Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралар
6 Еңбек қорғау
6.1 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар
Қазақстан республикасының халық шаруашылығының дамуын негізгі кезеңінде экономикалық саясат қоғамдық өндіріс тиімділігін көтеруге және еңбек өнімділігін жоғарылату мен жұмыс сапасына бағытталған. Осы қоғамдық мақсаттың іс жүзінде асуы ең алдымен жұмыскер адамның денсаулығы мен өмірінің күйіне байланысты екені даусыз.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау заңының 4-бабы бойынша еңбек қорғау мәселесі, яғни жұмыскер адамның еңбектегі жағдайы өнеркәсіп орнының әрекетінің нәтижесінен міндетті түрде бұрын шешілуі тиіс. Өйткені, еңбек қорғау жұмыскер адамды жұмыс істеп тұрғанда табиғаттың және өндірістің қауіпті және зиянды факторларынан сақтайды. Осының салдарынан жұмыскер адамның жұмысқа деген және қоғамға деген белсенділігін арттырып, еліміздің материалдық, рухани байлығын жоғарылатын процесс. Ешбір өндіріс жабдығы өзінің құрылысындағы еңбектің өнімін арттыратын мүмкіндігін қоғамға бере алмайды, егер оны жұмыста қолданғанда жұмыскер адамға қауіпті, зиянды факторлар туғызатын болса. Осы жоба бойынша пайда болатын қауіпті және зиянды факторлардың пайда болу себебі кен орында қолданылатын жабдықтарға байланысты.
Кен орынында қолданылатын жабдықтар мен құбырлар - бақылау аспаптарымен, қолмен және автоматты түрде басқарылатын реттеуші және сақтандырушы құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек.
Аппараттарда және құбырларда орнатылған сақтандырушы, реттеуші және тығындаушы (ысырмалар, крандар) арматуралар нормаға сәйкесті, техникалық сипаттамалар мен бекітілген график бойынша жүйелі түрде тексеруден өтеді. Тексеру нәтижесін вахталық журналға түсіріп отырады. Жинау және дайындау қондырғыларында қысымы 0,7 атм. болатын және одан да артық қысымда жұмыс жасайтын айырғыштар мен басқа да аппараттар (қондырғылар) пайдалануға енгізіліп және оларды қысымда жұмыс жасайтын құрылғылар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану Ережелеріне сәйкес пайдалану керек. Қысымда жұмыс істейтін аппараттар манометрлермен, деңгей көрсеткіштерімен және сұйықты жабық сыйымдылыққа ағызуға арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі.[7]
Технологиялық процестерді бақылау және басқару жүйесінің датчиктері арнайы материлдардан жасалып және дірілдеу жағдайына, сондай - ақ газ гидраттарының түзілуіне, тұз шөгінділерінің және басқа да заттардың жиналу жағдайында қолдануға есептеледі.
Технологиялық құбырлар мен арматуралар белгілі бояулармен боялады және арнайы ескерту белгілері мен жазулары жазылады. Құбырларға тасымалданатын ортаның қозғалыс бағытын көрсететін бағыттық көрсеткіштер (стрелкалар) қойылады.
Мұнай және құм ұстағыштары арнайы жанбайтын материлдардан жасалады. Ашық мұнай ұстағыштардың айналасында биіктігі 1м болатын металдық қоршаулар тұрғызылады. Құм ұстағыштардың конструкциясында, онда жиналған шөгінділерді тазалау үшін гидроэлеваторды қолдану мүмкіндігі қарастырылуы керек. Тұндырғыштар мен резервуарлардың айналасында адамдар қатынайтын темірден жасалған арнайы көпір қойылады.
Резервуарларды пайдалану - мұнай кәсіпшілігінде резервуарларды пайдаланудың техникалық Ережесіне және оларды жөндеу Инструкциясына сәйкес жүргізіледі.
Резервуарларда, найзағай кезінде пайда болатын электр зарядтарын ұстап, оларды жерлендіретін арнайы құрылғы болады және әртүрлі коррозия түрлерінен қорғалады. Резервуарлардың гидравликалық клапандарына суықта қатпайтын сұйықты құю керек.
Өрт қауіпсіздік нормасына сәйкес топ болып немесе жеке тұрған резервуарлардың айналасын топырақпен көтеру керек. Резервуарлар тобы орналасқан алаңға кіру үшін топырақпен көтеріле қоршалған валдың жан-жағынан кем дегенде төрт өту сатысы қойылады. Жеке тұрған немесе резервуарлар паркінің аймағы түңгі уақыттарда арнайы шамдармен жарықтанып тұрады. Мұнай резервуарларын жөндеу және қызмет көрсету кезінде кернеуі 12В аспайтын көшірмелі жарық шамдарды қолданады. Өлшеу люгін ашу кезінде, деңгейді өлшеу барысында және сынама алу кезінде жұмысшы өлшеу люгіне қатысты жел бағытына қарсы тұрмауы тиіс.
Резервуарлар паркінің территориясында жүргізілетін жөндеу, монтаждау және әртүлі құрылыс жұмыстары кезінде от, от ұшқындарын шығаратын - пісіру, кесу, жапсыру жұмыстары (яғни өрт шығу қаупі бар жұмыстар) өрт қауіпсіздігі сақтау орындарынан алдын-ала келісім алғаннан соң, мекеменің техникалық жетекшісінен жазбаша түрде рұқсат ала отырып жұмысшы өз жауапкершілігімен тиянақты орындауы қажает.
Технологиялық жүйелерде апаттардың алдын алу және оның дамуына жол бермеу үшін апатқа қарсы құрылғылар қолданылады: ілмек, ілмек реттеуші арматура, клапандар, бөлгіш және басқа ажыратқыш құрылғылар, қысым артуынан сақтандыратын қондырғылар, жалынды жою және өшіру құралдары, жарылысты өшірудің автоматты жүйелері.
Технологиялық аппараттарды жөндеу алдында зиянды және жарылу қаупі бар заттардың мөлшері шекті мүмкін мөлшерге жеткенше бумен немесе инертті газдармен үрленеді.
Кіре берісте ескертпе жазулар ілінген, шкафта 30 минуттық дем лау аппараттары бар, жел бағытын көрсететін флюгер қондырылған, алаулы оттық айырғыштары, құмы бар жәшік және алғашқы өрт сөндіру құралдары бар.
Жер үсті және жер асты арқылы жүргізілетін құбырлар өздігінен компенсацияланатын қима бойынша төселеді немесе арнайы компенсаторлармен жабдықталады, олардың саны есеппен анықталады. Мұнай-газ құбырларын үрлеуді және сынауды қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
Гидравликалық сынақтарды жүргізу және сынақтан кейін құбырлардан судың шығару кезіндегі қауіпті аймақтар анықталып жергілікті жерде ескерту белгілерімен белгіленуі керек.
Құбырларды үрлеу немесе онда сынақ жүргізу барысында құбырлардың жағдайын бақылап, тексеріп отыру үшін арнайы бақылаушы керек. Бақылаушы, өзіне бекітіліп берілген құбырлар участкісін үнемі қадағалап отырады.
Мұнай-газ өндіруші мекемелердің технологиялық құбырларын елді-мекендер арқылы төсеуге тыйым салынады.
Блокты-кешен сорап станциясының ғимараты электрохимиялық қоғау шараларын және өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрылыс нормаларында және ережелеріне сәйкес тұрғызылады. Сорапты станцияның ғимараттарында кем дегенде екі есік болады. Есіктер мен терезелер сыртқа қарай ашылуы керек. Сорапты станция жарылыстан қорғалатын арнайы жүккөтергіш механизмдермен жабдықталады. Сораптар орналасқан ғимараттан тысқары жерде сору және айдау құбырларында тығында құрылғылар (ысырмалар, крандар) орнатылады.
Электр энергиясын беру үзіліп қалған кезде электро-қозғалтқыштарды тораптан жедел ажырату керек. Сораты жұмысқа қосу немесе тоқтату барысында сәйкесті ысырмалардың дұрыс ашылып-жабылуын тексеріп отырады. Ысырма жабық кезінде поршенді сораптарды жұмысқа қосуға болмайды. Жөнделетін сорапты қозғалтқышиан ажыратып және ысырмалардың көмегімен құбырлардан бөліп тастайды. Ал резервтегі сораптар жұмысқа қосылу үшін әрдайым дайындықта болады. Сораптардың сальникті нығыздағыштарынан және құбырлардың жалғасқан жерлерінен кеткен сұйықтың ағуын жедел тоқтату керек.[7]
Электр қауіпсіздігі. Электрлік бөлікті жобалау келесілерді қамтамасыз етеді: жұмысшылармен жабдықтардың қауіпсіздігін; қызметтің сенімділігін; жарылу және өрттену қауіпсіздігін;
Жарылу қаупі бар аймақтарда орналастырылған технологиялық қодырғылардың электрлік жабдықтарының жарылудан сақтандыру деңгейі жарылу қаупі бар аймақ класымен категориясына және жарылу қаупі бар қоспалар тобына сәйекс келеді. Трансформаттық бекеттерде тұрақты және айнымалы токпен үздіксіз қамтамасыз ету жүйесінде аккумляторлық батареялар қондырылады. Жұмысшылардың қауісіздігі электр қондырғыларды жерге көмумен қамтамасыз етіледі.
Жобаланылатын трансформаттық бекеттер жерге көмудің сыртқы нұсқасымен болат сыммен байланыстыру жолымен жерге көміледі.
