Жай және күрделі ақуыздар. Гликопротеиндердің, нуклепротеиндердің құрылысы мен функциялары



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Жай және күрделі ақуыздар. Гликопротеиндердің, нуклепротеиндердің құрылысы мен функциялары.

Орындаған: Абдихани Д.С
Тобы: 210А ЖМ
Қабылдаған: Қанжігітова М.Ж

Шымкент 2017
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
* Жай және күрделі ақуыздар
* Гликопротеидтер
* Нуклеопротеидтер
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ақуыз -- молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат, тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшықет, жамылғы ұлпалары ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыз - азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына - тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады.

Ақуыздардың барлығы құрылымы бойынша екі топқа бөлінеді:
1. Жай ақуыздар - протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);
2. Күрделі ақуыздар - протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.
Жай ақуыздар гидролизденгенде (ыдырау) тек амин қышқылдарына ыдырайды. Мысалы, альбуминдер (жұмыртқаның, қанның, сүттің құрамында болады) - қан плазмасы ақуыздарының көп бөлігін құрайды. Құрамында дикарбондық АҚ-ың көп болуына байланысты альбуминдер катиондарды ұстап қалады және коллоидтық осмостық қысымның сақтауында үлкен рөл атқарады. Глобулиндер (жануарлар организмінде ең көп таралған, үлкен молекулалық массасы бар ақуыздық молекулалардың гетерогендік күрделі қоспасы. Тасымалдаушылық, қорғаныстық және басқа да қызметтерді атқарады. Глобулиндердің құрамында жиі түрде көмірсулық бөліктер болады, қан сарысуында 20 дербес глобулин бар. Бұлшық ет, жұмыртқа, қан, сүт, өсімдіктер құрамына кіреді. γ - глобулиндерден организмде төтемелілік (иммунитет) түзіледі, ал фибриногеннің қан тоқтатуда маңызы зор), протаминдер қасиеттері гистондарға ұқсас ақуыздар өкілі. Онда аргинин амин қышқылы көптеп кездеседі де, нуклеопротеидтер құрамына кіреді, гистондар (ядрода кездеседі, құрамында диаминмонокарбон қышқылдары көп кездеседі. Гистондар нуклеин қышқылдарымен кешенденіп дезоксирибонуклеотидтер түзеді), проламиндер (өсімдік ақуыздары, дәнді дақылдар тұқымында көп таралған) - құрамында аргинин өте көп болатын ақуыздар. ДНҚ-мен кешен түзеді және реттеуші немесе репрессорлы ақуыздар ретінде қызмет атқарады. Склеропротеиндер (коллагендар) - фибриллалық ақуыздар. Коллагеннің пептидтік тізбегінің құрамында 1000-ға жуық АҚ қалдықтар болады, олардың әрбір үшінші АҚ - глицин, 20% - пролин және гидросипролин, 10% - аланин, 40% - басқа АҚ. Негізгі қызметі - құрылымдық белок.
Күрделі ақуыздар гидролизденгенде амин қышқылдарынан басқа ақуыз емес заттарға ыдырайды. Күрделі ақуыздар - 2 компонентті ақуыздар, олар жәй белоктан - апопротеиннен және белокты емес, аминқышқылды емес бөліктен, басқаша айтқанда простетикалық топтан тұрады. Күрделі белоктардың простетикалық тобы әртүрлі табиғаты бар қосылыстар (липидтер, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, пигменттер, металдар иондары, фосфор қышқылы) түрінде болады.
Фосфопротеидтер - простетикалық топша бөлігіндегі ортофосфор қышқылының қалдығы белоктармен сериннің OH-тобы арқылы эфирлік байланыс түзетін ақуыздар. Белоктың бұл класына сүттің казейногенін жатқызамыз. Мұнда фосфор қышқылының мөлшері 1 процентке тең. Бірқатар ферменттер (пепсин мен фосфорилаза) және жұмыртқа сары уызында виталлин түрінде болады. Фосфопротеидтер өте үлкен мөлшері орталық жүйке жүйесінде кездеседі. Фосфопротеидтер энергетикалық және пластикалық материалдардың бағалы көзі болып табылады, организмнің дамуына әсер етеді.
Белоктардың простетикалық бөлігі түрлі-түсті бояғыш заттардан тұрса, олар хромопротеиндер тобына жатады. Бояғыш заттар қатарына порфирин, флавин, аденин динуклеотид(ФАД) жатады. Хромопротейн өкілі ретінде , қан гемоглобинін, хлорофил, миоглобин, пероксидаза, каталаза, флабиндік ферменттер және цитохромдарды атауға болады. Қан гемоглобині-құрамында Fe ионы бар, О2 және СО2 тасымалдаушы белок. Цитохромдардың қызметі - тотығу-тотықсыздану реакцияларының катализі және тыныс алу тізбегіндегі электрондарды тасымалдау.
Липопротейндер - майларға ұқсас заттар. Липидтер құрайтын күрделі белоктар. Құрамында бейтарап және полюсті липидтер. Холестирин және оның эфирлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гепариннің құрылысы мен ролі
Гиалурон қышқылының құрылысы мен ролі
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы
Вирустар. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Ақуыздардың жіктелуі
ДНҚ және РНҚ вирустар
Вирустардың генетикалық аппараттарының ерекшеліктері
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі
Пәндер