Зат алмасуының гормонды реттелуі. Гипоталамус және гипофиз гормондары


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Зат алмасуының гормонды реттелуі. Гипоталамус және гипофиз гормондары.
Орындаған: Абдихани Д. С
Тобы: 210А ЖМ
Қабылдаған: Қанжігітова М. Ж
Шымкент 2017
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Зат алмасуының гормонды реттелуі.
- Гипоталамус және гипофиз гормондары.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Секреция бездері биологиялық белсенді заттар- гормондар түзіп солардың көмегімен организімдегі зат алмасу процессін реттеуге қатысатын мүшелер жүйесі болады.
Бұл бездер өз секреттерін (гормондар) тікелей қанға, лимфа, ұлпалық сұйыққа бөледі. Гормондар қан, лимфа, ұлпалық сұйық арқылы организімнің барлық жүйелер мүшелеріне жетіп, олардағы зат алмасу қызметін реттеуге қатысады. Денедегі бұндай сұйық ұлпалар арқылы зат алмасуды реттеуді- гуморальді реттеу дейді.
Гормон деген терминді (грекше «гормон» -қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген.
Эндокринді бездер (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) - инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) : орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және эпифиз , ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жыныс бездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.
Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған.
Химиялық құрылысы бойынша гормондардың жіктелуі:
- Ақуызды-пептидті (гипоталамус, гипофиз, ұйқы без және қалқаншамаңы безінің, қалқанша безінің кальцитонин гормоны)
- Аминқышқыл туындылары (адреналин, йодтиронин, мелатонин)
- Стероидты (жыныс бездері - андроген, экстроген, гестагендер, кортикостероидтар)
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен азазарға және бүкіл денеге әсер ете алады:
1) метаболизмдік - зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;
2) морфогенетикалық - конформациялы құрылымдық үрдістерде ажырату (диференциялық), тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;
3) кинетикалық - қызмет орындаушы ағзалардың белсенділіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;
4) түзетілуші (коррекциялық) - тіндер мен азазар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары) .
Гормондардың қасиеті:
- Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
- Арнайы әсер;
- Био-физиологиялық белсенділік;
- Әр түрге арнайшылық;
- Тек тірі жасушаларға әсер ету.
Гормондардың әсер ету механизмі:
- Мембранды
- Мембранды-клеткаішілік (жанама)
- Цитозольды
Организмдегі физиологиялық құбылыстарды реттеу . Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің жұмысы жүйке арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. Жүйкенің реттелуі рефлекстер арқылы өтеді. Рефлекстер барлық клеткаларда, ұлпаларда, мүшелер жүйелерінде бар. Олар жүйке жүйесінде пайда болған өзгерісті жылдам қабылдайды. Әр түрлі мүшелер жүйелерінде жүйке жүйесінің тарату жылдамдығы, сондай-ақ бір секундтан аз уақыт ішінде қозу пайда болады. Жүйке жүйесі оларды өзара байланыстырып, жұмыс әрекетіне дер кезінде үйлесімдік әсерін тигізіп отырады.
Гуморальдық реттелу қан құрамындағы заттардың әсерінен болады. Организмде пайда болатын күрделі биологиялық белсенді қосылыстар қанның ағымымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Бірақ бұлардың әсері жүйкенің әсеріне қарағанда баяу болады.
Жүйкелік және гуморальдық жолмен реттелу өзара тығыс байланысты. Мұндай реттелу балалық шақтың алғашқы кезеңінде онық өсуін, денесінің дамуын және сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Гуморальдық реттелуге ішкі секреция бездерінің қатысы бар.
Сыртқы және ішкі секреция бездері . Организмдегі бездер, негізінен, екі топқа: сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді тікелей қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, қарын, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне сөл өзектері арқылы бөледі.
Ішкі секреция бездеріне гипофиз ( мидың төменгі қосалқы безі) және эпифиз (жоғары қосалқы без), қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті безі жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін тікелей қанға бөледі. Бұл екі топта сыртқы және ішкі секрециялық қызмет атқаратын бездер болады. Оларды аралас секрециялық бездер деп атайды. Аралас секрециялық бездерге- ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық бөлімінің сөлі арнаулы түтікшелер арқылы ас қорыту мүшесіне құйылады. Жыныс бездерінен шығатын бөлінді бір жағынан тікелей қанға түседі (бұл ішкі секреция қызметі), екінші жағынан түтікше арқылы жыныс мүшесіне шығады (бұл сыртқы секреция қызметі) .
Ішкі секреция бездерінің маңызы . Адамның және жануарлардың тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі, бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон деп ішкі секреция бездері қанға бөліп шығаратын және организмнің түрлі әрекетін реттейтін күшті биологиялық заттарды айтады. Гормондар қан арқылы бүкіл организмге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді. Ішкі секреция бездері баланың өсіп, организмнің дамып, жетілуінеде өте маңызды қызмет атқарады. Сондықтан ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, организмнің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Балалар организмнің өсуіне ішкі секреция бездері әртүрлі әсер етеді.
Гормондар әрекеті салыстырмалы түрде болады. Сондықтан балалар әр түрлі жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Дұрыс тамақтанбау балалар мен жасөспірімдер организміне әсер етеді, олардың жыныстық дамуының ішкі секреция бездері арқылы реттелуі бұзылады. Бұл адам өмірінің әр кезеңінде оның ішкі секреция бездерінде болып тұратын өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау үшін дене және ой еңбегін мөлшерлеудің қажет екеніне көрсетеді. Ішкі секреция бездері адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлқын, яғни адамның психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады.
Әрбір ішкі секреция безі жабын ұлпасынан тұрады және толып жатқан шеткі жүйке жүйесінің талшықтарымен шырмалады. Ішкі секреция бездері жүйке арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. Гормондар күніне миллиграмм мөлшерінде бөлінеді. Олар қозуға немесе тежелуге әсер етеді. Бұл үшін гормонның аз ғана мөлшері жеткілікті.
Ішкі секреция бездерінің қызметін жүйке жүйесі басқарады. Бұл, әсіресе организмнің айналадағы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуінде анық байқалады. Биік тауға жаяу көтерілгенде, бір тәуліктің ішінде ауа температурасының күрт жоғарылауынан немесе төмендеуінен жүректің, тыныс алудың өте жылдам жұмыс істейді. Егер жақсы көретін жолдастардың кездескенде немесе сүйсініп тындайтын музыканы естігенде де жүрек соғысы жылдамдайтыны белгілі. Адамның қуануы және үрейленуі ішкі секреция бездерінің әрекетіне байланысты болады.
Ішкі секреция бездері бөлетін гормондар жүйке жүйесіндегі әрекеттерге әсерін тигізеді. Мысалы, қалқанша безі, жыныс безі және т. б. бездерінің гормондары адамның мінез құлқына, іс-әрекетіне әсер етеді. Сондықтан, ішкі секреция бездерінің адам өміріндегі маңызы зор.
Биоқызметтеріне қарай:
- АМҚ, липид, көмірсуды реттеушілер (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин) .
- Су-тұз алмасуын реттеуші (вазопрессин, альдостерон) .
- Са алмасуын реттеуші (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин) .
- Репродуктивті қызметті реттеушілер (эстрадиол, тестостерон, прогестерон) .
- Тропты гормондар - либерин, статиндер гипоталамустын, гипофиздің кейбір гормондары басқа гормондардың синтезін де реттейді.
Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
Гипофиз - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0, 5-0, 7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды) . Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің бөлімдерінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды
Гипоталамус гормондары
Гипоталамустың жүйке клеткаларында ерекше химиялық заттар түзіледі. Ол заттар портальдық капиллярлар арқылы гипофизге барады да, сол жерде гормондар бөлінуін реттейді.
Аденогипофиздің гормондарының синтезделуін реттейтін гипоталамус заттары 60-жылдары ашылды. Оны Р. Гиллемин мен Э. Шелли ашты. Сол үшін олар 1977 жылы Нобель сыйлығын алды. Алғаш олар рилизинг-фактор (ағылшынның release босату деген сөзден шыққан) және нейрогормондар деп аталады. Ал қазір либериндер және статиндер деп аталады. Нейрогормондарды бөліп алу, олардың химиялық табиғаты мен құрылымын анықтау өте қиын. Мысалы, Р. Гиллменнің ғылыми тобы (1968 ж) 0, 4 мг таза тиреолиберини бөліп алу үшін 3 жыл уақыт қажет екен. Осы уақытта 80 мың қойдан алынған 500 тонна ми өңделіп, 7 тонна гипоталамус қажет болған.
Ішкі секреция бездерінің гормондары организмде белгілі бір нысана мүшелердің жұмысын басқаратынын біз білеміз. Ал эндокрин бездерінің гормондық әрекетін гипофиз реттеп отырады. Нейрохимик Г. Харрис болжағандай (1954 ж), қазір былай болды: гипофиз жұмысын ми басқарады екен. Бүкіл эндокрин жүйесіндегі негізгі реттеуші қызметин гипоталамус атқаратынын атап айту қажет.
Қазіргі кезде 10 нейрогормон бөліп алынды, олардың құрылымы анықталды және атқаратын қызметі белгілі болды. Бұл заттардың бәрі химиялық тұрғыдан төмен молекулалы пептидтер екен. Олардың кейбіреуі гендік инженерия әдісімен де алынады.
Бөліп алынған нейрогормондардың жетеуі аденогипофиз гормондарының түзілуіне (босап шығуына) қолайлы әсер етеді, дамытады. Оларды либериндер деп атайды. Нейрогормонның 3-і тежеуші әсер етеді, олар статиндер деп аталады.
Бұл заттар әсерінің өздеріне тән ерекшеліктерін көрсету үшін, аденогипофиз гормондарының аталуына «либерин» немесе «статин» деген сөз жалғанады.
Тиреолиберин - биологиялық белсенділігі жоғары ең кішкентай табиғи пептидтердін біреуі, ол үш амин қышқылы қалдығынан құралады. Формуласында N-соңында цикльді пироглутамин қышқылы бар, ал С-соңында амидтелген пролин бар.
1 2 3
Пиро -Глу -Гис -Про -
Мидың жүйке клеткалары көмегімен әсер еткен гипоталамустан тиреолиберин бөлініп шығады. Енді сол гормон өз кезегін тиреотроптық гормондардың гипофиз клеткаларынан босату процесін туғызады. ТТГ қалқанша безі клеткаларының өзінде тироксин және басқада тиреоидтық гормондарды синездеуге және оларды бөліп шығаруға итермелейді.
Сөйтіп, тиреолиберин тиреотропиннің сондай-ақ пролактиннің бөлініп шығуына жағдай жасайды.
Люлиберин - дикапептид, оның N-соңында пироглутамин қышқылы, С- соңында глутамин бар.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Пиро -Глу -Гис -Три -Сер -Тир -Гли -Лей -Арг -Про -Глн -
Лютеолиберин (гонадолиберин) қосылып аденогипофиздің гютеиндеуші гормонның (люттропиннің) бөлінуіне жағдай жасайды.
Ұзақ әсерлі люлеберин әйелдерде болатын ұрықсыздық дертінің кейбір түрлерін емдеуге табысты қолданылады, оның әсерінен әйелдерде овуляция басталады. Экстральдық циклді синхрондау үшін оны мал шаруашылығында да қолдануға болады.
Сомотостатин - 14 амин қышқылы қалдығынан құралған циклді дисульфид, мұндағы -S-S- байланысы 3 және 14 амин қышқылының қалдығы аралығында орналасады.
Сомотостатин өсу гормонының (соматотропиннің) синтезін тежейтін фактор. Оның басқа да бағалы жағы бар. Ол аденогипофиздің соматотропиннің бөлінуін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар ұйқы безіне әсер етеді, инсулин мен глюкагонның бөлінуін төмендетеді.
Соның нәтежесінде қан құрамындағы глюкоза мөлшері азаяды. Сондықтан соматостатин қант диабеті (сусамыр) дертін емдеу үшін қолдану мүмкін.
Соматолиберин - өсу гормоны, соматотропиннің бөлінуіне жағдай жасаушы гормон. Бұл гормонның бар екені радиоиммунологиялық әдіс арқылы дәлелденген.
Н-Вал-Гис-Лей-Сер-Ала-Глу-Глн-Лиз-Глу-Ала-ОН
Фоллиберин - декапептид, ол аденогипофизде гонатропты гормондар түзілуге әсер етеді және жыныс бездерінің жұмысын реттейді.
Пролактолиберин - аденогипофизде пролактин бөлінуін дамытады, сүйтіп сүттің түзілуіне және шығуына әсер етеді бұл гормонның құрлымы әлі белгісіз.
Пролактостатин - пролактолиберин әсеріне қарсы әсер етеді пролактин түзілуін тежейді. Бұл гормонның да құрлымы әлі анықталмаған.
Кортиколиберин - адренокортикотропты гармонның пайда болып бөлінуін қолдайды. Құрылымы әлі белгісіз.
Меланолиберин -трипептид.
Н-Цис-Тир-Иле-Глн-Асн-Цис-ОН.
Меланостатин - пентапепти
Пиро-Глу-Гис-Фен-Aрг-Гли-NН2
Соңғы аталған бұл екі гармон да гипофиздің аралық бөлігінде меланотропиннің бөлінуін тиісінше қолдап та, тежеп те әсер береді. Меланотропиннің тері қабаты мен жүннің бояуына жауапты екені белгілі.
Гипоталамус нейрогормондарының әсер ету механизмі әлі дәл анықталған жоқ. Болжауға қарағанда, олар нысана-клеткаларда тиісті рецепторлармен өзара әрекеттескеннен кейін өздерінің әсерін тигізетін көрінеді, бұл кезде аденилатциклазаны активтендіреді немесе оған кедергі жасайды.
Гипофиздік гормондар
Гипофиз (ми қосалқысы) омыртқалы жауарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Гипофиз мидың астында орналасқан. Ол 3 бөліктен тұрады:
• Алдынғы бөлік (аденогипофиз)
• Аралық бөлік
• Артқы бөлік (нейрогипофиз)
Гипофиз бөліктері гистологиялық тұрғыдан ажыратылады, олар әр түрлі қызмет атқаратын гормондар жасап шығарады, бұл гормондардың бәрі белоктық зат, гипофизді гормон түзілуге гипоталамус реттеуші маңызды қызмет атқарады. Гипофиздің тікелей артқы бөлігінде гормон түзілу мәселесі қазірше күмәнді.
Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез күшейіп, шыжындық белгілері пайда болады (полиурия) . Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс) салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсөлініс) мұндай өзгерістердің сипаты қарама-қарсы болады.
Гипофиздің алдынғы бөлігінің (аденогипофиздің) гормондары
Гипофиздің алдыңғы бөлігі - аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады. Соңғылары - бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Аденогипофиз (безді гипофиз) негізінен мынандай алты гормонды бөліп шығарады: өсу гормоны (соматотропин, оны қысқаша СТГ әріптерімен белгілейді), аденокортикотропты гормон (АКТГ), тиреотропты гормон (ТТГ), гонадотропты гормон (ГТГ), пролактин және лютеиндеуші гормон (ЛГ) .
- Соматотропин жәй белок ацидофилдік жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан жасушаларға өтуін, сінуін тездетеді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-тендігін өзгертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін. Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконеогенез үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс көп шығатын болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия) . Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета-тотығуын күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа бездердің гормондары да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қолдың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері өспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры кысқа болады.
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді. Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлінісі акромегалия дертіне әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні, жағы, мандай төмпешіктері, бармақтары) өседі, гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы безінің инсулин бөліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус реттеп отырады.
- Аденокортикотропты гормон (АКТГ) . Бұл гормон гипофизден таза күйде бөліп алынған және синтездік жолмен де и алынған. Оның біріншілік құрлымы анықталды, ол полипептид, 39 амин қышқылы қалдықтарынан тұрады, М 4567.
АКТГ бүйрекүсті безінің қабығында кортикостерон мен кортизол екеуінің синтезін қолдап, бөлініп шығуына көмектеседі, сөйтіп көмірсу емес қосылыстардан (глицеролдан, амин қышқылдарынан) глюкоза түзілуге жанама әсерін тигізеді.
- Тиреотропты гормон (ТТГ) . Бұл гормон бұқа гипофизінен бөлініп алынған. Өзі гликопротеин, М 28300, 2 суббөліктен құралған (М 13600 және М 14700) . Бұл гормонда күкірт көп, молекула құрамында 11 дисульфидтік байланыс бар, сульфгидрильдік топ болмайды.
ТТГ қалқанша безі жұмысын қолдап үдетеді, қолқанша безінің өзіне қаннан йод сіңіруіне және дийодтирозиннің тироксинге айналуына көмектеседі. ТТГ осылайша организмдегі бүкіл зат алмасуға әсер етеді.
- Гонадотропты (ГТГ) немесе фолликула қолдаушы гормон (ФСГ) . ГГТ бірқатар сүтқоректі жануардың, солардың ішінде адамның да жыныс бездерінен бөліп алынған. Бұл өзі гликопротеин, құрамында көмірсулар көп.
Адамның ГТГ (ФСГ) гормоны М 34000, оның құрамында 16% көмірсулар бар;
ГТГ (ФСГ) әйелдің де, еркектің де жыныс бездерінің өсіп жетілуін қолдап көмектеседі, әйел организм аналық безінің фолликулаларының өсіп жетілуін тездетеді және олардың гормондық қызметін активтендіреді, сол сыяқты еркек организмінде сперматазоидтардың түзілуін күшейтеді. ГТГ (ФСГ) әсерінен жұмыртқалықта көптеген фолликулалар өсіп жетіледі (фолликулаларда аналық клеткалар орналасқан), соның нәтижесінде көптеген ұрық қалыптасадлы. Бұл гормон көп мөлшерде буаз бие зәрінде және қан сарысуында кездеседі. Қойды қолдан ұрықтандырып, көп қозы алу үшін ГТГ препараты қолданылады, оны балық өсіру үшін де қолданады. Ол балықтың ұрық шашуына қолайлы әсер етеді.
- Пролактин немесе лактогенді гормон (ЛГГ) пролактин-белок, оло кристалды түрде алынған, М 25000, құрамында көмірсу жоқ, 1998 амин қышқылы қалдығынан құралған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz