ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ


ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ
Аннотация
Мақала қазақ қоғамындағы батырлар инстуты жəне олардың əлеуметтік рөлі мəселесіне арналған. Қазақ көшпелі қоғамының əлеуметтік саяси дамуында да батырлар институты маңызды рөл атқарды. Батырлар сыртқы жаулармен соғыста əскерді басқарып ғана қоймай, олар елдің ішкі тыныштығын сақтады, халықтың қонысын, жерін кеңейтті, басқа елге тұтқынға түскендерді қайтару істерін атқарды. Олар өз өмірін елін қорғау үшін соғыс пен əскери іске арнап, өзіндік мəдениет пен идеологиясы жəнеморальдық нормалары бар
əлеуметтік жік ретінде қалыптасты. Батырлар қолбасшы, олардың арасында - ту ұстаушылар, хабаршылар, дипломаттар жəне ханның кеңесшілері болды. Білікті дарынды батырлар - ірі саясаткерлер ретінде танылды. Қазақ батырлары ер жүрек күш иесі ғана емес, əділ мəмілегер, орақ тілді шешен, жырау, əрі ру басшысы қызметін атқарды. ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ жерінде Ресей империясының мемлекеттік-əкімшілік жүйесінің таралуына орай, батырлар өзіндік əлеуметтік топтық ерекшелігінен айырыла бастайды да олардың көпшілігі жаңадан қалыптасқан сословиелерге бірігіп кетти.
Кілт сөздер: батыр, көшпелі қоғам, əлеуметтік құрылым, əскери, дипломат, тактика, ерлік, дерек.
Əрбір мемлекеттарихи дамуында атақты басқарушыларымен қатар батырларымен де танымал
болады. Қай заманда да батырлар өз елінің атын шығарып отырды. Қазақ көшпелі қоғамының
əлеуметтік саяси дамуында да батырлар институты маңызды рөл атқарды. «Батыр» термині - қазақ фольклоры мен тұрмысында кеңінен тараған жəне оның шығуы мен тарихы тереңде жатыр. «Батыр»
сөзі - жалпы түркі тілдес елдерге ортақ көне сөздердің бірі. Сонымен бірге алтай тілінде «матыр»,
«патыр», шор тілінде «бағатыр», украйн, орыс, поляк тілдерінде «богатырь»деп айтылады. Біздерге
көне түркі тіліндегі «багадур» жəне «бакхатур» деген түрік сөздерінен жеткен. Белгілі
ғалым
К. Л. Есма ғанбетов түркі сөзі «батурдан» тараған дейді [1, 65-б. ] .
Халқымыздың ауыз əдебиетіндетарихи жəне аты аңызға айналған батырларға арналған батырлық
эпостарын кеңінен кездестіруге болады. Сыртқы жаулармен шайқастарда қолбасшысы бар жасақтар
құрылған жəне осы жасақтардан шайқас кездерінде ерекше көзге түсіп, ерлік көрсеткендерін қазақ-
тар «батыр» деп атаған. Батырлар елдік пен ерліктің
басында тұрды.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында елдің ішкі жағдайы, яни тұрақтылығы жəне сыртқы
тəуелсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырып отыратын əскери күші болды. Осы əскери күшті
кəсіби түрде басқарған батырлары болды. Бірақ осы мəселе қазіргі таңда зерттеуді қажет ететіндігін
атап өткім келеді.
Қазақ халқы ғасырлар бойы өз жерін, мал жайылымын сыртқы жаулардан
қорғаумен болды. Əр
кезеңде, бір жағынан жонғарлар, енді бір жағынан Еділ қалмақтары, орыс казактары, орта азиялық
хандықтар қаупін төндіріп тұрды. Осындай заманда, қазақ хандығы бірнеше жыл бойы елдің
тұтастығын сақтап келген болса, осы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда батырлардың рөлі
зор болды. Қазақ билері ел ішіндегі азаматтық мəселелер мен дауларды шешіп
отырса, батырлар
əскери істер мен қорғаныс мəселелерін шешіп реттеді. Тарихшы М. Вяткин батырлар институтын
басқа түркі тілдес халықтарда, яғни өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарына байқалмаған, тек қазақ
қоғамына тəн құбылыс деп бағалаған болатын [2, 110-с. ] . Себебі «батыр» атағы көптеген түркі тек-
тес халықтар мен еуропалық елдерде құрметті əскери атақ ретінде ғана бағаланды.
Батырлар
сыртқы жаулармен соғыста əскерді басқарып ғана қоймай, олар елдің ішкі тыныштығын
сақтады, халықтың қонысын, жерін кеңейтті, сыртқы елге тұтқынға түскендерді қайтару істерін
атқарды. Олар өз өмірін елін қорғау үшін соғыс пен əскери іске арнап, өзіндік мəдениет пен иде-
ологиясы жəне моральдық нормалары бар əлеуметтік жік ретінде қалыптасты. Ерлік пен ізгілікті,
адалдық пен сертке беріктікті өмірдің басты қағидасы еткен, еліне қорған батырлар халық арасында
зор беделге ие болды.
Батырлар бес қаруын асынып, бар өмірін соғыста өткізген. Соғыста қаза болуды қасиетті өлім
санаған. Оны Ақтамберді жыраудың
«Бар арманым, айтайын,
Батырларша жорықта
Өлмедім оқтан қайтейін . . . » деген сөзінен байқауға болады [3, 68-б. ] .
«Батыр» атағы ешқашан
мұраға қалдырылмаған, оны тек жеке ерлікпен алған. Бірақ белгілі бір
батырдың əскери істе өзін айқын көрсеткен баласы немесе немересі батыр болған жағдайлар аз
кездеспейді.
Батырлар қолбасшы, əрі олардың арасында - ту ұстаушылар, хабаршылар, дипломаттар жəне
ханның кеңесшілері болды. Білікті дарынды батырлар - ірі саясаткерлер ретінде танылды. Əр заман-
да əр өңірде басқарушы хандардың
ең жақын сенімді серігі - батырлары болған. Мысалы, Абылай
хан өзінің кеңесшілері ретінде Дат Қарауылұлы мен Байжігіт Жаулыбайұлын өзіне ерекше жақын
ұстаған, ал Əбілхайыр хан Қотыр батырды хан сарайының басшысы ретінде, сенімді серіктерінің
бірі ретінде таныған.
ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында батырлардың беделі мен əлеуметтік маңызы күшейе түсті,
бұл елге төніп тұрған
сыртқы саяси қауіпке қарсы қазақтардың əлеуметтік ұйымдасуымен олардың
əскери құрылымдағы рөлінің арта түсуіне байланысты болатын. Жоңғар басқыншыларына той-
тарыс беру барысында халық арасынан қабілетті қолбасшылар мен ержүрек батырлар дараланып
шықты. Олардың арасында Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Есет, Тайлақ, Жəнібек, Бөкенбай т. б.
батырларды айтуға болады. Жоңғарларды жеңген ірі маңызды шайқастар жоғарыдағы батырлардың
есімдерімен тығыз байланысты.
Батырлар əлеуметтік институт ретінде өзінің эволюциялық дамуында белгілі бір өзгерістерге
ұшырап отырды. ХІ-ХІІ ғасырлардағы аңызға айналған батырлар мен ХVІІ-ХІХ ғасырдағы
батырларға бірдей қарауға болмайды. Батырлар алғашқы кезде тайпа, ру басшылары болған.
Көшпелілердің қоғамдық қатынастарының дамуына байланысты əскери қолбасшылардың қызметі
өзгере бастайды.
Қарапайым жарлы-жақыбайдан
шыққанына қарамастан батырлар бірте-бірте ру шонжарларының
құқықтарын иемдене бастады да, қоғамдық өмірде олармен бірдей рөл атқарды. Батырлардың қазақ қоғамында рөлінің жоғары болғаны соншалық олармен хандар, билер, ру ақсақалдары ылғи санасып
отырды. Ел арасында беделінің өсуі олардың ру ақсақалы дəрежесіне дейін жеткізді.
Тарихи деректер батырлардың материалдық жағынан əртүрлі болғандығын дəлелдейді. Батырлар
қарапайым тектен шықса да, олардың арасында өте бай болғандары да кездеседі. Оның байлығының
мол болуы, сұлтандар мен билерден де
ықпалының басым болуына алып келді жəне бірнеше руға
билік жүргізді.
Батырлардың қоғамдағы дəрежелі жағдайы олардың жеке қасиеттерімен қоса соғыстағы табы-
старына, беделді рулық байланыстары мен байлығына байланысты болды. Соғыста ерлік көрсетіп
еліне аман есен оралған батырдың беделі өсіп қолбасшылылыққа дейін көтерілді. Соғыста түскен
олжа байлық көзі болды жəне оның бір
бөлігі батырларға берілді. Байлығынің мөлшері де батырдың
күшін арттырды, осы арқылы жасақтарын құрды. Сондықтан, өзінің байлығы мен қазақтардың
арасындағы саяси ықпалы жөнінен кейбір батырлар (мысалы, Орта Жүздің Арғын бірлестігінің
Шақшақ руынан шыққан Жəнібек батыр) кейде билеуші хандар мен сұлтандардан асып түсіп отыр-
ды.
Батырлар туралы қазақтың белгілі ағартушысы Ш. Уалиханов
былай деп жазған болатын: «Батыр
- қырғыздарда (қазақтарда - Е. А. ) ру басы сұлтаннан кейінгі ең маңызды əрі көрнекті тұлға. Ол ең
беделді адам, оның ақыл-кеңесімен халық əрқашан есептесіп отырады» [4, 463-б. ] . Бұл пікірден,
батырлардың қазақтың əлеуметтік өмірінде маңызды орында болғандығын көруге болады.
Ш. Уалиханов қазақ халқының əскери ісінен хабар беретін қару
түрлерін сипаттап жазады.
Соғыста қолданатын қайқы қылыш, найза, садақ, пышақ, жебе мен мылтық түрлерін жəне олардың
неден жасалатындығын түсіндіреді [4, 465-б] . Қару жарақтың бірнеше түрлері туралы хабар беретін
Шақшақ ұды Жəнібек батыр туралы жырда былай делінеді:
«Бара айқасты қалмақпен
Көк сүңгісін салады
Айбалтаның сыртымен
Салдырмай қалмақ қағады
Айбалтаны жəнібек
Тигізбей тартып алады
Суырып алып
көк қылыш
Қалқанының сыртынан . . . » [5, 24-б] .
Жеті Жарғы заңдарында барлық ер адам қару асынып жүруге тиіс болды. Қазақ халқының эт-
нографиясынан көптеген мəлімет беретін А. И. Левшин былай дейдй «Бірде-бір қазақ халық жи-
налысына қару асынбай келмейтін. Қару асынбай келген адам дауыс беру құқығынан айырылған
жəне жастар оған орын бермеуіне болатын.
Қару асынуға жараған əрбір адам (сұлтандардан басқа)
жыл сайын өзінің дүние-мүлкінің 1/20 бөлігін ханға жəне ел басшыларына алым ретінде төлейтін»
[6, 370-с] . Мінеки қарудың өзіне осыншама мəн беруден қарап, оны ұстайтын батырлар мен əскери
адамдардың қазақ қоғамындағы соншалықты маңызға ие болғанын байқауға болады.
Қазақ батырлары ер жүрек күш иесі ғана емес,
əділ мəмілегер, орақ тілді шешен, жырау, əрі
ру басшысы қызметтін атқарды. Деректерде, қазақ халқының тарихында маңызды дипломатиялық
мəселелерді шешудегі батырлардың орнын көрсететін мəліметтер жетіп жатыр. Бір айта кетерлік
жайт, хандық дəуірінде елшілікті тек хан тегінен шыққандар басқарған. Сондықтан да Абылай
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz