Психологиядағы балалардың ес процестерінің даму ерекшеліктері
Кіріспе
Мектепке дейінгі кезең – естің интенсивті дамуының кезеңі. Осы
кезеңдегі бала есінің қалыптасуы, дамуы – психикалық фунцияның жетекші
танымдық процесі. Мектепке дейінгі кезеңде бала ана тілін жақсы меңгереді.
Бала маңызды деген оқиғаларды есте сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ
адамға бүкіл өміріне жетерліктей естеліктер қалдырады. Есте сақтау сәтті
ойынның басты шарты болып қалыптасқанда немесе бала әрекетін жүзеге асыру
мәнін иеленгенде, ол өлеңдерді т.б. жақсы есте сақтайды. Бала есте сақтау
тәсілдерін саналы түрде пайдалана алады. Ол есте сақтау керек затты
қайталап, түсінуге тырысады.
Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты
жағдайда жүрмесе, мектеп жасына толмаған баланың ой-өрісінің дамуы кейін
қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет жасап үйрене
алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай
жасайтын адам болуы шарт. Баланы әлеуметтік жағдайға бейімдейтін, үйрететін
ата-анасы болып табылады. Қай уақытта да баланы мектепке дайындау, белгілі
бір дағдыларды игеруге бейімдеу көкейкесті мәселелердің бірі саналған.
Мектепке дейінгі балалардың өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгерту –
олардың бойында өнегелілік, жігерлілік, дербестік және табандылық сияқты
қасиеттерді тәрбиелеудің тиімді жолы.
Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады.
Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы
мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың
еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге
асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге
зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың
осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды
егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне
байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың
есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына,
мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке
заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды.
Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады
және сақтайды.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне
тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде
дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау
– сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам
миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан
бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның
сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес,
оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала
ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды
да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ
болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды.
Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған
заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген
нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.
Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Мектеп табалдырығын
аттау балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Алайда
мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей
өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-
бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. Олай
болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру
мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
Курстық жұмыс жазудағы ең басты тірек сөздер: мектепке дейінгі жас,
балалар психологиясы, ес, балалардың сөйлеу, ойлау, қабылдау процестері,
тәрбие, педагогика.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі жастағы балалар есі, ес процесінің
даму үрдісі.
Зерттеу әдістері: курстық жұмыс тақырыбын толыққанды ашу мақсатында
ғылыми әдістемелік әдебиеттер қаралып, озық ғалымдардың пікір-зерттеулері,
педагогикалық тәжірибелер, баспасөз материалдары негізінде салыстырмалы
талдау, тарихи, теориялық әдістер кеңінен пайладанылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ес процесі (мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы негізінде)
Қазіргі кезде ес процесіне байланысты жинақталған фактілер мен
теориялық көзқарастардағы өзекті мәселе – естің дамуы. Бұл мәселе осы кезге
дейін тиянақты шешіліп, бір ізге түспеген. Ес балада ерте кезінен
басталады. Осы кезде бала есінің дамуында нендей сыр бар? Естің дамуына
арнаған зерттеулерде бұл мәселенің мәні метафизикалық тұрғыдан пайымдалып,
философиялык талас-тартыстар туғызды да, ал естің дамуы ғылыми тұрғыдан
шешімін таппай, көлеңкеде қалып қойды. Бюлерге балалардың елесінен гөрі
ойының есте сақтауы ерекшелеу болып көрінеді. Оның пікірінше ойдан гөрі
елес есте тиянақты сақталады. Естің дамуына арналған зерттеулер
психологияда қызу талас-тартыстар да тудырды. Кейбір психологтар баланың
есі дамымайды, ол туған кезде-ақ қажетті мөлшерде болады дейді [1; 39]. Бұл
мәселе одан әрі талдануы қажет. Алайда, кейбір бақылау нәтижелеріне
қарағанда, бала дамуының алғашқы кезеңінде есінің күшті болатыны рас, жасы
өскен сайын бұл қасиет бәсеңдей беретіні байқалады.
Балдырған жасындағы балалардың есте сақтау қабілеті мен алғырлығы
туралы мынадай мысал келтірейік. Балдырғандар есінің алғырлығын жеткіншек
жасындағы балалармен, әсіресе ересек адамдардын есімен салыстыруға
болмайды. Олардың есте сақтауы нақтылы, әрі тиянақты. Дегенмен, 3 жасар
бала шетел тілдерін щапшаң меңгере алғанымен, олар, мәселен, география пәні
бойынша жүйелі түрде берілетін білімді меңгере алмайды. Шет тілін меңгеруді
қиын көретін 9 жасар бала географиядан оқытылатын білімді оңай меңгере
алады, ал ересек адамдар жүйелі білімді игеріп есте сақтауда бабалардан
әлдеқайда озық тұратыны мәлім. Баяндалған осындай жәйттерден өзгеше бір
бағытты қолдайтын психологтар да бар. Олар ес процесінің дамуындағы
шарықтау шегін табуды ойластырады. Атап айтканда, К.Гросс шәкіртінің бірі
Зейдель арнайы зерттеу арқылы көптеген материалдар жинақтап, бала есінің
дамуы ең жоғары дәрежеге жетеді де, одан кейін оның есі құлдырап төмендейді
дейді. Осы аталған балалардың есі жайындағы үш түрлі көзқарас та бұл
процестің даму зандылықтарын жеңіл-желпі қарастырады. Мұндай көзқарастың
үшеуі де естің дамуын бір ретте өрлеп дамитын процесс десе, ал екіншілері
оны құлдырап төмендейтін процесс дейді. Олардың ойынша ес төте әрі тегіс
жолмен дамиды. Тәжірибеде мұндай пікірлерді қостап-қолдаушылар да, сынап-
мінеушілер де бар. Өйткені естің дамуы аса күрделі психикалық процесс, оның
төте жолмен дамып өрістеп отыруы мүмкін емес [2; 131-132].
Ес процесінің дамуына шолу жасап, оның мән-жайын ашып көрсету
мақсатында біз екі мәселеге тоқталамыз.
Балалар есінің дамуында екі түрлі із бар, естің дамуы бірізді емес-ті,
оның негізі бірнеше зерттеулер арқылы іздестірілді. А.Н.Леонтьев пен
Л.В.Занков жүргізген зерттеулерде сол пікірлер расталады. Бұл зерттеулерде
әр алуан психологиялық іс-әрекеттер нәтижесінде қажетті мәліметтерді
тікелей есте сақтау мен аспап-құралдар көмегімен есте сақтауға тиісті
баламен салыстырғанда, сол материалды тиісті бала өзінің іс-әрекетін өзгеше
жоспар жасап құрады. Өйткені аспап-құралдар мен белгілерді қолданушы бала
оларды есінде сақтау үшін сол аспап-құралдарды пайдалана отырып берілген
тапсырманы орындайтын болады, Соның әсерінен баланың есте сақтауы өзге де
психикалық процестерді дамытуға ықпалын тигізеді. Оның қиялы мен ойлауының
өрістеуіне әсер етіп отыратыны да сөзсіз.
Теориялық зерттеулер адам есінің тарихи дамуы жайындағы жорамалдың
ақиқатығын анықтады. Адамның есі негізінен жанама жолмен оның әр алуан амал-
тәсілдерді қолдану арқылы мақсат мүлделеріне сәйкес болып отыратындыры
тәжірибелермен зертгелініп анықталды. Есте сақтау саналы әрекет және оның
өзіндік бейнелеу сипаты бар. Адамның есте сақтау әрекеттерінің қалыптасуы
оның сөйлеуімен, мәдени өмірінің деңгейімен ұштасып отыратындығын
көрсетеді. Ес күрделі психикалық процесс және адам ақылының қоймасы.
Жоғарыда баяндалған зерттеулер балалар есінің дамуына қатысты мәселені
бұрынғы шегенделіп қалған орнынан жаңа бағытқа қарай бұрды. Алайда мен бұл
мәселе түбегейлі шешілді дей алмаймын. Өйткені бұл зерттеулер әлі де
жеткіліксіз. Зерттеу арқылы алынған нәтижелер мен тиісті қорытындылар жеңіл
желпі сипатта. Негізгі мақсат – балалар есінің дамуын оның зандылықтарына
орай терең іздестіру. Кейбір зерттеушілер өз жұмыстарында мұндай ірі
талаптар психологиялық мәсслелерді тым күрделендіріп, қиындатып жібермей ме
деген қобалжу ойларын білдіреді. Біз ондай пікірлерден туындайтын тың
мәселелердің үнемі пайда болып отыратынын қостай отырып, ғылымның түпкі
мақсаты шындықты табу екендігін тұжырымдаймыз.
Сәбилер мен балдырғандардың есінің дамуы жалпы психикалық қызметтің
өзегі. Баланың өзге процестерінің қызметі де осы еспен байланысты болып
отыратындығына көзіміз анық жетті. Енді осы бағытта жүргізілген зерттеулер
баланың ойлау әрекеттеріне қатысты. Бала есінің ересек адамдардың есінен
айырмасы болатыны айқын нәрсе. Баланың ойлау әрекеті нәрселерді көз алдына
келтірін бұрынғы тәжірибелерін иек артады. Сөйтіп оларды есімен реттейді.
Сәби мен балдырғаңдардың ойлауы тікелей есіне тәуелді [2; 230].
Аталған жәйттің шындығына көз жеткізу үшін келесідей мысалдар
келтірейік. Балалардың ұғымды анықтау әрекетіне қатысты. Баланың
ойлауындағы мұңдай тәсіл оның еске түсіру әрекетіне негізделген. Мысалы,
баладан ұлу деген не? деп сұрасак, ол кішкентай жорғалайтын, жылтыр нәрсе,
оны аяқпен басып жаншиды дейді. Баладан төсек деген не? деп сұрасақ, ол
жұмсақ, жататын орын деп жауап береді. Баланың мұндай жауаптары нәрселер
бейнесін есіне түсірумен ұштас. Сөйтіп, баланың ойлау әрекетінде ұғымдарды
анықтауы оның нәрселердің бейнесін көз алдына келтіреді. Екінші жағынан
баланың ойлауы еске түсіру әрекетімен сабақтас.
Еске түсіру балалардың кез келген ойлау әрекетінде шешуі роль
атқарады. Мысалы, баланың бір зат жайындағы ұғымы көрнекі бейнелерді есіне
түсіріп, оларды ойша біріктіріп тұтас бейне жасайды. Сондықтан біз баланың
ойы жалпы сипатта болады дейміз. Ойлаудың бұл тәсілі еспен байланысты,
бірақ ол әлі де абстракциялық дәрежеге жете қойған жоқ. Үшінші мысал. Бүл
жайында Штерн зерттеулері бар. Ол бала ойының дамуындағы мұндай
ерекшеліктерді – тарнсдукция деп атайды. Бұл терминнің мәні бала ойының
жеке нәрседен жеке нәрселерге қарай ойысып, заттар мен құбылыстардың
жекелеген қасиеттерін есіне түсіреді. Сәбилер мен балдырғандардың елестері
мен еске түсіруінің дамуындағы ағы бір ерекшелік – олардың сөздердің мән-
мағынасын түсінуі [1; 109]. Баланың сөздердің мағынасын түсінуі мен ересек
адамдардың сөздерді түсінулері арасында елеулі айырмашьшықтар бар. Баланың
ойлау әрекеті толығымен ес процесіне тіректеледі, Баланың заттарға қатысты
елестерінің құрылымы туысқандық әулет құрылымына ұқсас деуге болады.
Сөздердің атаулары, құбылыстар балалар үшін тек таныс ұғымдар емес, бір
әулеттің (отбасының) ұрпағы, көрнекі заттардың тұтастық тобы, олар өзара
байланысты.
Бала ойлауын психикалық даму тұрғысынан алып қарастыратын болсақ оның
негізінен көрнекі бейнелерге тіректеліп, ec процесімен тығыз байланысты
екендігіне көз жеткіземіз. Cондай-ақ бала дамуының бастапқы кезеңіңдегі
абстракті ойлауында да жетекші роль атқарады. Ал баланың балдырғандық
кезеңінің соңында оның ойлау әрекетінде елеулі өзгерістер болады. Егер
баланың сәбилік кезеңі мен балдырған кезеңінде оның ойлауы еске түсіру
сипатыңда болса, ал жеткіншек жастарында жеке түсіруі күрделене түсіп,
ойлау әрекетіне ауысады. Сол ойлау әрекеттері арқылы жеткіншектер нәрселер
мен құбылыстардың артты байланыстарын іздестіреді, қисынды ойлауға бет
бұрады, сөйтіп олардың еске түсіру әрекеті енді іздену арқылы нәрлердің
негізгі, тұрақты нәнін, құбылысқа тән қажетті нүктені табуға ұмтылып, ойлау
әрекеттерін өрістетеді [2; 303].
Ойлаудың қисынды жүйелерін табу жеткіншектер ойлауының көрнекі
бейнелерден абстракциялауға қарай даму жолына түскендігін көрсетеді.
Балалар дамуының өткіншек кезендегі ойлау әрекетіне тән ерекшеліктер ұгым
құру, нәрселердің мән белгілерін ойлау әрекеітерінің көмегімен ажырата
білу, абстракциялык ойын жетілдіріп, нәрселердің жалпы және манызды тұрақты
қасиетгерін танып білу болып табылады.
Сөйтіп біздер бала дамуының бастапқы кезенінде нәселер туралы
комплексті ойлау сипатының одан әрі дамуын елеулі өзгерістерге ұшырап
отыратындығын байқаймыз. Баланың даму кезеңдеріне орай белгілі материалды
есте сақтауы және оны комплексті түрде ойланып ұғым құрай білуге
әрекеттенуі оның сан алуан психикалық әрекеттерін дамытып отыруға
жетелейді. Мысалы, алдында жатқан затты есте сақтап, онын ерекшелікте мен
белгілері жайында ойлануы – бұл ойлаудың жүйелі түрі екендігін көрсетеді.
Ол бұл затты өзге аспап-құралдар арқылы танып білуге әрекеттенеді. Мұндай
тәсілдердің бәрі еспен байланысты ойдың көрнекілік тұрғыдан дамуы. Ойлау
әрекетінің бұл екі түрлі тәсілін нәрселердің белгі-қасиеттерін танып білу
құрылымдары тұрғысынан түрліше мағынада болады.
Осы жәйттерге орай балалардың ес процесінің дамуы естің өзіндік
өзгеруі деп саналмай, оның өзге де процестер; қызметінде қандай роль
атқаруымен байланысты түрде іздестірілуге тиіс. Бала дамуының бастапқы
кезенінде ес процесі жетекші қызмет атқарып, ойлау әрекетінің дамуына ықпал
етеді, және абстракті ойлау әрекетінде ес енді басқаша қызмет атқаратын
болады. Осы көрсетілген жәйттер балалар есінің төте жолмен дамуы жайындағы
пікірдің шындықпен жанаспайтындығын көрсетеді және ес процесінің даму
зандылықтарын түгел қамти алмайды [3; 38-39].
Балада алғашқы жылдары сөздің және процестердің дамуы жүреді. Дәл осы
кезеңде балада тілдің құбылыстары, өзіндік ортақ лингвистикалық
мүмкіндіктер пайда бола бастайды, бала шындықтағы бейне жүйесіне ене
бастайды. Балалық шақта тілдің дамуы екі негізгі бағыта жүреді: біріншіден,
интенсивті түрде сөздік қор жинақталады және қоршаған ортада адамдар
пайдаланатын, сөйлейтін тілдің морфологиялық жүйесі меңгеріледі; екіншіден,
тіл танымдық процестердің құрылымын қамтамасыз етеді (зейін, қабылдау, ес,
елес, ой).
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік, грамматикалық тілдің
құрылымының дамуы және танымдық процестер өмір жағдайы мен тәрбиеге тәуелді
болады. Бұл жерде индивидуалдық вариациялар өте жоғары, әсіресе ол тілдің
дамуында өте жоғары болып келеді [3; 41].
Ойлаудың дамуы. Психикалық денсаулығы жақсы баланың танымдық
белсенділігі болады. Баланың әр нәрсеге қызығушылығы оның айналадағы
заттарды білуге негізделеді. Қарым-қатынаста белсенді болған сайын, бала
сұрақтарды да көп қоя бастайды. Бала барлық затқа қызығушылық тудыруы
мүмкін: мұхит қандай тереңдікте болуы мүмкін және ондағы жануарлар қалай
тыныс алады? Қанша мың шақырымда жер шары орналасқан? Неге таудағы қар
ерімейді және төменгі жағы еріп кеткен?
Бала білімге құмар, ал білімді игеру көптеген неге?, қалай?, не
себептен? деген сияқты сұрақтар арқылы жүзеге асады. Ол сұраққа нақты
жауап табуы қажет. Қандай да бір тапсырмалар туындағанда бала оны өзі шеше
алады. Бейнелі түрде ойлау – бастауыш мектеп кезеңіндегі ойлаудың ең
негізгі түрі болып табылады, әрине, бала логикалық түрде ойлай алады.
Ж. Пиаже көрсеткендей, баланың ойлау қабілеті алты-жеті жасында
орталықпен немесе айналадағы заттардың қабылдауымен жүреді [4; 135].
Мысалы, балаға ұзындықтары әр түрлі үш таудың суретін көрсетіп, оған өзіне
жақын, таныс таудың суретін тап деп айтса, ол бұл тапсырманы өте оңай
шешеді. Ж. Пиаженің шешіміне сәйкес, балалық шақтың ойлау қабілетінің
құрылымы бұл – орталық болып табылады. Бастауыш мектепте баланың ойлау
қабілеті эгоцетризммен ерекшеленеді.
Оқу іс-әрекеті жоғары психикалық функциясының – зейін, ес, қиялдың
дамуын талап етеді. Зейін, ес, қиял бастауыш сынып оқушысында дербестікке
ие болады – бала оқу іс-әрекетінде көңіл бөлуге, көрген немесе естігенді
есте сақтауға бұрын қабылаған нәрсені көз алдына елестетуге, арнайы іс-
әрекеттерді меңгеруге үйретеді. Егер мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-
әрекеті еркін дамудың сандық өзгерістерге мүмкіндік туғызса, бастауыш
мектеп жасында оқу іс-әрекеті баладан арнайы әрекеттерді меңгеруді талап
етеді. Бірақ алты-жеті, он-он бір жастағы балада танымдық процестер бала
қатты ағынмен жағдайда немесе өзіндік қозумен арнайы ұйымдастырғанда
туындайды. Әдеттегі жағдайда балаға жоғары адамзаттық психикасы көлемінде
өзінің психикалық функциясын ұйымдастыру қиынға соғады [4; 140].
Мектепке дейінгі кезең – естің интенсивті дамуының кезеңі. Осы кезеңде
ес – психикалық фунцияның жетекші танымдық процесі. Шын мәнінде мектепке
дейінгі кезеңде бала ана тілін жақсы меңгереді. Бала маңызды деген
оқиғаларды есте сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамға бүкіл өміріне
жетерліктей естеліктер қалдырады.
Есте сақтау сәтті ойынның басты шарты болып қалыптасқанда немесе бала
әрекетін жүзеге асыу мәнін иеленгенде, ол өлеңдерді т.б. жақсы есте
сақтайды. Бала есте сақтау тәсілдерін санлы түрде пайдалана алады. Ол есте
сақтау керек затты қайталап, түсінуге тырысады [5; 112].
Мектепте балада өз еркімен сақтау керек қажеттілігі талабы тұрады. Оқу
іс-әрекеті баладан есте сақтауды міндетті түрде талап етеді. Мұғалім балаға
қандай жолмен есте сақтауға болатыны туралы нұсқау береді. Балалармен бірге
ол материалдың көлемі мен мазмұнын талқылайды, оны бөлімдерге бөліп, есте
сақтау процесін бақылауға үйретеді. Түсіну есте сақтаудың басты шарты –
мұғалім бала зейінін түсіну қажеттілігіне бағыттайды, есте сақтау
керектігін балаға түсінуді үйретеді, есте сақтау стратегиясының
мотивациясын: білімді, дағдыларды игеруге үйретеді.
Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі
мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш
жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым
көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін
бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді
сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты,
суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді
(Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады. Қарбыз.
Мен, анам және әкем – үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан
әлдеқайда кіші, тағы осындайлар).
Бастауыш мектеп жасында бала өз қиялында әр түрлі ситуацияларды
құрастыра алады. Бір затпен екінші заттың орын басуының қалыптасуы,
қабылдау іс-әрекетінің басқа түрлеріне ауысады.
Оқу іс-әрекеті жағдайында балаға мағыналы іс-әрекетерді қабылдауға
мүмкіндік беретін арнайы талаптар қояды. Мұғалім сабақ үстінде әр түрлі
ситуацияларды елестетуді ұсынады. Бұл оқу талаптары қиялдың дамуына
мүмкіндік туғызады, бірақ олар арнайы құралдармен қуаттануды талап етеді.
Бұл шынайы құралдар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер т.б.
заттар болуы мүмкін.
Алты-жеті жастағы балалар сұйықтың бағанасы және сақталу саны туралы
дұрыс болжам жасады. Бірақ бала сұйықтың өзгеру деңгейін дұрыс болжап, одан
кейін сұйықтың сақталу санын жоққа шығаратын өтпелі кезең болып табылады.
Мұндай зерттеулерден Ж. Пиаже мынадай қорытынды жасады: алдымен қиял
статикалық түрде ішкі елестету жағдайымен шектеледі; қиялдың дамуына
байланысты бала алғыр және жігерлі болады [4; 139].
3 жасынан 6-7 жасына дейінгі дәуірде балада ой-өріс дамуы
жылдамдасады, қоршаған дүние жөніндегі танымы қалыптасады, өмір ағысындағы
өзін-өзі және өз орнын түсіне бастайды, өзіндік баға беру ептілігі шыңдала
түседі. Оның бұл күндөгі негізгі іс-әрекеті – ойын, енді бірте-бірте
ойынның жаңа септүрткілері басты рөл атқара бастайды, бала өзін қияли
жағдайларға салып, сондағы қимыл-әрекеттерді орындауға тырысады. Бұл
кездегі басты үлгі – ересектер. Егер кешегі күні өнегелік әсерлерді
анасынан, әкесінен, тәрбиешілерінен алатын болса, бұл күнде ол теледидардың
өрескел ықпалына түсіп, қарақшылардың, тонаушылардың, зорлықшылардың,
ланкестердің қылықтарын қайталағанды қызық көреді. Балалар көгілдір экранда
не көрсе, соның бәрін тікелей тұрмыста қайталауға құштар келеді. Осыдан,
баланың психикалық және әлеуметтік дамуында өмір шарттары мен тәрбие шешуші
рөл атқаратыны жөніндегі тұжырымның дұрыс екеніне көзіміз жетіп жүр. Табиғи
қасиеттер, нышандар тек тәрбие жағдайлары бола келіп, бірақ бала дамуында
қозғаушы күш міндетін атқара алмайды. Бала қалай қалыптасады, қалай ол
өседі – мұның бәрі оны қоршаған адамдарға тәуелді, олардың қалай
тәрбиелеуіне байланысты. Мектепке дейінгі балалық шақта даму үдерісі барша
бағыттарда өте қарқынды жүріп жатады. Оның миі әлі жетіле қойған жоқ,
қызметтік ерекшеліктері дараланбаған, қызметі шектеулі. Сәби бала өте
икемді, оқу әрекетіне берілгіш. Оның мүмкіндіктері ата-аналары мен
педагогтардың шамалағанынан көп жоғары. Осы кезеңдік ерекшелікті тәрбиеде
толығымен пайдалана білу қажет. Сонымен бірге тәрбиенің жан-жақты және
үйлесімді сипатын қамтамасыз етуге тырысу керек. Тек қана ізгілік дамуын
тән-дене тәрбиесімен, еңбек қабілетін көңіл-күймен, сананы эстетикалық
сезіммен табиғи байланыстыра отырып, мектеп жасына жетпеген баланың барлық
сапа-қасиеттерін бірқалыпты және үйлесімді дамытуға болады.
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар
бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде
анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде
бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене
және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды.
Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында
сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-
әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі
кезеңде қалыптаса бастайды [5; 66].
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін,
үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында
бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау
және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше
міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу
үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады.
Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса
бастайды [6; 91].
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру
қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте
сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады.
Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын
немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген
әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге
тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады.

Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы,
баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде
оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде
өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды
баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз
орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін
жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз
есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама
қосымша нәтижесі болып табылады [6; 121].
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз
еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау
немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы
тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер
тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей
ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып,
үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген
заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен
тәжірибенің жағдайларын еске түсірді (Көзілдірікті көзге киеді. Мынау-
көбелек, құрт деп аталады. Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен
қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші, тағы осындайлар). Әйтсе
де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады
[8;14].
В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы
формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке
дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді
меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне
алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады.
Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу
жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің
саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден
көп болып шығады.
Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың
біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау
мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті
бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет
ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын
көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру
тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады [6; 79].
В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала
өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне
үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада
дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе
сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: Сосын не болады?, Жылқыға
ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің? Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп
қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында
байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге
үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбірінде эйдетикалық ес деп
аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі
жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір
нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай
болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста
осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің
бұл қабілеттілігін жоғалтады [6; 81].
Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін
маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау
– тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау
психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай
және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты
пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты
алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары
туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі.
Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ
та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы
жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана
қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы
сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты
болады [7, 9].
Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады.
Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара
ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы
балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге
тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі
керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай
орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе
қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-
әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды
талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді.
Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын
орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана
қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп
жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік
эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға
салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір
механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы
байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді
талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы
логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты
көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап
бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс [8;
120].
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді,
ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке
дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең
аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы
уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп,
тіпті кеш болуы да мүмкін деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала
бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс [5, 7].
Сонымен мектепке дейінгі жас – ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және
күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық
зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде
оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын
мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші,
басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін
жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене
бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар
ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті,
қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық
қабілеті мен дарынын ұштайды.
Кіші жастағы бала өте қызыққыш, көп сұрақтар беріп, қапелімде жауабын
талап етеді. Бұл жаста ол шаршап-шалдығуды білмейтін зерттеушіге айналады.
Педагогтардың көпшілігі мұндай жағдайда баланың талғамдарын
қанағаттандырып, құмарын басу үшін ол неге қызықса, не жөнінде сұрап жатса,
соған жауап беріп, үйрету, оқыту орынды болатынын алға тартады.
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп
жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы
регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани
және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген
қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк
қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай
алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .Д.Б. Эльконин пікірінше,
мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой
дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие
болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50
минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін
созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz