Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процестердің жас ерекшеліктері


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процестердің жас ерекшеліктері.
Орындаған: Абдихани Д. С.
Тобы: 210А ЖМ
Қабылдаған: Омарова Г. С.
Шымкент 2017
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Жатырішілік инфекциялар
- Инфекциялық процестердің жас ерекшеліктері.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Инфекция - микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.
Жатырішілік инфекциялар (ЖІИ) - бұл құрсақ ішінде және босанар кезінде жұқтырылатын ұрықтың, жаңа туылған сәбидің әр түрлі инфекциялық аурумен ауруы. Инфекцияның қоздырғышы вирус, бактерия және сирек жағдайда паразиттер болуы мүмкін. Берілу жолы - анасынан іштегі нәрестеге. Инфекция жұқтыру нәтижесінде түсік тастау, туа біткен ақаулықтар немесе жаңа туылған нәрестеде өткір инфекционды процесс болуы мүмкін. Бұл кезде ұрықтың дамуы тежеледі, ақылы кем болады. Перинатальды өлім 28% құрайды.
Жатырішілік инфекциялар (ЖІИ) - бұл құрсақ ішінде және босанар кезінде жұқтырылатын ұрықтың, жаңа туылған сәбидің әр түрлі инфекциялық аурумен ауруы. Инфекцияның қоздырғышы вирус, бактерия және сирек жағдайда паразиттер болуы мүмкін. Берілу жолы - анасынан іштегі нәрестеге. Инфекция жұқтыру нәтижесінде түсік тастау, туа біткен ақаулықтар немесе жаңа туылған нәрестеде өткір инфекционды процесс болуы мүмкін.
Жатырішілік инфекциялар ұрықтың құрсақішілік зақымдануына алып келеді. Көп жағдайда инфекциялану ана мен баланың қанайналымының бір болуынан және кейбір жағдайларда баланы дүниеге әкелу кезінде, ұрықтың амнион сұйықтығын жұтуынан болады.
Ана организміндегі инфекцияның созылмалы ошағы, жүктілік кезеңіндегі бастапқы зақымдануы, инфекциялық процестің өршелене дамуы негізінен қауіптілік факторлары болып табылады.
Жатырішілік инфекцияның қоздырушылары аумағы мейлінше ауқымды және әрқилы болып келеді. Бұлар - бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар және қарапайымдар болуы мүмкін. Әртүрлі қоздырғыштардың өзара үйлесім табуы жиірек көрініс береді.
Медицинада урогенитальды инфекциялар ерекше қауіптілік тудырады. Аталған инфекцияға микоплазмоз, хламидиоз, цитомегаловирус, герпес, тағы басқалары жатады. Олардың кішкене ошақтарының өзі ұрықтың жатырішілік зақымдануына әкеліп соқтырады.
1971 жылы ДСҰ (ВОЗ) жатырішілік инфекцияларды тудыратын қоздырғыштар тобын «TORCH» деп атады. Бұлар тұрақты құрылымдық өзгерістерді тудыратын вирусты, бактериальды инфекциялар тобы.
Т - Токсоплазмоз
О - Other (басқа, сифилис, хламидиоз, энтеровирусты инфекция, А, В гепатит, гонококкты инфекция, листериоз, эпидемиялық паротит)
R - Рубелла (қызылша)
С - Цитомегаловирусты инфекция
Н - Герпесті инфекция
Токсоплазмоз -аса қауіпті және кең таралған жатырішілік инфекция. Токсоплазмалар - қарапайымдар тобына жататын паразиттер, таратушылары мысықтар, кемірушілер, құстар. Инфекция қоздырғышпен залалданған тағамдардан немесе тері арқылы (жараланған кезде) жұғуы мүмкін.
Құрсақішілік даму кезінде біріншілік зақымдалу өте қауіпті болады (әсіресе бірінші жартысында) . Бұл жағдайда жүкті әйелде вируспен күресуге антидене жоқ, вирус ешқандай кедергісіз, плацентаға еніп кетеді де ұрықты зақымдайды. (ұрықтың зақымдалуы 30-50% жағдайда) . Екіншілік зақымдалу кезінде иммунитеттің қалыптасып қоюының әсерінен ұрықтың дамуы қалыпты жағдайда қалуы мүмкін.
Хламидиоз (chlamidiosis urogenitalis)
жыныстық жолмен берілетін инфекциялық патология. Әйел адамдарда уретрит, кольпит, бартолинит, эндоцервицит, эндометрит т. б дамиды. Бұл аурудың жиілігі 50% . Хламидияның 4 түрін ажыратады:
- C. trachomatis
- C. psittaci
- C. peraum
- C. pneumoniae
Хламидиоз түтікшелі бедеулікке, жатырдан тыс жүктілікке немесе эмбрионның дамуының ерте стадиясындағы түсікке әкеледі. Хламидиоз кезіндегі аутоиммунды реакциялар перегепатит, переаппендецит, перисигмоидит, реактивті артриттің дамуына әкеледі.
Хламидиоз жүкті әйелдерге өте қауіпті болып табылады. Оның фонында әртүрлі гинекологиялық асқынулар дамиды:
- Жүктілік үзілуіне қауіп
- Ерте мерзімдегі түсіктер
- Қағанақ суының көп болуы
- Гестоз
- Жатырдан тыс жүктілік
- Хламидиялық инфекция плацентаға теріс әсер етеді. Хламидияның зақымдаушы әсерінен плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, құрсақішілік гипоксия дамиды.
Қызылша - балаларда көрініс табатын ауру. Қызылша вирусымен зақымдалған ананың баласында күрделі патологиялық өзгерістер алып келеді немесе түсік тастауға себеп болады. Жана туған сәбилерде бұл жатырішілік инфекция босану кезінде жұқтырылған болса, 1-2 жыл өткен соң өз белгілерін көрсетеді.
Цитомегаловирусты инфекция
қоздырғышы герпес тұқымдас вирусы, цитомегаловирус. Байқалу жиілігі 50 ден 85% ке дейін кездеседі. Ағзаға түскен цитомегаловирус ұзақ уақыт сақталады, жыныстық қатынас кезінде беріледі. Оны бір рет жұқтырып алса, жазылу мүмкін емес. Адам өзінің ауыратынын білмеуі де мүмкін. Цитомегаловирус адам иммунитеті төмендегенде ғана көрініс береді.
Негізгі белгілері: орталық жүйке жүйесі зақымдалуы, тромбоцитопения, бауырдың зақымдалуы, жиі пневмония.
Жүктілік кезінде ұрықтың даму ақаулары: микроцефалия, церебральді паралич, бұлшықеттік әлсіздік. Гинекологиялық науқастарда жатыр мойнының эрозиясы және цервициті, кольпит, вульвит түрлері болады.
Цитомегаловирусты инфекцияның жұғу жолдары:
- ауа-тамшылы жол
- жыныстық жол
- ұрықтың құрсақішілік жұқтыруы
- инфицирленген анасы арқылы сүтімен баласына
- қан, сілекей, зәр және басқа да организмдегі физиологиялық сұйықтықтар арқылы
- тұрмыстық жол (ыдыстар, орамал, сабын, жөке т. б)
ЦМВ-тың нәрестеге жұғу жолдары:
- плацента арқылы
- босану кезінде
- омыраумен қоректендіру кезінде
Вирус ұрықтың ОЖЖ зақымдайды, дамуында ақаулық тудырады. ЦМВ тың ұрық дамуына қолайсыз әсері жүктіліктің мерзіміне байланысты. Жүктіліктің ерте мерзімінде ұрықтың инфицирленуі түсікке немесе ұрық дамуының бұзылыстарына алып келеді. Жүктіліктің кеш мерзімінде ұрықтың инфицирленуі айтарлықтай ұрықтың даму аномалияларын тудырмайды, бірақ босану кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін және бала инфекция тасымалдаушы болады. Баланың босану кезінде және одан кейін ЦМВ-пен инфицирленуі құрсақ ішілік инфицирленуге қарағанда жеңілірек өтеді, ауыр салдар тудырмайды.
Герпестік инфекция
- вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабатардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру. Герпестік аурулар жай герпестің вирусымен, әсіресе екінші түрі-Қарапайым герпес вирусы-2 шақырылады. Генитальді герпес жыныстық жолмен беріледі. Жүктілік кезінде ҚГВ- 2-ні көтере алмаушылық болады. Герпестік процесстің 3 стадиясын ажыратады: І стадиясы сыртқы жыныс органдарының герпеспен зақымдалуы. IІ стадиясы жатыр мойнының, уретраның зақымдалуы. ІIІ стадиясы- қынап, жатырдың, жатыр қосалқыларының зақымдалуы.
Балаға герпес инфекциясының берілу жолдары:
Трансплацентарлы жол - инфекцияның ана қанынан плацента арқылы ұрыққа берілуі
Вертикальды жол - герпес вирусымен зақымдалған анасының жыныс органдары арқылы инфекцияның берілуі, бұл жүктілік кезінде және босану кезінде де орын алады
Трансовариальды жол - инфекцияның жатыр түтікшелері арқылы кіші жамбас арқылы берілуі
Герпес инфекциясы плацента тінін, ұрықтың ішкі органдарын зақымдайды, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Ұрықтың даму ақауларын тудырады немесе өліміне әкеледі. Герпес инфекциясы ана организмінде гормональды бұзылыстарды тудырады және зат алмасуын бұзады. Бұл жүктіліктің тоқтауына себеп болады.
Диагностикасы:
ЖІИ-ны диагностикалау қиын. Алдымен анамнезге, жүктілік ағымының ерекшеліктеріне қарайды.
- Микроскопия;
- Иммунофлюореценция реакциясы және иммуноферменттік анализ арқылы антигенді анықтау;
- ПТР
Құрсақ ішілік инфекциялардың клиникалық көрінісі инфекциямен жұқтырылу уақыты мен жолына байланысты.
- Құрсақ ішінде дамудың алғашқы 8-10 аптасында қабынудың альтернативті фазасы болуы мүмкін, бұл ұрықтың жойылуымен немесе нәрестенің туа біткен ақаулықтармен аяқталуы мүмкін.
- Содан кейін қабынудың пролиферативті компоненті көріне бастайды. Соңғы мерзімдерде, яғни 11-28 аптада дәнекер тіндер ұлғаяды (мысалы, миокардтың фибдроэластозы ), ішкі ағзалардың дисплазиясы және гипоплазиясы, ұрықтың құрсақ ішілік дамуының кешігуі болады.
- Ұрықтың 28 аптадан кейінгі инфекциямен жұқтырылуына 3 компонент қатысады - альтернативті, пролиферативті және тамырлы.
Құрсақ ішілік инфекциялардың жергілікті формаларында ішкі ағзалардың (фетальды гепатит, гепатолиенальды белгі, кардимиопатия, интерстицианальды нефрит, құрсақ ішілік пневмония, энтерколит және т. б) және орталық жүйке жүйесінің (энцефалит немесе менингоэнцефалит) бұзылуы болады.
Баланың туылуына дейін немесе кейінгі жағдайларда жатырішілік инфекцияның болуы мүмкін белгілері:
- өсуінің тоқтауы;
- бауыр мен көкбауырдың үлкеюі
- ісінуі
- тыныс алу органдарының бұзылыстары
- жүрек-қантамырлық жетіспеушіліктер
- орталық жүйке жүйесі бұзылыстары
- тәбеттің болмауы
Іріңді - септикалық инфекция - босанғаннан кейінгі нәрестелер арасындағы аурушаңдық пен шетінеуінің негізгі және жиі кездесетін себептерінің бірі болып табылады. Бүкіл одақтық денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша нәрестелердің 2% жатыр ішінде, 10 % - ке жуығы босанғаннан кейін және өмірінің 1-ші айында инфекция жұқтырады. 2013 жылдың 2 айында облыс бойынша жаңа туған нәрестелер арасында 6 іріңді-септикалық инфекция тіркелген, 1000 балаға шаққандағы көрсеткіші - 0, 9 (2013 жылдың 4 айындағы деңгейінде)
Нәрестелер арасында тіркелген 6 іріңді - септикалық инфекциялардың барлығы да жатырішілік пневмония, барлығы да зертханалық жолмен тексеріліп, нақтыланған.
Жаңа дүниеге келген нәрестелердің жатыр ішілік инфекциялармен ауруы көптеген шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі, себебі әйелдердің жүкті кезінде амбулаториялық-емханалық қызмет олармен алдын алу жұмыстарын толық жүргізбеуінен және оған жүйелі бақылаудың болмауынан.
Тіркелген іріңді-септикалық инфекциялардың барлығы да аналарының жатыр ішілік инфекциялармен ауруларынан болған, аналар уақытында дәрігер гинекологтармен қаралмай, жыныс жүйесі инфекцияларына тексерілмеген.
Перзентханада ауру көзі болып бацилла тасушы медициналық сау қызметкерлер, босанған немесе босануға түскен әйелдер және ауру нәрестелер болуы мүмкін. Инфекция ауа-тамшы, алиментарлық (ауқатты) және әртүрлі байланыстар арқылы таралады. Жатыр ішілік пневмония және тері инфекциялары жаңа туылған нәрестелер аурушаңдығы арасында негізгі пайызды құрайды, сондықтан өте байыпты қарау мен үйлесімі емдеуді қажет етеді.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz