ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АРХИВТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖƏНЕ АРХИВ САЯСАТЫ


ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АРХИВТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖƏНЕ АРХИВ САЯСАТЫ
Түйіндеме
Мақалада кеңес өкіметінің орнауы тұсындағы Қазақстан архив қызметінің қалыптасуы мен орнығуы жəне кеңестік билік тарапынан жүргізілген архивтік саясат мəселесі қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы губерниялық, уездік архивтердің қалыптасуы туралы да мəселелер қарастырыла отырып қоғамның тарихи, мəдени жəне құқықтық нормаларының архив қызметіне қатысты директивтік құжаттарға талдау жасалынады.
Түйінді сөздер: архив, кеңес өкіметі, архив саясаты, коммунистік партия, деректер.
Қазан төңкерісінен кейінгі өлкедегі архив қызметі Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің саясатымен тығыз байланыста болды. 1918 жылғы 1 шілдедегі «Архив істерін қалпына келтіру жəне орталықтандыру туралы» кеңес өкіметінің сəйкес Қазақстан аумағында архив құрлысының орталығы құрылып, жұмыс жасай бастады. Орынбор губерниясы бойынша архив басқармасының өкілетті қызметкері тайындалды. 1920 жылдан бастап оның қызметі Орынбор - Торғай аймағына тарады, осыған сəйкес аталған архив Халық Ағарту жүйесіне оның бөлімшесі ретінде қалыптасты. Бастапқы кезде губерниялық архивтің материалдық жағдайы нашар күйде болғандықтан Орынбор губерниялық атқару комитеті архив ісін өз деңгейіне көтеру жөнінде шешім қабылдады.
Өлкедегі архив мекемелерінің мүддесін көздеген кеңес үкіметі 1922 жылдың 22 қаңтарында Қырғыз (қазақ) Ағарту комиссариатының алқасында өлкеде орталық архив құру туралы ережені бекітті. Осы ережеге сəйкес Орынбор-Торғай архиві Қырғыз (қазақ) АКСР-ның орталық өлкелік архиві болып атауы өзгертіліп, тікелей Халық Ағарту Комиссариатына қаратылды [1] . Ол барлық жүйеге келтірілген құнды жəне маңызды əрі тарихи - ғылыми мəнді мемлекеттік мекемелер менқоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың архивтерін сақтаушы болып саналды.
1922 жылдың 30 қаңтарындағы Бүкілресейлік Атқару Комитеті архивтердің саяси маңызын атап көрсете келіп, РКФСР орталық архиві туралы ережені бекітіп, орталық архивті БОАК-нің құзырына тапсырды. Бірорталықтан басқару жүйесіне енгізілген Қазақстан бүкіл одақ көлеміндегі
шаралардан тыс бола алмады. Сондықтан да 1923 жылы 24 сəуірде Қырғыз (қазақ) ОАК-нің төралқасы Қазақ АКСР-ындағы Орталық жəне губерниялық архиві туралы ережені бекітті. Орталық архив РКФСР Орталық архивінің бір бөлімі ретінде саналып, Қазақ ОАК-нің қарамағына берілді. Өлкедегі орталық архивтің губерниялық бөлімдері губерниялық атқару комитеттерінің бөлімдері ретінде саналып, Орталық архивтің архив істері мəселелерінің директиваларына бағындырылды. Осы ереже негізінде Қазақ АКСР-ның біртұтас мемлекеттік архив қоры ұйымдастырылып, оған
орталық мұрағат архив қойнауындағы барлық архив материалдары кіргізілді. Орталық архивтің Қазақ ОАК төралқасына өтуі республикадағы мұрағат архив ісінің дамуына түрткі болды. Егер 1923 жылға дейін Қазақстанда Орынбор мен Семейде екі мұрағат ұйымы ғана болса, 1923 жылы қалған
5 губенияда мұрағаттар ұйымдастырылды, тек Адай уезінде мұрағат бюросы біршама кейінірек құрылды [1, 82 б] . 1924 жылығ Орта Азия мен Қазақстандағы территориялық межелеуге байланысты Қазақ республикасына Жетісу, Сырдария облыстары жəне Қарақалпақ автономиялық облысы қосылды. Бұрынғы Түркістан республикасында оның кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті 1919 жылдың 30 қазанындағы жəне мəдениет, ағарту кеңесінің 1919 жылғы 19 қарашасындағы бұйрықтарының негізінде Түркістан республикасы архиві архивтерінің орталық басқармасы ұйымдастырылды.
Жетісу облысында осы басқарманың өкілеттілігі өзінің жұмысын 1921 жылдан бастады, ал Сырдария облысында оның орталығы Ташкентте орналасқандықтан территориялық межелеуге дейін арнайы
облыстық аппарат болмады. Қарақалпақ облысында орталық архивтің өкілеттігі өзінің қызметіне біраз тоқтап барып 1924 жылдың 11 қыркүйегінде кірісті. Осылайша ҚАКСР-ында губерниялық архивтік ұйымдар əртүрлі мерзімдерде құрылды. Біздің негізгі мақсатымыз облыстық, аудандық архив жүйелерінің қалыптасуын қарастыру болғандықтан губерниялық мекемелердің құрылуын кесте незінде көрсету болып отыр. Архив ұйымдарының осы уақыттағы қызметі негізінен екі бағытта жүргізілген: біріншісі, революцияға дейінгі кезеңдегі мекемелер бойынша шашылған мұрағат құжаттары мен материалдарын анықтау, есепке алу жəне губерниялар бойынша шоғырландыру; екіншісі, құжаттарды жинақтап, олардың анықтамалық тұстарын ретке келтіру. Қазақстандағы кеңестік архив құрлысы өзінің алғашқы кезеңінде көптеген қиындвықтарды бастан кешірді. Қиындықтар архивтерге арналған ғимараттардың, мамандардың жетіспеуіне, материалдар мен құжаттарды сақтауда тəжірбиенің аздығына байланысты орын алды. Осыған байланысты архив мекемелері өздерінің жұмыстарында қателіктер мен кемшіліктерге жол берді. Мысалы, Жетісу архивінде істер макулатураға тіркелмей, таңдау тізімінсіз, жарамсыз деп саналған актілерсіз,
сипаттама тізбелерінсіз бөлінген. Семей губерниялық архивінде мамандардың жетіспеушілігінен мұрағат ісінен хабары жоқ адамдар қызмет атқарған. Соның салдрынан олар архив материалдары мен құжаттарын ретке келтіруден гөрі оларды сатуға, жарамсыз қағаздар ретінде макулатураға өткізуге мүдделі болған. Қазіргі уақыттағы архив қорларында сақталған деректер губерниялық архивтердің материалдық-техникалық жағдайларының нашар болғандығын көрсетеді. Себебі архив қызметкерлеріне тө-лем ақы төлеу жəне шаруашылық шығындарды жабу тікелей губерниялық атқару комитеттері бюджетінің міндеті болған. Кеңестердің губерниялық атқару комитеттері азамат соғысынан кейінгі ашаршылық пен экономикалық күйзелісті бастан кешіргендіктен олардың өздерінің жағдайлары да белгілі болған. Сондықтан да ең алдымен губерниялық атқару комитеттері өз аймақтарының шаруашылық мəселелеріне көңіл бөліп, өнеркəсіп орындарын қайта жабдықтау, кооперативтер құру, жаңа экономикалық саясаттың шеңберінде социалистік құрлысты дамытуға барлық күш-жігерін жұмсады. Осыған орай мəдени проблемалар, соның ішінде архивтерді дамыту екінші кезектегі мəселелер ретінде саналды. Осыған қарамастан губерниялық архивтер өздерінің қорлары мен қызметкерлерін сақтап қалуға тырысты. Мысалы, Семей губерниялық архивінің 100-ден астам қоры, оларды сақтайтын орны жəне 4 қызметкері болған. Архив бюросы материалдар мен құжаттар негізінде ғылыми жұмыстар жүргізіп, 6 қоғамдық, тарихи сипаттағы баяндама жасаған [2] . Орал, Ақмола, Ақтөбе губерниялық архив бюроларының да жағдайлары осы шамадағы деңгейде тұрды. Оларда 2-3 қызметкерден жұмыс жасап, ағымдағы іс-шараларын атқарып отырған. Керісінше Қостанай, Бөкей, Адай архивтерінің арнайы ғимараттарының жоқтығынан тар бөлмелерде жұмыс жүргізуге мəжбүр болған [2, 5-п] . 1925 жылы ҚАКСР-ында Ақмола, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Орал, Адай, Семей, Жетісу, Орынбор барлығы 9 губерниялық архив бюросы болып, олар өлкелік орталық архивінің қарамағына берілген [3] . Олар 1923 жылы 24 сəуірде Қазақ Орталық Атқару Комитетінің кіші төралқасы бекіткен ережеге сəйкес жұмыс жасады [4] . Барлық губерниялық архив бюроларының ішінде Семей архив істерінің губерниялық басқармасы талапқа сай жұмыс жүргізген. 1920 жылдардың алғашқы жартысында өзге архивтер тəрізді қорларды жоғалпай керісінше оларды толықтыруға тырысқан. Губерниялық архивтің меңгерушісі құпия түрде сақталатын істерді саралап, тізбелерін жасап, барлығы 475 істі жеке шығарып, қорлар бойынша бөліп көрсеткен. Сол 475 істің 439-ы 1910 жылға дейінгі уақытқа байланысты, ал 15 іс кейінгі кезеңге қатысты деректер. Құжаттар мен материалдар бірнеше топқа жіктеліп қойылған [5] .
Уездік архивтер қызметіне тоқталатын болсақ, 1930 жылға дейінгі уақытта мұрағат қызметінің деңгейі жоғары болды деп көрсете алмаймыз. Уездік мұрағаттар жұмысының бағытталған жол ға қойылмауының өзіндік себептері де болды. Республиканың уездік қалаларында архив материалдарының айтарлықтай бөлігі жинақталған. Бұның өзі уездік архив бюросын ұйымдастыруды қажет етті. Алай да уездік архивтерді жабдықтаудың қарқыны өте баяу жүрді. Сондықтанда республикадағы олардың саны да біртіндеп көбейді. Мысалы, 1926 жылдың 1 шілдесіне дейін 8 уездік бюро ұйымдастырылса, олардың бесеуі Орал, үшеуі Ақмола губерниясында құрылды. Осы уақытта Қостанай губерниясы Қостанай уезі болып қайта құрылған еді. Губерниялық бюроның қызметкерлері таратылып жіберіліп, уездік мұрағатты ұйымдастыру қаржының тапшылығына байланысты кейінге қалдырылды. Дəл осындай жағдайды Бөкей архивіда бастан кешірді. Мұнда 100 жылдық уақытты қамтитын Жəңгір ханнан бастап Уақытша үкіметке дейінгі аралықтағы өткенге куəгер 2 мың пұт мұрағат материалдарының жинақталғанына қарамастан олар уақытша қараусыз қалды [1, 86 б] . Сонымен қатар Бүкілодақтық Атқару Комитетінің 1926 жылғы 15 наурызындағы жəне Қазақ
Орталық Атқару Комитетінің 1927 жылдың 1 қазанындағы жергілікті жерлерде, барлық уездік қалаларда архив құру жөніндегі қаулы-шешімдері орындалмай қалды. Оның басты себебі жергілікті бюджеттің əлсіздігі, сондай-ақ Қаржы Халық Комиссариаты қызметкерлері тарапынан архив ұйымдарын құрудың маңызын түсінбеушілігі. Осының салдарынан уездік архивдің ұйымдастырылмауы уездік жəне болыстық ұйымдардың архив қорларының жағдайына зардабын тигізді. Панасыз, қараусыз болғандықтан көптеген материалдар мен құжаттар жойылып кетті. 1930 жылы жүргізілген басқару ұйымдарын қайта құру, яғни губерниялық, уездік, болыстық органдарды округтік, ауданды ұйымдармен алмастыру архивтің ұйымдық құрылымдарының өзгеруіне алып келді. Губерниялық жəне уездік архив бюролары жойылып, солардың негізінде 1928 жылдың соңына қарай 13 округтік архив бюросы дүниеге келді. Өздерінің өмір сүрген алғашқы айларында округтік бюролар қаржыны қалалардың бюджеттерінен алып отырды. Қала бюджеттерінің əлсіздігі округтік архивтерді қаржыландыруға жетер жетпес жағдайда болғандықтан көп ұзамай 1929 жылдан бастап олар округтердің бюджеттеріне қаратылды. Алайда жұмысшы - шаруа инспекци-
ясы архивтердің нақты штатын өте шектелген мөлшерде орнатты. Мысалы, Қарқаралы, Ақмола, Қостанай, Сырдария, Гурьев, Қызылорда округтік архивтеріне бір бірліктен, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Орал округ архивтеріне жəне Қарақалпақ облыстық архивіне екі бірліктен, Семей, Алматы, Орал округ архивіне үш бірліктен штат бекітілді [1, 87 б] .
Аудандық атқару комитеттері аудандық архивтер үшін арнай қызметкерлерді бөлмеді. Қазақ Орталық Атқару Комитеті барлық аудандық атқару комитеттеріне архивтер үшін жауапкершілікті жұмысшы-шаруа инспекцияларының хатшыларына жүктеді, ал қалалық кеңестерде архивариустар-ды тағайындауды тапсырды. Бұл ұсыныс аудандық архив қызметкерлері жоқ аудандарға ғана қатысты болды. Алайда Қазақ ОАК-нің қаулысы шын мəнінде орындалмай қалды. Өйткені жұмысшы-шаруа инспекцияларының хатшыларының өз жұмыстары көп болып, шамадан тыс тапсырмаларды атқарып, аудандағы архив істеріне назар аударуға мүмкіндіктері болды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті қалыптасқан жағдайды ескеріп, 1930 жылы 10 қазанда «Аудандық атқару комитеттері жанындағы архив істерін ұйымдастыру жəне реттеу» туралы қаулы қабылдады. Қаулыда төмендегідей көрсетілген: «Автономиялық республикалардың орталық, өлкелік, облыстық атқару комитеттеріне: 1) Аудандық жəне басқа да кеңестік аппараттағылар архив іс қағаздарын қалыпқа келтіруге назар аударсын, аудандық атқару комитеттерін хатшыларының міндетіне архивтердегі материалдарды реттеуі жəне сақтаудықамтамасыз ету жүктелсін; 2) Өлкелік (облыстық) архивтердің бөлімдеріне жойылған округтік архивтер орнында құрылғандардың материалдарын қалалық бөлімдерге бақылауға жəне сақтауға берілсін» [6] .
Осы қаулының негізінде БК(б) П Қазақ өлкелік партия комитетінің төралқасы жəне ЖШИ ХК-ның біріккен мəжілісінде республикададағы архив ісін қайта құру туралы мəселе қаралды. Өлкедегі архив істері мен округтік архив бюроларының қалыптасқан жүйесінен шығы отырып, партия комитеті
Орталық архив бұрынғы округтік орталықтар бойынша өзіне бағынатын үш бөлімді құру туралы шешім қабылдады. Бірінші бөлім Семейде, бұрынғы Семей, Қарқаралы, Павлодар округтерінің архив материалдарын шоғырландыру негізінде құрыуға тиіс болды. Екіншісі Петропавловскіде, Пе-
тропавл, Қостанай Ақмола округтерінің архив материалдарын қосу мақсатында, үшіншісі Оралда Орал, Гурьев округтерінің істерін бір-біріне біріктіру бағытында ұйымдастыру қажеттілігі айтылды. Орталық архив бөлімдерінің штаты 5 адамнан бекітілуі тиіс екендігі де ескертілді [7] .
Осылайша Қазақстанда ҚАКСР Орталық Архив басқармасының Семейде, Петропавлде, Оралда бөлімдері құрылды. Архив істерін ретке қойып, жүйелі түрде дамыту мақсатында Қазақ ОАК-і 1935 жылы 9 наурызда округтік, аудандық архивтер туралы ережені қарап бекітті. Ережеде округтік архив бюролары округтік атқару комитеттерінің жанында оның бөлімі құқығына ие болып, соған бағынып, барлық тапсырмаларын орындап, алдында есеп беріп, жұмыс жүргізетіндігі жайында айтылған [8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz