Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Морфологиялық пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы.

Орындаған: Абдихани Д.С
Тобы: 210А ЖМ
Қабылдаған: Шалкарова Д.М.

Шымкент 2017
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
* Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы.
* Қазақстандағы гистология пәнінің дамуы.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Гистология, цитология, эмбриология пәнi - адам, жануар организмiндегi жасушалар, ұлпалар, ағзалар және ағзалар жүйесiнің дамуын, құрылысын, қызметiн зерттейтiн, олардың пайда болғанынан өлгенге дейiнгi тiршiлiк әрекетiн, iс-тәжiрибе мүддесiне сай, дамуға бағытты ықпал жасау мүмкiндiгi туралы ғылым. Биологияда цитология, эмбриология, гистология дербес пәндер болып келедi, ал ауыл шаруашылық оқу орындарында олардың iшкi байланыстары, мiндеттерi ортақ болғандықтан, гистология, эмбриология, цитология деп аталып, бiр пән есебiнде бiрiктiрiлiп, зерделенуде. Сондықтан ол - жасуша туралы iлiм-цитологияны және ұрықтың даму заңдылықтарын зерттейтiн ғылым - эмбриологияны қосады.

Гистология (грекше histos -- ұлпа, logos -- ілім, ғылым) органдардың, ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық кұрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Гистология үлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галенның, Авиценаның, (Абу Али-ль-Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның), Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің Жануарлар бөліктері туралы деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе органдарды ажыратқан. Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуына байланысты. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің әсері болғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскопты құрастырған екен деген мәлімет те бар. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі кұрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп ұяшықтардан тұратынын байкаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук араның балауыздан түзілетін ұяшықтарына ұқсатып ұяшық немесе клетка деп атаған (гректің китос -- қуыс деген сөзі). Қазіргі кезде клетканы иненің жасуына теңеп жасуша деп атау ешбір сын көтермейді. Массасы 2000 г. түйеқұстың (страустың) жұмыртқасы да -- клетка. Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскоппен өсімдіктердің құрылысын зерттеп, өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінің құрамыңда көпіршіктердің болатынын анықтаған. Сонымен Гуктың, Мальпигидің, Грюдің зерттеулерінен кейін өсімдіктер ұлпалары клеткадан тұратыны анықталған. Екі жүзден астам микроскоптың түрлерін жасап шығарған Гуктың дарынды замандасы Антони ван Левенгук жануарлар клеткаларында -- бірклеткалы жәндіктерді, эритроциттерді, сперматозоидтарды бірінші болып көрген. Бактерияларды да көріп суретін салған. Микроскоп құрылысының жабайы болуына байланысты XVІІІ ғасырдың ғалымдары микроскопқа көп көңіл бөлмеген. Осыған байланысты өткен Ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосьілмаған. Зерттеушілер клетканы байқау әдісімен зерттеп көрген фактілерін жинап түсініктеме берумен шектелген. ХVІІ және ХVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы ғана белгілі болған.
Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең (ХVIII соңы, XIX ғасырдың басы) микроскоптың жаксартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты болған. Осы кезеңде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге белгілі фиксадаялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий мен хром қышқылдары ұсынылған. Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына жағдай жасады.
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқаған. Осыдан кейін клетканың қалған құрылымын, тірі субстанциясын атау үшін Пуркинье протаплазма (1830-1840) деген терминді енгізген. Ядроны қоршаушы протаплазманы цитоплазма деп атаған, 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, клеткалық теорияны қалыптастырған. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртұтас екенін көрсетті.
Микроскоппен зерттеу әдістері мен микроскопиялық техниканың жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік берді. 1876 жьшы клетка орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи кешені ашылды. Осы органеллалардың ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен қызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті. Электрондық микроскопты қолдану клетканың құрылысы жөніндегі қалыптасқан түсініктерді өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның тіршілік әрекетінің көптеген процестерінің өзгеруін де жаңадан түсінуге мүмкіншілік берді. Электрондық микроскопия әдісімен эндоплазмалық тор, рибосомалар, микрофиламенттер, хромосомалардың микрофибриллалары, микротүтікшелер және синапстық көпіршіктер, лизосомалар, микроденешіктер және баска да құрылымдар ашылды. Ядро, ядрошық, митохондриялар, Гольджи кешені, клеткалық орталық, плазмалык және ядро кабықшалары сиякты ертеден мәлім болған құрылымдар электрондық микроскопиялық әдіспен зерттеліп олардың ультра кұрылыстары анықталды.
Ұлпалар туралы ілімнің негізін салған франциялық анатом Франсуа-Ксавье Биша деп есептеледі. Биша органдар түрлі органдарға ортақ ұлпалардан тұрады деп санап органдар құрылысының теориясын қалыптастырған. Биша адам организмі 21 ұлпадан тұрады деп санаған; олардың әрқайсысының құрылыс ерекшеліктерін баяндап жазған. Ұлпалар санының мұншама көп болуы Бишаның зерттеуді мацерация әдісімен жүргізуінің нәтижесі. Кейін ұлпалар санының анағұрлым аз екені анықталды.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер (1852) мен Лейдигтің (1857) алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын төрт типке бөлген; дәнекерлеуші заттардың ұлпалары (дәнекер ұлпасы, шеміршек пен сүйек), клеткалық ұлпа (эпителий мен бездік эпителий), бұлшық ет пен нерв ұлпалары. Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде де дами бастады. XIX гасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гистологияның міндеттері
Гистология пәнінің даму тарихы
Клетканың органикалық заттары
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
Гистологияның даму тарихы
Цитология және гистология түсінігі
Гистология-ежелгі дәуір ғылымы
Цитология және гистология пәні бойынша құрылған электронды оқулық
Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері
Пәндер