Дәнді дақылдарды жинауға қойылатын агротехникалық талаптар


Мазмұны
І. Кіріспе
1. 1. Астық жинайтын камбайндар тарихи . . . 4
1. 2. Дәнді дақылдарды жинаудың тәсілдері . . . 8
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Дәнді дақылдарды жинауға қойылатын агротехникалық талаптар. . . . . . 9
2. 2 . Астық жинайтын комбайндар . . . 10
2. 3. Комбайндың жалпы құрылысы мен жұмыс технологиясы . . . 13
2. 4. Астық комбайндарының жұмыс технологиясы . . . 15
2. 5. Комбайн жаткалары . . . 18
III. Еңбекты қорғау . . . 28
IV. Қорытынды . . . 30
V. Қолданылған әдебиеттер . . . 32
Дипломдық жұмыс жоспарыІ. Кіріспе
1. 1. Астық жинайтын камбайндар тарихи
1. 2. Дәнді дақылдарды жинаудың тәсілдері
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Дәнді дақылдарды жинауға қойылатын агротехникалық талаптар
2. 2 . Астық жинайтын комбайндар
2. 3. Комбайндың жалпы құрылысы мен жұмыс технологиясы
2. 4. Асты қ комбайндарының жұмыс технологиясы
2. 4. Комбайн жаткалары
III. Еңбекты қорғау
IV. Қорытынды
V. Қолданылған әдебиеттер
І. КІРІСПЕ
1. 1. Астық жинайтын камбайндар тарихи
Ауыл шаруашылығының негізгі мәселелерінің бірійе күрделі еңбекті көп қажет ететін астық өндіру процесі жатады.
Астық өндіру, әсіресе масақты дақылдарды жинау процестерін механикаландыру ауыл шаруашылығы жұмысшыларының қызметін көп жеңілдетеді. Сондықтан да астық өндірудегі ең басты жөне кезек күттірмейтін жүмыс түріне дәнді дақылдарды жинау жүмыстары жатады.
Дәнді дакылдарды жинау мерзімі дақылдардың биологиялың ерекшелігіне, ауа райы жағдайына және топырақ сипаттамасына байланысты анықталады. Астың жинауды өз уақытында және тездетілген агротехникалык, мерзімде жүргізу қажет. Бұл жағдай егісті ысырапсыз жинап алуға мүмкіндік береді. Дәнді дақылдарды жинау мерзімін кешіктіру орны толмас шығынға душар етеді.
Астық жинауға арналған техникалар өнімдідер кезінде жинап алуға көмектеседі. Қазіргі жетілдірілген астық жинайтын комбайндардың алғашқы үлгілері XIX ғасырда жасалынды. 1868 жылы орыс агрономы А. Р. Власенко бірінші болып астық жинайтын комбайн жасап, оны қолданған және ол өзінің комбайнын «астық тамырын атпен жинау» деп атаган. Кейіннен атпен сүйреудің орнына трактормен тарту келгеннен кейін астық жинайтын комбайндар әрі қарай дами бастады.
1928 жылы елімізде екі ғана комбайн жұмыс істеген . Ал 1929 жылдан бастап Кеңес Одағы дүние жүзінде комбайн шығаруды жолға қойған бірінші мемлекет ретінде танылды. Астық комбайндарын 1930 жылдан бастап шығара бастады. Содан бері олардың бірнеше түрлері жасалды. 1947 жылға дейін тек тіркемелі комбайндар, ал одан кейін өзі жүретін комбайндар шығарыла бастады. Ол комбайнның маркасы - С-4. 1958 жылдан бастап комбайн өндірісінде үлкен өзгеріс болды, яғни жақсартылған өзі жүретін комбайн СК-3 шығарыла бастады. Ол қазіргі шығарылатын барлық астық комбайндарының алғашқы базалық түрі деуге болады. 1962 жылдан бастап жақсартылған СК-4 комбайны шаруашылыққа беріле бастады. 1976-1980 жылдардағы халықтық шаруашылық жоспары бойынша еліміздің өнеркәсібі үш түрлі комбайн шығарды. Олардың негізгі үлгілері (модель) : СК-5 «Нива», СК-6 «Колос» жөне СКД-5 «Сибиряк».
СКД-5 «Сибиряк» комбайны ылғалды жерлердегі астықты жинауға арналған. Оған алым кеңдігі 3, 2; 4, 1; 5, 0 және 6, 0 м жатка тіркеледі. Кесу биіктігі 100, 130, 180 мм шамасында өзгереді. Бастырғыш қүрылғының өнімділігі -5, 0-5, 5 кгк/сек, ал комбайн өнімділігі - 3, 0-3, 5 га/сағат. Жүріс жылдамдығын 1, 21-21, 11 км/сағат шамасында өзгертуге болады. Бүл комбайнның күріш жинауға арналған СКД-5Р маркасы бір тісті, бір ұрма барабанмен және толық шынжыр табанды жүріс бөлігімен жабдықталған.
СКД-5 «Сибиряк» - өзі жүретін екі барабанды комбайн. Ол комбайнның бастырғыш құрылғысы секундына 5 кгк астьщ бастырады. Бұл комбайн екі түрлі болып шығарылады: астық үшін донғалақты, күріш үшін шынжыр табанды етіліп шығарылады.
СК-5 «Нива» комбайны бес түрлі етіп шығарылады. Оның бастырғыш құрылғысының өнімділігі - 5 кгк/сек. Негізгі моделі - бір барабанды, доңғалақты. Бұдан баска екі барабандысы, таулы жерлерге арналғаны жарты-лай шынжыр табанды түрлері бар және сабан ұсақтағышпен жабдықталған түрі де шығарылады.
СК-5 «Нива» комбайны еліміздің барлық жерінде астық жинауға арналған. Оған алым кеңдігі 3, 2; 4, 1; 5, 0, 6, 0 және 7, 0 м жаткалар тіркеледі. Кесу биіктігін 50, 100, 130 жөне 180 мм шамасында өзгертуге болады. Бастырғыш құрылғының өнімділігі 5, 0-6, 0 кгк/сек және барабан диаметрі 50 мм үлғайтылған, яғни ол 600 мм. Комбайн өнімділігі 2, 8-3, 0 га/сағат және ол 1, 04-18, 7 км/сағат жылдамдыңпен жүре алады. Кескіш құрылғының саусақтары шөп шабатын машиналардікі тәрізді жеке-жеке жасалған. Жаткаға берілетін қозғалысты тоқтатып қоюға арналған қондырғымен жабдықталған. Бастырғыш құрылғысында барабан диаметрі үлкейтіліп, деканың барабанды қамту бұрышы 146° шамасына жеткізілген және тас үстағыш қойдырғы орнатылған. Барабан вариаторы дамытылған, комбайншы жұмыс орнында отырып, оны екі сатылы редуктор арқылы өзгерте алады. Желдеткішке вариатор қойылған, оның айналыс саны 430-725 айн/мин. шегінде өзгереді. Комбайнға кабина орнатылған. Ылғалды жерлердегі астыңты жинау үшін жартылай шынжыр табанды СК-5-11 «Нива» шығарылады. Күрішті және оте қиын бастырылатын дақылдар үшін комбайнның СКПР-5 «Нива» маркасы шығарылады. Соңғы маркасы жартылай шынжыр табанды жүріс болігімен және екі барабанды бастырғыш құрылғымен жабдықталған.
СК-6 «Колос» комбайны өте жоғары өнімді бастырғыш құрылғымен жабдықталған, яғни оның онімділігі - 6, 0-8, 0кгк/сек. Бүл комбайнғаалым кеңдігі4, 1, 5, 0, 6, 0 7, 0 м жаткалар тіркеледі. Кесу биіктігі мен жүріс жылдамдықтары «Нива» . Бастырғыш құрылғының ені 1200-1500 мм шамасына жетеді. Сондықтан «Колос» сағатына 3, 5-4, 5 га астық жинай алады. Мүның «Нива» комбайнынан айырмасы - кабинасы ортаға орналасып, екі жанына шанақ бекітілген, яғни шанақ екі боліктен түрады. Астық және масақ элеваторлары көлбеу шнекпен алмастырылған. Күріш жинау үшін жартылай шынжыр табанды СКПР-6 «Колос» және шынжыр табанды СКГ-6 «Колос» маркалары шығарылады. Олар екі бастырғыш құрылғымен жабдықталады.
СК-6 «Колос» комбайнының астық бастыру өнімділігі -6 кгк/сек. Оның негізгі үлгісі - бір барабанды, доңғалақты жүріс бөлігі бар, астыққа арналған комбайн. Бұдан басқа оның тары бес түрі шығарылады: екі барабанды, жартылай шынжыр табанды және толық шынжыр табанды комбайндар. Алғашқы екі түрінің сабан ұсақтағышпен жабдықталған тағы екі түрі шығарылады.
Қазіргі кезде Ресейдің комбайн шығаратын зауыттары «Енисей-1200», «Дон-1500» сияқты комбайндар шығарады.
Астық комбайндары пайда болғанға дейін масақты дәнді даңылдарды шала піскен кезінде орып алады да оны баулайды. Буылған бауларды үйіп, маяға жинайды да, сол кезде оның дәндері пісіп жетіледі әрі кебеді. Содан кейін көп үзатпай кепкен бауларды арнаулы бастырғыш күралмен бастырып, дәндері бөлініп алынады. Осы тәсілмен жинауды бөлектеп немесе екі фазды жинау деп атауға болады.
Комбайндар пайда болғаннан кейін астық жинау жолдары жеңілдей бастады. Егістікпен комбайн бір жүріп өткен кезде астың жинаудың барлық жұмысы орындалады, яғни сабақтарды ору, масақты бастыру, дәнді топаннан тазалау және сабан мен топанды жинау жұмыстары бірақ атқарылады. Бүл төсілді астыңты тікелей жинау деп атауға болады.
Астықты тікелей комбайнмен жинаудың көптеген артықшылықтары бар, атап айтқанда еңбек өнімділігі артады, шаруа жүмысын жеңілдетеді, жанар май шығынын үнемдейді, дән ысырабын азайтады. Бірақ мұндай тәсілмен жинау үшін астың қүрғаң және толық піскен, арамшөптерден тазартылған әрі сабағы жатып қалмауы керек. Сабағы жатып калған астықты комбайнмен тікелей жинау өте киын болады.
Астық шала пісіп тұрған кезінде оны тікелей комбайнмен жинауға болмайды. Ондай кезде астықты тек комбайнды пайдаланып бөлектеп жинауға ғана болады. Ол үшін комбайндарды қосымша дестелік жаткалар мен десте ңабылдағыштармен жабдықтайды.
Бөлектеп жинау кезінде шала піскен астың сабақтарын дестелік жаткамен орады (ол үшін комбайн жаткасының орнына дестелік жатканы орнатады) да, орылған сабақтарды биік кесілген паяның үстіне дестелеп жинайды.
![]()
![]()
СК-5 «Нива» комбайны
1 . 2. Дәнді дақылдарды жинаудың тәсілдері
Дөнді дақылдарды жинаудың төмендегідей тәсілдері бар:
Бір фазалы тәсіл (тікелей комбайнмен жинау) . Бұл тәсілде астықты орады, бастырады, дәнді тазалап шанаққа (бункер) жинайды, сабанды егістікке шөмелелеп жинайды. Бүл жұмыстың бәрі комбайнның бір жүрісінде үздіксіз атқарылады. Мұндай комбайнмен тікелей жинауды тек астық толық піскенде ғана қолданады.
Екі фазалы тәсіл (бөлектеп жинау) . Бұл тәсіл кезінде астықты шала піскен шағында қатарлық немесе дестелік жаткалармен орып, дестеге салады. Астық десте жатып толық піседі және ептеп құрғайды. Содан кейін ол дестені десте қабылдағыш орнатылған комбайнмен жинап бастырады. Астықты бөлектеп жинауды комбайнның бір жерден екі рет жүруі арқылы орындайды.
Екі немесе бір фазалы астық жинау тәсілдерін мына ретпен қолдануға болады: астық шала піскен шағында бөлектеп жинай бастайды да, ол толық піскеннен кейін тікелей жинауға көшеді.
Астықтың шала піскен шағынан толық піскенге дейін орталық аймақтарда 4-8 күн өтетін болса, солтүстік аймақтарда 8-12 күн аралығында болады. Бұл жағдайда бөлектеп жинау тәсілі агротехникалық талаптарға толық сай келеді. Өйткені, астық жинауды күн ілгері бастаудың мүмкіндігі туады.
Астықтың шала піскен мезгілін мына қасиеттеріне қарап анықтауға болады: масақ түсі сарғылт немесе қоңырлау, дәннің серпімділігі азаяды, дән кауырсынынан күшпен ажырайды және оны оңайлықпен домалақтауға болады.
Астықты бөлектеп жинауды егістіктің мынандай қасиеттері болған кезде жүргізген жөн болады: сабақтардың орташа биіктігі 60 см-ден төмен емес, бір шаршы метр жердегі сабақ жиілігі 250 . . . 300 сабақтан аз емес.
Астықты бөлектеп жинағанда ору биіктігін орнында қалған пая, оның үстіне түскен дестені үстап түратындай және дестенің астына жел барып кептіретіндей етіп алу қажет. Өте биік пая дестенің салмағымен иіліп жерге тиіп қалуы мүмкін. Сондықтан тәжірибеге сүйене отырып мына төмендегідей ору биіктігі ұсынылады:
10-15 см. астық биіктігі 60-80 см болса;
15-18 см. астық биіктігі 80-120 см болса;
20-25 см. астық биіктігі 120 см-ден көп болса.
Дестелерді уақытында жинау астық ысырабын ең аз мөлшеріне дейін азайтады. Ауа райының қолайлы кезінде дестеде жатқан астық төмендегі мезгілдерде толық пісіп жетіледі: еліміздің орталық аймақтарында шамамен 3-4 күн ішінде, ал солтүстік аймақтарда 5-7 күн ішінде.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1. Дәнді дақылдарды жинауға қойылатын агротехникалық талаптар
Дәнді дақылдарды жинау кезіндегі негізгі машиналарға жатка немесе десте кабылдағышы орнатылған астық комбайндары, қатарлық жаткалар және дәннің басқа бөліктерін жинайтын машиналар жатады.
Бөлектеп жинауға арналған егіс алқабындағы паяның биіктігі 12-25 см аралығында болуы тиіс. Десте қабылдағыштың жұмысын жақсарту үшін дестедегі сабақтар оның ұзындық бағытымен 10-25° бұрыш жасап орналасуы тиіс. Әр түрлі жер жағдайына байланысты дестенің қалыңдығы шамамен 15-25 см аралығында, ал ені 1, 4-1, 6 м аралығында болады. Астық комбайнының тиімді жұмыс атқаруы үшін өнімділігі әр түрлі егістіктерде әр түрлі десте жасауға болады. Солтүстік аудандарда дестенің бір метр ұзындығындағы салмағы 1, 5 кг шамасында, ал оңтүстік аудандарда бұл салмақ 3, 5-5, 0 кг болатындай етіп десте салған жөн болады.
Жатка жүріп өткеннен кейінгі астық шығыны тік тұрган сабақтар үшін - 0, 5% , ал жатып қалған сабақтар - үшін 1, 5% -дан аспауы тиіс.
Дестені жинау кезіндегі астық ысырабы 1, 0% -дан аспуы, ал шанақтағы дән тазалығы 95% -дан кем болмауы керек.
Егер аласа өсетін немесе сирек өсетін астықтарды жапағанда дестенің бір метр үзындығындағы салмағы 1, 4кг-нан аз болатын болса, онда ондай астықтарды көп жылғы шөптермен бірге себеді де, комбайнмен тікелей жинау тәсілін қолданады.
Дәнді дақылдарды жинағанда толық бастырылмаған және сабанмен бірге кететін жалпы ысырап 1, 5% -дан, ал күрішті жинағанда 1, 0% -дан көп болмауы шарт. Дәннің уатылу мөлшері тұқымдық астық үшін 1, 0%, тамақтық астық үшін 2, 0 %, бұршақты дақылдар үшін 3, 0% , ал күріш үшін 5, 0 % мөлшерінен аспауы тиіс
Комбайн егістікпен жүрген кезде шабылмаған шала жер қалмауы керек.
Кескіш құрылғы сабақтарды мыжымай, жұлмай, толық және біркелкі етіп, қойылған биіктікте кесуге тиіс.
Астық ысырабын азайту мақсаты үшін жатка мен бастырғыштардың жұмысы жақсы реттеліп, саңылаулар бітелуі керек.
Аспалы шөмелелегішпен жұмыс істеген кезде шөмелелер айдаудың қысқа жағына параллель түзу бағытта орналасуы тиіс. Сабанның ылғалдылығы 16-18% -ға жеткен кезде маялайды. Мая мен үймектерге сабанды тығыздап салып, оны пішіндеп жинағанда ғана сабан ұзаққа сақталады. Астықты жинап ала салып, егістікті сабаннан тазартқан жөн.
2. 2. Астық жинайтын комбайндар
Комбайндардың маңызы. Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, солғұрлым мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл-ауқаты шапшаң көтеріледі.
Астық шаруашылығындағы ең жауапты науқан оны жинап алу. Сайып келгенде өнім тағдырын осы шешеді. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсе (10-12 күн ішінде), онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болуы сөзсіз. Ал, мұның өзі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күші мен жабдықтарының текке кеткендігі деген сөз.
Өнімді тез әрі ысырапсыз жинап алуға бола ма? Әрине болады. Комбайндардың дестелеуіш жаткалардың жинауыштардың және басқа да механизация жабдықтарының көмегімен астық өнімін толық және тез жинап алуға болады. Бұл көп жылдық тәжірибеде дәлелденген.
Егін жинау әдістері. Көп жылдық тәжірибенің нәтижесінде дәнді дақылдарды комбайнмен жинаудың төмендегідей екі әдісі анық-талды: тікелей комбайнмен жинау және бөлектеп жинау.
Тікелей жинау әдісі бойынша комбайн егістікпен бірінші рет жүріп өткенде-ақ жинау операцияларының барлығын бірден аяқтап шығады: ол бірден егінді орып, оны бастырады, дәнді тазартады және олардың қалдықтарын (сабан және топан) жинайды. Бұл әдіс өте тиімді, оны тек толық пісіп-жетілген, құрғақ және арам шөптерден таза астықты жинау үшін қолдануға болады.
Комбайн болмаған кезде астықты қамырланып піскен кезде орып, баулап қоятын. Астық бауларда түрып кеуіп, құрғайтын, пісіп жетілетін. Осыдан кейін оларды стационарлық молотилкалармен бастыратын.
Жинау екі дүркін, бөлек-бөлек жүргізілетін, сондықтан ол бөлек жинау немесе екі фазалы жинау деп аталған.
Қамырланып піскен кезеңі мен толық пісіп жетілу уақыты әдетте 5-8 күнге созылады, ал Орал мен Сибирьде бұл уақыт 8- 12 күнге созылады. Осы кезде астық жинау үшін комбайндарды пайдалануға бола ма? Бұл ой комбайнмен бөлектеп жинау технологиясын туғызды, ол төменде баяндалады. Астық қамырланып піскен уақытта дестелеуіш жаткамен орылып аңызда қалған биік ақ сабақ үстіне дестелеп салады. Астық дестеде жатып құрғайды, пісіп жетіледі. Осыдан кейін дестелер бойымен комбайн жіберіледі, ол дестелерді жинап бастырады.
Егінді тек ору үшін ғана пайдаланылатын жаткаларды, әдетте тікелей жинауға қолданылатын комбайн жаткасының орнына асып орнатады. Комбайн жаткасын кейде хедер деп атайды.
Сонымен қатар тракторға асып орнататын немесе оған тіркейтін дестелеуіш жаткалар да бар.
Дестелерден сабақты жинап алу үшін арнайы жасалған жинауышты пайдаланады. Оны комбайн жаткасына асып орнатады.
Дақылдардың жағдайына және ауа райына байланысты кол-хоздар мен совхоздардың тәжірибесінде бұл екі әдістің екеуі де кеңінен пайдаланылады.
Комбайн паркінің құрамы. Соңғы жылдары СССР конструкторлық және өнеркәсіп ұйымдары төмендегі аты аталған комбайндарды, дестелеуіш жаткаларды және жинауыштарды жасап шығарды.
1. СК-4 (өндірісте 1962 жылдан 1969 жылға дейін болды) және СК-4А (1969 жылдан 1973 жылға дейін шығарылды) комбайн-дарының өнімділігі тиісінше 3, 70 және 4, 37 кг/с (комбайн өнімділігі дегеніміз оның молотилкасының бір секундта белгілі мөлшерде таза астықты бастырып шығару қабілеті, бұл кезде дән мен сабанның ара қатынасы 1 : 1, 5 шамасындай болуы, ал бастыру кезіндегі молотилка ысырабы 1, 5% шамасынан артпауы тиіс) .
Жартылай шынжыр табанды СКПР-4 және шынжыр табанды СКГ-4 комбайндары (өндірісте 1962 жылдан бар), негізінде күріш жинауға арналған, олар топырағының ылғалы басым аудандарда да пайдаланылады. Олар СК-4 молотилкасының бір түрі болып табылады.
2. СКД-5 «С и б и р я к» (доңғалақты қос барабанды, дәнді дақылдарға арналған) және СКД-5Р «С и б и р я к» (шынжыр табанды, күрішке және дәнді дақылдарға арналған қос барабанды - штифті және соққылауыш) комбайндарының өнімділігі - 5-5, 5 кг/с. Бұл комбайндар 1969 жылдан бері шығарылады.
3. «Н и в а» комбайндары төмендегі унификацияланған машиналар тобын құрайды: СК-5 тобының негізгі моделі (доңға-лақты астық оруға арналған, сыңар барабанды) : СК-5-ІІ (доңға-лақты дәнді дақылдарға арналған, қос барабанды) ; СКГ-5 (шынжыр барабанды, қос барабанды, күріш және дәнді дақылдарға арналған; СКП-5 (сыңар барабанды, дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар) ; СКП-5-П (қос барабанды, дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар) ; СКК-5 (беткейлік, 20° көлбеу беткейлерден астық жинауға арналған) . Бұл топтағы комбайндардың өнімділігі 5-6 кг/с 1973 жылдан бері өндірісте.
4. «Колос» комбайндары төмендегідей машиналар тобын құрайды (өз ара және «Нива» комбайндарымен унификацияланған) : СК-6-ІІ негізгі моделі (доңғалайлы дәнді дақылдарға арналған, қос барабанды) ; СК-6 (доңғалақты дәнді дақылдарға арналған, сыңар барабанды) ; СКПР-6 (күрішке және дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар және қос барабанды) ; НК-6 (сыңар барабанды, өздігігіен жүретін СШ-150 шассиге асылып орнатылады) ; СКГ-6 (шынжыр табанды, күрішке және дәнді дақылдарға арналған) . «Колос» комбайндарының өнімділігі 6-8 кг/с 1971 жылдан бері өндірісте.
5. Жаткалар. Комбайн жаткаларының (хедерлерінің) бәрі бір түрде жасалған. Жаткалардың бір-бірінен айырмашылығы тек алым енінде (3, 2; 4, 1; 5; 6 және 7 м) ғана.
Дестелеуіш жаткалар хедерлерге қарағанда өз алдына жеке машина болып табылады және алым ені мен конструкциясы жөнінен бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар.
Ауыл шаруашылығында ЖВН-6, ЖВН-10, ЖВН-6-12, ЖНС-6-12, ЖВ-15, ЖШН-6, ЖБА-3, 5А, ЖНУ-4, ЖНТ-2, 1 аспалы дестелеуіш жаткалары пайдаланылады. Алғашқы жетеуі комбайндарға немесе өздігінен жүретін шассийлёрге, ал басқалары тракторға асылып орнатылады. Сонымен қатар тракторға тіркелетін ЖРБ-4, 9 және ЖРС-4, 9 жаткалары да пайдаланылады.
6. Ж и н а у ы ш т а р. Жинауштардың екі түрі пайдаланылады: барабанды (СК-ЗУ және 54-102) және ППТ-3 немесе ППТ-2, 4Б кенепті-транспортерлі жинауыштары. Барабанды жинауыш ком-байн комплекстеріне кіреді, ал кенепті-транспортерлі жинауышты заказ арқылы алады.
Комбайн массасы. Комбайндар массасы мынадай: СК-4 және СК-4А (шөмелелегіші бар және алым ені 4, 1 м жаткасымен) - 6150 кг; СКД-5 (шөмелегіші бар, кабинасымен және алым ені 4, 1 м жаткасымен) - 7450 кг; СК-5 және СК-6 (шөмелегіші, қалыпты бөлгіші бар және кабинамен, сондай-ақ алым ені 5 м жаткамен және редукторсыз барабанды) тиісінше 7720 + 5% және 8721 кг; СК-6-ІІ және СКПР-6 (шөмелелегішпен және алым ені 6 м жаткасымен) тиісінше 9440 және 10 866 кг.
2. 3. Комбайндың жалпы құрылысы мен жұмыс технологиясы
Өздігінен жүретін комбайнның негізгі бөліктері алты бөліктен тұрады: жаткыдан (хедерден), молатпадан, шөмелеуіштен, жүру бөлігінен, қозғалтқыштан және жинауыштан.
Жаткы келесі негізгі бөліктер мен механизмдерді қамтиды: бағдарлауыш башмақтары мен жаткы тұркын, малтығыш тасмалдауышымен көлбеу тұрқын, теңселме механизмі мен деңгейлеуішін, реттегіш механизмі мен қалбағайын және вариаторын, тегершігімен кескіш аппаратын, жетектегіш механизмімен иірлігін.
Молатпаның құрылысы келесі бөліктерден құралады: бастыру құрылғысынан, сабан сіліккіштен, тазалайтын және тасымалдайтын құрылысынан (иірлік пен элеватордан), беріліс системасынан, басқару аймағынан (кәбеңкеден), гидравликалык жүйеден және электр жабдыктарынан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz