Бейне бақылау жүйесін таңдау және жобалау


МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
7
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР . . .
7: 7
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
7:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
7: 8
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
7:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1 Бейне бақылау жүйесіне сараптама . . .
7: 9
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 1 Қауіпсіздікті ұйымдастыру шаралары . . .
7: 9
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 2 Қолданылатын күзет құралдары . . .
7: 10
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 3 Күзет дабылы жүйесін таңдау . . .
7: 16
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 4 Күзет дабылы жүйесін орнату . . .
7: 17
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 5 Бейне бақылау технологиясы . . .
7: 20
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 6 Аналогты бейне бақылау жүйесі . . .
7: 20
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 7 Араласты бейне бақылау жүйесі . . .
7: 21
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 8 Гибридті бейнебақылау жүйесі . . .
7: 22
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 9 Желілік бейне серверімен гибридті бейне бақылау жүйесі . .
7: 23
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 10 Желілік бейне бақылау жүйесі . . .
7: 23
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 11 Желі бейнебақылудың дамуы . . .
7: 25
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 12 IP камерасының артықшылығы . . .
7: 27
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 13 Дипломдық жұмыстың қойылым мәселесі . ….
7: 28
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2 Бейне бақылау жүйесін таңдау және жобалау . . .
7: 29
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 1 Бейне бақылау жүйесін таңдау параметрлері . . .
7: 29
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 2 Күзет дабылы жүйесін орнату . . .
7: 30
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 3 Бақылау жүйесін орналастыру жолдары . . .
7: 31
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 4 Арнайы мамандандырылған кондырғы кешені . . .
7: 33
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 5 Бейне бақылаудың модулды камералары . .
7: 37
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3 Есептеу бөлімі . .
7: 42
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 1 Бейне камераларын орнатуды есептеу
7: 42
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 2 Арнаны өткізу қабілеттілігін есептеу . . .
7: 44
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 3 Маршрутизатордың жүктеме дәрежесін есептеу . . .
7: 46
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 4 Маршрутизатордағы кадр санын есептеу . . .
7: 48
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 5 Кадрларды тарату мен күту уақытын есептеу . . .
7: 49
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 6 Сенімділікті есептеу . . .
7: 51
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 4 Тіршілік қaуіпcіздігі жәнe eңбeк қорғaу . . .
7: 55
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 4. 1 Өндіріcтік бөлмeлeрдeгі eңбeк жaғдaйынa тaлдaу жacaу
7: 55
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 4. 2 Компьютeрмeн жұмыc іcтeгeндe оптимaлды eңбeк шaртын жacaу . . .
7: 56
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 4. 3 Өндіріcтік жaрықтaндыру жәнe оның түрлeрі . . .
7: 58
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 4. 4 Өрт қaуіпcіздігі . . .
7: 65
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
7: 67
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
7: 68

АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

Күзет - өрт сөндіру дабылының жүйесі.

Бақылау панелі ( қабылдау- бақылау құралы) - бұл күзет дабылы жүйесінің орталық құрылымы.

Хабарлағыш - қоршаған ортаны немесе басқа бір бақылау параметрінің белгілі дабылын қалыптастырушы құрылым.

Құрама детекторлары - бұл қозғалысты табу процесінде әртүрлі екі физикалық ұстаным қолданатын құрылым.

ШСД - Шыны сынығының детекторлары

ИҚ - импульстік қозғалыс

ЭЕМ - электронды есептеуіш машина

UMTS (Universal Mobile Telecommunications System) − әмбeбaп мобильді тeлeкоммуникaциялық жeлі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі жаңа технологиялардың даму салдырынан елімізде болып жатқан өзгерістер бізді күнделікті өмірдегі тұрмысымызға түзетулер жаңа енгізулерді алып келді. Өткен ғасырда біз салық төлеп, нәтижесінде өз басымызға немесе мүлкімізге қатер төнген сәттерде құқық қорғау орындарының біліктілігіне, шара қолдануына сүйенсек, қазіргі кезде өз қауіпсіздігімізді өзіміз қамтамасыз ете аламыз. Алғашқы жылдары қуатты механикалық құлыптар, бекіністер көмектесті. Бірақ олар қымбат емес, бірақ сенімді де емес. Қазіргі кезде тұтынушылардың талабына сай жаңа техниканың дамуы салдарынан көртеген мекемелер, банктер, мемлекеттік ұжымдар мен жекеменшік үйлерге дейін күзет жүйесін орната алады

Ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы. Күзет, дабыл қағу, кіруді шектеу жүйелері өндірісшілер технологиясы әртүрлі және бір-біріне ұқсамайды. Әрине мұндай алуан түрлі электронды құрылғылар арасынан өз мүлкіңізді қорғау үшін бірін таңдап алу оңай шаруа емес. Осы мәселе барысында бақылау жүйесіне жататын инфрақызыл кедергімен таныс боламыз. Белгілі бір жүйені таңдай отырып, ең алдымен сол күзет жүйесі құрылысының негізгі мақсаттары, міндеттері және ұстанымдары жайлы хабардар болуымыз қажет. Сол себептен күзет жүйесінің белгілі бір құрылымдарын қарастырмай тұрып, қауіпсіздік дегеніміз не және ол қандай құрама бөліктерден тұратынын анықтап алу қажет. Жасалынатын қылмыстың жартысынан көбі мемлекет мүлкіне және азаматтардың жекеменшігіне қол сұғу болып табылады. Дұрыс орнатылмаған техникалық құрылғылар мемлекет мүлкі мен жекеменшік мүлікті толық қорғай алмайд. Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін аса қиын емес бірқатар шараларды орындау қажет. Олар орындалмаған жағдайда кейде орны толмас ауыр жағдайларға душар етуі мүмкін. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірқатар ұйымдастыру мекемелерінде және техникалық шараларды қолдануды талап етеді етеді.

Заманауи ғылыми мәселені шешетін жағдайы. Күзет және кауіпсіздік дәрежесін көтеруде аса жоғары деңгейдегі техникалық шаралар қолданылады. Оларға: күзет және өрт сөндіру жүйесі, кіруді шектеу жүйесі, телебақылау жүйесі жатады. Автокөлікті күзет жүйесін және жоғарыда аталған жүйелермен бірге ЭВМ базасындағы кешенді ерекше атап өтуге болады. Автомобильді күзет құрылымдары осы басылымның кітабында анық суреттелген. Сондықтан бұл кітапта пәтерлердің, мекемелердің, кеңмелердің, қоймалардың дабыл және күзет жүйелері қарастырылған.

Жоғарыда аталған жүйелер бөлек және кешенді түрде жұмыс істей алады. Мысалы: теле-бақылаумен күзет көп аумақтарда немесе тек бір ғана пәтер немесе кеңседе болуы мүмкін. Қандай да бір қиын жүйе болса да олар сол техникалық құрылымдардың базасында жасалады.

Мұрағаттардың күзет және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдына қойылған міндеттерді аса жоғары сенімділікпен атқаратын қажетті техникалық шараларды таңдап алу керек. Күзет - өрт сөндіру дабылының жүйесі. Күзет - өрт сөндіру дабылы жүйесінің атқаратын қызметі : күзеттегі аумаққа рұқсатсыз кіру шарасын анықтау немесе онда өрт шығу белгілерінің пайда болуын анықтау, дабыл белгісін күзет пультына жіберу және орындаушы құрылымдарды іске қосу ( сирена, жарық т. б. ) болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті, объектісі. Менің дипломдық жұмысым бойынша Шымбұлақ демалыс кешеніне заманауи бақылау жүйелерін орнату болып табылады. Сондықтан мен олардың біршама айырмашылықтары мен техникалық сипаттамаларын келтірдім.

1 Бейне бақылау жүйесіне сараптама

1. 1 Қауіпсіздікті ұйымдастыру шаралары

Күзет пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру шараларынан басқа техникалық күзет құралдарын таңдау, орнату және іске қосу қажет. Сіз таңдап алған дабыл жүйесі өрт шығу қаупінде болсын, белгісіз тұлғалардың үй ішіне ену мақсатында болсын сенімді түрде жұмысқа қосылуы қажет. Ойында қылмыстық әрекет бар адамның өзін сіздің үйіңіздің асып түсуді қиындататын қоршауы, есігіңіздің тырнақпен емес кілтпен ашылатын құлпы, терезелердегі жапқыштар, үй айналасына жақсы жарық түсіріп тұратын шырақтар ішке енбестен бұрын қатты ойлантады. Техникалық қауіпсіздік жағдайларын іске асыру белгілі бір мәмлелік шешімдерді қажет етеді. Мысалы : құқық қорғау орындары кепілдемелікке терезелерге темір тор қойып, қос есік орнатуды ұсынады. Ал өрт сөндірушілер болса, қажет жағдайда үй ішінен ешқандай кедергісіз шығып кету жолдары болуын талап етеді. Қай жағдайда болмасын ойланып, көп амалдар мен техникалық шаралардың ішінен ең тиімдісін және қымбат емесін таңдау қажет

Мұрағатты күзету және қорғаудың жай техникалық құралдары: қоршаулар, темір торлар, есіктер, құлыптар, тесіккөздер, сөйлесу құралдары. Осы техникалық құрылғыларды орнату және пайдалану ерекшеліктерін қарастырайық. .

Темір торлар . Диаметрі 10 мм. болат сымды екі жақты тартпалы қайшымен аса қиналмай - ақ кесіп түсуге болатыны екінің біріне белгілі нәрсе емес. Сондықтан темір торды таңдаған кезде сымдары қабырғаға кіретін, ара қашықтықтары 120 мм. көп емес, сымның қалыңдығы 20 мм. кем емес қаңқасыз темір торды алған дұрыс. Темір тордың оюлары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ сымдары ромб және крест тәріздес болып дәнекерленген торлар әлдеқайда мықты келеді.

Қоршаулар . Периметрлерді қорғаудың ең кең тараған түрі - қоршаулар. Қоршау тек қорғау, күзет қана емес декорациялық қызмет те атқарады. Стационарлық қоршаулар көп қаражат шығынын талап етеді және оларды орнату үшін көп уақыт кетеді. Қоршаулар негізінде бетон плиталардан соғылады. Қазіргі кезде тез құрылатын темір торлардан тұратын қоршаулар жиі қолданады. Мұндай қоршаулар биіктігі м. дейін жетеді. Одан басқа қоршауларға отандық не шетелдік тікенек сымдар пайдаланылады.

Есіктер . Дұрыс жасалып орнатылған есік те мұрағаттың жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етеді. Есік таңдағанда оның орнатылуына аса көңіл бөлу қажет: ол босағаға тығыз орналастырылуы және сыртқы дәнекерлеу тігістері болмауы керек, топсадан шешіп алуға қарсы құрылғысы болуы керек. Есік орнату кезінде, әсіресе ескі мұрағаттарда қабырғалардың қуысын тексеріп, қалыңдығын ескеру қажет. Қабырғаның күдікті жерлері болат сымдармен құрсаулануы керек. Бірнеше пәтерді баспалдақ алаңынан бөлетін қосымша есік орнатқанда міндетті түрде есікке тесіккөз орнатқан дұрыс. Пайдалану ережесін дұрыс сақтағанда мұндай есік ұжымдық қорғаныс құралы бола алады.

Механикалық құлыптар . Құлыпты таңдауда негізгі шарт оның бағасы емес, қорғай алу дәрежесі болып келеді. Құрылымына қарай құлыптар жапсырылған және кесіп орнатылған болып екіге бөлінеді. Кесіп орнатылған құлыптар есік кесіліп, ішіне орнатылады. Жапсырып орнатылған құлыптар есіктің бет жағына қондырылады. Олар орнатуға көп уақыт талап етпейді. Әрекетіне қарай осы күнгі құлыптарды: тартпа, цилиндрлік, ригельді, цилиндрлік механизімі бар аса құпия құлыптар түріне бөлуге болады. Есіктердің механикалық құлыптарының жұмыс істеу ұстанымы оларды ойлап тапқаннан бергі уақыттан көп өзгере қойған жоқ. Тартпалы құлыптың шаппасының екі төмпешікпен бөлінген ойығы және серіппесі бар. Жазық тісшелері бар кілт бұралған кезде тартпалар көтеріледі де шаппаның қимылы құлыпты жабуға немесе ашуға бағытталады.

Цилиндрлік құлып үлкен және кіші екі цилиндрден : серіппе және штифт құрамасынан тұрады. Екі цилиндрдің шаппасының жабық кезінде бір сызықтың бойына орналасқан екі қатар бесеуден саңылаулары бар. Әрбір саңылауда сығулы серіппе штифтерге әсер етеді де жоғарғы штифт өзектегі арнаулы саңылауға кіріп, оған бұралып ашылуына кедергі жасайды. Өзекке салынған кілт арнаулы штифты көтеріп, тұлға штифты мен өзек штифтын жылжу сызығы деп аталатын жіңішке кеңістікпен сәйкестендіреді. Осыдан кейін барып кілт шығыршықпен механикалық байланыста тұрған қапсырмалы цилиндрдің штогын қимылға келтіріп, құлыпты ашып немесе жабады. Жақсы құлып қажетті қорғанысты қамтамасыз ету үшін кем дегенде бірнеше мың түрлі кілттер мен өзектердің кодтық коьбинациясы болуы керек. Қорғаныс дәрежесін ұлғайту мақсатында механикалық құлыптар код терудің магниттік немесе электрондық карточкаларды оқып, айыратын электронық құрылғылармен біріктіріледі. Мұндай құлпы бар есіктерді ашу үшін тек кілт болу жеткіліксіз.

1. 2 Қолданылатын күзет құралдары

Күзет және кауіпсіздік дәрежесін көтеруде аса жоғары деңгейдегі техникалық шаралар қолданылады. Оларға: күзет және өрт сөндіру жүйесі, кіруді шектеу жүйесі, телебақылау жүйесі жатады. Автокөлікті күзет жүйесін және жоғарыда аталған жүйелермен бірге ЭВМ базасындағы кешенді ерекше атап өтуге болады. Автомобильді күзет құрылымдары осы басылымның кітабында анық суреттелген. Сондықтан бұл кітапта пәтерлердің, мекемелердің, кеңмелердің, қоймалардың дабыл және күзет жүйелері қарастырылған.

Жоғарыда аталған жүйелер бөлек және кешенді түрде жұмыс істей алады. Мысалы: теле-бақылаумен күзет көп аумақтарда немесе тек бір ғана пәтер немесе кеңседе болуы мүмкін. Қандай да бір қиын жүйе болса да олар сол техникалық құрылымдардың базасында жасалады.

Мұрағаттардың күзет және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдына қойылған міндеттерді аса жоғары сенімділікпен атқаратын қажетті техникалық шараларды таңдап алу керек. Күзет - өрт сөндіру дабылының жүйесі. Күзет - өрт сөндіру дабылы жүйесінің атқаратын қызметі : күзеттегі аумаққа рұқсатсыз кіру шарасын анықтау немесе онда өрт шығу белгілерінің пайда болуын анықтау, дабыл белгісін күзет пультына жіберу және орындаушы құрылымдарды іске қосу ( сирена, жарық т. б. ) болып табылады.

Күзет - өрт сөндіру дабылының жүйесіне бақылау панельдері, хабарлағыштар ( бергіштер және детекторлар), орындаушы құрылымдар, хабарлаушы құрылымдар ( сиреналар, қоңыраулар т. б. ) және қоректену көзі жатады.

Сурет 1. 1. Күзет және қауіпсіздік техникалық шараларының құрамы

Бақылау панелі. Бақылау панелі ( қабылдау- бақылау құралы) - бұл күзет дабылы жүйесінің орталық құрылымы. Ол микроконтроллер негізінде жасалып, бағдарламасы жүйенің барлық жұмысын анықтайды. Бақылау панелі қобалжу белгілерін тіркеу және өңдеу бергіштердің күйін автоматты түрде зерттеу және бүкіл жүйенің жұмысын бақылау үшін компьютерге жалғана алады. Бақылау панельдері орындаушы құрылымдарды басқарады: сирена, прожекторларды жағады, телефон жүйесімен берілген нөмірге қоңырау шалады.

Хабарлағыштар. Күзет дабылы жүйесіндегі бақылау параметрлерінің өзгерістерін тіркеу үшін әртүрлі хабарлағыштар қолданылады. Хабарлағыш - қоршаған ортаны немесе басқа бір бақылау параметрінің белгілі дабылын қалыптастырушы құрылым. Хабарлағыштарды шартты түрде бергіштерге және детекторларға бөлуге болады. Бергіш деп физикалық көлемдер мен сипаттамаларды электр дабылына айналдырушы хабарлағыштарды түсінеміз. (мыс. Жылу, жарық, дыбыс т. б. ) . Детектор деп өз құрамына бергіштерді, дабылды өңдеу және шешім қабылдау схемаларын кіргізетін хабарлағыштарды айтамыз. Жай хабарлағыштар (бергіштер) әркезде де олардың жұмысын сенімді түрде қамтамасыз ете алмайтын дабылдардың ұқсастық өңдеуін жүргізеді. Бергіштер жұмысы сенімділігін көтеру дабылды өңдеудің сандық әдісін қолдану нәтижесінде іске асады. Әрекет - қимыл ұстанымдары бойынша хабарлағыштарды келесі түрлерге бөлуге болады :

  • электржанасу (фольга, сым) ;
  • магнитті жанасу ;
  • тербеліс бергіштер ;
  • ультрадыбыс;
  • радиотолқын;
  • фотоэлектрикалы;
  • сынған шыны детекторы;
  • пассивті және активті инфрақызыл (ИҚ) қозғалыс детекторлары;
  • құрастырылған.

Бергіштер мен детекторлар «аумақ» деп аталатын күзет объектісінің бөлігін бақылауға мүмкіндік береді ( көлем, тегістік т. б. ) .

Электржанасушы бергіштер. Электржанасушы бергіштер өздері бекітілген құрылымдардың жылытылатын және жылытылмайтын мұрағаттардағы терезе шынысы, есіктер, шыны блоктарының бұзылуы мен істен шығуын тіркеуге арналған. Олар өте жұқа қалыңдығы 0. 008 ден 0. 04 мм. Ені 12. 5 мм. аспайтын қалайы фольгадан жасалады. Фольганың желім қабаты бар, кейде осы шаралар үшін фольга орнына жіңішке сымтемір пайдаланады.

Магнитті жанасушы бергіштер. Магнитті жанасушы бергіштер өздері бекітілген есік, терезелердің ашылуын тіркеу үшін қолданылады. Бергіштердің екі түрі болады : сырттай және жасырын қондыру үшін.

Бұл бергіштер тұрақты магниттер жақындап немесе алыстаған сайын жанасуы жабалып не ашылып тұратын геркон негізінде орындалған. Мұндай бергіштер күзет дабылына желілік шлейф арқылы қосылады.

Тербеліс бергіштер. Тербеліс бергіштер әртүрлі құрылым конструкцияларын : бетон қабырғалар мен кірпіш қабырғаларын, ағаш (есіктер мен терезелер) және сейфтер мен темір шкафтарды әдейі бұзу шараларын анықтауға арналған. Тербеліс бергіштер жұмыс істеу ұстанымы пьезотиімділікке немесе электромагнитті индукция тиімділігіне негізделген; тұрақты магнит шарғысы орамының бойымен жылжып отырады да онда тұрақты емес тоқ жүргізеді. Отандық және шетелдік әдебиетте техникалық қолдануына байланысты мұндай бергіштер электромагнитті, магнитрезонансты немесе пьезотиімді деп аталады.

Ультрадыбыстық детекторлар. Ультрадыбыстық детекторлар жабық мұрағаттарды күзетуге арналған аса жоғары сезімтал, төмен кедергітұрақтылығымен сипатталады. Олардың қозғалысы ультрадыбыстардың тоқу интерференциясына негізделген. Ультрадыбыстар детекторы құрамына қабылдағыш пен сәулелендіргіш кіреді. Есік, терезелер жабық кезінде детектор бақылайтын кеңістік шектелген, сондықтан қабылдағыш орналасқан нүктеде интерференциялық суреттеме пайда болады. Әлдебір тұлғаның мұрағатқа енуінен интерференциялық бейне бұзылып, қобалжу дабылы қалыптасады.

Радиотолқындар детекторлары. Радиотолқынды детекторлар бақылау аумағындағы қозғалысты тіркеуге бағытталған. Қозғалыс ұстанымы аса жоғары жиіліліктегі дабылды сәулелендіруге және жиілігі тәртіп бұзушы қозғалған сайын өзгеріп тұратын көрінген дабылды қабылдауға негізделген (Доплер әсері) . Бұл құрылымдар жабық мұрағаттар мен периметрлерді күзетуде қолданылады.

Фотоэлектрлік бергіштер. Фотоэлектрлік бергіштер ішкі және сыртқы периметрлерді күзетуге, есіктер мен дәліздер т. б. жанаспай, қоршау арқылы бақылауға негізделген. Олар күзет сызығы бойымен жүргізілген жеткізгіш және қабылдағыштан тұрады, инфрақызыл дабылы ауқымының шамада мкм. ұындығы бар толқынын пайдаланады.

Шыны сынығының детекторлары. Шыны сынығының детекторлары (ШСД) шыны конструкцияларды әдейі сындыруға негізделген қимылдарды тіркеуге бағытталған (терезе, витрина т. б. ) . Оларға сынған шыны мен шыныға бағытталған соққы әсер етеді және мұрағаттағы дыбыстың шуыл спектрын зерттейді, 20х20 см. ден жоғары шыны ауданын жанасусыз бақылауға мүмкіндік береді.

Пассивті және активті ИҚ қозғалыс детекторлары. Қозғалыс детекторлары күзет аумағында жылу объектісінің қозғаласын табуға негізделген. Қозғалыс ұстанымына қарай олар активті және пассивті болып бөлінеді. Қазіргі уақытта пассивті ұстаным кең пайдаланады. Оларда реттелетін табу аумағы бар, яғни үй жануарлары мен жәндіктерден келетін қате дабылдарды реттей алады. Табу аумағының көлемі(20-360°), дабылды өңдеу, құрылым негізінде жұмыс істейтін пассивті детекторлар болады.

Активті детекторлар аумақ периметрін күзетуде пайдаланылады. Ең қарапайым, арзан ИҚ қозғалыс детекторының бір кемшілігі - олардың өте төмен кедергітұрақтылығы. Жылы ауа ағымы немесе үй ішінің күн көзі арқылы жылынуы оларға әсер етіп дабыл береді. Детекторлардың жетілдірілген түрі мұндай кемшіліктерден арылған. Олардың сенімділігі мен жылу кедергілеріне тұрақтылығы көп каналды пироэлементтер және детектордың өзіндегі дабылды күрделі электронды өңдеумен қамтамасыз етеді. Қарапайым модельдерде дабылдарды өңдеу ұқсас әдістермен жүргізіледі, ал күрделі модельдерде - сандық әдіспен жүргізіледі.

Құрама детекторлары. Құрама детекторлары - бұл қозғалысты табу процесінде әртүрлі екі физикалық ұстаным қолданатын құрылым. Мұндай құрылымның көпшілігінде пассивті ИҚ және радиотолқындармен қозғалысты табу ұстанымы пайдаланылған. Бұл құралдың қозғалысты табудағы бір ғана ұстанымменжұмыс істейтін құралдан ерекшелігі қобалжулар мүмкіндігінде де қозғалысты табу қабілетінің өте жоғары сапасында.

Хабарлағыштарды іске қосу әдістері. Күзет - өрт сөндіру дабылы жүйелері хабарлағышты іске қосу әдістері бойынша желілі және желісіз болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда барлық құрылымдар арасында байланыс желі арқылы жүргізіледі. Барлық жалғау желілерінің жиынтығы бергіштер, детекторлар, жалғау қораптары т. б. шлейф деп аталады. Сол шлейфтер арқылы күзет аумақтары қалыптастырылады. Бірақ, қанша сенімді болғанымен де желілі жүйелер желісіз жүйелерге қарағанда ыңғайсыздау болып келеді. Желісіз жүйеде хабаршы жеке хабарлағышымен қамтамасыз етілген. Байланыстың тұрақты сенімділігі қабылдағыш пен хабарлағыш сапасына, мұрағаттың сәулетіне және өндіріс радиокедергілерінің деңгейіне қатысты. Әдетте байланыс қашықтығы 1500 м. ге дейін жетеді. Желісіз дабыл жүйесі құру және пайдалану кезінде өте ыңғайлы және олар қашықтықтан басқару құрылымдарымен толықтырыла алады. Қазіргі кезде отандық өндірісте вольт ауыспалы тоқты байланыс және қорек үшін пайдаланатын желісіз жүйелер пайда болды.

Орындаушы құрылымдар. Орындаушы құрылымдар жүйенің іске қосылуы жайлы мағлұматтарды құқылы орындарғы немесе пайдаланушыға дыбыс не жарық дабылы, немесе алдын-ала бекітілген белгілі бір абоненттерге автоматты түрде телефон шалуға, сонымен қатар әртүрлі қауіпсіздікті күшейтетін механизмдерді басқаруға бағытталған. Орындаушы құрылымдарға: сыртқы жарық лампалары, прожекторлар, стробоскоптар, сиреналар, автоқоңыраулар, электромагниттік реле блоктары, электроқұлыптар т. б. жатады. Прожекторлар, сыртқы жарық лампалары және стробоскоптар күзету аймағына жарық түсіріп тұрады да дабыл жүйесі іске қосылған мезетте айналадағылардың зейінін бөлуге тырысады. Стробоскоп жарығының жарқылдауы түн мезгілі немесе жарығы аз жерде қылмыскерді біраз уақытқа састырып, істен шығаруы мүмкін. Сиреналар немесе бақырауықтар 130 дБ дейінгі өте қатты дыбыс шығарады, ол дыбыстар бірнеше жүз метр қашықтықта естіледі. Сиреналар әртүрлі және әртүрлі көлемде болады. Сиренаның дыбыс шығару уақыты пайдаланушының еркімен әртүрлі болып орнатылуы мүмкін. Автоматты қоңырау шалу құрылымы ( автоқоңырау не коммуникатор) телефон жүйесіне қосылады да автоматты режимде бір не бірнеше абонентке күзет жүйесіне байланысты және жұмыс барысы логикасына қатысты қоңырау шалады. Электромагниттік реле блоктары аса күшті орындаушы механизмдер мен құралдардың іске қосылуын қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнебақылау жүйелерінің заманауи дамуы
Бейнебақылау жүйелерінің жіктелуі, қызметтері
Macromedia Authorware – мультимедиалық оқу құралын жасаудағы визуальды орта
Жобаның бастапқы деректері
Желілік камераларға қосылған желілік бейне жүйелер
Заманауи педагогикалық технологиялар
Ақпаратты қорғау жүйесі
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Бейнебақылау жүйесіне орнатылатын бағдарламалар
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz