БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Келе жатқан дәуір ұлттық бәсеке, мәліметтілік сайыс, гуманитарлық технологиялар, психологиялық өзгерістерге толы екендігі мәлім. Сол кезеңге сай интелектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты өсіру мемлекеттіміздің ең маңызды стратегиясы. Тұлғаның қалыптасуына, берілген білімді жақсы меңгеруіне педагогтың әдістемеден хабарының болуы, білімділігі, біліктілігі ғана емес бар білімді тиісті деңгейде жеткізе алуы ең маңызды қатынас құралы тілге байланысты екендігі даусыз. Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік, - деген А.Байтұрсыновтың сөзі де педагогтың жұмысы барысындағы сөйлеудің, жай ғана сөйлеу емес, шебер шешен сөйлеудің қаншалықты маңызды екендігін аша түседі.
Сөйлеу мәдениетін игеру-болашақ педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту - болашақ педагог-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Әрине, шеберлік, әсіресе сөз өнерін шешендік деңгейде игеру бірден қалыптаспайтын ұзақ жаттығуды қажет ететін үрдіс.
Мұғалімнің кәсіби тіл мәдениетінің маңыздылығы педагогтың кәсіби қызметінде сөйлеу негізгі құрал болып табылатындығымен байланыстырылады. Сөйлеудің басты міндеті - қарым-қатынас - педагогтық қызмет шеберлігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. А.С.Коменскийдің ойы бойынша педагог-оқытушылар назарын өзіне толық аудару үшін сөз шеберлігіне ие болуы керек. Шәкірттері үшін мұғалімнің тілі мүлтіксіз және оның мәнерлі, анық және тартымды болуы тиіс [1].
Тәрбие үрдісінде ұстаз тұлғасы шешуші рөл атқаратыны белгілі болса, мұғалімнің жеке басындағы барлық қасиеттерінің кәсіптік мәні бар. А.В. Луначарский атап көрсеткендей, педагогикалық моральдағы кез келген кемістік, мінез-құлықтағы кез келген кемістік тікелей у болып, ол жеткеншек ұрпаққа жұғады. Жақсы мұғалім - бұл ең әуелі қайғы қуанышыңа ортақтасатын, парасатты әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын жақсы адам. Яғни оның тілінің шұрайлылығы, сөйлеу деңгейі тілдік нормаларды сақтауы алдында отырған мектеп жасына дейінгі балаға, оқушыға өз әсерін беріп, оның да тілдік мәдениетінің қалыптасып, білім деңгейінің сапалы болуына ықпал етіп, тұлғалық дамуына да айтарлықтай үлесін қосады [2].
Педагог тілі - балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Жас шамасына қарай әр сыныптағы балалар өз педагогтарымен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Педагог балалардың ойындарын ұйымдастырады, бағдарламада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциялының мүмкіндігі түгелімен педагогтың сөзінің сапасына байланысты. Педагог үшін үлгі сөйлеу тілін меңгеру - бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру - болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.
Кәсіби тіл мәдениетін игерту педагог кадрларды даярлау ісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мұғалімнің тіл мәдениеті оқу-тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне белгілі дәрежеде әсерін тигізеді. Өйткені тіл адамдық сапаның көрсеткіші болғандықтан, тіл мәдениеті мәселесі алдымен, адами қасиеттерді қалыптастыруымен шектесіп жатады.
Қазіргі кезеңде бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлау үшін де жалғасын табуға тиіс болған тіл мәдениеті, сөз мәдениетін қалыптастыру, оны дамыту үшін түрлі әдістемелерді оқу-тәрбие жұмысында пайдалану қажеттілігі, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, Қазақстан Республикасында мәдени-этникалық білім беру, Білім мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасы Орта білім стандарты мен өзге де құжаттарында көрініс тапқан. Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық сөзді естіп өскен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады, -деп қазақ педагогы Мағжан Жұмабаетың сөзінен де болашақтың тұтқасын ұстар ұрпақты тәрбиелеп, білім беруші педагогтардыің сөйлеу мәдениетінің жоғарылығы басты орында екендігін басып айта аламыз[3].
Сөйлеу мәдениеті жоғары педагогикалық кадрларды дайындауда қажет. Тіл мәдениеті студенттердің педагогикалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді, оқу-тәрбие процесінде маңызды роль атқарады. Мамандардың ойынша сөйлеу қабілеттігі мен мәдениеті өмірлік жағдайлардағы қолайсыздықтарды шешуге мүмкіндік береді. Осыны қазіргі кездегі педагог-мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарындағы студенттерге сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптың жоғаруы болуы керектігінң мәні осында. Еліміздің тарихы бай, рухани және материалдық мәдениеті жоғары болуы үшін Х.Досмұхамедовтың: Мәдениеттің негізі - білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі бай болады, - деген пікірі бүгінгі күннің шындығына айналып отыр[4]. Педагогтың тіл мәдениетін қалыптастырудағы аса маңызды парадигма - ана тілін ұлттық құндылық ретінде меңгерту парадигмасы. Тіл мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық тілді қалыптастыру болып саналады. Мәдениет, ойлау, тіл секілді ең негізгі құндылықтар халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі ретінде тіл мәдениетінің ішкі мазмұны мен жалпы болмысында өзара тығыз ұштасып жатыр.
Сөйлеу бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін тәжірибеде іске асырып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.
Сөзді қабылдау мен ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты әрі бір мезгілде жүріп отыратын процестер. Егер де қабылдауға ісер ететін негізгі қасиеттер болмаса сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі - оның мәнерлілігі. Сөйлейтін сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Ал сөздің міндік маңыздылығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезінде эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өз мәнерімен, сазымен айтуы. Ал бұл ұғымдардың барлығы сөйлеу мәдениетінің мазмұнын қамтиды.
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады. Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен: адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер қалай жазылса, солай айтуынан; өз үйлесімін дұрыс құрмауынан; с өздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан; сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың әдістері
Педагогикалық қарым - қатынастағы сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер
ХХІ ғасыр педагогының педагогикалық тактісі және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Болашақ мамандардың қарым - қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтарды пайдалану мәселесі
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары
Педагогикалық шеберлік элементтері
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Пәндер