Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін қолдану тиімділігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Қорғауға жіберілді
____ _____ 2018 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін қолдану тиімділігі

Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі

Орындаған: 4 ШК-1
тобының білім алушысы А.Қ. Кенжебай

Ғылыми жетекші:
____ _____ 2018 ж. Г.М. Солтанғалиева

Норма бақылаушы:
____ _____ 2018 ж. Ж.А. Слямбекова

Өскемен қаласы, 2018
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Кенжебай А.Қ.
Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін қолдану тиімділігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі

Өскемен қаласы, 2018
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1
Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1
Білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері, шешу жолдары, алғашқы нәтижелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..6
1.2
Жаңа білім беру мазмұнындағы инновациялық үрдіс, даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы ұтымды әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2
Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерінің практикалық маңыздылығы мен нәтижелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.1
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2
Оқу - тәрбие үдерісінде оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерінің эксперименттік нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
Қосымша Ә ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Қосымша Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Қосымша В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Ағылшын ғалымы Д.Брунердің теориясының ажырамас бөлігі Жаңалық ашу және Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы,- деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында;
біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы;
екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы;
үшіншіден, жаңалық ашу арқылы жадыны жетілдіру;
төртінші, жадыны дамыту үшін оқытудың ұтымды әдістерінің тиімділігі арқылы нәтижеге қол жеткізу.
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Оқыту үдерісінде қолданылатын бұл әдiстердің мақсаты - тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты. Сол себепті біз курстық жұмысымыздың тақырыбын: Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін қолдану тиімділігі деп алдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты - оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу жұмысының нысаны - әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту үдерісі.
Зертттеудің пәні: бастауыш сыныпта пән негіздерін меңгеруде қолданылатын оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдері.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Басылымдық материалдар мен ғылыми - әдістемелік әдебиеттерде жарияланған білім мазмұнын жаңартудағы өзекті мәселелер және оны шешудің жолдары, алғашқы нәтижелерін саралау;
2. Оқу - тәрбие үдерісіндегі жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұнын қарастыру;
3. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін тәжірбиеде қолдану және тиімділігін анықтау;
4. Ұтымды әдіс - тәсілдерінің практикалық маңыздылығын көрсету;
5. Оқу - тәрбие үдерісінде оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерінің эксперименттік нәтижесін ұсыну;
Зерттеудің болжамы: Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын байланыстырып жалғастыратын көпір салуға негізделсе, онда мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысып, осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер білімді меңгерудегі үдерістің екі жағын да қадағалай алуға мүмкіндігі болар еді.
Зерттеудің жаңалығы: оқушы қажеттілігін өтейтін оқу-әдістемелік кешенді мұғалімдер назарына ұсыну
1. Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдер
1.1 Білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері, шешу жолдары, алғашқы нәтижелер

Қазақстан өз тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп жатыр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуындағы маңызды мәселелерге тоқтала отырып, білім берудің бәсекеге қабілетті болуына ерекше басымдық береді.
Күнде өзгеріп жатқан ғаламда уақыт талабынан қалмай, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер керек. Білім саласындағы басты өзгерістердің бірі ретінде білім мазмұнының жаңаруын айтуға болады. Бұл - уақыт талабынан шығуға деген талпыныстан туған жауапты қадам. Фундаментальды білімнен функционалды білімге ауысу кезеңінде әрине, көзқарастар қайшылығы орын алатыны айқын. Дегенмен бүгінгі күннің талабы осы. Қаншалықты күрделі үдеріс болғанымен, бірақ осы өзгерістер, түбегейлі жаңарулар - қажеттілік. Білім мазмұнының жаңаруы оқытудың жаңа механизмдерін, озық тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Білім беру жүйесін дамытуға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында үлкен басымдық беріліп отыр. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр.
Қазіргі кезде білім беру жүйесіне инновациялық білім беру жүйесіне көшіруге жұмыстар жасалуда. Ол үшін педагогтың жаңашыл білім беру жүйесі мен инновациялық білім беру мекемесін дамыту қажет. Білім беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату - жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының жаhандық жүйесі.[1-45]
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті әрбір педагогтің ізденісті, кәсіби білімі мен біліктілігін көздейді делінген [2].
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, оқушының инновациялық, жаңартпа әлеуетін көтеріп, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Қазіргі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану - оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Жаңа технологиялардың ерекшелігі - оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін - өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу - танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға жетелейді.
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр.
Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама негізінен жеті модульге сараланған. Модульдер:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқытуда АКТ-ны пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде Диалог арқылы оқыту, Қалай оқу керектігін үйрету деп қарастырамыз. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы дилогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал. Александер оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады [3-40].
Сабақтарымда әңгімелесудің үш түрін: топтық әңгіме, әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме түрлерін тиімді қолданамын. Топтық әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілді. Оқушылардың барлығы топтық әңгімеге белсенді түседі. Ал әңгіме-дебат кезінде пікірталасқа түсу кезінде үлгерімі жоғары, талантты және дарынды оқушылардың белсенділігі артады. Зерттеушілік әңгімеге түсу кезінде көшбасшының топ мүшелеріне жетекші сұрақтар қойып, әңгімені өрбіте білуімен байланысты болды.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын айту арқылы ортақ бір пікірге келеді.Оқытуды бағалау (жиынтық баға) баға қою, мадақтау, оқу қортындысын шығару. Оқыту үшін бағалау (формативті) әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтерилар арқылы, жетістік ағашы, білім ағашы арқылы, смайликтер арқылы бағалауға болады.
АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады.
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады.Жас ерекшеліктеріне сәкес оқыту да бұл модульмен тығыз байланыста.Көшбасшыны анықтау өткізетін кез-келген сабақта сынып оқушыларын топқа бөліп, әр топтан лидер таңдап алу. Келесі сабақта топтарды өзгертіп отыру арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық қамтылып шығады.Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез - келген сабақтарда барлығын дерлік қолданып шығуға болады. Өзім өткізген сабақтарда оқушыларым топқа бөлінуге қалыптасты, постер арқылы қорғауға үйренді,оқушылар постер қорғау кезінде ерекше белсенділік көрсетті. Постерді салу және қорғау кезінде топ басшыларының көшбасшылық қасиеттері ашыла түсіп, ұйымдастырушылық қабілеттері арта түсті.Жалпы топтардың жұмысы ұйымдасқан түрде болды.
Инновация -- жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Аз уақыт ішінде инновация термині қолданысқа еніп, өз орнын нықтай түсті. Осыдан біршама уақыт бұрын бұл термин отандық педагогикалық әдебиеттерде мүлдем қолданылмайтын еді. Қазіргі таңда жағдай мүлдем өзгеше. Дегенмен де, бұл терминнің мазмұны түрлі жұмыстарда қолданылғанымен, өз айырмашылықтары бар. Қазіргі таңдағы білім беру түсінігі оқыту, тәрбиелеу, білім беру, даму терминдерімен байланыстырылады. Білім беру термині ағартушылықпен байланыстырмай тұрған кездің өзінде кеңінен қолданылып келген. Сөздік мағынасында білім беру термині қалыптастыру етістігінен жаңа бір нәрсені жасау, құру немесе дамыту мағынасында алынған зат есім ретінде қарастырады. Жаңа бір нәрсені ойлап табу - міне инновация. Ал педагогика саласындағы инновация дегеніміз - оқыту мен тәрбие берудің жаңа мақсатын, мазмұнын, әдіс-тәсілдер мен формаларын кірістіру, білім алушы мен оқытушының бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыру дегенді білдіреді. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде [4-7].
Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.
:: Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;
:: Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланды;
:: Оқуға ынта-ықыласы артты;
:: Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;
:: Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;
:: Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;
:: Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді:
Жаңа әдіс-тәсілдер тиімді екендігіне көзім жетті. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу.
Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.Тіл пәндерді оқыту әдістемесі сабағын қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда әдістеме пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процесстердің мәнін түсінуде екі маңызды мәселе жатыр - қалыптасқан педагогикалық тәжірибені жалпылау, ауқымын кеңейтіп тарату, оқыту және психология-педагогикалық ғылымдағы жетістіктерді қолданысқа енгізу мәселелері. Қазіргі қоғам, мәдениет және білім беру саласының дамуы жағдайында педагогикалық бағытта инновациялық бағдарды енгізудің қажеттілігі бірнеше жағдайлармен анықталады.
Біріншіден, қазіргі таңдағы саяси-экономикалық қайта құрулар түрлі типтегі оқыту мекемелерінде білім беру саласының жүйелерін, оқу ісі мен тәрбие процестеріндегі ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен амалдарын түбірімен өзгертуге алып келіп отыр. Педагогикалық жаңалықтарды ашуды, меңгеру мен қолдануды өз бойына сіңіре білген оқытушылар мен тәрбиешілердің қызметінің инновациялануға бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралы ретінде танылады.
Екіншіден, білім беру мазмұнын гуманитаризациялау, оқу пәндерінің көлемі мен құрамын үздіксіз өзгерту, жаңа оқу пәндерін енгізу оқытудың жаңа технологияларды үздіксіз іздестіріп отыруға міндеттейді. Аталған жағдайда оқытушылық ортада педагогикалық білімнің рөлі мен беделі өседі.
Үшіншіден, оқытушының педагогикалық жаңалықтарды меңгеру мен қолдану фактісінің өзіне қатынасының өзгеруі.
Төртіншіден, жалпы білім беретін мекемелердің нарықтық қатынасқа енуі, жаңа мемлекеттік, сонымен қатар мемлекеттік емес білім мекемелерін ашу олардың арасында бәскелестік жағдайын тудырады [5- электрондық ресурс].
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш - ол білім. Білім беру - оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде атап көрсеткендей: Жаңа формация мұғалімі- рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты
Себебі, инновациялық әдістерді қолдануда көп жағдайда оқытушы мен білім алушының өзара тығыз қарым-қатынаста болуын, ақылдаса келе бір ортақ түйінге келуін, ұжымдаса әрекет етуге бағдылануын талап етеді. Ал біздің, педагогтардың, мақсатымыз - әрбір білім алушының қазіргі заманға сай жеке дүниетанымын, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, индивидуалдылығын таныту.

1.2 Жаңа білім беру мазмұнындағы инновациялық үрдіс, даму жолдары

Халық пен халықты теңестіретін - білім - деп қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу-біздің мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.
Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты-оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану,оқып үйрену,меңгеру,өмірге ендіру,,дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.
Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді немесе "инновация" - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады?
Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе, біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сол ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.
Инновациялық технологиялар:
1) Жобалау технологиясы
2) Саралап даралап оқыту
3) Дамыта оқыту технологиясы
4) Модульдік оқыту технологиясы
5) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
6) Сатылай комплексті талдау
7) Дамыта оқыту технологиясы

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесінқарастырады. Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.
Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды.
Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз . Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді. Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.

Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде жоспарлы және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен болған жаңалықтар арасындағы сырттан және білім берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің нақты шекараларын анықтау өте қиын екенін атап өткен жөн. Өйткені, инновациялар бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып табылады. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, "мұғалім - оқушы" қарым-қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді.
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда [6].
Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.
"Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.
Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:
Мақсат -- мазмұн -- форма -- әдіс -- оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену -- меңгеру -- өмірге ендіру -- дамыту болып өзгерген [7-3].
Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек.
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді [8-13].
Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек. Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу үш бөлімнен тұрады:
І-бөлім. Кәсіби шеберлік
ІІ - бөлім. Біліктілік дағдылары
ІІІ-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану.
Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы - оқытудың негізгі мақсаты Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.
Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.
Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады.
Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: "Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі". Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:
* ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;
* ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;
* ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
* ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді [9-24].
Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірдекездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.
I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу,
проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)
IIкезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру)
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор. Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы. Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз. Мен де Мектептегі байқау практикасы, Жұмысшы мамандығы бойынша практика, Диплом алды практикасы іс - тәжірибелерінен өту барысында, мектеп ұстаздары мен әдіскерлерден ұтымды әдіс - тәсілдердің тиімділігі мен қолдану ерекшеліктері тұралы мағлұмат сұрастырып, жинақтауға тырыстым. Оқушының ойлау қабілетін арттыру,сол қабілетін белсенді ету-басты мақсатым.
Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
1. Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
2. Әр түрлі анықтамалықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу.
4. Жарыстар, сайыстар, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
5. Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы жаңалықтарымен таныстырып отыру.
6. Қызықты тәжірибелерді, сапалық есептерді көбірек қолдану.
7. Мұғалімнің айшықты, өмірден алынған дәйектерді сабақта қолдану.

Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады. [11-640].
Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, жарыс, сайыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма. Диплом алды және Мектептегі оқу практикасы іс - тәжірибелерде оқытудың пәрменді әдіс-тәсілдерін қолданудан сабақтың тиімділігі арта түсетініне көз жеткіздім. Оған дәстүрлі емес сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдердін тиімділігін көре аламыз [Қосымша Ә].

1.3 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы ұтымды әдіс-тәсілдері

Әлемдік бәсекелестік зама - нында әрбір адамның білім са - пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе - лесі күн тәртібіне өткір қой - ылып, адамның білімі мен білік - тілігі қазіргі кезеңде мемлекет - тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр - ке - ниеттің өрлеуі интел - лек - туалдық шығармашылық қабілет - тің негізінде іске аспақ.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден, бас тартылып, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.
Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-интербелсенді оқыту әдісі. Бұл әдістің негізгі қағидасы - педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Тақырыпты ашпас бұрын әуелі интерактивті оқыту технологиясы сөзіне анықтама бере кеткенді жөн көрдім. Білім берудегі интерактивті технология (мұндағы интерактивті сөзі латын тілінен аударғанда - inter - бірлесу, act - әрекет жасау ұғымын білдіреді) - оқушының топпен жұмыс жасауын көздейтін, бірін-бірі толықтырып отыратын, сабаққа барлық оқушының қатысуына қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын оқыту әдісі [12].
Интербелсенді әдістерде басты назарды "процеске", яғни үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың "қалай" және "қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне" аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Сабақ барысында мұғалім аз сөйлеп, оқушының ойын тыңдауға басым бағытталады.
Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады.
Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы - бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы - мен ұмытып қаламын; маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады. Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; (оқушының өз ойын білдіруге мүмкіндік беру)
-педагогикалық қолдау көрсету. (мадақтау, айтылған әр ойдың маңыздылығын ескеру)
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқу үрдісінің барысында оқушылар мыналармен қарым - қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)
3. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
4. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталасдебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
5. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).
Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалау әдістеріне қысқаша шолу
Логикалық ойлау дағдысы
Критикалық ойлау дағдысы
Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
Таным мен ойлау деңгейі - жоғарғы деңгей
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Пәндер