Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар факультеті
Өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасы
Өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕП
Тәжірибе қоры: Центр обслуживания население (ЦОН) филиал НАО РК правительство для граждан
Тәжірибе мерзімі: 28.05.2018 ж. - 30.06.2018 ж.
Мамандық топ 5В070200 - Автоматтандыру және басқару, АжБ-16 АОБ қб
Студент: Дулатұлы С
Университеттен тәжірибе жетекшісі: аға оқытушы Шагаева А.Б
Атырау-2018
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ...4
1.1 Халыққа қызмет көрсету орталығының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығы көрсететін қызмет түрлері...9
2.Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері ... ... ... ... .16
2.1 Еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету саласының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .1 6
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
КІРІСПЕ
Практикалық тәжірибені Халыққа қызмет көрсету орталығынан өттім. Практика кезінде мен бөлім қызметтерімен, есеп бойынша негізгі құжаттармен, бөлім мамандарының лауазымды және кәсіби қызметтерімен таныстым, ұйымның шаруашылық қызметіне қатыстым, сонымен қатар қызметкерлерге көмек көрсеттім. Осы практикадан алған білім мен мәліметтер есептілікке көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы онжылдықтарға басымды мақсаттар мен міндеттер белгілеген 2050 жылға дейінгі ұлттық жаңа саяси бағытын айқындайды.
Өзге де мәселелермен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударады. Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсету негізгі міндеттердің бірі ретінде айқындалды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларын және барлық кезеңін қамтиды. Азамат өмірге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттеседі.
Осылайша, туу туралы куәлік алу, арнайы әлеуметтік жәрдемақылар алу әр азамат үшін алғашқы мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады; есейген кезде азамат жеке куәлік құжаттарын алады; білім және медициналық қызмет көрсетуді алады; кәсіпкерлік қызмет жүргізу барысында рұқсат және тағы басқа құжаттарын алады.
Осы салаға жоғары қызығушылықтың оң үрдісі оны заңнамалық деңгейде реттеудің табиғи қажеттігіне алып келді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2013 жылғы 15 сәуірде күшіне енген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ҚР Заңы мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Электрондық үкімет тұжырымдамасы билік органдарының ісін неғұрлым жеңілдетіп, азаматтарға пайдалануға ыңғайлы болуы үшін құру қажеттігі туындады. Бұған дейін, әрбір мемлекеттік органның басқа органдармен байланысы болмай, оқшауланып тұрды. Азаматтарға әр түрлі құжаттар, анықтамаларды және озге де қағаздарды жинауы үшін көптеген инстанцияларды өтуге тура келетін. Осы себепті, бір қызметті пайдалану үшін көптеген мекемелерден өту қажет болатын. Қазіргі таңда бүл жағдай электрондық үкімет жобасының арқасында түбегейлі өзгерді.
Электрондық үкімет - дамыған ақпараттық техналогиялардың көмегімен азаматтар мен мемлекет арасындағы, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың арасындағы өзара қатынасты қамтамасыз ететін бірыңғай механизм болып табылады. Мемлекеттік органдардағы кезектер қысқарып, анықтама, куәлік және тағы басқа құжаттарды алу үрдісін жеңілдетіп әрі жылдамдатуына да мүмкіндік тудырған осы механизм.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен Халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып тіркелді.
Мемлекеттік корпорация бір терезе қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.
1 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
0.1 Халыққа қызмет көрсету орталығының тарихы
Қазіргі заман талабына сай дені сау,жақсы жұмыспен қамтылған,қамсыз тірлікте өмір сүріге қолайлы жағдайлар жасалған қоғамның ажырамас бөлігі мемлекет болып табылады.Азаматтардың қамын ойлайтын және әлеуетін неғұрлым арттыруға мүмкіндік тудыратын да мемлекет.Олардың заңды құқықтарының қорғалуына және сақталып қалуына кепілдік беретін де мемлекет болып табылады.Сондықтан да мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас қарапайым, түсінікті, қолжетімді және азаматтардың қажеттілігіне бағдарланған болуы керек.
Еліміздегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, осы пікірлерді негізге ала отырып құрылып, әлі де даму үстінде екендігіне кепілдік бере алады.Яғни, азаматтар мен мемлекет арасындағы әрекеттестіктің қарапайым,пайдалануға ыңғайлы және қолжетімді болуы үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2007 жылы төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды.
Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау ХҚО-ның басты оң қасиеттеріне айналды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру үшін 2011 жылы оларды электрондық үкіметтің инфрақұрылымымен біріктіру, ал кейін толық жаңғырту жүргізілді, нәтижесінде клиенттерге қызметтер көрсету уақыты қысқарды, қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілді, сондай-ақ орталыққа бару уақытын электрондық үкімет порталы арқылы броньдау мүмкіндігі іске асырылды.Бұдан басқа, ХҚО-ны жаңғырту кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға баса назар аударылды, әр ХҚО-да оларға арналып құжаттарды қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, пандустар мен шақыру батырмалары орнатылды.
Елбасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қалың жұртшылыққа, шалғай елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындау аясында барлық облыстарда пилоттық режимде 14 мобильдік ХҚО іске қосылды, ал 2012 жылы 56 баламалы қосымша ХҚО жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша қазірдің өзінде 70 мобильдік ХҚО жұмыс жасауда.Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс нысандарына көшу халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ оларды мониторингілеу мен сапасын бақылау құралдарын жасауға мүмкіндік берді. Осылайша, ХҚО қызметін бақылауды жетілдіру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін Ахуалдық орталығы құрылды, ол on-line режимінде барлық ХҚО қызметіне бейне-мониторингілеу жүргізуде. Осындай орталықты ашу жұмыс барысында орын алатын қателіктерге, оның ішінде қандай да бір көрсетілетін қызметті алу кезінде кезектердің туындауы жағдайында жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік берді.Бүгінде республикада 215 мемлекеттік қызмет көрсететін 271 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Айта кетейік, 2011 жылы Қазақстан ХҚО-ларында 59 қызмет, 2012 жылы - 113 қызмет көрсетілген болатын.Бүгінгі күні автокөлік құралдарын тіркейтін және жүргізуші куәлігін беретін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары - Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ашылды. Осылайша, Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін бақылауды жетілдіру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін Ахуалдық орталығы құрылды, ол on-line режимінде барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметіне бейне-мониторингілеу жүргізуде. Осындай орталықты ашу жұмыс барысында орын алатын қателіктерге, оның ішінде қандай да бір көрсетілетін қызметті алу кезінде кезектердің туындауы жағдайында жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен Халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып тіркелді
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам қызметінің тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің акттілерімен көзделген өкілеттіктерді және қызметтер түрін жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация қызметінің тәртібі өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру. Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі бекітілген Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімімен айқындалады.
Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі Заңға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен айқындалады. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электронды кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорация Ақпараттандыру туралы 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңына және Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерді сақтайтын, ақпараттық жүйелерден мәлеметтер бар болған кезде оларды алады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Заңмен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну Заңға сәйкес жүзеге асырылады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен реттеледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті электронды нысанда көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша рұқсаты негізінде оның электронды құжат нысанындағы сұрануы Мемлекеттік корпорация қызметкерінің оған қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Мемлекеттік корпорация қызметті көрсету, мемлекеттік қызметті алу туралы азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорция өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, онда электрондық үкіметтің веб-порталы сервистерін пайдалану және электрондық цифрлық қол таңбалы пайдалану мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ, азаматтарға электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін өзіне-өзі мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі беріледі.
Мемлекеттік корпорация:
- мелекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді нысанда, оның ішінде, көзі және естуі бұзұлған адамдарға қол жетімділікті ескере отырып ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мүгедектермен икемді тілдесу үшін оқытулар жүргізеді;
- мүгедектердің кедергісіз теңдей мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу шараларын қабылдайды.
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушының өтінішін Заңға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген кезде онда құжаттардың толық пакеті бар болған кезде қабылдайды.
- Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде алдын-ала толықтыру іске асырылған (өтініштің автоматты қалыптастыруы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді, бланктерді толтырудың толықтығын тексерді;
- өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде белгіленген, тиісті міндетті төлемдерді бюджетке енгізгенін растайтын, құжаттардың бар болуын және реквизиттерін тексереді;
- өтініш беруші туралы тиісті ақпаратты және тапсырылған құжаттардың тізімін мемлекеттік ақпараттар жүйесіне енгізеді;
- өтініш берушіден қабылданған құжаттарды тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы мемлекеттік ақпараттар жүйесінде иеленген штрих-кодымен қолхатты береді;
- көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді;
- қолхатта көрсетілген мерзімде өтініш берушілерге құжаттарды береді;
-Мемлекеттік корпорация басшылығын, Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалдарының аумағында өзіне белгілі болған тәртіп пен заңның барлық бұзушылықтары туралы хабардар етеді;
- Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде уәкілетті органдарға құжаттарды тапсыру, уәкілетті органдардан қабылдау, құжаттарды беру секторына тапсыру және өтініш берушіге құжаттарды беру бойынша іс-қимылдарды (штрих-кодты сканерлеу әдісімен) белгілейді.
Өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен өтініш берушінің ниеті бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Алдын ала, құжаттарды тапсырғанға дейін, Мемлекеттік корпорация консультанттары өтініш берушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қызметтерді көрсету талаптарымен таныстырады, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмек көрсетеді және өтініштердің бланкілердің дұрыс толтырылуын тексереді. Өтініш берушілердің ниеті бойынша Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі басып шығарылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация кызметкері көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде көзделген жағдайда, ұсыналған құжаттың түпнұсқасы бар құжатты электрондық көшірмесін куәландырады.
Операциялық залдан қабылданған құжаттарды жинауды кестеде белгіленген уақытта жинақтау секторының қызметкері жүзеге асырады. Жинақтау секторына келіп түскен өтініштер бағыттары бойынша қалыптастырылады, қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу жолымен Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде белгіленеді. Мемлекеттік корпорация өтініш берушілірдің Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Өтініш берушінің өкілі Азаматтық кодекске сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхатты қосымша ұсынады.
Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге қабылданған шешімдер туралы, зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар, бір реттік және өзге де төлемдер туралы sms-хабарлар беру арқылы ұялы телефонға хабарлайды. Өтініш беруші жүгінбеуіне байланысты уақтылы берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бір реттік және өзге де төлемдерді, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, мекенжайлық әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттардан басқа, алынбаған құжат ретінде көрсетілетін қызметті беру қайтарылады.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттарын, жеке куәліктерін бір жыл ішінде сақтауды, уақытша куәліктерді мерзімі аяқталғанша дейін сақтауды. Мемлекеттік корпорация кызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауға және дайын құжаттарды беруге байланысты әрекеттері Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызмет берушімен іс-қимыл Мемлекеттік ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қызмет алушының ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұратып алуы рұқсат етілмейді. Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметті көрсету процесінде белгіні болған азаматтардың дербес деректерін Дербес деректер және оны қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үшінші тұлғаларға жария етуге рұксат етілмейді.
Өздерінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру барысында, зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік аударымдардың құпиясын кұрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған, Мемлекеттік корпорация кызметкерлері зейнетақы жинақтарының және шартты зейнетақы шоттардың құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етпейді.
Мемлекеттік корпорация Жарғыға сәйкес мемлекеттік және өзге қызметтерді ақылы түрде көрсете алады. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органдармен өзара іс-қимылы мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға берген өтінімінің орындалу қозғалысы мен кезеңінің бағытына мониторинг МАЖ көмегімен жүргізіледі. Тиісті уәкілетті органдарға ұсынылатын құжаттардың тізілімі МАЖ-да қалыптасады. Ұсынылатын құжаттардың тізілімі екі данада басылады.
Тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштер кестеге сәйкес курьерлік және пошталық байланыс, және ақпараттық жүйе арқылы уәкілетті органға жіберіледі. Тізілімнің екінші данасы уәкілетті органның қабылдағаны туралы белгісі бар Мемлекеттік корпорацияға кері қайтарылады. Тиісті уәкілетті органға қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданған өтініштерді жеткізуді және кері қайтаруды аталған өтініштерді қабылдаған күні екі реттен кем емес жүзеге асырады. Алдын ала, дайын құжаттарды бергенге дейін Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті орган берілетін құжаттардың тізілімін құрайды, онда тізімін алғанда берілетін құжаттар туралы толық ақпарат жинақталады.
Тізімнің екі дана қосымшасымен қағазэлектрондық тасығышта ресімделген, беруге дайын құжаттар тиісті уәкілетті органға курьерлік, пошта байланысы және ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктер кешіктірмей жеткізіледі. Қолхатқа сәйкес келесі жұмыс күні берілетін құжаттар кешкі поштамен немесе бұрын келеді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның жауапты қызметкері тиісті уәкілетті органдармен ұсынылатын тізілімге сәйкес құжаттардың толықтығын тексереді. Тізілімнің екінші данасы, тізілімде көрсетілген барлық құжаттардың бар болған жағдайда, ғана алғандығы туралы белгісімен уәкілетті органға қайтарылады. Құжаттар тізімге сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органға қабылдаудан бас тарту туралы актісі қоса беріліп қайтарылады. Қандай да бір себептер бойынша тиісті мемлекеттік органдар орындаудан бас тартқан көрсетілетін қызметті берушілердің өтініштері Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көрсетілген мерзімде тиісті тізіліммен кері қайтарылады. Мемлекеттік корпорация филиалдарымен тиісті уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен ай сайынғы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны және сапасы бойынша жүргізілген салыстырулар жүргізіледі, олардың нәтижелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлінісінде есептер жасалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есеп тиісті уәкілетті органға есептік айдан кейінгі айдың 3 күніне дейін ұсынылады. Мемлекеттік қызметті көрсету саны мен сапасы бойынша жүргізілген салыстыру нәтижелері бойынша акты есептік айдан кейінгі айдын 15 күніне дейін жасалады. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық атқарушы органдармен салыстыру актілері Мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратымен жасалады.
Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және электрондық үкiмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Бір терезе қағидаты - мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны. Көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі[5].
Бiрыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша - ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі - мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі - жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау - көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау - орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру және оған мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру - электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру - мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
1.2 Азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығы көрсететін қызмет түрлері
Электрондық үкімет дегеніміз - лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН - ғана талап етіліп, басқа ақпараттар бекітілген сұраным арқылы алынатын, айыппұлдар мен коммуналдық қызметтің ақыларын онлайн жүйеде өтеуге болатын, анықтама алу қажеттігі туындаған жағдайда Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жеке куәлікті ғана ұсынып алуға болатын, кез-келген уақытта бизнесті өз бетінше тіркеуге, немесе бірнеше минуттың ішінде баланың балабақшаға кезегін қадағалауға, заманауи гаджеттарға мекенжай анықтамасын және тағы да басқа қызметтерді алуға болатын мүмкіндіктерді айтамыз.
Электрондық үкіметті құру идеясы алғаш рет 2006 жылы Елбасымыздың бастамасымен қолға алынды. Осы уақыт аралығындағы электронды үкіметтің қалыптасып, дамуын төрт кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бұл кезеңнің әрқайсысы еліміздегі мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеттетігіне ықпалын тигізгені анық.
Дамудың алғашқы кезеңі - ақпараттық. Бұл кезеңде электрондық үкімет порталын құру идеясы жүзеге асырылып, ақпараттармен қамтылып, толтырылды. Мемлекеттік органдардың жұмыс барысы мен халыққа көрсететін қызметтері туралы ақпарттар енгізілді. Сонымен қатар, қызмет көрсету барысының тәртібі көрсетіліп, халыққа ыңғайлы болуы үшін нормативтік құқықтық актілермен толықтырылды.
Ал, екінші - интерактивті кезеңінде, елімізде алғаш рет электрондық қызметтер портал арқылы ұсынылды. Осы кезеңнен бастап, портал пайдаланушылары үйден алыстамай-ақ, сан алуан мекемелерге кезекке тұрмай-ақ қалаған мекемеден анықтама алу үшін мемлекеттік органдарға онлайн сұраныс жіберу арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар сұраныстарының жағдайын онлайн бақылай алды. Үкімет порталына енгізілген интерактивті қызметтер құжаттарды рәсімдеп, жинауға кететін уақытты анағұрлым үнемдеуге ықпалын тигізді.
Осы кезең аралығында мемлекетіміздегі мекемелердің ақпараттық жүйелері, мемлекеттік деректердің қоры, электронды лицензиялау, сонымен қатар, электронды үкімет шлюзі пайда болды.
Электрондық үкімет порталы азаматтарға келесі мемлекеттік органдар бойынша қызметтер көрсетеді:
-ҚР Ішкі істер министрлігі;
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі;
- ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;
- ҚР Бас прокуратурасы;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі;
- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
- ҚР Жоғарғы соты;
- ҚР Иныестициялар және даму министрлігі;
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі;
- ҚР Сыртқы істер министрлігі;
- ҚР Қаржы министрлігі;
- ҚР Қорғаныс министрлігі;
- ҚР Қорғаныс министрлігі;
- ҚР Ұлттық банкі;
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі;
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
- ҚР Әділет министрлігі;
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Дәл осы кезеңде кез-келген қазақстандық азамат портал арқылы қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік салықтың мөлшері, өзіне қажетті мемлекеттік органдардың мәліметтері секілді ақпараттар қолжетімді болды. Бастапқы кезеңінде-ақ, порталдағы ақпараттардың толық болуына байланысты, көптеген инстанцияға жүгінушілер саны едәуір азайды.
Электрондық үкімет порталының дамуының келесі кезеңі - транзакциялық. Үшінші кезеңде азаматтарға ыңғайлы болуы үшін, айыппұлдар, коммуналдық қызмет алымдарын, мемлекеттік баж салығын портал арқылы өтеу мүмкіндігі пайда болды. Бұған дейін қызметтер ақысын төлеу керек болған жағдайда, банкке барып кезекке тұру қажет болатын, ендігі кезекте қызметті онлайн пайдаланып, қызмет ақысын өтеуге болатын болды.
Кәсіпкерлер үшін транзакциялық кезең өте ыңғайлы және аса пайдалы болды, өйткені бұл кезеңде электронды мемлекеттік сатып алулар жүйеге енгізілді. Соның арқасында - байқаулар мен тендерлердің ашық мен әділетті өту мүмкіндігі арта түсті.
Мемлекеттік сатып алулардың тиімді жүйесі оның дамуын ынталандыратын, экономикаға мемлекеттік тапсырыстар жүйесінің ықпалы нысандарын тудыра отырып, бизнесті реттеудегі мемлекеттің мүмкіндігін арттырады. Бұл мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың барынша қолданылымды әдісін таңдауда мемлекет үшін де өнім беруші үшін де тапсырысты алуда және өзін жақсы жағынан көрсетуде мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың пәрменді тәсілі.
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңы, олардың акцияларының бақылау пакеті мемлекетке және олардың басқаруында бар қаржыны тиімді пайдалану мақсатында өнім берушілерде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуда олармен бірге үлестес тұлғаларға тиісті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акционерлік қоғамдармен жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алулар мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
- конкурс тәсілімен;
- баға ұсыныстарын сұрату;
- бір көзден алу;
- аукциондар;
- тауар биржалары арқылы.
Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәсілін ҚР Қаржы министрлігімен келісусіз тапсырыс беруші таңдайды. Сатып алулардың жоғарыда белгіленген түрлері электронды мемлекеттік сатып алуларды жүргізу ережелерімен анықталған тәртіпте электронды мемлекеттік сатып алулар арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі - түрлендірмелі кезең. Бұдан былайғы басты мақсат - азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы. Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілуде. Жыл басынан бері азаматтар 15 минут ішінде заңды тұлғаны тіркеу, жеке куәлік, төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болды. Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды.
Сервистің көмегімен тізімде берілген кез-келген мемлекеттік органдарға өтініш жазу және жіберу мүмкіндігі беріледі. Бұл жерде өтініштің жеткізілуіне кепіл алуға, орындалу мәртебесін бақылауға және осы жерде порталда өтінішке жауап алуға болады. Қызметті пайдаланушылар заңды және жекее тұлғалар болып табылады.
Кесте 1. Электрондық үкімет порталы арқылы жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер тізімі
№
Қызметтер атаулары
Жалпы саны
Онлайн қызметтер саны
Орталық арқылы
1
Отбасы, оның ішінде:
Бала
26
19
7
Отбасылық жағдайы
20
13
7
Қамқорлық, қорғаншылық, қолдау
25
22
3
2
Денсаулық сақтау, оның ішінде
медициналық көмек
19
4
15
Сертификаттау және аттестаттау
7
6
1
3
Білім, оның ішінде:
66
25
41
Мектепке дейінгі білім
6
3
3
Орта білім
18
5
13
Жоғарғы және кәсіби білім
22
9
13
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім
20
8
12
4
Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу, оның ішінде:
Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу
4
4
-
Еңбек қарым-қатынасы
5
5
-
Мемлекеттік қызмет
13
9
4
5
Әлеуметтік қамтамасыз ету, оның ішінде:
Зейнетақымен қамтамасыз ету
17
13
4
Мүгедектерді қолдау
21
10
11
Отбасыларға көмек
26
18
8
Жұмыссыздарға, ауыл тұрғындарына және ауыр еібек жағдайларында жұмыс істейтін тұлғаларға көмек
12
8
4
6
Азаматтық, миграция және иммиграция, оның ішінде
ҚР паспорты және жеке куәлігі
8
5
3
Халықты тіркеу және тІркеу есебінен алып тастау
5
4
1
Шетел азаматтына ҚР кіру және азаматтығы
12
1
11
Шетелге шығу
14
6
8
7
Жылжымайтын мүлік, оның ішінде:
Сатып алу, сату жалдау
15
13
2
Тұрғын үй қатынастары
18
15
3
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
4
3
1
Жер қатынастары
21
13
8
8
Салықтар және қаржылар, оның ішінде:
Салық салу
11
6
5
Экономика және қаржы
11
6
5
Мүлікті заңдастыру
1
-
1
9
Құқықтық көмек, оның ішінде:
Құқықтық қатынас
7
3
4
Сот жұмысы
5
4
1
Апостиль қою
14
7
7
10
Көлік және коммуникациялар, оның ішінде:
Автомобиль көлігі
13
10
3
Теміржол көлігі
2
2
-
Әуекөлік
6
5
1
Ауыл шаруашылық техникасы және су асты көлігі
17
13
4
Коммуникациялар
2
1
1
11
Туризм және спорт, оның ішінде:
Сыртқа шығу туризмі
3
1
2
Келушілер туризмі
6
-
6
Кәсіби спорт
5
3
2
Халық үшін спорт
3
3
-
12
Әскери есеп және қауіпсіздік
Әскери қызмет
13
3
10
Қоғамдық құқықтық тәртіп
6
4
2
Электрондық үкімет порталымен көрсетілетін қызметтерді пайдалану үшін ең алдымен порталда авторланып, электрондық өтініштер сервисін таңдау қажет. Келесі қадамда ұсынылған нысанды толтырып, Қазақстан республикасының Ұлттық куәләндіруші орталығымен берілетін электронды цифрлық қолтаңбасын қою қажет. Нысанды толтырып болғаннан кейін өтінішті тиісті мемлекеттік органға жіберу қажет.
Құжатты қарастыру кезінде пайдаланушының жеке кабинетіне келеді:
1. Жеткізілуі туралы хабарлама.
2. Өтінішті тіркеу, тіркеу күні менмемлекеттік органда тағайындалған тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама немесе өтінішті тіркеуден бас тарту себебі көрсетілген тіркеуден бас тарту туралы хабарлама.
3. Орындаушы мен орындау мерзімі көрсетілген орындауға жіберу туралы хабарлама.
4. Орындаушы, орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама, немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат.
5. Орындаушы, орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама, немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат.
Жүгінушіге кіріс нөмірі тағайындалғаннан кейін мемлекеттік органның одан арғы әрекеттері туралы ведомствоның кеңсесіне тікелей қоңырау шалу арқылы біле аласыз. Порталдан ҚР мемлекеттік органдары жайлы толық ақпарат алуға болады.
Нәтижесінде өтінішке жауап ретінде өтінішті қарау нәтижелері туралы ақпарат немесе мемлекеттік орталық, жергілікті атқарушы және аумақтық органдарға жіберу туралы ақпарат келеді.
Порталда тіркелу екі түрге бөлінеді:
1. Электронды цифрлық қолтаңбасыз тіркелу
Порталда бірінші рет тіркелген пайдаланушы құқықтары шектеулі уақытша пайдаланушы мәртебесіне ие болады.
Уақытша тіркелу кезінде пайдаланушы міндетті түрде ЖСНБСН, жеке куәлігінің нөмірін және туған күнін көрсетуі тиіс. Осы міндетті деректерді енгізгеннен кейін Табу түймешесін басып, бұдан кейін электрондық почтаның мекенжайын, паролін көрсету және "Бұдан әрі" түймешесін басу қажет. Бұдан кейін көрсетілген e-mail бойынша растау рәсімінен өту қажет.
Егер уақытша тіркелгеннен кейін пайдаланушы 90 күнтізбелік күн ішінде порталда бір де бір рет авторланбаса, оның деректері порталдан автоматты түрде жойылады. Ал егер ол 3 ай ішінде Электронды цифрлық қолтаңба пайдаланса, яғни электрондық анықтама алып немесе ЭЦҚ арқылы порталда авторланса, ол тұрақты пайдаланушы мәртебесін біржола алады.
2. Электронды цифрлық қолтаңбамен тіркелу
Пайдаланушының Электронды цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ол оны тіркелу кезінде пайдалана алады. ЭЦҚ деректерін көрсеткеннен кейін, электрондық почта мен пароль көрсетілетін ашық жиекті толтыру қажет. Бұдан кейін көрсетілген e-mail бойынша растау рәсімінен өту қажет. Тіркелу кезінде жеке электрондық почтаның мекенжайын көрсету міндетті болып келеді.
Порталдың уақытша мәртебеге ие пайдаланушы портал арқылы алған қызметтерді, бұған дейін алынған электрондық анықтамалардың мазмұнын жеке кабинеттегі Қызметтерді алу тарихы тарауында қарай алмайды.
Парольді екі түрлі тәсілмен қалпына келтіруге болады:
1. Стандартты қалпына келтіру: пайдаланушы ЖСН көрсетеді және жүйе пайдаланушының e-mail-на профильде көрсетілген жаңа парольді автоматты түрде жібереді;
2. Электронды цифрлық қолтаңба арқылы қалпына келтіру: пайдаланушы Электронды цифрлық қолтаңбатаңдайды, бұдан кейін бірден жаңа парольді көрсету парағына өтеді
Электрондық цифрлық қолтаңбаны келесі сақтау типтеріне алуға болады:
- файлдық жүйе - аталмыш тармақты таңдауда кілттер және тіркеу куәліктер файлдар түрінде сіздің дербес компьютеріңізде сақталатын болады;
- Kaztoken - аталмыш тасымалдағышты таңдауда кілттер және тіркеу куәліктері пин-код көмегімен қорғалған кілт ақпарат сыртқы қорғалған тасымалдағышында сақталатын болады;
- sim-картадағы ЭЦҚ - аталмыш тасымалдағышты таңдауда сіздің телефоныңыздың sim-картасында сақталатын болады. Тиісті sim-картаны Beeline сату бөлімдерінде және Астана, Алматы қалаларындағы "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалдарында сатып алуға болады.
- жеке куәлігі - жеке куәліктің чипіне ЭЦҚ жазу үшін жеке тұлғалар жеке куәлікті көрсетіп, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жақын бөліміне бар қажет. Жеке куәлікте жазылған электронды цифрлық қолтаңба әрі қарай жұмыс үшін картридер алу қажет.
Электрондық цифрлық қолтаңба алуға онлайн-өтінім берер алдында пайдаланушы нұсқаулығымен танысу ұсынылады:
- NCALayer орнату бойынша пайдаланушы нұсқаулығы;
- Жеке тұлғаның жеке кабинетте жұмыс жасау бойынша басшылық;
- Бірінші басшының жеке кабинетте жұмыс жасау бойынша басшылық;
- Заңды тұлға жұмыскерлерінің жеке кабинетте жұмыс жасау бойынша басшылық.
Электрондық цифрлық қолтаңба бір жыл мерзімге беріледі. Электрондық цифрлық қолтаңба қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін жарамсыз болып есептеледі және сәйкесінше сіз қандай да бір қызметтерді ала алмайсыз. Электрондық цифрлық қолтаңба оның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін ҚР Ұлттық куәландыру орталығының сайтында ұзартуға болады.
Жеке және заңды тұлғалардың өзге субъектілерден, лауазымды тұлғаларда ақпарат алуды немесе мекенжайы бойынша тексеруді талап етпейтін өтініштері он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өзге субъектілерден, лауазымды тұлғаларда ақпарат алуды немесе мекенжайы бойынша тексеруді талап ететін өтініштері субъектіге, лауазымды тұлғаға түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
Қосымша зерделеуді немесе тексеру қажет етілген жағдайда өтінішті қарастыру мерзімі отыз күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге соңғы қарастыру мерзімінен кейін үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына бармай-ақ онлайн режимде ұзартуға болады. Мұндай қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы сайтында қолжетімді. ЭЦҚ кілтін оның жұмыс жасау мерзімі аяқталғанға дейін ғана создыруға болатынын айта кеткен жөн. Егер де қолтаңбаның мерзімі аяқталған болса пайдаланушыларға цифрлық қолтаңбаны іске қосу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді.
ЭЦҚ кілтінің күшін онлайн түрде ұзартудың ешқандай қиындығы жоқ, оның үстіне аталған процедураға небәрі 5 минут қажет.
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын беру мақстатында құрылды. Осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы тіркеу куәліктерін яғни, сертификат беруді қамтамасыз етеді. Тіркеу куәліктерін шығару тегін жүзеге асырылады.
Тіркеу куәліктері дегеніміз Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы 307-ІІ заңымен белгіленген талаптарға электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталықпен берілетін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат.
Ең алдымен пайдаланушы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы сайтына қолданыстағы ЭЦҚ-ның көмегімен авторизациялаудан өткеннен кейін Жеке кабинетке кіру қажет. Пайда болған мәзірде ЭЦҚ алу тетігін басып, қолтаңба қою үшін өзіңіздің кілтіңіздің сақтаулы тұрған орнын көрсеткеннен кейін Сақтау батырмасын басу керек. Содан кейін пайдаланушылық келісіммен танысу және жеке электрондық пошта мен елді мекенді көрсету ұсынылады. Дәл осы формада пайдаланушы жаңа ЭЦҚ кілтін сақтайтын орынды (файлдық жүйе, Казтокен және т.б.) көрсетіп Сұраным беру батырмасын басып, қолданыстағы кілтпен қол қояды. Осыдан кейін парақшаны жаңарту керек, сонда Сұранымға сәйкес тіркеуші куәлік , яғни сертификат деген мәртебе (статус) көрсетілуі тиіс. Осыдан кейін Сертификаттарды жүктеу деген батырманы басу қажет. Осымен электрондық цифрлық қолтаңбаның күшін ұзарту процесі аяқталды.
ЭЦҚ алу мен ұзарту бойынша нұсқаулықпен электрондық үкімет порталының басты парақшасындағы бөлімдегі ақпаратпен танысуға болады.
Цифрлық қолтаңбаның мерзімі берілген уақыттан бір жыл ғана жарамды болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы ақпаратына сәйкес, мұндай мерзім криптографиялық кілттердің төзімдідігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, ЭЦҚ тізімдерінің белсенділігі мен қайтарылған қолтаңбалардың оптималды өлшемін қолдау үшін қажет.
Электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық белгілерден құралған жинақ. Ол электрондық құжатты растайды, оның мазмұнының өзгеріссіз екендігін айқындайды. 2003 жылдың 7-ші қаңтарындағы Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ҚР № 370-II Заңына сәйкес ЭЦҚ адамның өз қолтаңбасымен күші бірдей қолтаңба болып табылады. Қазақстан азаматтары ЭЦҚ көмегімен электрондық үкіметтің порталы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz