көп ұзамай, Ұлақшы қайтыс болды. Нәтижесінде Батыйдың інісі Берке хан тағына отырды. Ал одан арғы саяси жағдайларды екі автор екі түрлі салада жалғастырғанын көреміз. А.Ю. Якубовский Орданың саяси тарихын классикалық форматта, кезектілік принципімен жазған. Сартақ пен Ұлақшының белгісіз себептермен қайтыс болуы, Беркенің таққа келуі, одан ары мемлекет ішіндегі жағдайларды жазған. Ал, Г.А. Федоров-Давыдов жоғарыда орын алған оқиғаларға өзгеше көзқараспен қарауға тырысты. Яғни, автордың бірінші мән бергені: Моңғолдардың заңына сүйенсек, тақ ағадан ініге, жолы үлкенге беріледі деген дәстүр болған, алайда, Ұлы Ханның өзі ол дәстүрді бұзды, ал бұл арқылы біз осы кезде үйлердің арасында саяси қақтығыстың басталғанын көреміз - деп жазды. Осы жерде автордың моңғолдық заңдар жинағын қолданбағандығы көрініп тұр. Себебі, Жассақтың аудармасы бойынша және де Почекаев Р.Ю. өз еңбегінде жазған, моңғолдық дәстір бойынша тақ әкеден балаға берілген. Ал қыпшақтық дәстүр бойынша тақ ағадан ініге берілетін. Моңғолдық дәстүр қазақ жеріне келіп, уақыт өткен соң қыпшақтық дүстүрге ауысып кетті.
Алтын Орда тарихнамасында келесі бір маңызды аспкет ол алғашқы ішкі тартыстардың кеңестік кезеңдегі еңбектерде жазылуы. ХІІІ ғасырдың соңында ел ішінде қалыптасқан саяси жағдайды В.П. Юдин біршама толығрақ қарастыруға тырысты. Ол Тохта ханның бүкіл тақ мұрагерлерін өлтіруі, олардың ішінде өзінің де ұлдары болды, Өзбек ханның билікке келу жағдайын Өтеміс қажының еңбегінен алып келтірді. Яғни, Тохты хан бүкіл тақ мұрагерлерінен күдіктеніп, оларды саяси аренадан ысырып тастағысы келді. Ал бұл жағдайға Г.А. Федоров-Давыдов негізгі дерек көзі ретінде В.Г. Тизенгаузеннің ауддармаларын қолданды. Әрине, Г.А. Федоров-Давыдов Өтеміс қажының еңбегін қарастырған, алайда ол бір дерекке ғана сүйеніп қортынды жасауға асықпады, соған байланысты автор Тохта ханды өз туысқандарын өлтірген қатігез хан қылып емес, оны ел ішіндегі саяси күрестерде жеңіске жеткен, нояндар мен бектердің қолдауына ие болған, сол кездегі Алтын Ордадағы ең қуатты ұлыстың билеушісі Ноғайды жеңген хан ретінде көрсеткен.
ХIV ғасырдағы саяси тұрақсыздықтың көрінісін В.П. Юдиннің еңбегінен жалғасын тапты. Бердібек ханның да өз ұлдарын және өзге тақ мұрагерлерін өлтіруін, Алтын ордадан қият Мамайдың басшылығымен Дешті Қыпшақтың оң қанаты Қырымға көшіп кетті, Ал қият Теңіз-Бұға(Қият Исатайдың ұлы) сол қанатын Сырдың бойына алып кетткендігін, бір кезеңде екі ханның сайлануы: Сырдың бойында Қара-Ноғай ал Сарайда Хызыр хан тағына отырды. Осы мәселеге В.П. Юдин өз көзқарасын білдірді: Ақ Орданың Сырдың төменгі ағысында өздеріне жеке хан сайлауы ол Алтын Ордадағы саяси күштің балансын өзгертті. Нәтижесінде осы жерде Тұқай Темірлік, Ақ Орданың ең қуатты ханының бірі Ұрыс хан таққа отырда. В.П. Юдиннің Ұрыс ханды Тұқай Темірлік әулетке жатқызуы Таварих-и гузида-йи нусрат-наме еңбегі әсер еткен-мыс. Қазіргі таңда бұл деректің авторы белгісіз, алайда кейбір болжамдар бойынша ол Мұхамед Шайбани хан.
И. Ю. Крачковский ХХ ғасырдың алғашқы жартысында шығыс тарихын зерттеуде үлкен үлес қосты. Крачковский орта ғасырлық кезеңді, соның ішінде араб тілін, тарихын, мәдениетін зереттеп, осы мәселелер жайлы жазылған көптеген еңбектерді аударып, өзі ғылыми мақалалар жариялады. Дешті-Қыпшақ территориясының VII-XVIIIғғ. Аралығнда Мұсылман әлемімен қарам-қатынасын көрсететін фундаментальді еңбектерді ғылыми айналымға енгізді. И.Ю. Крачковскийдің еңбектері әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған, себебі Орда билеушілерінің араб әлемімен қарым-қатынасын сипаттайтын, Жошы ұлысы территориясының жер-бедерін сипаттайтын мұсылман әлемінің еңбектерін аударған. Солардың ішінде әл-Мақризи, әл-Омари, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz