РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖƏНЕ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖƏНЕ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Аңдатпа
«Алаш» қозғалысы дəуірлік құбылыс болды. Оның қызметі, идеялары, бағдарламалары ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың іргелі негізі еді. «Алаш» - қазақ халқының тарихындағы алғашқы зияткерлік қозғалыс болғанымен сипатталады, өйткені бұл үдеріске ұлт зиялылары мақ сатты бағыт беріп, шешуші роль атқарды. Өзінің деңгейі жағынан «Алаш» қозғалысы ХХғ. басындағы Еуропа мен Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстармен тең келді, кей тұстары асып та түсті, оны жүзеге асыру үшін «Алаш» партиясы, кейіннен Алаш автономиясы құрылды. Рухани ұстанымдарында Ал аш зиялылары қазақ халқының мəдени құндылықтарын негізге алды. Елбасының басты кеңесі өзгеруді, біріншіден, рухани жаңару қажеттігін айтты. Елбасының бағ дарламалық мақаласы, ең алдымен, дүниетанымдық-идеологиялық бағытта жазылған, өйткені ол рационалды түрде ХХІ ғ. Ұлттық санаға анықтама беріп, қоғамдық сананы өзгерту жолдарын көрсетеді. Мақсаты қуатты да жауапты адамдардан тұратын біртұтас Ұлт қалыптастыру.
Түйін сөздер: Алаш, зиялылар, рухани мəдениет, жаңғыру, ұлт.
Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарыққа шыққанына да біраз болды. Елбасы ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын тізбектеп көрсетті. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дəстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты рып, əрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім мен бет алуын айқындап берді. «Біз əркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кəсіби біліктілігіне қарап бағаланатын
меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бəрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым - бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мəдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі - алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», - деген сөздері руханиятты қайта түлетуді көздегені түсінікті [1] . Мағжан «Алтын хакім Абайға» деп өлең жазғанда, ол қазақ халқының ойлау менталитетінен, оның барша жұртқа түсінікті болғаны үшін алған. Ел аузында хакім деп ақыл-ойы дара адамды айтқан. Қазақтар Ұлықпан хакім, Платон хакім, Аристотель хакімдерді білген. Абай хакім деген
ұғымды тереңдете түскен. Мысалы, Абай отыз сегізінші сөзінде «хакім дегендер əрбір істің себебін іздеушілер» дей отыра, «Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді. Фиғыл пенденің қазығы - осы жақсы хакимдер, əр нəрсе дүниеде солардың истихражы бірлəн рауаж табады. Бұлардың ісінің көбі - дүние ісі, лəкин осы хакимдердің жасаған, таратқан уа айтқан істері əддүния мəзрəгəтул - ахирет дегендей, ахиретке егіндік болатын дүние сол. Əр ғалым хаким емес, əрбір хаким - ғалым», - деген [2, 148 б. ] . Сократты хакім деп атаған. Сонда Абай хакімге жоғары мəртебе берген. Мағжан Абайды сөз қисынына қарай хакім деген. Абайдың өзі:
. . . Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы . . .
Абай хакімге анықтама жасаған, оның мəнін қарастырған. Абай былай деген: бұл дүниеде біз үш түрлі адамдардың соңынан ереміз, олар: əулиелер, пайғамбар жəне хакімдер. Абай осылардың əрқайсысына тоқталады. Əулиелер елден безіп, оңаша өмір сүріп, Алланың дидарына ғашық болып, дүниенің қызығын тəркі етушілер. Абай бұл жолды құптамайды. Əулиелікке сын айтады. Алласы пендесіне нəпсі береді, оған ерік береді. Үйлен, бала өсір, мал бақ деді. Əулие болса бұған қарсы, өзінің алласы берген нəпсіні тиюшы. Хакім Абай сияқтылар болмаса, дүние ойран болады. Онда біз жақсы мен жаманды, керек пен керексізді ажыратудан қаламыз. Абай айтқандай əділеттіліктен, адамшылықтан ада боламыз. Періште мен шайтанды тани алмай шатасамыз. Абай хакімді бір дін шеңберінде алмайды, ол адамзатқа ортақ тұлға болғандықтан, оның қай дінде болғаны шешуші мəселе емес. Сондықтан біз Абайды бір дін шеңберінен асқан Сократ, Платон сияқты бүкіл адамзатқа ортақ хакім деуге толық негіз бар [3, 119 б. ] . Абайдың хакімдігіне бас иген Ахмет Байтұрсынов жоғарыда аталған мақаласында былай дейді: «Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып, жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар, құдды осының мағынасы не деп сұрағандары бар . . . сондай түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау», - деп «Көк тұман алдындағы келер заман», - деп басталатын 8 шумақты өлеңді толық келтірген:
. . . Ақыл мен жан - мен өзім, тəн - менікі
«Менің мен «менікінің» мағынасы екі
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ əуел бастан,
«Менікі» өлсе, өлсін, оған бекі
. . .
Бұл өлеңді Абай 1897 жылы жазған, ал «мен», «менікі» деген мəселе 1895 жылы жазған өлеңінде бар:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
«Мені» мен «менікінің»» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес . . .
Ешқандай ойшыл бұл мəселелердің мəніне жетпеген. Абай ұғымында өмір мен өлім арасында ешқандай қарама-қарсылық жоқ. Егер адам табиғат сияқты өлсе, онда өмірдің мəні неде? Адам мəңгі болған соң адам туралы шындық бар. Абай ұғымында адам ғұмырынсыз болмыс мəнсіз. Ғұмыр - хақиқат. Алла тағала - адам өмірінің өмір сүру кеңістігі. Ол - алғашқы себеп, ол - идея, ол - мүмкіндік. Мүмкіндікті шындыққа адам хакім арқылы айналдыруы керек. Ол үшін мал мен жан аямайтын жол бар. Ол - ғылым жолы, хакімдік жолы дейді Абай. Абай хакімдігінің тағы бір қыры, оның адамшылығында. Қазақ тілінде адамгершілік деген түсінік бар, Абайда бұл түсінік жоқ, Абай адамшылық туралы айтады [3, 124 б. ] . Хакім Абай адамшылықты
Ғамалус салих (ізгі іс) принципінде шешкен. Бұл мəнде Абайдың адамшылығы (гуманизмі) мен мұсылмандығы сəйкес келеді. Абай пайғамбарымыздың хадис-шарифіне сүйенген, онда мынандай ой бар: «адамның жақсысы адамға жақсылық жасаған адам». Бұл мұсылмандықтың принципі. Сондықтан да Абай гуманизмі оның мұсылмандық туралы ойларымен мəндес келуі мəнді [3, 124 б. ] . Екінші жағынан, Абай адам еркін шектемеген. Абай ұғымында алла жаратушы ғана, жарылқаушы емес. Адам өзін-өзі жарылқауға міндетті. Ол үшін қарекет керек. Сондықтан Абай 38-қара сөзінде «ғұмырдың өзі хақиқат» деген пікірге келген. Ғұмыр - хақиқат. Алла тағала - адам ғұмырының өмір
сүру кеңістігі. Ол - алғашқы себеп, ол - идея, ол - мүмкіндік. Мүмкіндікті шындыққа адам хакім арқылы айналдыруы керек. Ол үшін мал мен жан аямайтын жол бар. Ол - ғылым жолы, хакімдік жолы, - дейді Абай. Абай хакім болғандықтан, өзі айтқандай, ол əр нəрсенің себебін іздейді. Абай ұғымында алла адамға дейінгі бір ақиқат. Сонда адам ақылымен өзіне дейінгі ақиқатты тани ала ма деген мəселеге келгенде былай түсіндіреді: «Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі бірлəн өлшеусізді білуге болмайды» [3, 127 б. ] .
Қазақ зиялыларының арасынан халық арасында ұлттық идеяны насихаттап, жариялап жүрген Қошмұхамбет Кеменгеров жəне Жүсіпбек Аймауытовтар болды. Омбы қаласында қазақ жастар қоғамының орталығы «Бірлік» ұйымы болды. Сонымен қтар бұл ұйымның «Бірлік туы» атты баспа газеті болды. 1918 жылы 5-13 мамыр аралығында Омбы қаласында қазақ жастарының алғашқы съезін осы «Бірлік» жастар ұйымы ұйымдастырды. Орталық Кеңестің құрамында 8 адам мүше болған. Соның ішінде Қ. Кеменгеров те болған. Газет бетінде «Қазақ жастары» атты мақала шықты. Жастардың келесі съезіне үміткерлерді дайындау жолға қойылды. Семей жəне Ақмола облыстарының зиялы жастар арасында əсіресе Қ. Кеменгеров пен Ж. Аймауытовтар болды. Олар халық арасында мəдени-ағартушылық, шығармашылық жəне ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізе отырып, халықтың көңілінен шығып отырды. Тағы да Елбасының пайымдамасына назар аударайық: «Егер жиырмасынша ғасырдың тарихына зер салатын болсақ, оның алғашқы отыз жылында-ақ қазақ зиялыларының аса көрнекті қайраткерлерінің тұлғасының үлгергенін байқаймыз. Сол айтулы есімдердің білімдарлық һəм азаматтық тəлімдері кейде көріне бермейтін арналар да бар. Оның бағасын ұрпақтары, бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс. ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, əрі ең алдымен дəстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кəнігі түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған» [4, 156 б. ] .
Абайдан бастап Алаш зиялылары өздерінің рухани ұстанымында рушылдыққа, трайбализмге қарсы болды. Қазақтың бойындағы рушылдыққа бөлінетін қасиетті жақтаған жоқ. Əрине, əркім өзінің тегін білген жақсы. Оны ешкім жоққа шығармайды. Ал өз руластарын жинап, түрлі əрекеттер жасау, руластарын ғана тарту бұл жат қылық. Қазақ ұлты болса, сол ұлттық деңгейде, ұлттық шеңберде игі істер жасауды ойлаған жөн. Руға бөлінуді кезінде Ресей отаршылары да жақсы зерттеп, қазақтың осал жерінен ұстағаны белгілі. Ру-тайпалық бөлініс ұлтқа дейін болады. Біз ұлт дəрежесіне толыққанды жетуіміз керек. Бұл ұлттық сана-сезім жоқ деген сөз емес. Ұлттық сана-сезімнің оянуы негізінде түркі халықтарының тұтастануы жүзеге асты. 1905-1907 жж. Ресей мұсылмандарының І-ІІІ съездері шақырылып, «Мұсылмандар одағы құрылды». Төралқасына Шəймерден Қосшығұлов мүше болды. Мемлекеттің Дума құрамында мұсылман парламент фракциясы қалыптасып, 1905 жылдан мұсылман басылымдарында, орыс оппозициялық баспасөзінде қазақ авторларының саяси мақалалары басылып тұрды.
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Ресейдегі ұлы дүбір оқиғалардан сол кездегі отарлық жағдай да болған қазақ елі де сырт қалған жоқ. Ұлттық өрлеу мен азаматтық белсенділіктің өсуіне əсерін тигізген азаматтар қатарына Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ағартушы Биахмет Сəрсеновты жатқызамыз. Өзінің саналы, қысқа ғұмырын қазақ ұлтының бостандығы мен тəуелсіздігі жолындағы қызметке бағыттыған үш жүзге ортақ ұлт зиялысы Биахмет 1885 ж. Семей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысында дəулетті отбасында дүниеге келген. Биахметтің əкесі Сəрсенұлы Шегеден екі əйелінен сегіз ұл, жеті қыз көрген. Сегіз ұл ішінде Жанахмет, Биахмет, Халел, Дəлел ерекше білімімен ерекшелінген. Ал Биахметке келсе, əкесі ауыл мұғалімінен қазақша да, орысша да оқытып, сауатын ашқан аса зерек Биахмет 1905 ж. Семейдегі мұғалімдер семинариясының даярлық бөліміне түсіп, 1909 ж. семинарияның толық курсын өзімен сабақтас 19 еуропалық шəкірттер арасында жалғыз қазақ бала отырып, үздік үлгеріммен бітірп шығады. Бітіре салысымен туған еліне бала оқытуға аттанады. Семинарияны бітіргеннен кейін 5 жыл педагогтық қызметте болдым деген бір деректерде.
1915-1916 жж. ол Сұлтанмахмұтпен таныс болатын, ол Сұлтанмахмұттың Троицкіден Семейге келген кезеңімен тікелей байланысты. 1915 ж. Сұлтанмахмұт Семейге Алтайдан арнайы өзі ашқан Шыңғыстаудағы мектебіне мұғалім іздеп келген Əбдікəрім болыспен танысады, оның ұсынысын қабыл алады. Сұлтанмахмұт бір қыс бойы Шыңғыстауда бала оқытады. Ал 1916 ж. жаз шыға бұл
Əбдікəрім болыстан белгілі бір себептермен көңілі қалып, Зайсан уезінің Терісайрық болысына өтеді. Осы жерде бала оықтады. Бүкіл қазақ зиялы қауымы А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев болып еркелете силаған Бияш атандырған. Бияхмет Сəрсенов 1921 ж. 17 шілдеде Орынборда оба дертіне шалдығып қайтыс болады [5, 74 б. ] . Халқымыздың ұлы перзенті Бияхмет Сəрсенов ағартушылығымен жəне адал істерімен отандық тарихқа аты енген тұлға деп бағалаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz