Кәсіптік өндірістік практикасын өту туралы есеп


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

m36e55aa8.jpg

Кәсіптік өндірістік практикасын өту туралы есеп

Филология факультеті

Аударма ісі мамандығының студенті:

Бекмұрзаева Дана Бауыржанқызы

Астана 2018 ж.

96dee5ea42f228d64873af9826b8eab7.jpg

Практика ЖОО-да ең маңызды кезеңі болып табылады. Практика студенттердің теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, сәулет кәсібімен таныстырады. Студенттердің өндірістік практикасы жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол өндірістерде, ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.

Өндірістік практика бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, университеттің оқу процесіндегі студенттердің теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, кәсіби және ұйымдастыру қызметтік қалыптастыру үшін жүргізіледі.

Өндірістік практика қарастырылған профильдік пәндер циклы аяқталғаннан кейін немесе оқытудың теориялық курсы толығымен біткеннен кейін ұйымдастырылады.

Өндірістік практика білікті мамандарды дайындау процесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Практиканы өткізу деңгейін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық іс-шараларға:

1) практиканы жоспарлау;

2) әртүрлі мамандардың студенттеріне білім бағдарламаларын әзірлеу;

3) практика базасын таңдау және олармен шарттар жасасу;

4) қажетті құжаттаманы дайындау;

5) кафедралардың:

· практика орындары бойынша студенттерді бөлу; · басшыларды іріктеу;

· жеке тапсырмалардың тақырыбын жасау және т. с. с. бойынша жұмысы.

Орта және жоғары оқу орындарының студенттері кәсіпорындарда тиісті мамандық бойынша өндірістік практикадан өтеді.

Білім туралы заңға сәйкес кәсіптік практика теориялық білімдерін, шеберлігін бекітуге, болашақ кәсіби қызметіне байланысты жұмыстың белгілі бір түрлерін орындау процесінде тәжірибелік дағдыларын және құзыретін меңгеруге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі болып табылады.

Өндірістік практиканың мақсаты оқу кезінде алынған білімдерді бекіту, тереңдету және жүйелеу, таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және өндірістік оқу процесінде алған жұмыс дағдыларын бекіту, сондай-ақ практиканттарды болашақ еңбек қызметіне баулу.

Практиканы жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу:

• негізгі еңбек функцияларын орындау бойынша мамандарды дайындаудың толықтығы мен бүтіндігін;

• өндірістік практиканың теориялық оқытумен байланысын және оның барлық түрінің бірізділігін;

• білім алушылардың шеберлігін, дағдыларын жүйелі қалыптастыру және практиканың бір түрінен екіншісіне ауысқанда оларды күрделенуін.

Мен Бекмұрзаева Дана Бауыржанқызы, өндірістік тәжірибемді Astana Translation Support Group аударма бюросында өттім. Тәжірибенің өту аралығы 04. 06. 2018-23. 06. 2018ж. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Мақсатым: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орынату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.

Astana Translation аударма бюросының техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

Бірінші барған күні жетекшім мені аударма бюросындағы техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.
Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
1. Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
2. Электр тогымен зақымдалған студентке әрбір студент алғашқы көмек көрсете білу керек.
• Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
• Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.

Студенттің өзіндік жұмысы

Бұл бөлімде өндірістік тәжірибеден өткен кездегі негізгі атқарған жұмыстарым берілді.

  • Машиналық аударма жасау.

Машиналық аударма жүйелері кибернетикалық модель жасау аясына қатысты болуы себепті шет тіліндегі мәтінді ана тіліне және керісінше аудару тұсындағы адамның тілдік әрекеті арқылы іске асады. Сондықтан аударма ісі электронды-есептеу машиналарының (ЭЕМ) көмегімен аудармашы әрекетін қайталауға бағытталады.
Аудармашының тілдік әрекетінің, яғни сөйлеу-ойлау қызметінің моделін машиналық аударма жүйесі арқылы жүзеге асыру екі түрлі таптастыру параметрлері бойынша анықталады:
- автоматтандыру дәрежесі, яғни компьютерге жүктелетін жұмыстың нақты көлемі. Мұнда мынадай жағдаяттарды айырып қарастыру керек:
1) аударма жұмысы толығымен немесе толыққа жуық ЭЕМ арқылы орындалады;
2) аударма жұмысын аудармашы атқарады да, ал ЭЕМ жәрдемші рөлін атқарады (мысалы, қажетті сөздің аудармасын сөздіктен тауып алу жұмысында) .
- аудармашы адамды қатыстыру стратегиясы, яғни аударма жұмысының негізгі бөлігі компьютер арқылы орындалады да, ал аудармашы аударылған мәтінді өңдеуге, яғни аудару кезінің әр тұстарында (басында, ортасында, аяғында) редакциялық жұмысқа қатынасады.
Аудармашының сөйлеу әрекетінің ерекшелігі мынаған саяды: бастапқы нысан ретінде бір тілдегі мәтін алынады да, ал тілдік қызметтің нәтижесі ретінде - мағыналық жағынан аударылуға тиісті мәтінге барабар, басқа тілдегі мәтін болып табылады. Басқаша айтқанда, аталған нәтиже міндетті түрде мәтін түрінде ұсынылуы қажет.
Алғашқы машиналық аударма бағдарламалары 50-ші жылдары, компьютер пайда болғаннан кейін бірнеше жылдан соң дүниеге келді, бірақ дербес компьютерлердің кең таралуына дейін машиналық аударма тек ғылыми зерттеулердің қызықты объектісі болып қала берді.

  • «Stone Soup» аңызын формальді және динамикалық жолмен аудару.
  • Новости ББС орысшадан қазақшаға және ағылшын тіліне аударма жасау.
  • Ауызша аударма жасау. Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.
  • Синхрондық аударма дегеніміз- аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты.
  • Ілеспелі аударма -бұл оратордың сөзінен кейін аударылатын ауызша аударманың түрі. Аударылатын сөздің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: әдетте 20-30 минут немесе одан да көп. Бұл аударманың түрі аудармашыдан ұзақ уақытқа созылатын түпнұсқадан аса маңызды сегменттерін есте сақтауды талап етеді. Оратордың сөзінен кейін аудармашы есінде ұстаған ақпаратты аударуға кіріседі, егер түпнұсқада айтылатын сөздің көлемі жоғарыласа, онда аудармашы түпнұсқаның басты мазмұнын жазып алып, оны аудара бастайды.
  • Жазбаша мен ауызшааударманың тағы да бір өзгешеліктері осы аударманы аудару барысында аудармашы түпнұсқаның бірдей емес бөліктерімен жұмыс жасайды. Жазбаша аудармада аудармашы түпнұсқада берілген ойды ретімен аударады, бірақ аудармашының қолында түпнұсқаның толық мәтіні болады, және де әрбір айтылған ой берілген мәтіннің жеке бірлігі ретінде қатысады. Түпнұсқаның жеке бөлігін аудара отырып, өзіне қажетті ақпаратты келесі немесе өткен бөліктерінен ала алады, сондай-ақ логикалық ойдың дұрыстығын бақылайды. Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспелі аудармада аудармашы айтылған бір немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық аудармада аудармашы шектелген уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады.
  • Сонымен қатар жазбаша мен ауызша аударма тіларалық қарым-қатынасты құрушылар бойынша ерекшеленеді. Жазбаша аудармада тәртіпке сәйкес аудару процесі «кабинеттік жағдайларда» іске асырылады және аудармашыда қарым-қатынасқа қатысушылардың тікелей немесе кері байланысы болмайды. Мұнда аудармашы түпнұсқаның авторы мен танысу және потенциалды Рецептордың аудармасын жасау аударма процесінен тыс болады. Аудармашының барлық назары аударылатын мәтінде болады, және кез-келген аудармашыға берілетін баға тіларалық қарым-қатынас процесі аяқталғаннан кейін беріледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Дуальды оқыту туралы шарт
Оқу практиканың бағдарламасы
Өндірістік тәжірибе
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Оқу практикасының міндеттері
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
ЖШС aqua КИП engineering компаниясының міндеті
Студенттердің педагогикалық практикасын кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану негізінде жетілдіру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz