E-LEARNING -ДЕ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ



КІРІСПЕ
Соңғы он жыл Интернеттің және адамдар арасындағы қатынасудың жаңа
әдісінің қарқынды дамумен белгілі болды. Бұл құбылыстың басқы жағында World
Wide Web (WWW) тұрады. Күнделікті бұл коммуникациялық ортада мыңдаған
сайттар ашылады және адамдарға әртүрлі жаңа қызмет көрсетулер түрлері
ұсынылады. Нарықтың қарқынды дамуымен жаңа технологияларға және оны
жасаушыларға үлкен сұраныс пайда болды.
Интернеттің дамуы оқу-білім саласына қатты әсерін тигізді. Соның
ішінде қашықтан оқыту әдістемесі жаңа даму алды, себебі желі арқылы тек
ақпаратты ғана беріп қоюмен қатар бірін бірі көре алмайтын сұхбаттасушылар
арасында тірі қарым-қатынасты ұйымдастыруға болады, және де адамның оқуын
қамтамасыз етуге болады.
Сайтта қолданушылар үйренетін және көшіріп алуға болатын
әртүрлі мәтіндік, графикалық, аудио және видео оқу материалдары болады.
Сонымен қатар оқушылар алған білімдерін тексеруге арналған әртүрлі
интерактивті тесттер болады. Қашықтан оқыту бағдарламасының барлық қажетті
материалдары оқушыға тез әрі толық жетеді. Қашықтан оқу жұмысының негізіне
клиент-сервер технологиясы жатады. Клиент-сервер технологиясы - арнайы
бағдарламалық қамтама орнатылған екі компьютер арасындағы қарым - қатынас
технологиясы. Қарым қатынасқа қатысушның біреуі (клиент-бағдарлама)
басқасынан (серверден) қандайда бір қызмет сұрайды деп жорамалданады.
Желіде ақпаратты беру және өңдеу үрдісінде екі компьютер қатысады- сұраушы
(клиент) және сұраныс бойынша мәліметтерді беруші (сервер), бұл жағдайда
екі бағдарлама жұмыс істейді- клиент - бағдарламасы және сервер-
бағдарламасы.
Қашықтан оқытуды жасауда әртүрлі бағдарламалар қолданылады. Бұл жобада
РНР тілі, HTML гипермәтіндік тілі қолданылған. РНР – бұл жасаушыларға тез
әрі тиімді түрде Web-қосымшаларын құруға мүмкіндік беретін, сервер жақта
жұмыс істейтін Web-тің енгізілген сценарилер тілі. Бағалы
мүмкіндіктерінің ішіне - тұрақты мәндерді қолдау, массивтермен жұмыс
істеудің қуатты құралдары, объектке-бағытталған әдістемелер және мәліметтер
базасымен жұмысты кең қолдау кіреді. РНР сонымен қатар JavaScript, WML
(Wireless Markup Language) және басқа да пайдалы тілдермен қатар
қолданылатын, динамикалық құрылымдарды жасау және басқару үшін қолданылатын
бағалы құрал болып табылады. Жүздеген стандартты функцияларының арқасында
РНР, жасаушының ойына келуі мүмкін кез-келген тапсырманы шеше алады.

1 E-LEARNING ҚҰРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ

E-learning қашықтан оқытудың маңызды кезеңі болып табылады. " E-
learning " термині кең көлемдегі қолданысқа ие болғанына қарамастан,
әртүрлі авторлар оған әртүрлі мағына береді. Кең таралған E-learning-ге
көзқарас бұл, оқулық бағытын немесе оның үлкен бөлімін және көбінесе өз
ішінде кәдімгі оқулықтың, анықтаманың, есептер жинағының және зертханалыық
жаттықтыру сабағының қасиеттерін біріктіретін бағдарламалық-әдістемелік
кешен болып табылады. Ол балама емес, ал оқытудың дәстүрлі түрлеріне
қосымша, және студенттің кітаптармен, конспектілермен, есептер жинағымен
және жаттығулармен және т.с.с. жұмысын ауыстыра алмайды. Бұл электрондық
дәрісші кітаптың немесе оқу құралының барлық жетістіктерін тек қана
сақтауға арналмаған және де компьютер арқылы жүзеге асырылатын толық
мөлшерде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, мультимедийлік
мүмкіндіктерді қолдануға арналған. Бұл мүмкіндіктерге келесілер жатады:
− физикалық, химиялық және т.с.с. үрдістерді динамикте көрсету,
тікелей бақылауға қол жетпейтін объекттердің және үрдістердің көрнекті
көрсетімі (микромирдегі үрдістер, ғарыштық үрдістер, өте аз немесе өте
үлкен сипаттамалық уақыттарына ие үрдістер және т.с.с);
− үрдістерді және объекттерді компьютерлік модельдеуіне қажет, бірігей
немесе қымбат тұратын жабдықтарды, реагенттерді, сонымен бірге адам өміріне
және денсаулығына қауіпті материалдарды өздігінен оқып үйрену үшін қажет
және олардың оқу материалдарына аудио- және бейнесюжеттер, анимациялар ,
оқулық авторының аудиокомментарий енгізілген көрнекті көрсетімі;
− контекстік көмек сөздерін, сілтемелерді (гипертекст) ұйымдастыру;
− нәтижелерін сандық немесе графикалық түрде көрсететін жылдам күрделі
есептеулерді жүргізу;
− жаттығулар және тесттер арқылы студенттің өз білімін жедел тексеру.
E-learning құру үрдісі бір мезгілде оқулық құрылатын пәндік облыс
бойынша және де ақпараттық технологиялар облысы бойынша білімдерді қажет
етеді, сол үшін тәжірибеде көбінесе екі мамандардың – пән-дәрісшінің және
маман-бағдарламашының ынтымақтастығын болжайды. Бұл жұмыстың келесі
негізгі кезеңдерін ұсынуға болады:
− оқулық мәтінінің алғашқы жазылған нұсқасын дайындау (дәріс бағыты
бойынша құралы болғаны ерекше тиімді, ең болмаса ол радикалды түрде
арығарай өзгертіледі.);
− E-learning -нің жеке бөлімдерін өзара байланыстыратын сценария
құру (оқулықтың рационалды құрылымының және материалдарды баяндаудың
мұқият ойластырылған тізбегінің негізінде, мүмкін болатын сілтемелердің
қиылысын ұйымдастыру және т.с.с.), сонымен бірге E-learning оқу үрдісі
кезінде динамикалық пайда болатын немесе мәтінде статикалық
орналастырылатын әртүрлі иллюстрациялардың, аудио- және бейнесюжеттердің
бастапқы сценариесін дайындау;
− компьютерде E-learning құрама бөлімдерін жүзеге асыру;
Ол үшін пән-дәрісшінің ақпараттық технологиялар бойынша кез-келген
білімі төтенше пайдалы болып табылады, бірақ тіпті міндетті емес.
Көбінесе, алғашқы екі кезеңде пәндік облыстағы автор мамандығы және
оның ұстаз және әдістемеші қабілеттілігі үлкен (шешуші) рөл атқарады. Оның
себебі, тек қана E-learning емес, кәдімгі оқу құралын немесе кітапты жазу
үрдісінде авторға өзінің білімінің оқырман немесе оқушы біліміне айналуымен
байланысты байқаулы қиыншылықтарға тап болуға тура келеді. Олардың
кейбіреулеріне тоқталайық.
Білімді трансформациялау үрдісі автор білімдері - мәтін- оқырман
білімдері схемасы бойынша орталанған мәтін арқылы іске асады, және
өкінішке орай, оның барлық сатыларында тұрақты шығындарға жол береді.
Осылайша, оқырмансыз өтетін бірінші кезеңнің өзінде де автормен құрылған
мәтін автордың білімдерін емес, ал тек қана олар туралы анықталған
ақпаратты қамтиды. Оқытудың күндізгі оқу түрінде мамандырылған дәрісші
бұл шығындарды азайтатын көптеген қосымша ресурстарға ие. Дұрыс орнына
қойылған сөйлеу акценттері, ауызша қатынастың артықшылықтары тек қана
оқылатын бөліміндегі ең маңыздысына көңіл бөлуге ғана емес, және де
аудиториямен кері байланысты жедел құруға, материалдарды меңгеру
дәрежесіне байланысты дәрістің жоспарын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл
ретте тыңдарман сұрақтарының және дәрісшінің сұрақтарының, студенттердің
өзара қатынастарының рольдерін бағаламауға болмайды.
Көрсетілген мәселелерді ескере отырып, оқушының E-learning –пен
жұмысын максималды жеңілдету қажет. Әрбір бөлім бойынша оқушы оның
мақсатын және есеп қойылымын ғана анық түсініп қоймай, сонымен бірге
жағдайдың қақтығыстарын, пайда болған мәселелердің мәнін (не үшін бұл
керек? Не үшін бұл ескі аппараттың негізінде ертерек істелмеген? ), тек
содан кейін ғана бұл қақтығыстарды шешетін механизмді сезіну керек.
Оқытушымен кеңестердің көлемі және жеделділігі күндізгі оқыту түріне
қарағанда шектеулі болғандықтан, E-learning-те оқушылардың көбінесе мүмкін
типтік сұрақтары бойынша оқытушы ұсынуларын, арандатушылық сұрақтар,
материалдарды меңгергенін тексеретін тесттер қолданған пайдалы.
E-learning құру кезінде E-learning-нің бөлек бөлімдерін өзара
байланыстыратын сценариді және аудио- және бейнесюжеттердің сценариін
дайындау маңызды кезең болып табылады. Компьютердің қуатты аудио- және
бейне мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін. Пән-дәрісшінің бағдарламалық
қамтамасыздандыру туралы әлсіз білімі кедергі болып табылмайды, алайда тек
қана өзінің пәндік облысында ғана емес, сонымен бірге басқа облыстарда да
бар оқулықтармен және оқытатын бағдарламалармен танысу қажет. Негізгі
мақсат- аудио- және бейне фрагменттеріне, формулаларды, графиктерді,
суреттерді, кестелерді визуалдау әдістеріне, және т.б ерекше назар аудара
отырып қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқып оқып
оқып үйрену. Мұнда маңыздысы- оларды қалай бағдарламалық жүзеге асыру емес,
ал оқушыға білімді беру құралдарының өзі. E-learning-ке енгізу үшін алдыңғы
жұмыстың жоғарыда көрсетілген барлық фрагменттері көп рет жөнделгеннен
кейін, келесі қадам пән-дәрісшінің және ақпараттық технологиялар бойынша
маманның біріккен жұмысы болу керек.

1.1 E-learning  тағайындалуы және қызметі

1.1.1 E-learning  мазмұны және құрылымы

E-learning негізгі мазмұны келесілерден тұру керек:
− тіректі конспекті;
− дәріс конспектісі;
− нақтыланған курс;
− курстың жеке бөлімдеріні тереңдету.
Алғашқы кезеңде жұмыс бірінші екі конспектімен жүргізіледі. Үшіншінің
орынына таңдалған оқулық (қатты көшірме және оған әртүрлі сілтемелер)
қызмет ете алады. Төртіншісі бөлімдер қатарын тереңдетіп
(профессионалдық) оқып үйрену үшін қызмет етеді. Оқулықтың өзі және оның
бөлімдері негізгі материалды баяндаудың алдында міндетті түрде кіріспеден
тұрады. E-learning -де бұдан басқа негізгі мәтіннен сәйкес келетін
сілтемелер қамтамасыз етілетін әдебиеттер тізімі және глоссарий болады.
Кіріспе. Әсіресе осы бөлімде материал мұқият құрылу керек (бөлімнің
және бүкіл курстың құрамы, сонымен қатар олардың арасындағы байланысы
көрсетілу керек). Ол келесілерден тұрады:
− мемлекеттік стандарт бойынша келісілген бағыттың қысқаша
бағдарламасы, бағыттың негізгі есептерінің тізімі және көркемдеуі, оларды
шешудің маңыздылығы және өзектілігі;
− білімдері бағытты меңгеру үшін қажетті базалық пәннің тізімі;
− оқып үйренуі зерттелетін бағыттың білімдеріне негізделген пәндердің
тізімі;
− курстың (бөлімнің) құрылымы, функционалдық және логикалық
байланыстар;
− реті бойынша курсты оқып үйренудің жалпы кепілдемелері (соның
ішінде, тәуелсіз қандай бөлімдер оқуға болады);
− оқу бағдарламасының шеңберінен шығатын, курс есептерінің дамуын және
тереңділігін қайда іздеуге болатын нұсқаулар және мамандықтардың бөлек
топтары үшін курстың қандай бөлімдерін оқып үйрену қажет, түсініктермен
(комментарий) бірге әдебиеттерге сілтемелер;
Негізгі материал. Әрбір бөлімге (тақырыпқа) кіріспе бөлімінен басқа
келесіні енгізген пайдалы:
− есептің қойылымы;
− негізгі мақсаттардың көрсетулері және олардың шешімдерінің
маңыздылығы;
− курстың, бөлімнің әртүрлі жайлары бойынша геометриялық, физикалық
көркемдеулер, мультипликациялар,клиптер;
− аудио фрагменттер;
− шешімінде қолданылатын бөлімдердің және берілген шешімді қолданатын
бөлімдердің тізімі;
− олардың тәжірибелік қолданылуын көрсететін әдістер, тәсілдер,
амалдар;
− мүмкін болатын жерде берілген мақсатты шешудің басқа да әдістерінің
мәні бар;
− берілген нәтижелерді қолданатын көбінесе жиі кездесетін техникалық
қолданбалы бағдарламалар;
− алдыңғы материалдың қажетті білімдеріне сілтемелер.
Әрбір тақырыпта мысалдар мен есептер қатар жүру керек:
− көрнекті баяндалған (толық шешімдерімен);
− өзіндік шешу үшін (нұсқаулармен және жауаптармен) ;
− бақылау шешімдері үшін (кейін бағыттың өткен бөлімдерін қайтадан
оқып үйрену қажеттілігін немесе аттестация туралы шешімді көрсететін);
− бағыттың өткен бөлімдеріне байланысты бақылау сұрақтары.
Мүмкін болатын жерде материалды мәселеге бағытталған түрде баяндау
барынша мадақталады және ұсынылады, онда студент мәселемен, фактпен немесе
құбылыспен дәстүрлі схема (теориялық материал – шешу әдістері – көрнекті
есеп) бойынша емес, ал нақты бір есептің (мысалдың) қойылымы және шешімінің
нәтижесінде танысады.
E-learning үйренуші жұмысының сипаттамасы бойынша соңғысының әрбір
бөлімі келесі бөлімдерді қамту мүмкін:
− теориялық бөлім, оның негізінде ішіне суреттер, кестелер, аудио –
және бейнесюжеттер және т.б. енгізілген гипертекст. Гипертекстке қосымша
ретінде көрнекті компьютерлік модельдер болып табылады , олар объектке
немесе үрдіске олардың әсерін үйрену мақсатымен сол немесе басқа
параметрлерді түрлендіру мүмкіндігімен үйренетін объекттерді немесе
үрдістерді динамикте көрсетеді;
− тәжірибелік бөлім, мұнда минималды түсініктемелер және теориялық
бөлімнің сәйкес бөлімдеріне сілтемелер берумен берілген оқу бағыты бойынша
типтік есептер мен жаттығулардың қадам бойынша шешімдері көрсетілген.
Дәстүрлі зертханалық жұмыстардың аналогы ретінде көрнекті компьютерлік
модельдер ұсынылады (зертханалық тәжірибе дербес бағдарламалық өнімде
бөлінуі мүмкін);
− бақылау бөлімі- бұл теориялық бөлім бойынша сұрақтарды , сонымен
қатар есептерді және жаттығуларды шешуді қамтитын тесттер жинағы (дұрыс
емес жауап кезінде есепті қайтадан шешуге тырысуға ұсыныс беретін көмек
сөздер енгізілуі мүмкін);
− анықтама бөлімі, ол өзінде қамту мүмкін: пәндік нұсқау (іздеу
жүйесі); негізгі тұрақтылардың, өлшемдердің, физико-химиялық қасиеттердің
және т.б. кестелері; негізгі формулалардың мәліметтері; графикалық,
кестелік немесе басқа түрдегі қажетті басқа ақпаратты;
− көмек жүйесі, ол компьютерлік оқулықпен жұмыс жасау ережелерді және
әдістемелік ұсыныстарды қамтиды.
1.1.2 E-learning-нің айрықша ерекшеліктері
Ақпарат жақсы құрылған және өз кезегінде жаңа ұғымдардың шектеулі
санымен курстың аяқталған фрагменттері болып табылу керек. Оқу бағытының
құрылымдық элементтеріне гипертексттері, көрсетімдері, аудио- және
бейнетүсініктері немесе бейнекөрсетімдері бар маңызды тақырыптар сәйкес
келу керек.
Оқулықтың негізгі фрагменттері мәтіндер мен көрсетімдерге қоса
материалды авторлық (немесе дәрісші ) баяндаудың аудио- немесе бейнежазбасы
болу керек.
Мәтіндік ақпарат тірі дәрістердің кейбір бөлімдерін қайталауы
мүмкін. E-learning мәтіннің қажетті фрагменттерін басып шығару мүмкіндігін
қамтамасыз ету керек.
Күрделі модельдерді немесе құрылғыларды ұсынатын көрсетімдер шапшаң
сыбыр сөз (көмек) жүйесімен жабдықталған болу керек, бөлек элементтерді
көрсетудің толықэкрандық өлшеміне дейін үлкейту мүмкіндігі.
E-learning-де көптерезелік интерфейсті қолдану ұсынылады.
Мәтіндік бөлім қажетті ақпаратты іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік
беретін айқасқан сілтемелерден тұру керек , сонымен қатар қуатты іздеу
ортасы және индексі болу керек.
Қосымша бейнеақпарат немесе анимациялық клиптер бағыттың мәтіндік
баяндалуында түсінуге қиын болатын бөлімдерде болу керек.
Аудиоақпарат музыкалық аспаптардың дыбысын үйрену , құстарды ән салуы
бойынша ажырату, ауруларды жүректегі шу бойынша анықтау, ағылшын тілдерін
оқу және т.б. кезінде өзгертілмейтін болып ұсынылады. E-learning бойынша
навигацияның дұрыстығын нұсқау, көмек көрсету үшін дыбыстық сигналдарды
қосу. Ақпаратты есте сақтауға көмектесетін фондық ән қолданылуы мүмкін.
Бүкіл E-learning таңдалған ақпаратты көшіру, оны блокнотта өзгерту
және оқулықтың өзінен шықпай басып шығару мүмкіндігіне ие болу керек.

1.1.3 Негізгі формалары
Кез-келген күрделі жүйелерді құру сияқты E-learning дайындау кезінде
де табыс үшін шешуші болып авторлардың таланты және шеберлігі басты роль
атқарады. Алайда, электронды оқулықтардың тұрақты түрлері бар, яғни оқулық
құрыла алатын конструктивті элементтер.
Тест. Сырттай, бұл E-learning-нің қарапайым түрі. Негізгі қиындықты
құрайтындары сұрақтарды таңдау және қалыптастыру, сонымен қатар сұрақтарға
жауаптардың интерпритациясы. Жақсы тест білімнің объективті суретін,
анықталған пәндік облыста оқырман ие болатын іскерлікті және дағдыларды
алуға мүмкіндік береді. Объективті тесттің нәтижелері білімдердің
шыңдарына оптималды жолды таңдауға мүмкіндік береді.
Энциклопедия. Бұл E-learning –нің базалық түрі. Энциклопедия термині
электрондық оқулықтағы шоғырланған ақпарат толық және білім стандарттарына
қатысы бойынша тіпті артық болу керек екенін білдіреді. Себебі, ол оған
сұраныс жасағандардың әрқайсысын қанағаттандыру керек. Әрине, ақпарат
адекваттық түрде берілу керек. Электрондық энциклопедиялар үшін сәйке
келетін сервис : сілтемелер, бетбелгілер, анимацияларды және дыбыстық
жазуларды қайталау мүмкіндігі, кілттік сөздер бойынша іздеу және т.б.
Есептер жинағы. Есептер жинағы электрондық оқулықта әлдеқайда табиғи
түрде оқытудың қызметін жүзеге асырады. Есептер жинағы гуманитарлық пәндер
бойынша да болуы мүмкін. Электрондық есептер жинағында негізгісі-
мөлшерленген көмек. Оқушы нақты бір мақсатты шешуге қажетті нағыз сол бір
ақпаратты алады. Негізгі қайшылық – барлық теориялық материалды қамтитын
есептерді іріктеп алу. Есептерді іріктеу кезінде оптимизациялық қарама-
қарсы қайшылықты шешуге тура келеді. Бір жағынан, әрбір есеп мөлшерленген
көмек арқылы анықталған теориялық материалды қабылдау үшін ашу немесе
кепілдік беру керек және E-learning арналған әрбір оқырмандар үшін
түсінікті болу керек. Екінші жағынан, есептер саны оқушыны қорқытпау керек
және оны өзінің күшіне деген сенімділігін жоймау керек. Жақсы электрондық
есептер жинағын құру ең жоғарғы мамандандырылған әдістемешілердің ғана
қолдарынан келеді.
Креативтік орта. Қазіргі заманғы электрондық оқулықтар оқырманның
үйренетін объекттерімен және өзара әсерлесетін объекттердің жүйелерінің
модельдерімен творчестволық жұмысын қамтамасыз ету керек. Нағыз
творчестволық жұмыс оқытушымен құрылған жобада оқырманның іскерлік және
дағдылар кешенін құруына және бекітуіне жағдай жасайды. Бағдарламашы
көзқарасы бойынша креативтік орта E-learning –ді құрайтын бөлімдерінің
ішінен әлдеқайда қиындарының бірі болып табылады. Креативтік орта
интерфейсінің қайшылығын шешу өте күрделі. Бұл жерде талант, білім және де
шеберлік керек. Себебі, креативтік ортаның интерфейсін үйрену оқушы мен
оқытушы алдында кездейсоқ пайда болатын қосымша тосқауыл болмау керек.
Авторлық орта. E-learning оқу үрдісіне бейімделген болу керек. Яғни,
нақты бір мектептің, нақты бір сыныптың, нақты бір оқушының ерекшеліктерін
ескеруге мүмкіндік беру керек. Пассивті түрде бұл оқытушыға оқытудың
таңдалған стратегиясымен анықталған қажетті траекторияны қоюға мүмкіндік
беретін оқу материалдардың артықшылығымен қамтамасыз етіледі. Алайда,
тәжірибе творчестволық активті оқытушылардың E-learning оқу материалдарын
өздері қалыптастырғысы келетінін көрсетеді. Ол үшін сәйкес келетін авторлық
орта қажет. Мұндай орта мысалы, электрондық энциклопедияға қосымша
материалдарды қосуды қамтамасыз етеді, есептер жинағын толықтыруға,
үлестіретін материалдарды және пән бойынша әдістемелік құралды дайындауға
мүмкіндік береді. Нақты түрде бұл оның көмегімен E-learning-нің өзі
құрылатын құралға ұқсас. Бірақ, мұндай құрал әдістемешіге және де пән
оқытушысына қол жетерлік болу керек (тек қана ақпараттану оқытушысына ғана
емес ).
Ауызшасыз орта. Дәстүрлі түрде электрондық оқулықтар өзінің табиғаты
бойынша ауызша болып табылады. Олар теорияны мәтіндік немесе графикалық
түрде баяндайды. Бұл өзінің табиғаты бойынша ауызша болып табылатын
полиграфиялық баспаның мұрасы болып табылады. Ақпараттарды баяндаудың
ауызша әдістері анықталған қадамнан кейін оқушыны жүктеуге әкеледі.
Себебі, ол біріншіден, білімнің сөздік кодтау жүйесін меңгеру, білімді
кодталған түрде сипаттайтын ақпаратты есіне қалдыру керек, білімді
декодтап оны біріншіден оқу ,ал кейін нақты қайшылықтарды шешу үшін
қолданып үйрену керек. Осы негізінде білімдер мен дағдылардың ауызша
баяндамаларын меңгеру үшін өте көп күш және уақыт кетеді. Қазіргі заманғы
компьютерлік технологиялар оқырман үшін бұл жұмысты маңызды түрде
жеңілдетуге мүмкіндік береді.

1.2 Технологиялық шешімдер

1.2.1 Клиент-сервер технологиясы

Ереже бойынша ақпараттық жүйенің құрамына кіретін компьютерлер және
бағдарламалар тең құқықтық болып табылмайды. Желідегі бір компьютер
процессорлар, файлдық жүйе, почталық қызмет, басу қызметі, мәліметтер
базасы сияқты ақпараттық-есептеу ресурстарды қамтиды. Ал басқалары оны
пайдаланады. Кез – келген ресурсты басқаратын компьютерді сол ресурстың
сервері, ал онымен қолданғысы келген компьютерді клиент деп аталуы
қабылданған. Нақты сервер өзінің ие болған ресурс түрімен сипатталады.
Яғни, егер ресурс мәліметтер базасы болса, онда тағайындалуы- мәліметтер
базасын өңдеуге байланысты клиенттердің сұраныстарына қызмет көрсету болып
табылатын, мәліметтер базасының сервері туралы айтылады; егер ресурс -
файлдық жүйе болса, онда файлдық сервер немесе файл-сервер туралы айтылады
және т.с.с.
Бұл принцип үрдістердің өзара әсерлесуіне де таралады. Егер олардың
біреуі басқаларға сәйкесінше қызметтер жинағын беру арқылы кейбір
функцияларды атқаратын болса, мұндай үрдіс сервер ретінде қарастырылады.
Осы қызметтерді пайдаланатын үрдістерді клиенттер деп атау қабылданған.
Бүгінгі таңда “клиент-сервер” технологиясы кең қолданыс алуда, алайда
өзінен-өзі ол әмбебап рецепттерді ұсынбайды. Ол тек қазіргі заманғы
таратылған ақпараттық жүйенің қалай ұйымдастырылу керек екенінің жалпы
көрінісін береді. Оның үстіне бұл технологияның нақты бағдарламалық
өнімдерде және де бағдарламалық қамтаманың түрлерінде жүзеге асуы әлдеқайда
ажыратылады.
“Клиент-сервер” технологиясының негізгі принциптерінің бірі әртүрлі
табиғаты бар стандарттық қосымшаның функцияларын үш топқа бөлуге
негізделген. Бірінші топ - бұл мәліметтерді енгізу және көрсету
функциясы. Екінші топ берілген пәндік облысқа сипатталған тек қана
қолданбалы функцияларды біріктіреді. Үшінші топқа мәліметтерді сақтау және
басқару (мәліметтер базасын, файлдық жүйелерді және т.б.) функциялары
жатады. Осыған сәйкес кез келген қосымшада келесі логикалық компоненттер
таңдалады:
− бірінші топтың қызметтерін жүзеге асыратын көрсету компоненті
(presentation);
− екінші топтың қызметтерін қолдайтын қолданбалы компонент (business
application);
− үшінші топтың қызметтерін қолдайтын ақпараттық ресурстарға қатынау
компоненті (resource acces) немесе ресурстар менеджері (Resource manager).
“Клиент-сервер” технологиясының шеңберінде қосымшаларды жүзеге
асыруының айырмашылығы үш фактормен анықталады. Біріншіден, барлық үш
топтың қызметтерін жүзеге асыру үшін қандай механизмдер қолданатындығымен.
Үшіншіден, жүйеде компьютерлер арасында логикалық компоненттер қалай
таратылғандығымен.
Әрқайсысы келесі сәйкес келетін модельдерде жүзеге асатын үш
әдістемелер ерекшеленеді:
− қашықтықтағы мәліметтерге қатынау моделі (Remote Date Access -
RDA);
− мәлеметтер базасы серверінің моделі (DateBase Server - DBS);
− қосымша серверінің моделі (Application Server - AS).
RDA-моделінде көрсетім компонент және қолданбалы компонент кодтары
бірлескен және компьютер-клиентте орындалады. Соңғысы мәліметтерді енгізу
және көрсету функцияларымен бірге таза қолданбалы функцияларды да қолдайды.
Ақпараттық ресурстарға қатынау, ереже бойынша арнайы тілдің операторларымен
(SQL тілі, егер мысалы мәліметтер базасы туралы айтылатын болса) немесе
арнайы кітапхананың функцияларын шақыруымен қамтамасыз етіледі (егер
сәйкес келетін API болса). Ақпараттық ресурстарға сұраныстар қашықтықтағы
компьютерге торап бойынша жіберіледі (мысалы, мәліметтер базасы серверіне).
Соңғысы сұраныстарды өңдейді және орындайды және клиентке мәліметтер блогын
қайтарады (сурет 1.1). “Клиент-сервер” архитектурасы туралы айтқанда,
көбінесе осы модель туралы айтады.

Сурет 1.1 – Қашықтықтағы мәліметтерге қатынау моделі

DBS-моделі (сурет 1.2) компьютер-клиентте орындалатын үрдіс көрсетім
функцияларымен шектеледі, ал қолданбалы функциялар компиляциялянатын
резиденттік процедуралар немесе мәліметтер базасының процедуралары деп
аталатын сақталатын процедураларда жүзеге асырылған (stored procedure)
деген жорамалда құрылады. Олар тікелей мәліметтер базасында сақталады және
мәліметтер базасының компьютер-серверінде орындалады (мұнда мәліметтерге
қатынауды басқаратын компонент, яғни МББЖ қызмет етеді). Сақталатын
процедуралардың механизмі – DBS- моделінің ерекше сипаттамасы- әзірше тек
қана МББЖ- де, онда да бәрінде емес бар болғандықтан ақпараттық ресурстың
түсінігі мәліметтер базасына дейін тарылған.

Сурет 1.2 – Мәліметтер базасы серверінің моделі

Тәжірибеде егер мәліметтер базасының бүтіндігін қолдауды және кейбір
қарапайым қолданбалы функцияларды сақталатын процедуралармен (DBS-модель)
қолдайтын болса аралас модельдер жиі қолданылады, ал әлдеқайда күрделі
функциялар компьютер-клиентте орындалатын (RDA-модель) қолданбалы
бағдарламада тікелей жүзеге асырылады. Бірақ бірден екі моделідің
элементтерін қамтитын мұндай шешімдер олардың арақатынасы туралы біздің
көрсетімді толығымен өзгерте алмайды.
AS – моделінде (сурет 1.3) компьютер-клиентте орындалатын үрдіс
мәліметтерді енгізу және көрсетуге жауап береді (яғни, бірінші топтың
қызметтерін жүзеге асырады). Қолданбалы функциялар қашықтықтағы
компьютерде қызмет ететін үрдістер тобымен (қолданба серверлері)
орындалады. Қолданбалы есептерді шешу үшін қажетті ақпараттық ресурстарға
қатынау RDA-моделіндегідей әдіс бойынша қамтамасыз етіледі. Қолданбалы
компоненнттерден әртүрлі түрдегі ресурстарға қатынау бар- мәліметтер
базасы, индекстелген файлдар, кезектер және т.б. Ереже бойынша, қосымшалар
сервері ресурс менеджері қызмет ететін компьютерде орындалады, бірақ басқа
компьютерлерде де орындалуы мүмкін.

Сурет 1.3 – Қосымшалар сервері моделі

RDA және DBS- модельдері функцияларды бөлудің екізвенолық сұлбасына
тіреледі. RDA- моделінде қолданбалы функциялар бағдарлама-клиентке
берілген, DBS-моделінде олардың орындалуы үшін жауапкершілікті МББЖ ядросы
алады. Бірінші жағдайда қолданбалы компонент көрсетім компонентімен
араласады, екінші жағдайда – ақпараттық ресурстарға қатынау компонентіне
интегралданады. Керісінше, AS-моделінде функцияларды бөлудің үшзвенолық
классикалық сұлбасы жүзеге асырылған, мұнда қолданбалы компонент қолданбалы
бағдарламаның маңызды элементі ретінде белгіленген, оны анықтау үшін
көпесепті операциялық жүйенің әмбебап механизмдері қолданылады және екі
басқа компоненттері бар интерфейстер стандартталған. Бұл ерекшеліктен AS
–модельдер тәжірибелік қызмет үшін маңызы үлкен өздерінің артықшылығын
көрсетеді.

1.2.1.1 RDA-модель

RDA-модельдің негізгі артықшылығы тәжірибелік жазықтықта жатыр.
Бүгінгі таңда SQL –бағдарланған МББЖ-мен жұмыс жасайтын desktop-қолданбалы
бағдарламаларды тез құруды қамтамасыз ететін көптеген құралдар бар. Олардың
көбісі қолданушының MS Windows-та графикалық интерфейсін, ODBC
интерфейсінің стандартын қолдайды, кодтың автоматтық генерациясының
құралдарын қамтиды. Басқаша айтқанда, RDA-моделінің негізгі ерекшелігі
унификациясына және қолданбалы бағдарламаларды құру құралдарының кең
таңдалымына негізделген. Осы төртінші ұрпақтың тілдерінде
(бағдарламалаудың автоматизациялық құралдарын қоса) құру құралдарының
көбісі қолданбалы функциялар және көрсетім функциялары аралас кодтарды
құрайды.

RDA –моделінің шектеулері бар. Біріншіден, клиент және сервердің өзара
байланысын SQL- сұраныстарының негізінде торап жүктейді. Клиенттердің саны
көбейгенде, торап барлық ақпараттық жүйенің тезәрекеттілігін тежейді.
Екіншіден, RDA-моделінде қолданбалы бағдарламаларды қанағаттырылған түрде
басқару мүмкін емес. Егер өздерінің табиғаты бойынша әртүрлі функциялар
(көрсетім функциялары және таза қолданбалы функциялар) 4GL тілінде жазылған
бір бағдарламаның ішінде араласқан болса, онда қолданбалы функцияларды
өзгерту қажет болған кезде бүкіл бағдарламаны түгелімен көшіруге тура келуі
мүмкін.

1.2.1.2 DBS-модель

RDA –модель кең таралғанына қарамастан, әлдеқайда технологиялық DBS-
моделіне орын береді. Соңғысы кейбір реляциондық МББЖ-де жүзеге асырылған
(Ingres, Sybase, Oracle). Оның негізін сақталатын процедуралардың механизмі
– МББЖ ядросының бағдарламалау құралы құрайды. Процедуралар мәліметтер
базасының сөздігінде сақталады, бірнеше клиенттер арасында бөлінеді және
МББЖ ядросы қызмет атқаратын компьютерде жүзеге асады. Сақталатын
процедуралар құрылатын тіл, SQL сұраныстар тілінің кеңейтілуі болып
табылады және әрбір нақты МББЖ –ге бірегей. Сақталатын процедураларға
байланысты SQL тілін стандартизациялау талаптары, әзірше байқалатын
жетістікке әкелген жок. Бұдан басқа, көптеген іске асыруларда процедуралар
интерпритацияланатын болып табылады, бұл олардың орындалуын әлдеқайда
ақырынырақ етеді. Сақталатын процедуралардың механизмі - мәліметтер
базасының белсенді сервердің құрамдас компоненттерінің бірі .

DBS-моделінде қолданбалы бағдарламалар таратылған болып табылады.
Көрсетім компоненті компьютер-клиентте орындалады, бұл кезде қолданбалы
компонент (бизнес-функцияларды жузеге асыратын) сақталатын процедуралардың
жинағы ретінде ресімделген және МБ компьютер-серверінде қызмет атқарады.
DBS-моделінің RDA-моделінен артықшылығы айқын: бұл бизнес- функцияларды
орталықтандырылған басқару мүмкіндігі, торап трафигінің төмендеуі, бірнеше
қолданбалы бағдарламалар арасында процедураларды бөлу және бір рет құрылған
процедураларды орындау жоспарын қолдану арқылы компьютердің ресурстарын
экономдау. Алайда, кемшіліктері де бар.

Біріншіден, сақталатын процедураларды жазу үшін қолданылатын құралдар,
бағдарламалау тілі болып табылмайды. Бұл – көрнекі құралдары және
функционалдық мүмкіндіктері бойынша үшінші ұрпақтың тілдері C және Pascal-
мен салыстыруларға шыдамайтын әртүрлі SQL-дің процедуралық кеңейтулері.
Олар нақты МББЖ-ге енгізілген және әрине, оларды қолдану шеңберлері
шектеулі. Қолданбалы компоненті сақталатын процедуралар көмегімен жүзеге
асырылған жүйе МББЖ-мен салыстырғанда мобильді болып табылмайды. Бұдан
басқа, көп МББЖ-де сақталатын процедураларды сынақтан өткізу және жөндеу
мүмкіндіктері жоқ, бұл соңғысын әлдеқайда қауіпті механизмге айналдырады.

Екіншіден, DBS-моделі есептеу ресурстарын қолданудың қажетті
тиімділігін қамтамасыз етпейді. МББЖ ядорсындағы объективті шектеулер
әзірше оның шеңберінде жүктеудің тиімді балансын, МБ-ның басқа компьютерлер-
серверлеріне процедуралардың миграциясын ұйымдастыруға және басқа да
пайдалы қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. МББЖ құрушылардың
осы мүмкіндіктерді өздерінің жүйелерінде қарастыру талаптары әзірше,
қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Үшіншіден, қолданбалы бағдарламаларды децентрализациялау (қазіргі
заманғы ақпараттық технологиялардың кілттік факторларының бірі) клиент пен
сервердің өзара байланыс нұсқаларының маңызды әртүрлілігін қажет етеді.
Қолданбалы жүйелерді жүзеге асыру кезінде DBS-моделінде қолданылмайтын
кезекті сақтау, асинхрондық шақырулар және т.б. сияқты өзара байланысу
механизмдері қажет болуы мүмкін.

Қазіргі таңда сақталатын процедураларды өздерінің қазіргі жағдайында
бизнес-функцияларды сипаттау және қолданбалы компонентті жүзеге асыру үшін
адекватты механизм болып табылады деп айталмайсын. Оларды шынында да қуатты
құралға айналдыру үшін МББЖ құрушылар олардың ішінде келесі мүмкіндіктерді
жүзеге асыру керек:

− процедуралар тілдерінің көрнекі құралдарының кеңейтілуі;

− сақталатын процедураларды жөндеу және сынақтан өткізу құралдары;

− процедураладың басқа бағдарламалармен қақтығыстарының алдын алу;

Бұл мүмкіндіктер клиент-сервер технологиясының мықты жақтарын көп
деңгейде көрсететін AS-моделінде жүзеге асырылған.

1.2.1.3 AS-модель

Үшзвенолық схемалы AS-моделінде қабылданған негізгі элемент қолданбалы
бағдарлама сервері болып табылады. Оның шеңберінде бірнеше қолданбалы
функциялар жүзеге асырылған, олардың әрқайсысы қызмет көрсету (service)
ретінде жасалған және оларды қолданғысы келетін және қолданыла алатын
барлық бағдарламаларға кейбір қызметтерді көрсетеді. Қолданбалы бағдарлама
серверлері бірнеше болуы мүмкін, және олардың әрқайсысы анықталғын
қызметтер жинағын көрсетеді. Оларды қолданатын кез-келген бағдарлама
қолданбалы бағдарлама клиенті ретінде қарастырылады (Applicaation Client -
AC). Қолданбалы бағдарлама серверінде Қолданбалы функцияларды жүзеге асыру
бөлшектері қолданбалы бағдарлама клиентінен толығымен жасырынды. АС нақты
қызмет көрсетуге сұраныспен қатынас жасайды, бірақ AS-ке емес, яғни
қолданбалы бағдарлама сервері қызмет көрсетуді сипттау үшін шеңбер
ретінде қызмет етеді, бұл жүктеу балансын тиімді басқаруға мүмкіндік
береді. АС-тен келетін сұраныстар AS-үрдісіне кезекке тізіледі, ол оларды
шығарады және өңдеу үшін приориттеріне сәйкес қызмет көрсетулерге жібереді.

Көрсетім компонентіне қарағанда АС әлдеқайда көп айтылады. Ол шекті
қолданушымен интерфейсті қолдайды (онда ол көрсетім компоненті болып
табылады), кейбір құрылғылардан мәліметтердің келуін (мысалы, датчиктердің)
қамтамасыз ете алады, және де өз-өзімен AS бола алады. Соңғысы бірнеше
деңгейлердің AS-рі бар қолданбалы жүйені жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мұндай жүйенің архитектурасы концентрациялық сақиналармен қоршалған ядро
сияқты көрінеді. Ядро ішінде базалық қолданбалы функциялар жүзеге асырылған
қолданбалы бағдарлама серверлерінен тұрады. Сақиналар төменгі деңгейдегі
серверлерге қатынасты клиенттер болып табылатын AS жинағын символизируют.
AS-моделінде серверлер деңгейлерінің саны, жалпы айтқанда шектеусіз.

1.3 Қолданылатын бағдарламалық құралдар

1.3.1 HTML тілінің негіздері

HTML бағдарламалау тілі болып табылмайды, бұл мәтіндік құжаттарды
белгілеу тілі. Онда кәдімгі бағдарламалау тілдерінде сияқты айнымалыларды
процедураларды, класстарды және басқа да атрибуттарды баяндалуы синтксиске
нақты сәйкес келу маңызды емес. Егер де сіз TITLE және BODY сияқты маңызды
элементтерді көрсетпесеңіз, онда браузер сәйкесті мәндерді үндеусіз түрде
қолданады. Егер де сіз синтаксистік қате істесеңіз, оны браузер терезесінен
көріп, оңай табуға және жөндеуге болады. HTML-ді меңгеру үшін екі нәрсе
қажет: Кез-келген браузер, яғни HTML –файлдарды көру үшін қолданылатын
бағдарлама – Internet Explorer немесе Netscape Navigator. Мәтіндік
файлдардың кез-келген редакторы. Windows үшін Notepad толығымен жарайды.
Мәтіндік редакторды HTML –файлдарды дайындау үшін, ал браузерді істелгенді
бақылау құралы ретінде қолданады.
&-тізбектері. "" және "" символдары браузермен HTML-белгілемесі
ретінде қабылданғандықтан, мынандай сұрақ туады: ал бұл символдарды экранда
қалай көрсетуге болады? HTML да бұл &тізбегі көмегімен жасалынады (оларды
тағы да символдық объектілер немесе эскейп-тізбегі деп атайды). Егер
мәтінде < (ағылшын сөзінін бірінші әріптерінен less than азырақ)
тізбегі кездессе, браузер экранда "" символын көрсетеді. "" белгісі >
(ағылшын сөзінін бірінші әріптерінен greater than —көбірек ). "&"
(амперсанд) символы & тізбегімен кодталады. (") екі тырнақшалар "
тізбегімен кодталынады. Еске сақтаныз нүктелі үтір &-тізбектерінің
міндетті элементі. Сонымен қатар, тізбектерді құрайтын барлық әріптер
төменгі регистрде болу керек. " немесе & типті белгілемелерін
қолдануға рұқсат берілмейді. Жалпы айтқанда, &- тізбектемелері ASCII-
кестесінің жарты бөігіндегі (онда әрине орыс әріптері кіреді) барлық
символдары үшін анықталған. Кейбір символдар сегіз биттық мәліметтерді
беруді қамтамасыз етпейді, сондықтан символдарды ASCII-кодтармен 127 ден
жоғары &-тізбектері түрінде беруге болады.
Қаріптерді форматтау. HTML мәтін бөлігін белгілеудің екі әдісін рұқсат
етеді. Бір жағынан, мәтіннің кейбір бөлігіндегі қаріп қою немесе иілген
болу керектігін тікелей көрсетуге болады, яғни мәтіннің физикалық стилін
өзгерту.Бір жағынан, мәтіннің кейбір бөлігін қалыпты логикалық стильден
өзгешелеп белгілеуге болады, осы стиль интерпретациясын браузерге тастау
керек.
Физикалық стильдер. Физикалық стиль деп ағымдағы қаріп модификациясын
браузерге тікелей көрсету деп түсінуге болады. Мысалы, B және B
белгілемелері арасындағылар, қою қаріппен жазылады. I және I
арасындағылар иілген қаріппен жазылады. TT және TT белгілемелері
ерекше, себебі бұлардың арасындағы мәтін жазба машинасымен жазылған қаріпке
ұқсайды
Логикалық стильдер. Логикалық стильдерді қолданғанда құжат авторы
алдын ала, оқушы экранда нені көретінін білмейді. Әртүрлі браузерлер бірдей
логикалық стильдерді әртүрлі көрсетеді. Кейбір браузерлер кейбір
белгілемелерді мүлдем елемей, логикалық стильмен белгіленгеннің орнына
қалыпты мәтінді көрсетеді. Міне ең көп таралған логикалық стильдер.

1.3.2 PHP дағы серверлік сценарилер негіздері

РНР- ді сервер жақта жұмыс істейтін енгізілген Web сценарилер
тілдері ретінде сипаттуға болады. Және ол құрушыларға тез әрі тиімді
динамикалық web-қосымшаларды құруға мүмкіндік береді.
Грамматика және синтаксис позициясынан РНР С бағдарламалау тілін еске
түсіреді. Қызықтыратын мүмкіндіктерін ішінде — тұрақты сөздерді қолдау,
массивтермен жұмыс істеудің қуатты құралдары, объектке бағытталған әдістеме
және мәліметтер базасымен жұмыс істеудің кеңейтілген қолдауы.
Дәстүрлі , web-парақтарын құрудың статистикалық әдістемелерінен тысқары
қосымшаларды (яғни HTML) жазғанда, РНР сонымен қатар JavaScript, WML
(Wireless Markup Language) және басқа да пайдалы тілдермен қатар
қолданылатын, динамикалық құрылымдарды жасау және басқару үшін қолданылатын
бағалы құрал болып табылады. Жүздеген стандартты функцияларының арқасында
РНР, жасаушының ойына келуі мүмкін кез-келген тапсырманы шеше алады. Оның
ішінде графиканы және онымен операцияларды құрудың кең қолдауы бар,
математикалық есептеулер, электрондық коммерция және XML (Extensible
Markup Language), ODBC (Open Database Connectivity) және Macromedia
Shockwave сыйақты танымал технологиялар құралдары бар. Мүмкіндіктердің кең
таңдауы модульдерді қосудың оңай емес жұмыстарынан және ұсақ
қажеттіліктерінен арылтады сондықтан дүниежүзіндегі көптеген жасаушылар
өзінің таңдауын РНР ге тоқтатады. РНР дің ең басты қасиеті, ол тікелей
HTML кодқа енгізіледі, сондықтан программистке қарапайым HTML шығару үшін
көптеген командалар жазуға тура келмейді. HTML және РНР кодтарын
қажеттілгіне қарай кезектеуге болады. Ешбір ұзақ иницализациялау кодсыз ,
ешбір қосылған кітапханасыз- бағдарлама қойылған есепті шешетін бағдарлама
кодынан ғана тұрады. Әрине, РНР сцинарилері орындалу үшін РНР
бағдарламалық қамтамасын алдын ала серверде орнату және қалыпқа келтіру
керек.
1.3.2.1 РНР сипаттамалары
РНР тілін жобалағанда ең басты фактор қолайлылық болып табылады.
РНР программистке қойылған есептің тез әрі тиімді шешімін қамтамасыз ету
керек. Жалпы РНР сипаттамалары бес негізгі қасиеттермен сипатталынады:
( дәстүрлілікпен ;
( қарапайымдылықпен;
( тиімділікпен;
( қауіпсіздікпен;
( икемділікпен.
РНР дің әсіресе қызықтыратын сипаты ол тегін таралынады.
Дәстүрлілік. Тілдің көптеген конструкциялары С ,Perl тілдерінен
алынған, көбінесе РНР коды қарапайым С немес Pascal бағдарламаларда
кездесетін кодтардан айыра алмайсыз. Бұл РНР үйренудің бастамасын
жеңілдетеді.
Қарапайымдылық. РНР сцинариі 10 000 жолдан немесе бір жолдан
тұруы мүмкін – оның барлығы есептің спицификасына байланысты, Қажетті
кітапханаларды жүктеуге, компиляцияның арнайы параметрлерін көрсетуге
немесе осы сияқтыларды жасауға тура келмейді. РНР механизмі қарапайым (?)
бірінші экрандалған тізбектен бастап код орындалып бастайды және орындалуын
жұбы (?) экрандалған тізбегін кездестіргенге дейін жалғастырады. Егер
кодта дұрыс синтаксис болса, ол программист көрсеткендей орындалады.
Тиімділік. Тиімділік көпқолданушылық орта үшін бағдарламалау
кезінде негізгі ерекше факторы болып табылыды, оның ішіне және WWW кіреді.
РНР 4.0-де ресурсты белгілеу механизмі және объектке бағытталған
бағдарламалаудың қолдауын қамтамасыз ету, сонымен қатар сеанспен басқару
іске асты. Соңғы нұсқада артық жадыны белгілеуді болғызбайтын,
сілтемелерді (reference counting) санау механизі пайда болды.
Қауіпсіздік. РНР администраторлар мен құрушыларға икемді әрі
тиімді қауіпсіздік құралдарын қолдануға ұсынды, олар екі категорияға
бөлінеді: жүйелік деңгейінің құралдары және қосымша деңгейінің құралдары.
Жүйелік деңгейдің қауіпсіздік құралдары. РНР-да
администраторлардың басқаруындағы қауіпсіздік механизмі іске асырылған. РНР-
ді қалпына келтіру дұрыс іске асырылуы істің максималды тәуелсіздігін және
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. РНР қауіпсіздік деңгейі деп аталатын
режимде жұмыс істей алады. Мысалы, орындалудың максималды уақытын және
жадының қолданылуын (бақыланбайтын жады шығыны сервердің жылдамдығына теріс
әсер етеді) шектеуге болады. Cgi-bin-ге ұқсас администратор, каталог
бойынша шекту қоя алады, оның ішіне қолданушы РНР сценариын қарайды және
орындайды, сонымен қатар сервердегі конфиденциалды ақпаратты көру үшін
(мысалы, passwd файлын) РНР сценарилерін қолдануға болады.
Қосымшалар деңгейінің қауіпсіздік құралдары. РНР стандартты
функциялар жинағына шифрлаудың берік механизміндері кіреді. РНР сонымен
қатар көптеген тәуелсіз фирмалар қосымшаларымен үйлесімді, бұл оны
электрондық коммерцияның (e-commerce) қорғалынған технологияларымен оңай
интеграциялануына мүмкіндік береді. Басқа артықшылығы РНР сценариінің
берілген текстін браузерде көре алмайсыз, себебі сценарий қолданушының
сұрауына жіберілгенге дейін компиляцияланады. РНР дің сервер жақта іске
асырылуы қолданушымен нетривалдық сценарилердің ұрлануын болғызбайды,
оларды білу View Source командасының орындалуы үшін жеткілікті.
Икемділік . РНР енгізілетін (embedded) тіл болғандықтан, ол
құрушының қажеттілігіне қатысты ерекше икемділікпен ерекшеленеді. Әдетте
РНР-ді HTML-мен тіркестіріп қолдану ұсынылғанмен, ол тағы да JavaScript,
WML, XML және басқа тілдермен де жақсы интегралданады. Бұдан басқа, жақсы
құрылымдалған РНР қосымшалары қажеттілігіне қарай оңай кеңейтіленеді (бұл
барлық негізгі програмалау тілдеріне қатысты).
Браузерге байланысты қиындықтар жоқ, себебі клиентке жібермес бұрын РНР
сценариі толығымен сервер жақта компиляцияланады. Негізінде, РНР
сценарилерін браузерлермен кез келген құрылғыдан жіберуге болады, оның
ішінде ұялы телефондар, электрондық жазба кітапшалары, пейдхерлер және
портативті компьютерлер, дәстүрлі РС. Қосалқы утилиттермен айналысатын
программисттер, РНРді командалық жол режимінде жіберуге болады. РНР нақты
бір web-серверге бағыттадған кодтан құралмағандықтан, қолданушы анықталған
серверлермен шектелмейді (мүмкін, олар үшін таныс емес). РНР мына
серверлерде жұмыс істейді - Apache, Microsoft IIS, Netscape Enterprise
Server, Stronghold және Zeus . Бұл серверлер әртүрлі платформаларда жұмыс
істегендіктен, РНР платформалық-тәуелсіз тәл болып табылды және UNIX,
Solaris, FreeBSD және Windows 9598NT сыйақты платформаларда іске асады.
Сонымен қатар, РНР құралдары программистке Enterprise Java Beans немесе СОМ-
объектілері Win32 сыйақты сыртқы компоненттермен жұмыс істеуге мүмкіндік
береді. Осындай жаңа мүмкіндіктерінің арқасында РНР қазіргі заманғы
технологиялар арасында ерекше орын алады және жобалардың жеткілікті шегіне
дейін масштабталуын қамтамасыз етеді.
Тегін таралу. Open Source қабылдаған стратегиялары және РНР
бастапқы тексттерінің тегін таралуы қолданушылар үшін баға жетпес көмек
көрсетті. Қосымша, РНР қолданушыларының бірлестігі өзінше коллективті
қолдаушы қызметі болып табылады, танымал электрондық конференцияларынан ең
қиын сұрақтарға жауап табуға болады.

1.3.3 JavaScript тілінің негіздері

JavaScript – бұл объектіге және тілдік құралдарға негзделген,
және орта мүмкіндіктері объектімен ұсынылатын, бағдарламалау тілі, ал
JavaScript сценарилер (бағдарлама) бұл өзара-әрекеттенуші объектілер
жинағы. JavaScript объектісі – бұл реттелмеген қасиеттер жинағы, оның
әрбіреуінің ноль немесе одан көп атрибуттары бар, олар бұл қасиет қалай
қолданылуы мүмкіндігін анықтайды. Мысалы, егер ReadOnly қасиетінің
атрибутына true (шын) мәні меншіктелсе, онда осы қасиеттерді бағдарламалау
арқылы өзгерту мүмкіндіктері нәтижесіз болады. Қасиет- бұл басқа
объектілерден,көп қолданылатын мәндер мен әдістерден құралатын
контейнерлер. Көп қолданылатын мәндер – бұл кез келген енгізілген
Undefined, Null, Boolean, Number и String типтерінің элементі; объект- бұл
енгізілген Object типінің тағы бір элементі; әдіс- қасиетпен арқылы
объектпен ассоциативті функция.
JavaScript, Global, Object, Error, Function, Array, String, Boolean,
Number, Math, Date, RegExp сыйақты бірнеше енгізілген объектіден құралады.
Бұдан басқа, JavaScript қатаң түрде айтқанда, міндетті түрде функция мен
әдіс болып табылмайтын енгізілген операциялар жинағынан, сонымен қатар,
бағдарламаның орындалу логикасын басқаратын енгізілген операторлардың
жинағынан құралады.
JavaScript синтаксисі негізінен Java тілінің синтаксисіне сәйкес
келеді, бірақ сценарилер тілін үйренуге жеңілтету үшін онымен
салыстырғанда жеңілдетілген. Мысалы, айнымалылар декларациясы оның типінен
құралмайды, қасиетте типсіз болады, ал функция декларациясы бағдарлама
тексттінде оны шақырғаннан кейін тұруына болады.

1.3.3.1 Объектілер жайында жалпы мағлұматтар

JavaScript тілі JavaScript және С++ тілдерімен салыстырғанда
қатаң түрде объектілер классынан тұрмайды. Оның орнына олар үшін
объектілерді құруды жады бөлу жолымен жадыны конструкторларды қолдайды, ол
Оның орнына ол объектілерді олар үшін жады бөлу және олардың барлық
немесе кейбір қасиеттерін иницализациялау жолымен құратын конструкторларды
қолдайды. Барлық конструкторлар объектілер болып табылады, бірақ бар
объектілер конструктор болмайды. Әрбір конструктор, протатипті және
бөлінетін қасиеттерге негізделген ізін басуды іске асыру үшін қолданылатын
prototype қасиетін иеленеді. Объектілер new операциясында конструкторларды
шақыру жолымен құрылады; мысалы new String (жаңа жол) String жаңа
объектісін құрады. New-сыз конструкторды шақыру нәтижесі конструкторға
тәуелді. Сонымен, String("бұл жол") , объект емес көп қолданылатын жолды
құрады.
JavaScript протатипке негізделген, із басуды қолдайды. Әрбір
конструктормен сәйкес протатип байланысқан, және конструктормен құрылған
әрбір объект осы прототипке сілтемені құрайды (объектінің порототипі деп
аталынатын). Прототип өз кезегінде, өз прототипіне және ары қарай сілтеме
құруы мүмкін. Осылайша прототиптер тізбегі құрылады.Объектінің қасиетіне
сілтеме- бұл берілген атпен қасиетті құрайтын объектілер прототипінің
тізбегінің бірінші прототипіне сілтеме. Басқа сөзбен айтқанда, егер
берілген объектінің берілген атпен қасиеті болса, онда осы қасиетке
сілтеме қолданылады, егер жоқ болса, онда осы объектінің қасиеті зерттеледі
және т.б..
Объектілер классына негізделген, объектке бағытталған тілдерде,
ағымдағы қалып класстар экземплярларымен іске асырылады. әдістер
класстармен, ал із басушылық құраммен және мінез құлқымен . JavaScript та
ағымдағы қалып және әдістер объектімен іске асырылады, ал құрамы мен мінез
құлқы із басады. Барлық объектілер, олардың прототипінен
құралатын,қасиеттерден құралады, осы қасиеттерді және оның тағайындалуын
бөледі. Класстарға негізделген тілдерден айырмашылығы, қасиеттер объектіге
оларға мәндерді меншіктеу жолымен динамикалық түрде қосылуы мүмкін. Жеке
жағдайда, конструкторлар мәндерді барлығына немесе құрылатын объектінің
кейбір қасиеттеріне меншіктеуге міндетті емес.

1.3.3.2 Негізгі анықтамалар
Кесте 1.1- JavaScript тілінің негізгі түсініктемелерінің формальды емес
анықтамалары
Тип Мәліметтердің мәндер жинағы
Примитивті Undefined, Null, Boolean, Number немесе String типтерінің
мәндер бір элементі. Примитивті мәндер - бұл міндетті түрде және
тілдің іске асуының ең төменгі деңгейінде көрсетілетін
мәндер.
Объект Object типінің элементі; әрбіреуі примитівті мән,функция
немесе объект болуы мүмкін қасиеттердің реттелмеген жинағы
болып
табылады.Функция болып табылатын қасиет әдіс деп аталынады.

Кесте 1.1- JavaScript тілінің негізгі түсініктемелерінің формальды емес
анықтамалары (жалғасы)
Конструктор Объектілерді құрайтын және инициалдайтын функция. Әрбір
конструктор із басу және қасиеттерді бөлу үшін
қолданылатын, сәйкес прототипті иеленеді.
Прототип Құрылымда, қалыпта, мінез құлықта із басуды іске асыру
үшін JavaScript та қолданылаын объект. Конструктор
объект жасағанда, соңғы конструктор берілген объект
қасиеттеріне сілтеме жасауға мүмкіндік беретін,
прототипіне нақты емес сілтемені құрайды. Прототип
қасиеттері оның негізінде жасалған барлық объектілермен
бөлінеді.
Тіл объектісі Сценаридің орындалу ортасы емес, JavaScript іске
асырылуын қолдайтын, кез - келген объект.Тілдің
объектілерінің бір бөлігі енгізідген болып табылды; ал
басқалары сценарилер орындалу процессінде пайда болды.
Енгізілген объектКез келген объект, орындалу ортасына және сценаридің
орындалуының басталу уақытында бар болуына тәуелсіз
JavaScript тілінің іске асуында қолданылады. Барлық
енгізлген объекттер тілдің объектілері болып табылады.
Объект ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы
Электрондық оқыту әдістері Білімді бағалау әдістемелері
«Е-learning» – электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлау әдістемесі
Е- learning электронды оқу жүйесі
E-leaning - де білімді бақылау жүйесін құру
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Интернет арқылы оқу
SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі
Е-learning –оқу процесін сапалы ұйымдастыру
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Пәндер