XX Ғ. 90-ЖЫЛДАРЫ МЕН XXI Ғ. БАСЫНДАҒЫ КАСПИЙ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ АХУАЛЫ



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
XX Ғ. 90-ЖЫЛДАРЫ МЕН XXI Ғ. БАСЫНДАҒЫ КАСПИЙ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ АХУАЛЫ
Аңдатпа
Мақала қазіргі халықаралық қатынастарда маңызды геостратегиялық орын алатын аймақтардың бірі Каспий аймағына арналған. Мақалада КСРО ыдырауынан кейінгі аймақтағы саяси ахуалдың ерекшеліктері мен болашақ дамуы талданған. Каспий аймағы елдерінің ұстанымдары мен аймақ энергоресурстарын бөлісу жəне Каспийдің құқықтық мəртебесі мəселесі де қарастырылған. XX ғасырдың 90 жылдары Каспий маңы елдерінің алдында көптеген маңызды мəселелер қатары болды, олардың ішінде ең күрделілері ретінде саяси жəне экономикалық даму механизмдерінің жаңа жолдарын іздестіру негізінде тиімді жолға түсу. Аймақта орын алған саяси жəне экономикалық үрдістерге талдау жəне сараптау жүргізілген.
Кілт сөздер: экономика, Каспий аймағы, мұнай, газ, халықаралық қатынастар, саясат.

Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына жаңа мемлекеттердің пайда болуымен жаңа əлемдік тəртіп жөнінде ғалымдар пікірі жан-жақты болды. зерттеушілердің бір тобы əлем бірполюсты жəне ол полюс Америка Құрама Штаттары деп есептесе, ал тағы бір бағыт əлем көпполюсты деп, оған Америка Құрама Штаттарын, Еуропалық Одақты, Ресейді, Оңтүстік-Шығыс Азияны, Таяу жəне Орта Шығысты жатқызады. Осы орайда, атақты политолог, профессор К.С.Гаджиев былай деген: Біз жаңа көпполярлы əлем бағытына келеміз, алайда бұл көпполярлылық болашақта қандай болатындығын ешкім білмейді [1]. Бұл айтылған оймен толығымен келісуге болады, себебі, соңғы кездері əлемдегі геосаяси жағдайлар болашаққа қауіппен болжам жасауды талап етіп отыр. Көмірсутек қорына бай Каспий аймағы əлемдік жəне ғаламдық державалардың мүдделері тоғысқан орталыққа айналып отыр. бұл жағдай Каспий маңы елдерінің саяси жағдайына да тікелей əсерін тигізеді. Ресей политологтарының бір қатары батыстың жəне басқа да державалардың аймаққа қызығушылығының артуын талдай келе, болашақта бұл тенденция бөліп ал да билей бер принципіне алып келуі мүмкін деп тұжырымдайды. Каспий маңы елдерін бұдан бөлек ішкі мəселелері де алаңдатуда. Əрқайсысының шекаралары этникалық қақтығыстар немесе көрші елдердің наразылығына орай күрделеніп отыр. Кей мемлекеттерде территориялық, этникалық немесе діни қақтығыстар орын алған [2]. Жаңа Каспий маңы елдері тəуелсіздіктің алғашқы жылдары үлкен таңдаудың алдында болды. аймақ елдерінің үкіметтері түрлі бағыттардың ықпалында қалды. Кей мемлекеттер дамудың түркілік бағыт ыңғайлы болды, мұсылмандық қоғам зайырлы, демократиялық саяси жүйе мен нарықтық экономиканы таңдады. Сонымен бірге, түркілік-лингвистикалық дəстүрге жақын орталықазиялық мемлекеттер үшін мұндай таңдау этникалық жағынан тиімді болды [3]. Алайда, уақыт өте келе дамудың түркілік моделі əлсірей бастады.
Мемлекеттердің əрқайсысының демократия мен мен демократизацияға жолы əр қилы болып табылады. Аймақ мемлекеттері тəуелсіздік алғаннан кейін белгілі бір саяси бағытқа орнығуы күрделі процесс болды. Барлық жоғарғы органдар, құрып отыран жаңа демократиялық либералды күштерге, бұрынғы партиялық жүйенің мықты фронты қарсы тұрды. Сонымен бірге, алғашқы жылдары билік үшін күреске кландар мен трайболистік топтар араласып, əлеуметтік саяси жағдайға ықпал ете бастады. Ұлттық сана сезімнің өсу ағынында ұлтаралық қатынастардың шиеленісуін тудырған ұлтшылдық көріністері орын ала бастады. Осы жағдайларда ұлттық көшбасшылар - тəуелсіздіктен кейін сайланған президенттер позициясы шешуші болды. Бұл позиция, кеңестік саяси жəне қоғамдық жүйеге қарсы тұрып жаңа жүйе құруда бастапқы жалдары маңыздылыққа ие болса, 90-жылдардың соңында да өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бастапқы кездегі бұл мемлекеттердегі басқару жүйесі əлсіз, саяси үрдістер деспоттық үлгіде, мемлекеттілік осал жағдайымен ерекшеленді. Əдістер Каспий маңы елдері билікті бөліктерге бөле отырып басқаруды жүргізуі, яғни парламент, президенттік билік, демократиялық қоғамдық ұйымдарды дамыту, тəуелсіз сот құру, саяси партиялар құру сияқты əрекеттері демократиялқы қоғам параметрлеріне сай болу негізінен туған болатын. Алайда, осындай əрекеттерге қарамастан, жаңа конституциялық негізде саяси модернизация жүргізген бұл елдердің саясатына анализ жасай отырып, аталған жағдайлар толығымен либералды демократиялық режимнің орнауына алып келді деуге болмайды. Каспийдің жекелеген елдеріғ атап айтқанда Түркіменстанда бұл жағдайлар ескі, жай ғана сипатын өзгерткен саяси институттардың қай дамуына мүмкіндік берді деуге болады [4]. Каспий маңы елдері əлі де Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада орныққан либералды демократияның классикалық үлгісіне жақындаған жоқ. Еркіндік үйі (Freedom House) деп аталатын əлемдегі демократияның дамуын қадағалайтын, сол бағытта қызмет ететін Американдық институт 2003 жылы Каспий маңы елдері де кіретін посткеңестік елдердің көп бөлігін еріксіз деп атаған болатын [5]. Кейбір Каспий елдерінің қоғамдық-саяси жəне басқару құрылымында билікті бөлікке бөлу идеясы, демократиялық өзгерістің кепілі мағынасынан бұрмаланып отыр.
Каспий маңы елдерінің посткеңестік дəуірде саяси дамуы бірнеше жағдайлар негізінде жүзеге асырылған болатын. Ол жағдайлар: дəстүрлі ұлттық құндылықтар, мемлекет дамуының тарихи жəне діни спецификасы, жүргізілген реформалардың əлемдік қауымдастықпен айыпталынуы, посткеңестік дамуда кең өріс алған ұлтшылдық жəне жекешелену үрдістерінің орын алуы, ұлттық азшылықтардың реформаларға қатынасы, аймақтық жəне сыртқы қақтығыстарға араласу деңгейі, мемлекет басшысының тəуелсіз даму мен оған жеткізу жолдарын нақты белгілеуі. Сонымен қатар, аймақ шығыстық дəстүрлі өркениетке жататындығын жəне онда батыстық либералды демократия ежимі мен принциптерінің қабылдануы ұзақ уақытты талап ететіндігін есте сақтаған жөн. Осы аталған жағдайлардың барлығы Каспий маңы елдеріндегі қоғамының саяси өзгерісіне айтарлықтай, тіпті концептуалды ерекшеліктерді анықтады деуге болады. Каспий маңы мемлекеттеріндегі саяси режим саяси плюрализм жəне еркіндік фрагменті бар авторитаризм (Қазақстан, Иран, Əзербайжан) жəне Түркіменстандағы тоталитаризм сипатында. Басқарудың осы формасында аймақ мемлекеттері арасында қақтығысты жағдай сақт алады деуге болады. Сондықтан, аймақ мемлекеттері мəселелердің шешімін ұлттық-мəдени ерекшеліктерді ескере отырып, қоғамдық-саяси өмірдің либерализациясын жүзеге асырумен байланыстыру қажет. Каспий маңы елдерінің саяси дамуы қандай жəне ол Каспий аймағының геосаяси мəселелеріне қалай ықпал етеді? деген сұрақ аймақ елдерін, осы аймаққа қызығушылық танытып отырған елдерді жəне аймақты зерттеушілердің басты сұрағы болды. Осы мəселеге байланысты Каспий маңы елдеріндегі саяси ахуалды жеке-жеке қарастырған жөн. Яғни, КСРО ыдырап, одақ елдерінің тəуелсіз мемлекетке айналған уақыты, Каспий маңы мемлекеттерінің де бастапқы кездегі саяси жағдайын, ондағы өзгерістерді қарастырмыз. Нəтижелер Қазақстан КСРО ыдырағаннан кейін тəуелсіздігін соңына дейін жарияламаған Орталық Азия мемлекеттері арасындағы жалғыз, Ресейден кейінгі екінші мемлекет болды. 1991 жылы 16 желтоқасанда бұрынғы КСРО елдерінің ең соңынан Қазақстан өз тəуелсіздігін жариялады.
Н.Назарбаевтың саяси идеалы - Түркия мемлекеті ел тəуелсіздігін алғашқы болып мойындағандардың бірі болды. Қазақстанның саяси жүйесінің трансформациясы 1992 жылы Қазақстанның егеменді ел ретінде құрылуы мен дамуы атты Стратегияны қабылдағаннан басталды. Бұл Стратгеияда бейбітсүйгіш, демократиялық, ядролық қарудан азат ашық қоғам құру мақсаты қойылды. Мұндай мемлекеттің басты негізі - демократиялық атрибуттардың барлығы сақталынған президенттік республика құру, яғни, адам құқығы мен бостандығы сақталатын, саяси плюрализм, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, өзгерістердің əлеуметтік бағыттылығы, жекешелендірудің түрлі формаларын қамтитын нарықтық экономика құру жəне дамыту, адам құқығын қамтамасыз ету сияқты демократиялық мемлекет критерийлерін сақтау [6]. Тəуелсіздік жылдары Қазақстанның жаңа мемлекетін жəне оның саяси жүйесін қалыптастыру оңай болған жоқ. Бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қателіктер мен қатерлер арқылы жүрді. Қазақстан мемлекеті нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси басшылығы мен интеллектуалдық күштері алдында аса күрделі міндеттер тұрды. Сол тарихи да тағдырлы уақытта дербес мемлекетті құру ісіндегі төтенше жауапкершілікті өзіне алған Н.Назарбаев былай деп толғанады: Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, əлеуметтік жəне ұлтаралық орнықтылықты сақтау жəне нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту... Ұлттық жаңару, мемлекеттікті қалпына келтіру əрдайым опоңай жүзеге аса бермейді. Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңі бұрынғы КСРО аумағында саяси, əлеуметтік экономикалық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүрді. Əлеуметтік топтардың мүдделері мен қажеттерін бұрынғы саяси режим қанағаттандыра алмады. Оның ішіндегі ең өткір, шетін тұрғандары - азаматтардың саяси, экономикалық жəне əлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, ұлттар мен этностардың тіл, мəдениет саласындағы сұраныстарын мүмкіндігінше қанағаттандыру, азаматтардың қауіпсіздігін нығайтып, азаматтық татулық пен қоғамдық тəртіпті нығайту еді. Қазақстанның болашақ мемлекеттік дамуы туралы берік, сындарлы тұжырымдама əлі қалыптаспаған еді. Ол кездегі еліміз алдында тұрған ең күрделі проблема мемлекетті қалыптастыру еді. Мемлекет - саяси жүйенің аумақтық, заңды, жария, егемен, легитимді, құқықты, жоғары деңгейде институттанған, жалпыға бірдей əмбебап ұйымы. Ол қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі 81 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар сериясы, №2(53), 2017 ж. бола отырып, мақсатты, жария, ашық, заңды, ел мен халықтың егемендігінің бірден бір көзі, субектісі жəне егесі ретінде қызмет істейді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, ал ол сонымен бірге, оның барлық кіші жүйелері мен салаларын қамтитын, біріктіретін, заңдар аясында олардың бүкіл қызмет-тіршілігін реттейтін, олар үшін біртұтас, ажырамас жəне бөлінбес ұйым болып табылады. Ғылыми əдебиетте мемлекеттің негізгі аса маңызды, сөзсіз, қоғамдық қатынастар табиғаты мен мүдделеріне жауап беретін жəне тиімді мемлекет құру мүддесіне сəйкес келетін белгілеріне отандық жəне шетелдік зерттеушілер дəлелдеуі бойынша мыналар жатады: аумағының; азаматтығы бойынша біріккен халқының; белгілі ішкі жəне сыртқы функциялары анықталған, бұларда саралап, ауқымы мен міндеттерін анықтаған, қоғамдық қатынастардың барлық саласын реттеуге қабілетті, қажетті адами, материалдық жəне қаржылық ресурстарға ие тармақталған басқару аппаратының болуы; халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы; елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армиясының, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері жəне т.б.) болуы. Қазақстанда жиырма жылда осы аталған белгілер мен қасиеттерге сай келетін егемен, əлеуетті, əлем мойындаған жəне санасатын мемлекет қалыптасты [7]. Ал елде қалыптасқан мемлекеттік құрылыстың табиғаты, демократияның деңгейі оны саяси жүйесі қызметінен көрінеді. Бұл жерде транзиттік, өтпелі қоғамдардағы аса күрделі міндеттерді шешуге, күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге қызмет ететін жаңа саяси жүйені қалыптастыру күрделі мəселе екенін еске ұстаған жөн.
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында жаһандану, ақпараттық қоғам, халықаралық байланыстардың күшеюі жағдайында саяси жүйе мен оның институттарының функциялары барған сайын күрделеніп, тармақталып, олар қамтитын құбылыстар мен қатынастардың ауқымы кеңейіп, олардың өзара сабақтастығы, өзара байланыстары күрделенген уақыт болатын. Осы жаңа əлемге, оның күрделі саяси-экономикалық, идеологиялық қатынастарының дербес субъектісі ретінде ұмтылып отырған Қазақстан, алдымен, өзін-өзі мемлекет ретінде анықтап, мемлекеттік-конституциялық құрылысын түбегейлі бекемдеу міндеті тұрғаны айдай ақиқат еді. Тəуелсіздіктің алғашқы кезеңінде Қазақстанның саяси жағдайы тұрақты болды. Саяси партиялар Республикадағы саяси жағдайға айтарлықтай ықпал етуге тырыспайды. Н.Назарбаевтың билігі, шетелдік зерттеушілер пікірінше, президент жəне президент маңындағы басшылық саяси ұйымдар мен тəуелсіз БАҚ өкілдеріне шектеу қойып отырды. Сонымен бірге, шетелдік БАҚ мəліметтерінде, Қазақстандағы оппозиция да президент билігіне адалдықпен қарайды жəне соған сəйкес қызмет етеді. Себебі, оппозиция халық қолдауына ие емес делінген [8]. Н.Масанов пікірінше, Қазақстан егемендігінің басты ерекшелігі, биліктің толығымен президент қолында шоғырлануы [9]. АҚШ администрациясының Парсы шығанағы елдерінің мұнайынан тəуелділікті азайту жəне Орталық Азиядағы исламдық топтардың қарулы қозғалыстарын жою стратегиясында Қазақстан маңызды рольге ие болып табылады. Қазақстан тəуелсіздігін жариялағаннан кейін белсенді түрде шет мемлекеттермен дипломатиялық, сауда-экономикалық қатынас орната бастады. жаңадан тəуелсіздігін жариялаған бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекет əлемдік державаларды сол кезеңнен бастап өзінің энергетикалық қорымен қызықтырған болатын. Қызығушылық танытқан алғашқы мемлекеттердің бірі - АҚШ болатын. Америка Құрама Штаттары алғашқы болып Қазақстанның тəуелсіздігін мойындады. Сонымен бірге, Американы еліміздің бай көмірсутек қоры қызықтырды. Парсы шығанағы елдерінің мұнайына тəуелді болып отырған Америка Құрама Штаттары үшін Каспий аймағы жаңа қазынаға толы сандық секілді болды. Каспийдің құбырлары онымен тасымалданатын мұнай, газ АҚШ-тың басты назарына айналды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанға шетелдік компаниялар келе бастады. Американдық трансұлттық компаниялар мұнай кенорындарымен айналыса бастады. Əлемнің көптеген елдері Қазақстанды əлем мұнай нарығындағы стратегиялық маңызды əрі тиімді əріптес ретінде қарастыра бастады. Батыс сол кезеңдері Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандығының сақталынуына күмəнмен қараса да, энергетикалық жағынан тиімді болғандықтан, бұлмəселе екінші орында қарастырлыған болатын. Аймақтағыбатыстың қос стандарттысаясатының айғағыретінде АҚШСенатыəкімшілігінің ресми өкілдерініңжəне адамқұқығыжөніндегі еуропалық комиссияның Қазақстандағы саяси жағдай жөніндегі мəлімдемесін келтіруге болады. Батыс зерттеушілері Қазақстандағы саяси жағдайды сараптай келе, президент Н.Назарбаев мемлекетте айтарлықтай өзінің жеке билігін күшейтті деп жазады.
Н.Назарбаев саясатының арқасында саяси билік пен экономикалық күш біріктіріліп елдің дамуына мүмкіндік жасалынды. Посткеңестік Шығыстағы демократиялық қоғам құру мəселесін ғылыми түрде зерттеуде Түркіменстан қарсылыққа толы əрі қызықты мемлекет болып табылады. түркіменстандағы саяси трансформация тұрақты түрде, тыныш жүрді деуге болады. Президент сайлауы да парламент құру шаралары да ешқандай қоғамдық қозғалыстарсыз жүрді. 90 жылдардың орта тұсында аймақ мемлекеттеріндегі саяси жүйе трансформациясы толығымен аяқталды деуге болады. Саяси режимдердегі демократиялық бостандықтар құндылығы деңгейі əр қилы болды: посткоммунистік авторитаризмнен демократиялық мемлекетке көшу мəселелсі тұрды. Қазіргі кездегі Түркіменстан режимі Ресей зерттеушілерінің еңбегінде авторитаризм деп сипатталған. Мемлекетте Ұлттық Кеңестің шешімімен президенттік сайлау алынып тасталынды. Ресми өкілдер саяси көппартиылқ пен еркін БАҚ-қа жол бермейтіндіктерін жариялаған. 1992 жылдан бастап халықаралық құқық қорғау орындарының есептерінде Түркіменстандағы саяси режим репрессивті сипатта делінген жəне саяси қоғам өмірінің либерализациясына бағытталған құрылымдардың жоқтығы көрсетілген болатын. ЕҚЫҰ бақылаушыларының есебі бойынша, мемлекетте демократия мен плюрализмнің қарапайым белгілері де жоқ. Сонымен қатар, қоғамда əрбір азамат бақылауда жүргендей делінген, яғни адам құқықтары мен бостандықтары мүлдем сақталынбайды деп көрсетілген. Алайда, Ресей зерттеушілерінің осы орайда жазғаны: Батыс, яғни еуропа да АҚШ та өзінің демократиялық қоғам мен мемлекет ұғымында Шығыстың өркениеттік, ұлттық ерекшеліктерін ескермейді делінген. Алайда, кейбір халықаралық жəне аймақтық ұйымдар Түркіменстанды тоталитаризмнен демократияға жол салған дамудың дұрыс жолындағы ел ретінде қарастырады. Президент С.Ниязов елдегі ішкі саяси жағдайды сипаттай келе мемлекеттің саясаты түркімендік ұлттық дəстүрлер мен халықтық менталитет негізіне сүйене отырып, демократияның барлық институттары адам бостандығының негізгі принципы - жеке меншік құқығына негізделген деген [9]. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Германияның орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.)
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан
Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастары: жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері
Федерациясымен қарым - қатынастары
АҚШ-тың қазіргі саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)
Қоныс аудару
Ядролық әріптестік мәселелері
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Пәндер