Апаттық электр тоғымен қамтамасыз ету жүйесі келесі апаттық жүктемелер тізімін қамтамасыз етеді:
- апаттық тоқтату кезінде адамдардың болатын барлық құтқару жолдары, құтқару алаңдары жарықтандыру;
- өлшеу аспаптары және байланыс жүйелері;
Кен орынның зерттеу аймағының басшылары жұмысшыларды берілген барлық еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мекемелік шаралардың негізі болып мыналар табылады: Оператордың техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру; білім деңгейі мен операторлардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдылануын тексеру; жұмыс орнын және құрал - жабдықтарды техникалық жағдайын жүйелі түрде тексеру.
Жұмысқа тұру барысында жұмысшылар медициналық қаралудан өтеді. Содан кейін 10 сағат көлемінде басты техникалық қауіпсіздік ережелері өтіледі. Әдетте, техникалық қауіпсіздік ережесін техникалық қауіпсіздік ережесінің инженері, өрт қауіпсіздігінің нұсқаушысы және кәсіби дәрігер жүргізеді. Қауіпсіздік ережелеріне қосымша мәліметтерін оператор кен орында мастермен, басты оператормен жұмыс істеу барысында алады. Әрбір нұсқау барысында техникалық қауіпсіздік білімі тексеріледі. Өтілген нұсқау белгіленген журналға оператор нұсқаушы белгілейді. Келесі нұсқаулар мен техникалық қауіпсіздік білім деңгейі жұмысшылар үшін жылына бір рет, ИТР - үшін 3 жылда бір рет тексеріледі.
Апат болған жағдайда: апатқа ұшыраған немесе сол апат куәгері міндетті түрде басшылыққа, бас инженерге немесе техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау жөніндегі инженерге хабарлауы тиіс. Апатқа ұшыраған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету керек. Өндіріс орнындағы болған оқиғаны арнайы комиссия, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік ережесінің инженері қоғамдық инспектор анықтайды. Болған оқиғаның жағдайы арнайы Н-1 актісі түрінде бекітіледі, бұл актте болған оқиғаның уақыты, жері, себеп-салдары, жарақат алу дәрежесі бекітіледі. Осы актті мұнай газ өндірісінің бас инженері растайды.
Еңбек қауіпсіздігін сақтау заңдарына сәйкес: денсаулығына келтірілген зақымдары үшін, еңбек ақы көлемінде компенсация төленіп, емделуіне кеткен барлық қаражатты жұмыс орны қамтамасыз етеді.
4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
Жыл сайын өндіріс орындарында өндірістік финанстық жобаны құрған кезде жұмыс шарттарын жақсарту шаралары құрастырылған. Осы шараларды игеру кезінде еңбекті қорғау шараларының номенклатурасына сай орындалады. Бұл шара үш бөлімнен тұрады.
Оқыс жағдайларды алдын-алу шаралары.
Оларға жататындар: құрал-жабдықтарды, қондырғыларды қауіпсіздік ережелерге сай жаңартылу; қосымша сақтау және алдын-ала қорғау қондырғыларды орнату; трансформаторлы қондырғыларды, камераларды, электростанцияларды ток жүйелерін автоматты түрде сөндірілуі үшін электрлік ережелерге сай жабдықтарды жетілдіру, дыбыс дабылы және айырғышы бар жібергіш қондырғыларды орнату; бақылау құралдарын алу; күн күркіреуінен сақтау қондырғыларын орнату; қауіпсіздік ережелерге сай булы, сулы, газды, қышқылды және басқа да өнеркәсіптік коммуникацияларды сай келтіру.
Өндірісте ауырып калуын алдын-алу шаралары
Оларға жататындар: адамның денсаулығына әсер ететін сәулелі (радиоактивті, ультрафиалетті және тағы басқалар) газдардың, шаңның және тағы басқаларының әсерлерінен қорғайтын сатып алынған немесе өз қолдарымен жасатылған қондырғыларды орнату; процесстер мен құрал-жабдықтарды жетілдіру, ауа райын бақылайтын қондырғыларды орнату.
Жалпы еңбек жағдайын жақсарту жайындағы іс-шаралар
Оларға жататындар: рационалды жабдықтандыру, шаң ұстағыш және аспирационды қондырғылар мен құрылғыларды автоматтандырумен басқару. Санитарлы-тұрмыстық бөлмелерді реконструкциялау және қайта құру. Жоспар негізінен мекемедегі оқыс жағдайлардың себептеріне анализ жасау және өндірістегі ауру мен жалпы еңбек жағдайларын ескере отырып құрылады. Бұл жұмыста жоба жоспарын жеке жұмыс цехтарының және мекеменің жалпы жиналысында талқыға салынады. Мұндай тәртіп жоба жоспарына мекемеде еңбекті қорғаудағы актуалды сұрақтарды енгізуге мүмкіндік береді.
Соңғы рет түзетілген жоспар мекеме басқарушылармен және жоғаргы мекемелермен бекітіліп, мекеменің әкімшілігімен келісімге келтіріледі. Келісі-шарт ұжымдық келісімге қосылады және мекеме әкімшілігі заңға сәйкес келісімнің бекітілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz