Сулы ресурстарды қорғау


7 Қоршаған ортаны қорғау

7. 1 Атмосфералық ауаны қорғау

Атмосфераны зиянды заттармен ластау көздеріне мұнайды ысытатын пештер, резервуарлар, аппараттар (буфелік ыдыстар, сораптар, сепараторлар) жатады. Атмосфера зиянды бүлінгенде, ауаға көмірсутектер, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртті газ тарайды. Атмосфераға зиянды заттардың тасталынатыны: жабдықтардың шығаратын көмірсутектер, ұнғымалардан шығатын көмірсутектер, көміртегі тотығы, азот тотығы, күйе, күкіртті ангидрид, күкіртсутек, меркаптан, көміртегі күкірт тотығы.

Жұмыс зонасы үшін ПДК:

Көмірсутектегі 300 мг/м 3 , азот оксиді 5 мг/м 3 , көміртегі оксиді 30 мг/м 3 , күкірт газ 10 мг/м 3 дейін, ал елді мекендер үшін: көміртегі 5 мг/м 3 , азот оксиді 0, 085 мг/м 3 , көміртегі оксиді 5 мг/м 3 , күкіртті газ 0, 5 мг/м 3 дейін ғана рұқсат етіледі.

Жоғарыда айтылған обьектілердің барлығы атмосфераны ластаушы көздер болып табылады, ал негізгі ластаушы заттарға күкірт, сутек, көмірсутек, күкірт ангидрид, азот тотығы, азот екі тотығы, көміртегі тотығы, меркаптандар, күкірт тозаңы, диэтаноламин (ДЭЛ), метил спирті, көміртегі күкірт тотығы, пісірілген аэрозоль; марганец, кремний біріктірулері, фторитер, фторлы сутек, күкірт қышқылының аэрозоль жатады.

Шығарындылар кешенінің құрамына кіретін заттар, атмосферада бірге бар болғанда бес топ құрайды:

1) азот екі тотығы + күкіртті ангидрид;

2) күкіртті ангидрид+ күкірт сутек;

3) күкіртті ангидрид + күкірт қышқылының аэрозоль;

4) күкіртті ангидрид + фторлы сутек;

5) фторлы сутек + фторидтер;

Зиянды заттардың максималды шоғырлануы: күкіртсутек, көмірсутектер, азот екі тотығы, күкіртті ангидрид, метилмеркаптан, көміртегі тотығы, күкірт шаңы, азот тотығы, диэталомин, метил спирті, көміртегі күкірт тотығы, марганец қоспалары, күкірт қышқылының аэрозолі, фторлы сутек, фторидтер, кремний қоспалары, пісіріу аэрозоль, күкіртті ангидрид, азот екі тотығы, күртті ангидрид күкірт қышқылы аэрозолі, күкіртті ангидрид, сутек фторлы сутек, фторидтер.

Ауаның ластануының негізгі көздері. Өзен кен орнында қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтар мұнай ысыту пештері, резервуарлар, аппараттар, газды турбиналық двигательдер, жылумен қамтамасыз ету орындары, факельдік жүйелер болып табылады.

Технологиялық құрал - жабдықтардың әсерінен ауаның бүліну себептері: коррозия әсерінен болатын авариялар, құбыр өткізгіштердің жарылуы, олардың дұрыс жалғанбауы, амбарлардың пайда болуы және тағы басқа жағдайлар.

Кен орнын пайдалану кезінде жыл бойына ауаның ластануы 27728 т/жыл. Оның ішінде азот оксиді - 472 т/жыл, көміртегі оксиді 13916 т/жыл, күкірт оксиді 102 т/жыл құрайды.

Атмосфераны зиянды заттардан қорғау үшін мына жағдайлар қарастырылуы қажет:

-пештердің, жылу жүйелерінің, газотурбиналық двигатель жұмыстарының оптимальды жинау режимін бақылау;

-магистральды құбыр өткізгіштерді конденсат жинағыш орнату және атмосфераны газбен, конденсатпен, мұнайдың булану өнімі арқылы ластаудан сақтау;

-мұнай құбырларын, желілерді, коллекторларды дер кезінде жөндеуден өткізу;

-факельден бөлінетін зиянды заттарды 15 % азайтатын арнайы қондырғылар орнату;

-өндіру техникаларын, мұнай мен газды дайындап, тасымалдауға қоршаған ортаны қорғау шарттарына сәйкес жетілдіріп отыру.

Санитарлық қорғау зонасы зиянды заттар көздерімен, тұрған үйлердің шекарасында орналасуы керек. Өлшемі СН-245-71 және ОДН-86 сәйкес 300-1000 м болуы керек. Зонада зиянды заттар концентрациясы ПДК төмен болуы керек.

Мұнай ысытатын пештерде газ жанып болған кезде, кешендерде түтіндік газ пайда болады. Зиянды заттар атмосфераға аз таралуы үшін мына жағдайлар қарастырылуы қажет:

-Жанудың оптимальды режим параметрін бақылау үшін пеш жұмыстары түгелдей автоматты түрде болуы керек.

Ауаның ластануын бақылау тапсырыс арқылы арнайы СЭС қызметкерлерінің көмегімен анықталады. Олар көмірсутектерді, азот оксидін, көміртегі оксидін, күкіртті газдарды бақылайды.

Бақылау нүктелері - түтіндік құбырлар, қондырғылардың технологиялық жағдайлары кем дегенде 3 аптада 1 рет, технологиялық құралдары зерттеу жылына 1 рет жүргізіледі.

Жобада атмосфераның ластануын шектеу үшін келесі негізгі технологиялық шешімдер қаралған.

ТУ-39-РК 1168001-97-ге сәйкесті таулық өнімдегі күкірт сутектің мөлшері келесіні құрайды:

  • тауарлық мұнайда 10ррм-нен артық емес, меркаптандар мөлшері 20ррт-ге дейін;
  • құрғақ газда 2г/100нм3шамасында, меркаптанда 36/100нм3.
  • меркаптанды күкірт ЖККФ-да 0, 025%, соның ішінде;
  • күкіртсутектің мөлшері 0, 003%;
  • этанды фракциялар 0, 003%-н артық емес;
  • тауарлық күкіртте 10ррт-н артық емес;

Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШМШ-ң (ПДК) мәндері келтірілген, олардың мәндерінің артып кетуі болмауы керек. Осы нормативтерге жету үшін жобада газдарды тазалау, күкіртті алу, соңғы газдарды толығымен тазалаудың қазіргі заманғы технологиялық үрдістерін пайдаланумен үш технологиялық желісі қаралған.

Атмосферада жайлу жағдайын қамтамасыз ету үшін күкіртті алу қондырғыларының түтін құбырларының биіктігі 210м деп қабылданған болатын.

Атмосфераға күкіртті қоспалардың жалпы тасталуын қысқарту үшін №3 және №4 технологиялық желілердің күкіртті пайдаға асыру дәрежесі 99, 9%-ке жеткізілген болатын . Бұл атмосфераға шығарынды тастауды 4 есе төмендетеді.

Газды өңдеу қондырғысында аминмен тазартылатын жеңіл көмірсутектердің кең фракциясының (ЖККФ) - өртелген газда 40%-і шоғырланады. ЖККФ-ы кәсіпшілік суды қайта өңдеу қондырғысында пайдаға асырылатын сілтілі ертіндімен меркаптандардан тазартылады.

Заводтар тоқтап қалғанда және газдарды түсіруде күкіртсутекті газ шығарындыларының алдын алу үшін әрбір КТЖ-де екі факелден бар факелді шаруашылықтар қарастырылған, ал таза және күкіртсутектері бар газдар үшін бір факелді жүйені қолдану КТЖ-ң жабдықтарының 70%-і күкіртсутегі бар ортада жұмыс жасауына байланысты.

Жабдықтарды дүркін-дүркін бәсеңдету есептік қысымнан артық кеткенде, қызмет көрсетуші жұмыскерлердің технологиялық ережені бұзуында және апаттық жағдайларда жабдықтарды апаттық қорғау түрінде қарастырылған. Бұл жағдайларда жабдықтарды түсіру сақтандырғыш клапандармен орындалады.

Атмосфералық ауаға зиянды заттардың мүмкін шоғырлануы (ШМК-ПДК) : азот диоксиді, азот оксиді, аммиак, бензпирен, диэтаноламин, керосин, қышқылы, күкірт қышқылы, уксус қышқылы, кремний диоксиді, ксилол, марганец, мыс оксиді, меркаптандар, натрий карбонаты, қалай оксиді, органикалық емес тозаң шаң, пісіру аэрозолі, күйе, күкіртсутек, қорғасын, көміртегі оксиді, көміртегілер, көміртегі тотығы, фтор.

Атмосфераны зиянды заттардан қорғау үшін мына жағдайлар қарастырылуы қажет:

-пештердің, жылу жүйелерінің, газотурбиналық двигатель жұмыстарының оптимальды жинау режимін бақылау;

-магистральды құбыр өткізгіштерді конденсат жинағыш орнату және атмосфераны газбен, конденсатпен, мұнайдың булану өнімі арқылы ластаудан сақтау;

-мұнай құбырларын, желілерді, коллекторларды дер кезінде жөндеуден өткізу;

-факельден бөлінетін зиянды заттарды 15 % азайтатын арнайы қондырғылар орнату;

-өндіру техникаларын, мұнай мен газды дайындап, тасымалдауға қоршаған ортаны қорғау шарттарына сәйкес жетілдіріп отыру.

Санитарлық қорғау зонасы зиянды заттар көздерімен, тұрған үйлердің шекарасында орналасуы керек. Өлшемі СН-245-71 және ОДН-86 сәйкес 300-1000 м болуы керек. Зонада зиянды заттар концентрациясы ПДК төмен болуы керек.

7. 2 Сулы ресурстарды қорғау

Су ресурстарын қорғау үшін осы жобада келесілер қарастырылған:

1) Өндірістің жоғары тиімді үрдістерін, су қалдықты және қалдықсыз технологиялық, сондай-ақ өндірістік үрдістерді пайдалану;

2) Су қорларын тиімді пайдалану;

3) Бұралқы суларды тазалау мәселелерінде алдыңғы қатарлы;

4) Өндірістік қалдықтармен грунттық және жоғары бетіне суларды ластануын болдырмаудың алдын алу шаралары;

5) Бұралқы сулардың апаттық тасталуының алдын алу бойынша инженерлік шараларды жүзеге асыру және өндірістік объектілерді экологиялық қауіпсіз пайдалану;

6) Өндірістік алаңның жоғарғы бетіне өндіріс өнімдерінің және оларға ілесетін ластанушы заттардың түсуін болдырмау;

Жобада қабылданған су қорларын қорғау және тиімді пайдалану бойынша негізгі ұсыныстар, сәйкесті жүйелерімен объектілердің технологиялық жағдайынан, тозуынан және ластануынан су қорларын қорғау және тиімді пайдалану деңгейін есепке ала отырып жасалған.

Бұралқы суларды тазарту үшін қазіргі заманғы механикалық және геологиялық тазарту жүйелері бар және қарастырылуда, қабат суларын айдаудың дүниежүзілік тәжірибесі пайдаланылады.

Жасанды сұрыпталған, қимылсыздандырылған ыдыратқаш-микроаэзаларды суда қолдануға негізделген амины бар бұралқы суларды микробиологиялық тазалау қолданылған, бұл органикалық бұралқы суларды - биологиялық объектілерде (бактериялармен) экологиялық қауіпсіз өнімді шығарумен пайдаға асыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйелік қызметтердің мысалдары
Ашық тау өндірімдері
Ластану проблемасы
Су экологиясы
Қазақстанның табиғат ресурстары
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Өндіріс қалдықтарының зияны
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РОЛІ
Жоба нысаны - қоршаған ортаны қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz