Ономастикалық атаулар жаңа қазақ әліпбиі кеңістігінде проблематикалық мәселелері және шешу жолдары


Ономастикалық атаулар жаңа қазақ әліпбиі кеңістігінде: проблематикалық мәселелері және шешу жолдары
ХХІ ғасыр. Жаһандану. Ақпараттық технологиялар мен интернет ғасыры. Әлемдік нарықтың көшінде жүру - заман талабы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы өте өзекті әлемдік мораль мәселелерін қозғайды. Осы бастама тіл, әдебиет, мәдениет саласында жүрген барша аңыздар мен абыздардың айызын қандырды.
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы, Бәсекелік қабілет, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы,
секілді тың тақырыптарды қозғайды. Осы өзекті мәселелерді қолға алып, берілген міндеттерді нәтижелі әрі сапалы орындайтын болсақ рухани қаңғыратын емес, жаңғыратын жаңа сатыға көтерілеріміз анық. Ғылыми сауатты кадрлар дайындау - жоспарлы базаның фундаменті болуы тиіс. Аталып кеткен міндеттерді тиянақты атқарсақ, руханияттың, ал түптеп келгенде қазақ руханиятының мемлекеттер арасында көшбасшы әрі доминант бола алатын сатыға көтерілуі әбден мүмкін. Сол міндеттердің бірі 2025 жылға дейтін етек-жеңімізді жиятын өте ауқымды әрі проблематикалық мәселе болып отырған - «қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі».
Қазақ әліпбиінің тамыры тереңде жатыр. Тарихтан оқып келгеніміздей «Орхон - Енисей» руникалық жазуы түркілердің алғашқы әліпбиі саналады. Бұл әліпбидің ғұмыры ұзақ болып ерте орта ғасырларға дейін өз күшін жоғалтпай, ресми әліпби ретінде Алтын Орда дәуірінде де кең қолданысқа ие болды. 1929 жылға дейін қазақтар араб әліпбиін қолданысқа енгізді. Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Түркия, Германия, АҚШ, т. б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.
Ахмет Байтұрсынұлы араб графикасына негізделген «төте жазуды» ұсынар алдында міндетті түрде қазақ фонетикасының әуезділігін сақтауды алғы орынға қойған. Демек араб тілінен енген сөздер арабша дыбысталған емес. Қазақи икемделіп айтылған. Ешбір араб тілінен енген сөз арабша дыбысталып, я болмаса арабша айтылмайды. Бұны ұлы Ахмет атамыздың қазақ тіл біліміндегі өлшеусіз еңбегі деп білеміз. Кирилл жазуы енгенде де фонетикалық әуезділікті сақтауымыз керек еді. Алайда кейбір тарихи-лингвистикалық фактор бұндай қажеттіліктерді өтеп бере алмады. Ал жарлық болып шыққан соңғы әліпбиіміз осындай әуезділіктерді сақтай ала ма?! Бұл тек лингвисттерді толғандыратын мәселе емес. Жазып, сызатын халық, қоғам болғандықтан бұл мәселеге тіл мамандары аса толғаныспен қарауы міндетті.
Латын әліпбиі бізге не береді? Болашағы қандай дейтін сұрақтарға лингвист-ғалымдар бірнеше тұжырымдарды ұсынады:
1. әлемдік ақпарат кеңістігіне еркін енуге болады. Жалпы латын әліпбиін дүние жүзі бойынша 60%-ға жуық мемлекет қолданады. (
суретке қараңыз: жасыл түспен белгіленген-латын әліпбиін қолданатын ұлт-ұлыстар
) Демек дүниежүзілік аренаға шығуға әліпбидің де тигізер әсері зор.
2. бүгінгідей әлемдік қайта жаңғыру, сандық жүйеге көшу кезеңінде еліміздің ғаламдық коммуникацияға еркін енуін толық қамтамасыз етеді.
3. тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезіңіде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.
Мәселен қазіргі танымал Әнел есімін Анэля, Анэль, Анэличка, Нэля, Эля деп атап жүр. Бұл, әрине, қазақ тілінің дыбысталу заңдылығына сай емес. Латын графикасына негіздеп жазар болсақ: Аnel ~ Анел, кириллдегі жіңішкелік белгісі мен жуан дыбысталатын «е» дыбысы жоқ, . Демек Э сынды дыбыстарды қосып айтуға ешбір негіз жоқ. Келе-келе Анелдің де Әнел болып кетуі кепілді. Дәл сол сияқты Данэлия дұрысы Дәнел, Дария дұрысы дәрия, Жанэля дұрысы Жанел т. б тілімізді сындырып айтып жүрген есімдердің көші түзелер деген үлкен үміттеміз. Демек, латын әліпбиіне көшу кирилл һаріптерін латынға ауыстыра салу емес, бұл әліпбидің емес ұлттың рухани жаңғыруы. Ал рухани жаңғыру дегеніміз - ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты - ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. Демек, әліпбидің көш басында ұлттық когнитция, идеология ескерілуі қажет.
Келесі мәселе, диграф болып енген таңбалар.
sh-ш, ch-ч. Жаңа әліпби қабылданғаннан бастап жазушы Қазыбек Иса әлеуметтік парақшада Асхат пен Исхақ дейтін антропонимдерді қалай жазамыз деп қиналған еді. Жалпы Х дейтін дыбыс араб-парсы тілдерінде молынан кездеседі. Бұны сонау ХХ ғаырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы тұжырымдап кеткен. Ол терминдерді қазақ тілінің ішкі мүмкіндігі арқылы жасау жағына ерекше көңіл бөлген (бастауыш, баяндауыш, басқарма т. б. ) . Өкінішке орай, А. Байтұрсыновтың идеяларын 1937-1938 жылдардағы кеңестік идеология ешбір пікірін қолдамай сұрқия саясатын орнатты. 1990 жылдарға дейін орыстандыру саясаты толық үстемдік құрып келді. Ғалым басқа тілден енген сөздер тіліміздің табиғатына, айтылу сазына кері әсер ететінін, ана тіліміздегі сөзіміз шұбарланып, әуені бұзылатынын айтып, сондықтан басқа тілдің сөзін өз тіліміздің дыбыстық ерекшелігімен айту керектігін ескерткен еді. Мысалы: орыста «һ»дыбысы жоқ, сондықтан оны олар «г» дыбысымен айтады. Өз тіліміздің табиғатына назар аударған жөн. Осы орайда ғалым: «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалыды»деп тұжырымдаған еді.
Ғалым өзінің құрастырған алфавитіне «х, Һ» дыбыстарын енгізбеген. Себебі «һ» дыбысын одағай сөздерде ғана (аһ, уһілеу) кездеседі деген. «Бұл әріпті қазақ әліппесінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарып едік. Аз болғанмен тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетіні көрінеді», - дейді. [1 . 88] ; Ал «х» дыбысы араб, парсы сөздер арқылы еніп, қазақтың өз сөздері болып кеткен (адал - халал, арам - харам), сондықтан оны сақтау керек дейді. [2. 385] . Қазіргі жазуымызда «х» дыбысының фонемалық қасиеті жөнінде бірізділік жоқ (хабар-қабар, қош-хош) . Әуелде біз «Х» келіп жүрген сөздердің барлығын «қ» мен дыбысталғанын да ескеруіміз қажет. «Қан емессің қасқырсың, қас албасты басқырсың» деп Махамбеттің де жырлап кеткені тарихи факті. А. Байтұрсынов «х, һ, ц, ч, в, ф, щ» дыбыстарды қазақ тілінің сингормофонемалар құрамына ендірмеген, оларға арнайы таңба арналмаса да, қосымша әріптермен қалай жазу жолдарын көрсеткен: [1. 30] . Сол себепті бұл проблеманың шешу жолын:
Асхат ~ Ashat деп емес Asqat деп жазғанымыз, Әуесханды - Әуесқан деп айтқанымыз Исхақ есімін ИСХАҚ демей-ақ Ысқақ деуді жөн көріп отырмыз.
Ұлттық картографиялық фонттан шыққан Қазақстанның бүкіл топонимдік атауларының сөздігінде «сх» дыбыстарының тіркесіндегі жиілік 0, 01 пайызды ғана құрайтынына көзімізді жеткізіп, жиілігін анықтадық. Дәлірек айтар болсақ, ол орыс тілінен енген схема, Восход, схоластика сөздерін ғана қамтып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарын да қарастыру қажет. Ертең бала мектепте бұл терминдерді қалай оқитыны және жазатыны бізді толғандырмай қоймайды.
2-мәселе: Жарнамадағы латын қаріптерімен келген жалқы есімдердің қателіктері. «Dostyk plaza», (Достык плаза), «Baursak city», (Баұрсак сити) т. с. с жазулардың көш түзеуін қолға алып, жарнама тіліндегі заңдарда кеткен қателіктерге өзгеріс енгізу жайын да ескеруін қалап отырмыз.
3-мәселе: әр түрлі дыбыстарға бір таңбаны желеу еткен қонақ: І мен Іі, и мен і дыбыстары жайлы.
ИГІЛІК АУЫЛЫ, , ІСТІК МЕКЕНІ
сөздердің
IGILIK, ISTIK
деп бір әріпті екі рет қайталап жазамыз ба? Байқұлов Бауыржан Берікұлы, ақын: "Түркия да
"Қ"
-ны жоғалтпаймыз деген! Қазiр
"Қ"
-ларын ұмытқан!
"К"
деп қана сөйлейдi.
"Каймак"
деген сөзiн
"Қаймақ"
десең
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz