Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе

1. 1. Тракторлардың даму кезеңдері . . . 4

1. 2. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын тракторлар мен автомобильдер . . . 6

1. 3. Тракторлардың, автомобильдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі . . . 12

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы . . . 15

2. 2. Шағын тракторлар . . . 17

2. 3. Автомобильдердің жалпы құрылысы . . . 19

2. 4. Іштен жанатын автотракторлар моторлары. Мотордың жалпы құрылысы. . 21

2. 5. Двигательдердің негізгі түсініктері . . . 23

2. 6. Двигательдердің жалпы құрылысы . . . 24

2. 7. Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі . . . 26

2. 8. Трактордың электротехникалық жабдықтары . . . 28

2. 9. Тракторлардың, автомобильдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі . . . 31

ІІІ . Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау . . . 35

IV. Тракторларды жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі еңбек қауіпсіздігі . . . 36

V. Қорытынды . . . 37

VІ. Қолданылған әдебиеттер . . . 38

Дипломдық жұмыс жоспары

І. Кіріспе

1. 1. Тракторлардың даму кезеңдері

1. 2. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын тракторлар мен автомобильдер.

1. 3. Тракторлардың, автомобильдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы.

2. 2. Шағын тракторлар

2. 3. Автомобильдердің жалпы құрылысы.

2. 4. Іштен жанатын автотракторлар моторлары. Мотордың жалпы құрылысы.

2. 5. Двигательдердің негізгі түсініктері.

2. 6. Двигательдердің жалпы құрылысы.

2. 7. Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі.

2. 8. Трактордың электротехникалық жабдықтары.

2. 9. Тракторлардың, автомобильдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі.

ІІІ . Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

IV. Тракторларды жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі еңбек қауіпсіздігі

V. Қорытынды

VІ. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

  1. Тракторлардың даму кезеңдері

Жалпы, трактор мен автомобиль тарихы ежелден бастау алады. Оның жалпы мағынасы «Өздігінен жүреді» деген сөз тіркесінен туындаған. Яғни адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар, өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде трактор мен автомобильді ойлап тапқан. Қазіргі танда автомобиль көлігінсіз бірде-бір тасымалдау жұмыстары аткарылмайды немесе тракторсыз бірде-бір ауыр жұмыс істелмейді. Соңдықтан да олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.

Тракторлар халық шаруашылығында сан түрлі жұмыстарды атқарады. Осыған байланысты олардың да әр алуан түрлері болады. Солай бола тұрса да, олардың жұмысын, құрылысын ортақ бір жүйеге келтіруге болады. Біздің республикада кебінесе бүрынғы одақ кезінде шы-ғарылған тракторлар көп таралған. Сондықтан да солардың құрылысына көбірек тоқталуға тура келеді.

Бұл ретте оқулығының алдына қойған мақсаты - қазіргі таңда елімізде қолданылып жүрген механикалық энергия көзі болып табылатын тракторларға егжей-тегжейлі түсінік беру болып табылады. Оның себебі қолданылып жүрген тракторлар түрлері әр алуан және оларды пайдаланудың да жолда­ры әр түрлі. Олай болса, тракторлардың барлық техникалық көрсеткіштерін арнаулы оқу кұралынсыз есте сақтау мүмкін емес.

Оның үстіне тракторларды пайдалану кезінде көптеген өзгерістер болып тұрады. Себебі жұмыс кезінде көптеген механизмдері мен тораптары экплуатациялық тозуға ұшырайды да, зауытта шығарылған кездегі техникалық көрсеткіштерінен алшақтап кетеді. Оларды дер кезінде бастапқы қалпына келтіріп реттеп отырмаса, ақаудың нәтижесінде механизмдердің істен шығуы мүмкін. Ал ондай ақауларды алғашкы қалпына келтіру үшін, олардың бастапқы мәндерін білу қажет. Оларды тек осындай анықтамалықтардан ғана білуге болады.

Ауылшаруашылық тракторларының сан түрлі механизмдері мен тораптары бар. Әр түрлі тракторлардың механизмдері барлығында бірдей қызмет атқарғанымен, құрылыстары өзгеше жасалғандықтан, техникалық көрсеткіштері де әр түрлі болады. Атап айтқанда, клапандардағы жылулық саңылаулар әрбір тракторда әр түрлі шамамен реттеледі. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан тракторшы анықтамалығының тигізер көмегі зор болуы тиіс.

Бұл кітапта, негізінен, бүгінгі таңда біздің республикамыздың ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылып жүрген негізгі тракторлар мен шағын тракторлар қамтылды. Себебі өз елімізде осы уақытқа дейін трактор шығаратын өндіріс орындары мүлде болған жоқ деуге де болады, тек ДТ-75 М «Қазақстан» тракторын шығаратын Павло­дар трактор зауыты ғана болды. Ал жалғыз осы шынжыр табанды трактормен бүкіл еліміздің ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан біздің республикада бұрынғы КСРО кезіндегі, кейінгі ТМД елдерінде шығарылатын тракторлар көп таралған. Ал алыстағы шетел тракторлары толық тарала қойған жоқ. Сол себепті осы анықтамалыққа Минскіде, Харьковте, Волгаградта, Рубцовскіде, Санк-Петербургте, Владимировскіде шығарылып, біздің елде көп таралған, кластары 0, 6-дан 5, 0-ке дейінгі тракторлар келтірілді. Оларға қосымша, осы ТМД елдерінде шығарыла бастаған, біздің елде аз да болса қолданылып жүрген шағын тракторлар мен мотоблоктардың да көрсеткіштері енгізілді.

Сонымен, республикамызда қолданылып жүрген тракторлардың негізгі түрлерінің техникалық көрсеткіштері мен эксплуатациялық реттеулердің жолдары көрсетілген бұл анықтамалық барлық тракторшыларға, оларды күтіп баптайтын шеберлерге, механиктерге, өсіресе тракторларды оқып-үйреніп жүрген оқушылар мен студенттерге пайдалы болмақ.

1. 2. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын тракторлар мен автомобильдер.

Ауыл шаруашылығында пайдаланатьын тракторлар мен автомобильдер.

-розда жырту тиімдірек болады; байламалар қар суының борозда бойымен ағып кетуіне бөгет жасайды.

Қашаулауды қарды ұшырып әкететін жел, яғни эрозиялық қуаңшылыққа ұшырайтын учаскелердегі тік жел өтіндегі беткейлерде жүргізген жөн.

Кемерлеу(террасалау) . Бұл әдіс гидрологиялық процестерді түбірінен өзгертіп, техникалық, жеміс, цитрус және басқа да дақылдарды егіп-өсіруді қамтамасыз етеді.

Кемерлеу беткеймен аққан қар мен жаңбыр суларын бөгеп, олардың жер бетімен ағуын тоқтатады, сөйтіп топырақтың шайыла-шайыла бұзылып кетуіне жол бермейді. Бұл әдіс беткейдегі топыраққа жиналған судың бәрін толық сіңіріп, өсімдіктердің тиімді қоректенуін қамтамасыз етеді.

Кемерлеу жүзім, цитрус және басқа екпе ағаштарды өсіруге кеңінен қолданылып келеді. Соңғы жылдары тау беткейлеріндегі бау-бақшалар мен жүзімдікке арналған жерлерді кемерлеу нәтижелі бола бастады. Мұның өзі су режимін жақсартуға, топырақ эрозиясымен, селді тасқындармен күрес жүргізуге көмектеседі, әрі экономикалық тұрғыдан тиімді.

Беткейлердегі жерді өңдеу әдісі олардың тіктігіне байланысты. Мәселен, беткей беті 0-ден 9-қа дейін тік болса, 3-12м аралықта су жинағыш бороздаларды горизонталь жыртып, жаппай өңдеген жөн; 9-дан 10-қа дейін болса, 4-тен 20 м-ге дейінгі ендікте тілкем жыртылады. Беткей бетінің тіктігі 13 және одан да тік болса, кемер жасау қажет.

Кемер жасауда мынандай негізгі талаптарды басшылыққа алу қажет;

-агротехникалық- кемер төсемінің бетіндегі қара шірік қабатының сақталуын көздейтін талаптарды, бұл қара шірік ылғалдың барынша толық пайдалануын қамтамасыз етеді;

-мелиоративтік- беткі қабаттағы қар, жаңбыр суларымен топырақ эрозиясын тоқтатуды қамтамасыз ету;

-пайдалану- құлама жардың жасалуын жеңілдететін, кемерлердің ұзақ пайдалануын және оларды жөндеуге қаражаттың шамалы жұмсалуын, ылғалдың аз булануын, сондай-ақ егін өсіруге ұсынылған дақылдарды одан әрі механикаландыруды қамтамасыз етеді;

-құрылыстық-кемерлерге келуді қамтамасыз ету;

-экономикалық- беткейлерде кемерлер жасау жұмысының құнын төмендетуді және кемер жасалатын алаңдардағы өнімсіз шығынды кемітуді көздейтін үнемдеу шараларын басшылыққа алу.

Су эрозиясымен күрес жүргізетін машиналар. Қар айдағыш-жал салғыш СВ У-2, 6 машинасы егістікке жал салу арқылы қар тоқтатуға арналған. Ол гидрожүйесінің болу-болмауына қарамастан Т-4А және ДТ-75М тракторларына агрегатталады.

Қар айдағыштың негізгі бөлшектері - болат табақтан дайындалған цилиндр формалы қайырмалар(7) . Қайырманың төмендегі жағына болат тілкемінен жасалған түрен болттармен бекітіледі. Әрбір қайырмаға екі-екіден тіреу пісірілген. Қайырмалар өзара қорапша білеуден пісіріліп, қорапша қималы алдыңғы(3) және артқы (5) арқалықтармен жалғасқан. Арқалықтарды қайырмалар тіреуіндегі үшкілдердің аралығына орнатып, арнайы болттармен бекітеді.

Арқалықтарға грядильдер (4 және 6) орнатылады. Олар артқы арқалыққа кронштейнмен, ал алдыңғысына қамыттармен бекітіледі. Арқалықтардың алдыңғы бөліктеріне тіркеменің (1) жалғау биіктігін реттейтін ойығы бар төмендеткіштер (2) жапсырыла пісірілген. Қапсырмалардың тұмсығы грядильдердің алдыңғы бөлігіне шпренгельдермен жалғастырылған. Қайырма тіреулеріне екі алдыңғы және екі артқы сырғыма болттармен бекітіледі.

Қар айдағыштың тіркемесі үшбұрыш формалы болады. Тіркеменің тартқыштары мен кергіштері төрт қырлы түтік тәрізді жасалып пісірілген бұрыштамалардан дайындалған. Тасымалдау және қар үйіндісінен босату үшін қар айдағыш қайырмалардың артқы бөліміне бекітілетін тартқыштарымен жабдықталған.

Сүйреу тартқыштары шығыршықты құралған. Түрендерді борозда түбіне орнату бұрышы 46. Қайырмаларды жүріс бағытына орнату бұрышы 30. Қар айдағышпен жұмыс істеу технологиясы мынадай. Қар айдағышты үлкен жолақ қалдыратындай етіп алға қарай сүйретеді, ал оның түрендері қарды астыңғы жағынан тіледі. Сонда қар қыртысы оң қайырмамен солға қарай, ал сол жақ қайырмамен оңға қарай құлатыладыда, биіктігі қар қабатынан 2, 5-3, 5 есе асып түсетін ортақ білеу пайда болады. Қайырмалардың қарға терең батуын сырғыманы ауыстырып қою арқылы реттейді. Құралдың алым ені 2, 6м итерілетін қар жолағының астыңғы ені 0, 8 м, үстіңгі ені 0, 49м. Агрегат (осындай екі қар айдағышы бар) ДТ-75М тракторымен жұмыс істегенде өнімділігі сменасына 60 га-ға дейін жетеді. ПЛДГ-10 құралы беткейлерде сүдігер жыртқан кезде шұңғыл жасауға, сөйтіп еріген суды іркіп, су эрозиясынан қорғауға арналған. ПЛДГ-10 құралының конструкциясы ЛДТ-10 сыдыра жыртқышының негізінде жасалған, оның құрылысы $4 жазылған.

Құралдың негізгі бөлшектері- бес сфералық дискіден (диаметрі 450мм) тұратын секция. Дискілер эксцентриситет 110мм келетін оське қондырылып, бір-бірімен 180, ал шабуыл бұрышы 30 болатындай етіп орналасқан.

Шұңқыр жасағыш алға қарай қозғалғанда диск секциялары топыраққа алма-кезек еніп, оны тіледі де, тереңдеген сайын біртіндеп тарыла беретін сопақша шұңқырлар жасай отырып, топырақты аударып тастайды. Шұңқырдың ұзындығы орта есеппен 1164 мм, ені 330 мм және тереңдігі 150 мм-ге дейін болады.

Қар және жаңбыр суын шұңқыр жасап бөгеуден басқа топырақ білеулерімен де(қашылау) тоқтатады. Бұл әдістің мәні мынада: плуг корпусының біріне, жер жыртқан кезде оның қыртысын алдыңғы бороздаға аудара жал жасайтын, қайырманы ұзартатын тақта орнатады. Қашылауды ортаңғы екі корпусы алынып, артқы корпусы мөлшері үлкен қайырмамен жабдықталған-төрт корпусты плугпен жасауға болады. Осы плугпен агрегатталған трактор бір рет жүріп өткенде биіктігі 50-60 см-ге дейін жететін білеу түзіледі және білеу табанының ені 1, 2-1, 3 м болады. Мұндай плугпен жерді шетке қарай жыртқан жөн.

Ұзартылған қайырмасы бар КВ-1 корпусы күзгі-қысқы және көктемгі маусымдағы қар мен жаңбыр суын бөгеуге және бір мезгілде сүдігер жыртуға арналған білікшелермен жол жасау үшін қажет. Мұндай жағдайда жалды 5-тан аспайтын тік беткейлерге кесе-көлденең етіп жасайды.

Ұзартылған қайырмасы бар корпусты төрт, бес корпусты сериялы плугтардың ең соңғы корпусының алдындағысының орынына орнатады.

Ұзартылған қайырмасы бар КВ-1 корпусының сериялы корпустан айырмашылығы, оның кергісі және атыз тақтасында кергінің төменгі ұшына бекітуге арналған қосымша тесіктері болады. Корпустың түрені мен тірегі стандартты. Ұзартылған қайырмасы бар корпуспен жабдықталған плугтың жер жырту технологиялық процесінен айырмашылығы жоқ. Оның айырмашылығы тек КВ- 1 корпусының соңынан биіктігі 18-20 см, табанының ені 40-50см жалдың пайда болуында ғана.

Кемер жасау(террасалау) үшін қолданылатын машиналар мен құралдар. Кемер жасау үшін ППН-50 плантажды плугын, Т-4 кемерлеуішті және РТН-2-25 кемер қопсытқышты пайдалануға болады. Т-4 кемерлеуіші топырағы тастақ келетін тау беткейінің ылдиы 40-қа дейінгі жерлерде кемер тілгілеуге арналған. Оны енсіз орларды, жыраларды топырақпен толтыруға және жол салуға қолдануға болады. Ол- әнбебап (бульдозерлі) рамасыбар Т-130 тракторына лайықталған, алмалы-салмалы жабдық.

Кемерлеуіштің негізгі құрастыру бөлшектері- Т-130 тракторындағы рама, шарлы ұясы және қопсытқыш тістері бар қайырма, кронштейн, түрткіш, тереңдету секторы, тірек өкшелігі.

Қайырма вертикаль жазықтыққа тереңдету секторының көмегімен 10 бұрыш жасай орнатылады. Мұның өзі кемер жолағынан кері 10 бұрыш жасауға мүмкіндік береді. Қайырманы әнбебап рамадағы шар тәрізді қалпақшамен бұра айландыру арқылы оңға және солға қарай топырақ айыратын қалыпқа орнатуға болады. Жұмыс өнімділігі (тістерінің қопсыту тереңдігі 220 мм және алым ені 2660 мм болса) 30-60 м/сағ. РТН-2-25 аспалы кемер қопсытқышы кемер жолағындағы жүзімділік пен жеміс егетін жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бір мезгілде енгізе отырып, жер қыртысын аудармай терең қопсытуға арналған. Ол гидравликалық аспалы жүйемен жабдықталған Т-130 тракторына агрегатталады.

Қопсытқыш пісірілген рамадан тұрады, оған екі қопсытқышты жұмыс органы, екі тіреуіш жетек доңғалағы, екі планкалы-қырғышты транспортері бар бункер және тыңайтқыш шашу нормасын қалыптастыруға арналған жапқыштар, тракторлармен жалғауға арналған асқыш қондырылған.

Қопсытқыш органдарының жүріс тереңдігін бұрандалы механизм арқылы іске қосатын тіреуіш-жетек доңғалақтарды көтеріп-түсіру нәтижесінде қалыптастырылады. Қопсытқышты сақтауда тіреуіш тірек қызметін атқарады.

Қопсытқышты жұмыс қалпынан тасымал және қайта жұмыс қалпына қою трактордың гидрокөрсеткіштігі арқылы атқарылады. Агрегаттың жүріс жылдамдығы 2, 5 км/сағ болған кездегі жұмыс өнімділігі (70 см тереңдік-те ) 0, 3га.

Жерді тілгілеуге қолданылатын машиналар мен құралдар. Тілгілеу өңделмеген жерде де, беткейлердегі егістік жерлерде де жүргізіледі. Беткейлерде қар мен жаңбыр суын көп жылдық шөп пен күздік дақылдар егісіне бөгеу мақсатында жерді тілгілеу үшін ПРВН- 2, 5А жүзімдік плуг қопсытқыштарын, КЗУ- 0, 3 арық қазғыш-тегістегіштерді және ЩН- 2-140 тілгілеуіш-үңгілеуішті пайдаланады. ШН-2-140 тілгілеуіш-үңгілеуіш-аспалы құрал. Ол дискілі пышақ, тіреуіш доңғалақ, тілгілеуіш пышақ, пышаққа орнатылған үңгілеуіш, дестелеуіш, қашау бекітілген рамадан тұрады.

Жел эрозиясымен күрес жүргізуге арналған машиналар. Жел эрозиясы күшті болатын аудандарда жерді өңдеген уақытта топырақтың шаңдануын болдырмау- қазіргі агротехникадағы маңызды шаралардың бірі. Себу алдында жер өңдеуде және парды баптап - күту кезінде дискілі сыдырғыштарды қайырмасыз құралдармен алмастыру қажет.

Тез шаңданатын жеңіл және карбонатты топырағы бар жерлерде сүдігер егістігіндегі паяларды мейлінше сақтап қала отырып, қайырмасыз жырту қажет. Өйткені пая қардың қалың жиналуынан, топырақты терең тоң болып қатып қалудан, қыс пен көктемгі эрозиядан сақтайды, көктемгі қар суының жерге жақсы сіңуіне себепкер болады және топырақтағы ылғалдың булануын, желмен үрленуін азайтады.

Жерді қайырмасыз өңдеуді негізгі екі түрге бөлуге болады:жердің үстіңгі бетін астарлай өңдеу және пая топырақтың үстіңгі қабатына аздап көмілген кезде жер қыртысын аударыстырмастан, топырақты ішінара қопарыстыра қопсыту.

Топырақты қайырмасыз өңдеу үшін мынадай машиналар қолданылады.

КШP-3, 6А шангілі культиваторы арамшөптерді отауға, топырақты қопсытуға, сондай-ақ себу алдында топырақты культиваторлауға арналған. Топырақты өңдегенде ол паяға зақым келтірмей, оны егістік бетіне қалдырып кетеді, сондықтан ол жел эрозиясына ұшырайтын және ылғалы жеткіліксіз аудандарда пайданылады.

Алмал-салмалы тіркесі болғандықтан культиватор аспалы күйде де тіркемелі күйде де жұмыс істей алады. Культиватор аспалы күйінде МТЗ-80 тракторына, ал тіркемелі күйінде гидроцилиндрлермен жабдықталған МТЗ-80 тракторына агрегатталған. Екі культиватор тіркелген күйінде СП-11 тіркеуішімен немесе СП- 16 тіркеуішінің ортаңғы секциясымен ДТ-75М, Т- 150 және Т-150К тракторына, үш культиватор Т-4A тракторына, төрт культиватор СП-16 тіркеуіші арқылы К- 701 тракторына агрегатталады.

Культиватор рамадан, алмалы-салмалы тіркеу тетігінен, жүріс доңғалақтарынан, теңгергіш жәшіктен және жұмыс органынан тұрады. Штанга -культиватордың жұмыс органы. Ол -көлденең қимасы 25х25 мм және ұзыңдығы 3700 мм төрт қырлы білік. Штанга культиватордың жүріс бағытына көлденең орналасады да, культиватор доңғалақтарының айналуына қарама-қарсы 1, 1 м жолда 1 айналым жасайды.

Штанга топырақ астымен жылжи отырып, арамшөптерді тамырмен жұлып, бетіне шығарып тастайды, бір мезгілде ол жер қыртысын аудармай, топырақтың үстіңгі қабатын қопсытады. Культиватордың жұмыс өнімділігі 1, 8 га/сағ, алым ені 3, 6 м және өңдеу тереңдігі 5 -10 см.

КПЭ-3, 8 ауыр культиваторы жерді негізгі өңдеуге және себу алдында паяны топырақ бетінде қалдыра өңдеуге арналған. Культиватордың біреуі ДТ-75М тракторына агрегатталады. Культиватордың бірнешеуі Т-4А, Т-150, К-701, Т-130 тракторына және әнбебап гидрофикиацияланған СП-16 тіркеуішіне агрегатталады.

Культиватор рамадан, тіркестен, жұмыс доңғалақтарынан, жұмыс органдарын көтеру механизімінен, жұмыс органдары бар грядильден, жалғастыру буындарынан тұрады.

Культиватор рамасы тікбұрыш формасында пісіріліп жасалған. Ол параллель қойылған үш брустан -жапсырмасы бар бұрыштамамен өзара қосылған тікбұрыш қималы түтіктерден жасалған. Раманың бүйірлері бойлық брустарымен шектелген. Олардың жалғамаларды бекітуге арналған бір-бірден фланеці болады. Раманың әрбір брусына тіркесті жалғастыратын екі құлақша орнатылған.

Тіркес көп тармақты, алмалы-салмалы бұрыштамалардан тұрады. Ортадағы төрт бұрыштама раманы жоғарғы және төмеңгі жағынан ұстап тұрады және өзара болттармен жалғастырылған. Тіркестің бүйір тармақтарының бір ұшын тіркеме құрылғысының жоғарғы орталық бұрыштама-маларына, екінші ұшын раманың құлақшаларына бекітеді. Тіркеу тетігінің алдыңғы жағында төмендеткіші болады, ол тіркеу тетігінің орталық бұрыштамаларымен болттар арқылы жалғастырылған. Төмендеткішке топса арқылы қапсырма жалғастырылған.

Культиватордың жүріс доңғалақтары пневматикалы, оның мөлшері- 6-16, №207 және 208 шарикті подшивниктерде айналып тұрады. Шинадағы ауа қысымы 0, 25 МПа . Доңғалақтардың күпшектерінде солидолды шприцпен айдап енгізетін май құтылары болады.

Жұмыс органдарын көтеру механизмінің негізгі бөлшектері- тартқышқа топсамен жалғастырылған кронштейн және теңгергіштер, жапсыра пісірілген түтіктер. Тартқыш топса арқылы тербелгішпен, ал тербелгіш өз кезегінде тіркеу тетігінің орталық бұрыштамаларына жалғасқан. Тіркеу тетігі раманы жұмыс органдарымен тасымал қалпында ұстап тұратын екі тасымалдау тартқышы бекітілген . Теңгергіштері бар түтікті құйма кронштейнде қиыстырылады, ал кронштейндерді.

C:\Users\Admin\Desktop\i (5).jpg

C:\Users\Admin\Desktop\i (1).jpg

C:\Users\Admin\Desktop\i (4).jpg

1. 3. Тракторлардың автомобильдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі.

Тракторлар модификациясы. Тракторлардың автомобилдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі.

Класы 6 кН тракторлардың негізгі базалық маркасының бәрі Т - 25А Владимировск трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылады. Бұл универсалды - қатараралық трактор және жеміс өсіруге, шөп жинауға, мал фермалары мен транспорт жұмыстарын атқаруға арналған ( двигателі ауамен салқындатылады) . Металдан жасаған кабинамен гидрофикацияланған тірегіш ілгекпен, дифференциалды біріктіретін механизммен жабдықталған. Осыған қосымша реверсті (жылдамдық бағытын өзгерткіш) механизм қойылған. Жұмыс түріне қарай трактордың екі доңғалағы арасындағы ара қашықтығын, жолдық саңылауын және базасын өзгертетін қондырғы бар.

Осы кластағы трактордың мынандай модификациялары шығарылды және олардың базалық моделінен төмендегідей айырмашылықтары бар. Маркасы Т - 16 өздігінен жүретін шассилі Т - 16ММЧ шай плантациясы жұмыстарына арналған, күн қағар тент қана орнатылған; Т - 25АЗ - кабинасының каркасы өте етіп жасалған; Т - 25Аl - жоғары клинерсті (ауырлық нүктесі қте төмен орналасқан) ; Т - 25МГ - тауда жүретін шассилі және оның тұлғасын автоматты түрде көлденең бағытта ұстап тұратын қондырғысы бар. Осы көрсетілген өзгерістен басқа механизмдері базалық модельдікімен бірдей.

Класы 9 кН тракторларының негізгі базалық моделі Т - 40М, Липецк трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылып келеді. Қатар аралығы өңделетін өсімдіктерді өсіру мен жинау жұмыстарына, мал фермаларында және транспортта пайдалануға арналған трактор. Двигателі ауамен салқындатылады және көптеген бөлшектері Т - 25А тракторының двигателінікімен бірдей. Трактордың руліне гидравликалық күшейткіш қойылған және гидрофикацияланған тіркеу ілгегімен жабдықталған. Бульдозермен, шұңқыр қазғышпен және әртүрлі тиегіштермен жұмыс істей алады.

Бұл трактордың мынандай модификациялары шығарылады; Т - 40М - алдыңғы оське де жетекші дөңгелек орнатылғандықтан дөңгелек схемасы 4х4, оның өтімділігі арттырылған; Т - 40 АМ - төменгі клинерсті, көлбеулі беткейлердегі жұмысты атқаруға арналған; Т - 28х4 Ташкенттің трактор заводы шығарған мақта өсіру жұмыстарын орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тракторлар мен автомомильдер 2
Басты беріліс және жетекші беріліс
Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы
Қышқылды аккумулятор - қышқыл электролит құйылған аккумулятор
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеме
Қоректендіру жүйесінің аспаптары және дизельдерін жөндеу
Автомобильдердің электр тогы
Автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік
Автомобиль қозғалтқышының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz