Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биохимиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биохимиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер: А, Д, Е, К.
Орындаған: Абдихани Д. С
Тобы: 210А ЖМ
Қабылдаған: Қанжігітова М. Ж
Шымкент 2017
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері. Және биологиялық қызметтері.
- Майда еритін витаминдер:
- А витамині
- Д витамині
- Е витамині
- К витамині
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дәрумен (Витамин) - адам мен жануарлардың тіршілігіне қажетті, жеке немесе құрылымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы, биологиялық активті органикалық қоспалар. Егер тамақта витаминдер болмаса не олар аз болса, ағзаларға керекті өзекті заттардың (белок, май, углевод және т. б. ) уытталып бойға сіңуі нашарлайды, соның салдарынан организмнің қызметі бұзылады.
Витамин туралы ілімнің негізін салушы орыс дәрігері Н. И. Лунин 1880 ж. тышқандарды май, тұз, казеин және сүт қантынан құралған қолдан жасаған сүтпен асырап байқағанда, олар қырылып қалған. Осы эксперимент нәтижесінде ол табиғи сүттің құрамында бұлардан басқа да организмге өте қажетті қоректік заттар бар деген қорытындыға келеді. 1912 ж. поляк дәрігері К. Функ сол кезге дейін жасалған эксперименттер нәтижесін қорытындылап, ғылымға «Витамин» терминін енгізген. Құрқұлаң, пеллагра, бери-бери, мешел сияқты аурулар тамақта витаминдердің жеткіліксіздігінен болады деп тұжырымдаған.
Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде кездесетін, өмір сүруге өте қажетті бологиялық заттар. Витаминдерді зерттейтін ілім витаминология XІІІ ғасырдың 80 жылдарында қалыптасты. Витаминология - витаминдердің ашылу тарихын, құрылымын, құрамы мен қасиеттерін, олардың алу жолдарын және организмге керекті мөлшерін анықтайтын ғылым.
Витаминдер өсімдіктерде, бактерияларда, балдырларда синтезделеді, ал адамдар мен жануарларда өте аз мөлшерде, ал кейбіреуі мүлдем синтезделмейді. Адам мен жануарлар организміне витаминдер тағам арқылы түседі, кейбір витаминдер ішек микроорганизмдері әрекеті арқылы түзіледі. Астың құрамында витаминдер жеткілікті болған кезде ғана тағам құрамы құнарлы, толық деп есептеледі. Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен, жеген тамақтың құрамында п р о в и т а м и н (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, бұлар адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангам қышқылы, убихинон, холин т. б. витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің рөлін атқарады. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әр түрлі тағамдағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі. Олар тек белгілі бір мөлшерде ғана зат алмасу процесін реттейді: аурудан қорғайды, терінің, органдардың қалыпты жағдайда қызмет істеуіне әсер етеді. Сондықтан, витаминдердің ас физиологиясында атқаратын маңызы өте жоғары. Егер организмге витаминнің қалыпты түсуі бұзылса, онда зат алмасу процесінде авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, поливитаминоз сияқты әр түрлі өзгерістер пайда болып, адам ауруға шалдығады.
Витамин жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.
Поливитаминоз - организмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.
Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы немесе физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады. Мысалы: балаларда «А» және «Д» гипервитаминозы.
Адам организміне ас арқылы түсетін витаминдердің ферменттер коферменттеріне құрылымдық ұқсастығы бар. Сондықтан, витаминдер жоғарғы организмдерде коферменттік қызмет атқарады. Егер организмде витаминдер жеткіліксіз болса, онда ферменттер түзілуін тоқтатады, яғни зат алмасу процесі бүлінеді.
Декарбоксилдеу
Альдегид тобын тасымалдау
Май қышқылдарын синтездеу
Ниацин (PP), (B 5 )
Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, азықтың ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты.
Физико-химиялық қасиеттері бойынша витаминдер екі топқа, майда еритін және суда еритін, деп бөледі. Майда еритіндерге ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е, К) және т. б. витаминдер кіреді. Суда еритін витаминдерге тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т. б. (В 1 , В 2 , В 3 , В 5 , В 6 , В 12 В 15 , РР, С, Н, Р және т. б. ) жатады.
Витаминдердің жіктелуі
«А» витамині ( ретинол)
«А» провитамині (каротин)
«Д» витамині (кальциферолдар)
«К» витамині (филлохинондар)
«Е» витамині ( токоферолдар)
«В 1 » витамині (тиамин)
«В 2 » витамині (рибофлавин)
«РР» витамині (никотин қышқылы)
«В 6 » витамині (пиридоксин)
«В 12 » витамині (цианкобаламин) Фолий қышқылы
«В С » витамині (фолацин)
«В 3 » витамині (пантотен қышқылы)
«Н» витамині (биотин)
«N» витамині (липой қышқылы)
«С» витамині (аскорбин қышқылы)
«Р» витамині (биофлавиноидтар)
Пангам қышқылы («В 15 » витамині)
Парааминобензой қышқылы («Н 1 » витамині)
Орот қышқылы ( «В 13 » витамині)
Холин («В 4 » витамині)
Инозит («В 8 » витамині)
Карнитин («В Т » витамині)
Көпқанықпаған май қышқылдары («Ғ» витамині)
S- метилметионин- сульфоний - хлориді («U» витамині)
А витамині
Химиялық табиғаты: А витаминіβ-ионон сақинасынан, 2 изопрен қалдығынан, біріншілік спирт тобынан тұратын циклді қанықпаған бір атомды спирт.
Биологиялық ролі: Биофлавоноидтар А витаминінің спирттік формасы ретинол организмде ретинальға (А витамині альдегиді) және ретин қышқылына (А витаминінің спирт тобының орнына карбоксил тобы түзіледі) дейін тотығады.
Ретинол жасуша мембранасының структуралық компоненті болып табылады.
А витаминінің көздің көруіне байланысты химиялық үрдістерге қатысуы жақсы зерттелген. Көздің жарық сезгіш аппараты - көздің тор қабаты. Тор қабатқа түскен жарық тор қабаттың пигменттері арқылы адсорбцияланып, энергияның басқа түріне трансформацияланады. Адамда рецепторлық жасушалардың 2 түрі бар: таяқшалар мен колбашықтар. Таяқшалар әлсіз жарыққа (қараңғы), ал колбашықтар жақсы түскен жарыққа (күндізгі) сезімтал. Таяқшалардың құрамында көру пигменті родопсин, ал колбашықтарда йодопсин болады. Екі пигмент те күрделі белок, олар бір-бірінен белоктық бөлігі арқылы ерекшеленеді. Кофермент ретінде 2 белоктың құрамында да 11-цис-ретиналь (А витаминінің альдегидтік формасы) бар. Таяқшалардың сыртқы сегменттерінің құрамында қатар орналасқан тұйық мембраналық көпіршіктер - дискілер болады. Бұл дискілер опсин белогына бай. Опсин 11-цис-ретинальмен байланысып, қызыл түсті пигмент - родопсин (көру пурпурын) түзеді. Родопсин - көздің тор қабатының негізгі жарық сезгіш пигменті (фотосенсибилизатор) . Қараңғыда родопсин көп синтезделеді.
Ретинол организмнің антиоксиданттық қорғанысының маңызды компоненті болып табылады.
А витамині және ретиноидтар жасушалық иммунитет реакцияларын стимульдейді, Т- киллерлердің активтілігін арттырады.
А витамині антиканцерогенді болып табылады, өйткені кератиндену үрдісін төменгі деңгейде ұстап тұрады, цистеинді цистинге айналдыратын құрамында мысы бар ферменттің активтілігін төмендетеді. Бұл фермент кератин синтезіне керек, ол беткі қабаттарда жиналып кератинденуді стимулдейді.
Дамып келе жатқан организмнің (эмбрионның, жас организмнің) жасушаларының қалыпты өсуі мен дифференциациясын реттейді.
Тез пролиферацияланатын (бөлінетін) тіндердің - шеміршек, сүйек тіндерінің, сперматоген эпителийінің, плацентаның, тері және кілегей қабаттары эпителийінің) бөлінуі мен жіктелуін (дифференциациялануын) реттейді.
Авитаминозы: А витаминінің жетіспеушілігінің клиникалық көріністері: кешқұрым көрудің бұзылуы (гемералопия немесе ақшам соқырлық), қараңғыға бейімделіктің күрт төмендеуі. А витаминінің авитаминозына көз алмасының зақымдануы - ксерофтальмия, яғни көз жиегі эпителий қабатының қатпарланып, эпителийдің мүйізденуіне байланысты көздің жас шығатын жолдарын жауып, жас бөлінуіне кедергі болады. Бұл өз кезегінде конъюктивиттің, көздің қасаң қабығының ісінуі, кебуі және жұмсаруы, яғни кератомаляцияға әкеледі. Егер дұрыс ем қолданбаса, адам соқыр болып қалуы да мүмкін.
Балаларда авитаминоз кезінде сүйектердің өсуі тоқтайды. Барлық мүшелердің эпителий жасушаларының кератозы, соның салдарынан терінің шамадан тыс мүйізденуі, ас қорыту жолдарының, зәр-жыныс, тыныс алу жолдарының эпителийлерінің зақымдануына әкеледі. Бассүйектің өсуінің тежелуі орталық жүйке жүйесі тіндерінің зақымдануына, сондай-ақ жұлын-ми сұйықтығы қысымының артуына әкеледі.
Гипервитаминозы: А витаминінің гипервитаминозы витаминді және балық майын шамадан тыс қолданғанда байқалуы мүмкін. А витаминінің гипервитаминозының симптомдары: көздің қасаң қабығының қабынуы, гиперкератоз, тәбеттің жойылуы, жүрек айну (құсу), іш өту, бастың ауыруы, буындардың ауыруы, бауырдың үлкеюі, организмнің титықтауы.
Табиғатта таралуы: А витамині тек жануар текті тағамдарда:ірі қара мал мен шошқаның бауырында, жұмыртқаның сарысында, сүт тағамдарында, балық майында кездеседі. Өсімдік текті тағамдарда (сәбіз, томат, бұрыш, салат, т. б. ) А витаминінің провитаминдері каротиноидтар болады. Ішектің шырышты қабатында және бауыр жасушаларында арнайы фермент каротиноксидаза бар, ол каротиноидтарды А витаминінің активті формасына айналдырады.
Тәуліктік қажеттілігі: 3 мг.
Д витамині
Химиялық табиғаты: Д витамині (кальциферол) - стериндердің туындылары ( Д 1 - Д 7 ) . Биологиялық активті формалары Д 2 және Д 3 . витамерлері болып табылады. Д 2 витамині (эргокальциферол) эргостериннің туындысы - кейбір саңырауққұлақтарда, ашытқыда, өсімдік майларында кездесетін өсімдіктер стероиды. Тағам өнімдерін ультракүлгін сәулелермен (УКС) сәулелендіргенде эргостериннен емдік мақсатта қолданылатын Д 2 витамині түзіледі. Д 3 витамині адам терісінде УКС әсерінен 7-дегидрохолестериннен түзіледі.
Биологиялық ролі: Адам организмінде Д витамині бауырда және бүйректе 25 және 1 орындарда С витаминінің қатысуымен гидроксилденіп, биологиялық активті қосылыс 1, 25- (кальцитриол) айналады. Кальцитриол Са 2+ мен фосфаттардың реттелуіне қатыса отырып, гормональдық қызмет атқарады, ішекке кальцийдің сіңірілуін, сүйек тінінің кальцийленуін, бүйрекке кальций мен фосфаттардың реабсорбциялануын стимулдейді. Са 2+ концентрациясы төмендегенде кальцийдің сүйектен шығуын стимулдейді. Кальцитонин сүйек кемігінің жасушаларының өсуі мен дифференциациясын реттеуге қатысады. Ол антитоксикалық және антиканцерогенді әсер көрсетеді.
Авитаминозы: Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Бұл кальцийдің жетіспеушілігінен жүзеге асады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол сүйектерінің (остеомаляция - сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), бассүйектің (баланың еңбегінің бітпеуі) және кеуде сүйегінің деформациясы, тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады. Бұлшық еттің гипотониясы (іш ұлғаюы) дамиды, жүйке-бұлшық еттік қозу (сәби басын көп қозғалтатындықтан, желке тұсындағы шашы түсіп қалады) күшейеді, сіреспе пайда болуы мүмкін.
Ересектерде кальцийдің жетіспеуі кариес және остеомаляцияға, ал қарт кісілерде остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі) байқалады. Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының күшеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі.
Гипервитаминозы: Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына, олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады. Бұл жұмсақ тіндердің, әсіресе бүйректің кальцийленуіне (бүйректе тастың пайда болуына, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне) әкеледі. Сонымен қатар өкпе, жүрек, қан тамырларының қабырғаларында артық мөлшерде жиналуы байқалады.
Табиғатта таралуы: Д витамині көп мөлшерде жануар текті тағамдарда: сары майда, жұмыртқа сарысында, балық майында кездеседі.
Тәуліктік қажеттілігі: 0, 01 - 0, 03 мг.
Е витамині
Химиялық табиғаты: Е витамині 1936 жылы бидай дәндерінің ұрықтарының майынан алынғандықтан токоферол деп аталады (грек тілінде tokos - ұрпақ, fero - әкелу) . 1938 жылы химиялық жолмен синтезделді. Табиғи және синтетикалық Е витамині бір-бірінен ерекшеленеді. Қазіргі кезде табиғи токоферолдардың және токотриенолдардың тұқымдасы белгілі. Олардың бәрі бастапқы зат - токолдың метил туындылары, құрылысы ұқсас болып келеді, грек алфавитінің әріптерімен (α-, β-, γ- және δ-токотриенолдар) белгіленеді. Бұлар бір-бірінен бүйір тізбегіндегі қос байланыстың болуымен ерекшеленетін сәйкес токоферолдардың аналогтары. Бұлардың ішінде α-токоферол (5, 7, 8-триметилтокол) биологиялық активті формасы болып табылады.
Биологиялық ролі: Токоферолдың биохимиялық функциялары алуан түрлі:
Әсер ету механизмі бойынша токоферол антиоксидант, ол мембрана фосфолипидтерінің құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарының оттегімен жанасуына кедергі келтіретін орында (гидрофобты комплекс түзіп) орналасып, мембрананы пероксидтік тотығудан қорғайды. Сонымен қатар токоферолдың антиоксиданттық қасиеттері хроман ядросындағы гидроксилдің қозғалғыштық қабілетіне, оның молекуласының оттегінің (О 2 . , НО . , НО 2 . ), КҚМҚ бос радикалдарымен (RO . , RO 2 . ) және май қышқылдарының пероксидтерімен тікелей әрекеттесе алу қабілетіне байланысты. Е витамині каротин мен А витаминінің молекуласындағы қос байланысты тотығудан қорғайды. Е витамині (аскорбатпен бірге) селенді активті орталығының құрамына енгізіп, ферменттік антиоксиданттық қорғаныш жүйесін активтендіреді (глутатионпероксидаза липидтердің гидропероксидтерін залалсыздандырады) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz