КӨРНЕКІЛІК АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу үдемелі ақпараттар ағыны ғалымдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр.
Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді еркін ойлай алатын өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда.
Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төмеңгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру өз ойын пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу деп атап көрсеткен.
Оқу сапасын оқушылардың танымдық шығармашылық белсенділігін логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады.
Сондай іс тәжірибе кезендерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар көрнекіліктерді пайдалана отырып балаларды әң әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі үйірсектік мақсатқа жетуде табандылық орынды әзіл баланы жақсы көру ұстаздық байқағыштық ұйымдастыру қабілеті т.б кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік.
Оқушының байқау көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп дамытатын көрнекілік. Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін сыр сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп қолмен ұстап құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин зор көніл бөлген Қазақ жастары ғылым өнерді кітап сөзі деп қарамай заттай көзімен көріп ажырата білулері керек деген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну.
Міндеттер: Психология педагогика әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдау. Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісіне көрнекіліктің маңызын анықтау. Көрнекілік ұғымын ғылыми негіздеу оның сабақтағы рөлін анықтау.

I. КӨРНЕКІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Көрнекі оқыту әдістері

Білім жүйесінде айрықша орында оқу танымдық қызметінің белсендіру құрал жабдықтары алады. Нарықтық арақатнасқа өту оқытудың педагогикалық принциптерін толық жетілдіру қажет етеді.
Белгіленген кезенде педагогиканы дамыту бастапқы қабылданған принциптерді қайта қарап шығу қажеттілігімен қақтығысады. Олардың не кең көлемде қолданылуын (мысалы көрнекілік принципі) не басқа қосымша принциптерді мысалы мәселілікті қозғамдаманы және тб керек қылады. Принциптер дидактика мазмұнына тұтастықты қосады көптеген заңдарды келісті жүйеге айналдыруға мүмкіндік береді ол дегеніміз оқыту процесінің барлық негізгі тараптары мен қызмет аясын қағып алу.
Оқыту принциптерінің ең белгілі және интуициялы түсінікті принциптерінің бірі сонымен қатар ерте кезден қолданылып жатқан көрнекілік принціпі.
Оқытудың көрнекілігі бұл оқушыларда ойлаудың барлық формаларын табысты қалыптастыруды қамтамасыз ететін және оларға айналадағы болмыс туралы объективті ғылыми білім көзі ретінде қызмет етеді сонымен бірге сөйлеуді дамыту және тәуелсіз түсінудегі маңызды жағдайдың бірі.Объектіні қабылдау процесінде сезумен бірге зерде және ойлауқатысады.
Қабылданатын объект бейнесі тек қана адам талдау жасап объектіні ұғынып оны бар біліммен арақатынасын белгілегеннен кейін ғана көрнекі болады. Көрнекі бейне өзінен өзі пайда болмайды ол адамның танымдық қызметінің белсенділік нәтижесінде пайда болады. Көрнекілік дәрежесі адамның жеке ерекшеліктеріне оның танып білу қабілетінің даму деңгейіне біліміне бастапқы бейнелерді қабылдау көрнекілігінің дәріжесіне әртурлі болуы пайымдау және қабылдау процесінің маңыздылығынан шығады.
Көрнекілік оқытудың әдістері мен тәсілдеріне міндетті түрде қатыс отыратын оқытудағы маңызды дидактикалық принцип.
Көрнекілік принцип оқушылардың білімге деген қызығын жоғарлатады және оқыту процесін әлдеқайда жеңілдетеді. Көптеген қиын теориялық жағдайлар көрнекілікті шебер қолданудан оқушыларға қол жетімді әрі түсінікті болады.
Оқытудың аудиовизуалды құрал ретінде қолдану қажеттілігі күмәнсіз сезім мүшелеріне әсер ету мүмкін. Психологиядан белгілі жайт естуге қарағанда көру анализаторлары айтарлықтай жоғары қасиеттерге ие. Көз секундына миллиондаған ал құлақ тек он мындаған битті қабылдауы мүмкін. Көру арқылы қабылданған ақпарат психологиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда есте жақсы сақталады. Халық даналығы былай дейді жүз рет естігенше бір рет көру. Бірақ та оқыту процесінде ақпарат көзі оқытушының айтқандары яғни есту анализаторларына әсер ететінде болып табылады. Ендеше оқытушыға көру және көру есту құралдарын ақпарат беруде қолданылуын кеңейту қажет. Көрнекілік құралдарың сұрыптау тасымалдау қайта құру және ақпаратты бейнелеу ойдың процестерін автоматтандыру мүмкіндік береді.
Көрнекілік құралдары оқушыларда алғашқы қортуын қалыптастырады ой дамуына мүмкіндік тұғызады мықты білімді қамтамасыз етеді.Көрнекілік оқу құралдарын қолдану оқып жүрген феномендердің маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру ушін қолданылады.
Оқушыларды тәжірибелік қызметке дайындау олардың ақыл ойындағы нақты аңық объектілердің бейнелерін үрдістерін және іс әрекеттерін түсіну талқыға сала білу қабілеттілігің негізінде жүзеге асады. Сондықтан география сабағында көрнекілік принципі кең қолданысқа ие.
Педагогикада көрнекілік тұлғаның жан жақты дамуының түпнегізі және мағызды оқу принципі болып саналады әлі де саналып келеді.
Сан алуан көрнекіліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп топтастырылған нақтылы табиғи көрнекіліктер символикалық графикалық салыстырмалы көрнекіліктері.
Педагогикалық машық кезендерінде әртүрлі көрнекіліктерді шын түрлерімен қолдана отырып студенттердің байқағаны оқушылардың әуенге деген ынтасы мен талғамын өсіруде теріс әсер етпейді. Қайта ойынға деген қызығушылықтарын арттыра отырып олардың санасына әуен ұғымы туралы түсініктерді қалыптастыруға болады.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерге әуен туралы түсіндіруде арнайы бағдарламаға сүйене отырып қай жағынан алғанда қызғылықты және қонымды болады міне осы тәсілдерді ізденістіру қажет.
Көрнекіліктер түрлері дидактикалық үрдістерімен соның ішіндн дамыта оқыту үрдісінен ұштастырыла іске асу тиіс. Педагогикалық машық кезеңдерінде студенттер көрнекіліктерді көбірек қолдануға тырысады.Себебі сыныпты жалпы және әр баланы жеке көріп білуге олардың эстетикалық талғамын қызығушылығын сабаққа деген ынтасын арттыруға зор ықпал етеді.
Күнделікті сабақтарда тақырыпқа сай күйтабақтар үн таспалар әнші сазгер сүреттері музыкалық тб пайдаланылады. Көрнекіліктерді қолануға мынадай талаптарды ескерген жөн:
1.Көрнекіліктер оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек;
2.Эстетикалық тәрбие беру мақсатында балалардың талғамын өсіретіндей әсем ұқыпты да тартымды орындалғаны жөн;
3.Жүйелі жинақты тұруы тиіс.
4.Тақырыптың мазмұның аша түсіп толықтыратындай болуы керек.
Тоқсан соңындағы қайталау сабақтарында оқушылардың білімін тексеру бағытында бүкіл сыныпты қамтитын ойындар ұйымдастырылады.
Мысалға ән сабақты алайық. Жалпы ән сабағын көрнекіліктердің пайдалуына қарай үш бөлікке бөлуге болады. Бірінші төлегендегі өткен сабақты қайталау және музыка теориясынан білім беруде тақырыпқа сай карточкалар, сөзжұмбақтар, ребус, музыкалық домино т.б ойындарын ұйымдастыруға болады.
Сабақтың екінші бөлігінде ән үйрету ән айытқызуға әнші сазгер сүреттері мазмұнына байланысты суреттер дауыс жаттықтыруға плакаттар, музыкалық аспап пайдаланады.
Сабақтың үшінші бөлігі оқушылардың ой өрісін эстетикалық талғамын өсіріп жақсы әсер ететін музыка тыңдату. Мұнда түрлі күйтабақтар үнтаспалар диафильмдер түрлі суреттерді пайдалануға болады. Көрнекіліктердің әуеннің мазмұның түсіну есте сақтауға көмегі бар.
Мектептегі барлық оқу әр сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы мұғалімнің кәсіби білімін іскерлігін талап етеді.Сондықтан да болашақ жас маман өз міндетін дұрыс түсініп кәсіби тұрғыдан жан жақты даярлануы қажет. Музыканың қыр сырын әртурлі әдіспен түсіндіру іс жүзінде мұғалімнің білім деңгейі мен іскерлігіне жауапкершілігі байланысты болып оқу тәрбие жұмысында жақсы нәтиже беретініне сенім тудырады.
Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілетті өте жоғары.
Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған соның ішінде:
сөздік формада ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға
қарағанда табиғи күйінде берілген заттар жақсы жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп оларды оқу процесінде пайдалану;
есте болсын сәби ойы формаларымен түр түсті бояулармен
дыбыстармен түйсіктермен өрнектеледі; осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құралмай оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді;
оқушылар үшін ең маңызды ереже мүмкіндік болғанша сезімдік
қабылдауды пайдалану дәлірек айтсақ көз қабылдауына көретінді құлақ қабылдауына естілетінді иіс дәм қабылдауға тиісті мүшелерді;
бір көрнеккілікпен шектеліп қалмау көрнекілік мақсат емес
оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы;
көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан оны проблемалы
ситуацияларда өз бетінше білім алі көзі ретінде де пайдаланған жөн.Бұл оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарың ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар
жөнінде өте аңық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысында естен шығармау.
оқушы бақылауларын жүйелестіріп себеп салдарлармен
сәйкестендіру;
көрнекі құралдарды қолдана отырып алғашқыда балаларды ондағы
берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға кейін бастысын және екінші дәрежелерге өз алдына содан соң қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету;
әртурлі көрнекілікті пайдалану бірақ көрнекі құралдар санын
шектен асырмау себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп негізгі мән мағнаны қабылдауға кедергі жасайды.
Көрнекілік принцип негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды.Ең сезімталы көру мүшелері. Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтауға көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
Балалардың ақыл ой жұмысы үшін формалар бояулар дыбыстар
керек екенін естен шығармау.
Оқытудық алтын ережесі көрініп тұрғандарды көрсету еститінді
естірту иіскететінді иіскету дәмін татып көретінді дәмін таттыру.
Көрнекілік оқыту және ақыл ойды дамыту құралы.
Оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты
фактілер мысалдар келтіру.
Көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану.
Көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және
дұрыс түсінік алуға көмектесуі.
Оқушылардың бақылауын жүйелеп құбылыстардың себептерін
салдарын анықтату.
Көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау негізгісі мен
негізгі емесін анықтау содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу.
Көрнекіліктің алуан түрін қолдану біраз көп көрнекілік қолданбау
өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып негізгі түсіне алмай қалады.
Көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу
қалыптасқан түсініктерге сүйеніп меңгерілетін ұғымды нақтылау.
Балалармен бірге көрнекілік жасау оқушылардың өздері жасаған
көрнекіліктердің де әсері мол.
Қазіргі көрнекі құралдарды атап айтсақ оқу теледидарларын бейнежазбалар кодослайдтар жартылай экранды проекцияларды тб қолданып техникалық құралдармен жұмыс істей білу.
Көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейініп бай қампаздығын ақыл ой мәдениетін жобалай білуін оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттың қарай затты көрнекілікті азайтып символдық көрнекіліктерді қолдану.
Нақты заттар мен құбылыстарды көрсету мүмкіндік болмаған жағдайда символдық көрнекі құралдарды қолдану.
Көрнекілік түрлері:
- табиғи көрнекілік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен жануарлармен минералдармен) таныстыруды талап етеді.
- эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан физикадан тәжірибелер жасайды.
- суретті көрнекіліктің мақсаты нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет картина диафильм диапозитив мылқау кинофильмдер).
- көлемді көрнекілік макет үлгі муляж геометриялық фигуралар панорама.
- дыбыстық көрнекіліктер күйтабақтар ұнтаспаға жазылған материалдар т.б.
- символдық және графикалық көрнекілік абстракты ой дамуына көмектеседі себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар карта жоспар сызба диаграмма
- жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып ол туралы түсінік қалыптастыру
- В Ф Шаталовтың тірек сигналы бейне таңба партты белгі суреттерден тұрады. Олар қарапайым сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып береғ алады.
Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымның белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан жақты дайындықты қажет етеді бақылаудың сызба нұсқасын өңдеу оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдеу білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі танымдық ұйымдастырушылық тәрбиелік мәні зор.
Демонстрация: Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды процесстерді объектілерді елестетін олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады. Берілген әдісі оқушылардың заттар құүбылыстар мен процестердің керекті өлшемдерін жасап өзара байланысын танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.
Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көнілің аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.
Бейне әдістері. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суреттер, схемелар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б кеңінен қолданады. Көрнекілік іс тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б.
Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді. Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблицар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі. Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігің, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, таблицалалар мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда. Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.
Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады. Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету, босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар кері байланыс жұмысын толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады. Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:
жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді
өсімдікті өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың
кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын, яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау;
күрделі машина мен механизмдердің ықпалын динамикалық
принципте түсіндіру;
түрлі іс әрекет түрлерін алгоритимде орындалуын оқыту;
шет тілі сабақтарында арнайы орта құру;
тарих, этика,қоғамтану,әдебиет сабақтарында өмір мен білім
байланысын бекіту, сабақтарда бейне құжатты қолдану;
тест өткізуді ұйымдастыру;
алдын ала жұмыстар жаттығулар, модельдеу, қажетті өлшемді
жасау;
жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;
сыныптағы әр оқушының үлгерімін, білім берудің
дифференциялық жағын ұйымдастыруды компютерлік есепке алу;
оқыту процесін рационализациялау, педагогикалық басқару
сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін қамтамасыз етеді.
Берілген әдістің сапасы видео мен техникалық құралдарды қолданумен тікелей байланысты. Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді. Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы біліктілігін, олардың іс әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылыр жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.
Әл Фараби (оқытудың негізгі әдісі көрнекілік) деп оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстыруында олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар атап айтсақ плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері. Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино фильмдерден, диафильмдер көрсетіледі.
Оқу процесінде жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитафондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі жеке тұлғалар қолданатын копьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндетті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдістерінің шарттары:
көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі
көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану
демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру.
демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі.
көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.
Көрнекі оқыту методы өтетін материалдарды оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді. Мысалы , адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы пәнінен адам скелеті көрсетіліп, осы сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы және буындардың құрылысы мен маңызы, атқаратын қызметі оқушыларға түсіндіріледі. Ботаника сабағында Өсімдіктердің органдары тақырыбы бойынша көрнекілік ретінде гербарийлер мен коллекциялар көрсетіледі. Әдебиет пәнінен картиналар сериясы, тарих пен география сабақтарында географиялық және таризи карталар, картограммалар, диаграммалар, схемалар, таблицалар, диапозитивтер пайдаланылады. Физика мен химия пәндері кезінде жасалатын эксперименттік тәжірибелері де көрнекілік оқыту методы деп атауға болады.
Фильм көрсету. Оқу фильмдері оқыту методы ретінде қолданылады. Программалық материалды оқу фильмдері арқылы баяндауды кино сабақтар немесе экрандап оқыту методы деп те айтады. Фильмдер әдебиет, ана тілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекі құралдар түрлері
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Тіл дамыту және оқыту әдістемесі
Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың әдістері
Сауат ашу теориясы
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
Көрнекі құралдар
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Оқытудың практикалық және көрнекілік әдістері
Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ғылыми негіздері
Пәндер