ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ БАРЫСЫ

Аңдатпа
Мақалада Шығыс Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырусаясатының барысы, олқылықтардың өрбуі, кулактар мен байларды тəркілеу науқаны жəне оның салдары жайлы баяндалады. Сонымен қатар, автор көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға жəне ұжымдастыра отырып, тоталитарлық өкімет өзінің ең басты мақсаты-өндіріс құралдарына меншікті мемлекетке озбырлықпен бермеу жеке меншікті жоюға жеткендігін дəйектеп, өктем саясаттың аймақтық ерекшелігін талдайды. Жаппай ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясаты өндірісті ұйымдастыру принциптеріне түбегейлі өзгерістер енгізе алмады.
Түйін сөздер: əкімшіл-əміршіл жүйе, кулак, бай, тəркілеу, ұжымдастыру, тоталитарлық режим, отырықшыландыру
Кеңес қоғамындағы 1920-1930 жылдары қалыптасқан тоталитарлық режимнің жүйесінің қызметі, халықты қиындықтарға əкелу арқылы іске асырылды. Бұл ауыл шаруашылығын ұжымдық негізде қайта құрудан көрінеді. Əкімшіл-əміршіл жүйе, ұжымдастыруда ауыл шаруашылығының
экономикалық заңдылықтарына жатпайтын əрекеттер жасады. Адамдармен санаспастан, қандай мəселеде болмасын, істі мерізіміне бұрын орындау көзделді. Шаруаларды жаппай ұжымшарларға біріктіруде қарсылық білдірген жағдайда, жазалау орын алды. 1928 жылғы 27 тамыздағы Бай шаруаларды тəркілеу туралы қаулыға орай, ұжымдастырудың төтенше сипаты, кулактар мен байларды жоюдың өрістеген шараларынан көрінді. Ауқатты жəне орта шаруаларда кулакқа жатқызылып, жер аударуға жіберілді. Малды тəркілеу, астық дайындау, салық салу, ауыл шаруашылық
өнімдерін дайындау барысында, отырықшыландыруда күштеу саясаты жүргізілді [1]. 1930 жылы 19 ақпанда Қазақстанүкіметі Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын қайта құруды нығайту жəне кулактармен күресу жөнінде қаулысын, жергілікті басшы орындармен белсенділер, кулактар мен байларды тап ретінде жою науқаны асыра орындалды. Орталық Атқару Комитетінің 1929 жылғы Көшпелі халықты отырықшыландыру туралы қаулысына орай, бытырап жатқан ауылдарды біріктіріп, Мойынсерік деп аталған ұсақ шаруашылықтарды күшпен шаруашылық артеліне біріктіру жедел қарқынмен басталды. 1929 жылдың күзінде, жаппай ұжымдастыру саясатына негізгі кедергі ауқатты шаруалардеп жариялап, кеңес мемлекетінің тап жауы ретінде кулак деп түбірімен жою мақсатымен, оларға астық салығын күштеп салып, қысымға алады.
Шығыс Қазақстандағы ұжымдастыру шараларының орындалуы барысында 1929 жылдың 7 қазанында Өскемен ауданында 640 шаруашылық ұжымдастырылды, бұл барлық шаруа шаруашылығының 5 % еді [2].
Жаппай ұжымдастыруға аудандағы жеті селолық кеңестен 1641 шаруашылық енгізілді [3]. Өскемен ауданындағы 1929 жылғы мал басының саны 42226 болса, 1930 жылы 30764 бас болып, ұжымдастыру барысында 11462 азайған [4]. Күштеп қысым жасау мен дөрекі озбырлыққа қарсы, халық ашықтан- ашық наразылық көрсетті, ол шаруалардың қарулы қимылына ұласты. Мұндай наразылық білдіру 1930 жылдың ақпан-мамыр айларында Зырян, Бұқтырма, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катон-Қарағай аудандарында да болды [5]. Өскемен ауданының кеңестерінде 1930 жылғы 25 мамырда ұжымдастыру деңгейі 63%-ға жетті. 1931 жылыауданнан 81 отбасының шаруашылығы тəркіленіп, кулак шаруашылығы деп танылған [6]. Зайсан ауданының тұрғыны Т.Өкісханұлының: Қара Ертіс бойында ашаршылық салдарынан, əке-шешелеріне ісік бұрын жүріп, жас балалардың ыңырсып жатқандарын көрдік, сол 1932-1933 жылдардың қысында есіктері ашылмай, қатып қалған жандардың өліктерін қар кетіп, күн жылынғанда жерледік - деген сөздерінен, қазақ халқына ұжымдастыру саясатының ауыр азабы елдің көпшілігінің елімен жерінен безіп, малынан айырылып, талғажаусыз қалып, мыңдап қырылғанын көрсетеді [9].
Елдің басқа аудандарындағы сияқты, Зайсан халқы да 1930 жылдары 37 ұжымшарғабіріктірілді. Мал шаруашылығы жемшөп базасы болмағандықтан, өлім-жітікке, түрлі індеттерге шалдығып, ауданда 1932-1933 жылдары үлкен ашаршылыққа əкеп соқты. Бай мен кулактарды тəркілеудің салдарынан, олар шетелдерге қоныс аударды, азын-аулақ малдарын өздерімен əкетті [10]. Катон-Қарағай ауданында ұжымдастыру 1928 жылы 1 наурызда басталып, қазанға дейін 22 ұжымдық шаруашылық құрылды. Онда 2105 бас,мал əртүрлі түліктер болған. 1929 жылдың соңында ауданда құрылған ұжымдық шаруашылықтардың 37-ге жетті. Жалпы ауданда 476 шаруашылық ұжымдастырылып, оған 2325 адам енді. 1929-1930 жылдары аудан ұжымшарларының 13113 га егіс, 5271 марал болған. Ауыл шаруашылығы артельдерінде 800, жеке шаруашылықтарда 3220; жылқы 4193, мүйізді ірі қара 37507, ешкі мен қой 22626, шошқа 2587; мұнда атап өтер жай, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, аудандағы мал саны15%-ға кеміп кеткен. 1930 жылдардың орта шенінде, Катон-Қарағай ауданында ұжымдастыру аяқталды. Аудан өңіріндегі 5907 отбасының 3650-і ұжымшарға кірді [11]. 1932 жылы Катон-Қарағай ауданының территориясынан шеткері жерлерге кулак бай шаруашылықтары ретінде, 263 адам сайлау құқығынан айырылып, шеткері аймақтарға жер аударылды [13]. Аса қорқынышты болмағанымен, Зырян өңірінде аштық шарпып өтті. Быково деревнясының 243 адамы Зырян атқару комитетіне 1930 жылы 5 мамырда кейбір отбасыларының бет-ауыздары ісіп, төсектерінен тұра алмай қалғандарын, жейтін бір түйір нан жоқ екенін жазған. Ауданда 1930 жылы тап жауы ретінде 1589 шаруашылық кулак шаруашылығы ретінде танылып, бар мүлкі тəркіленді [14].Мал даярлау науқанында да, асыра сілтеушілік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz