Зақымдау ошағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды өткізу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ
"Индустриалды-технологиялық" факультеті
"Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Зақымдау ошағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды өткізу»
Орындаған: Сандыбай Г БЖД-17 (қ/т)
Тексерген: Шахманова А. К
Атырау-2018 ж.
Жоспары:
I . Зақымдау ошағы және оның түрлері.
II. Аралас зақымдау ошағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды өткізу.
III. Инженерлік жағдайларды бағалау әдістерді
I. Зақымдау ошағы және оның түрлері.
Зақымдану ошағы (ЗО) - адамдарды, ұрыс техникасы, көлігі мен әр түрлі мүліктерінің бәрі бактериялық залалдануға ұшыраған аумақ. Зақымдану ошағы жұкпалы аурулар таратудың негізгі көзі болып саналады, осыған байланысты қарсыластар қоздырғыштар қолданғанға дейін зақымдану ошағы аумағына обсервация орнатылады. Онда зақымданған жеке құрамға медициналық бақылау күшейтіліп, жұкпалыауруларды оқшаулау, госпитальға жатқызу жұмыстары және санитариялық-гигиеналық шаралар, төтенше сақтандыру жұмыстары өткізіледі, сондай-ақ зақымдану ошағы арқылы кіру, шығу әрекеттері шектеледі.
Зақымдану түрлері
Химиялық, биологиялық және радиациялық зақымдану түрлері.
Химиялық зақымдану
. Химиялық қарудың немесе өте күшті улы заттардың әсеріне ұшыраған аумақ. Мұның салдарынан адамдар, жануарлар мен өсімдіктер зақымданады. Химиялық зақым ошағы улағыш заттар тікелей колданылған ауданды, биоконцентраттардағы булар мен аэрозольдардың таралу бағытындағы жерлерді қамтиды.
Радиациялықзақымдану.
Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін.
Биологиялық зақымдану . Әскерлердің жеке құрамы мен халықтың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, сонымен қатар қоршаған ортаға қауіп төндіретін, адамдар мен жануарларды зақымдайтын қауіпті биологиялық құралдар немесе потогенді микроорганизмдер аумағында дамыған, аймақ . Ол қауіпті аймақ, орташа (20-дан 50%-ға дейін) және әлсіз (1-ден 20%-ға дейін) зақымдану болып бөлінеді.
Бактериологиялық (биологиялық) зақым ошағы - адамдар мен жан-жануарларды зақымдайтын бактериологиялық (биологиялық) құралдардың әсеріне ұшыраған аумақ. Бактериологиялық зақым ошағы бактериологиялық құралдарды колданғаннан кейін бірден пайда бола қоймайды, әрбір жұқпалы аурудың жасырын өтетін (инкубациялық) кезеңіне тең болатын біршама уақыттан кейін пайда болады. Бактериологиялық (биологиялық) зақым ошағы микробтар мен олардың сыртқы ортаға орнықтылығының жоғары дәрежеде болуына, жұктырушылардың организмінде көп уақыт сақталу қабілетіне орай ұзақ уақыт жойылмауы мүмкін.
Бактериологиялық (биологиялық) зақым ошағының көлемдері.
Қолданылған бактериологиялық қарудың түріне, биологиялык рецептураның сипатына, олардың қолданыну әдісіне, сол жердегі халықтың тығыздығына, адамдардың жұқпалы ауруларды қабылдағыштығына, сондай-ақ метеорологиялык жағдайлар мен жер бедеріне байланысты. Бактериялық құралдардың қолданылуы немесе жұқпалы аурулардың пайда болуы анықталған кезде АҚ бастығының шешімі бойынша зақымданған аумакка карантин немесе обсервация енгізіледі, бүкіл халықтың белсене катысуымен басқа да қызметтерді, арнайы жасақтарды тарта отырып медициналық кызметтің, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметінің күш құралдарымен індетке қарсы және емдік профилактикалык шаралар жүргізу ұйымдастырылады.
II. Аралас зақымдау ошағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды өткізу. Химиялық, радиациялық және биологиялық зақымдану кезіне құтқару және басқа да шұғыл қызметтерді атқару.
Ауа толқынының соққысы - жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.
Жарықты сәулелену немесе жарықтың сәуле шығаруы - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны.
Өткіш радиация - ядролық жарылыс кезіндегі гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.
Жердің радиоактивті ластануы - ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болатын құбылыс.
Электромагниттік импульс - гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер.
Ядролық қару - жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару.
Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады. Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.
Қатты әсер ететін улы заттар дегеніміз - өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.
ҚӘУЗ топтары : тұншықтырғыштық әсері басым заттар, жалпы улылық әсері басым заттар, метаболдық улар, жүйкені жансыздандыратын улы заттар, терінің құрысуына әсер ететін улы заттар, көздің жасын ағызатын және тітіркендіргіштік әсері бар улы заттар, психикалық әсер ететін улы заттар, жылдам әсер ететін улы заттар, баяу әсер ететін улы заттар.
Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтын ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлікбақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды. Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс.
Радиация мен химиядан қорғау шаралары.
· қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау;
· радиациялық барлау приборларымен ( ДП 5В, ИПД 21 ) ;
· химиялық барлау приборларымен ( ВПХР, ПХР, ХУЗ ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен;
· залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау;
· радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау;
· радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою;
· халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық-түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру;
III. Инженерлік жағдайларды бағалау әдістерді.
Барлау - Азаматтық қорғаныс күштерінің табысты өрекеттеріи қамтамасыз ету түрлерінің бірі. Ол қазіргі кездегі жаппай жою кұралдарын қолданудан және төтенше жағдайлардан корғану бойынша 11 ісезінде және дәлелді шешім қабылдауға қажетті жағдай жөнінде керек уақытында мәліметтер табу, құтқару жөне жедел калпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі және ұйымдастырылады.
Барлауға қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады үздіксіз, белсенділік, мақсатқа ұмтылушылық, табылған барлау мәліметтерінің дұрыстығы мен дәлдігі.
Қолданылатын құралдар мен әрекет ету ортасына байланысты барлау мынадай түрге бөлінеді :
әуеденбарлау;
жерүстіненбарлау;
теміржолданбарлау;
өзеннен (теңізден) барлау .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz