Қан плазмасының ақуыздары. Қан ферменттері. Қанның ақуызсыз азотты заттары, қанның қалдық азоты


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қан плазмасының ақуыздары. Қан ферменттері. Қанның ақуызсыз азотты заттары, қанның қалдық азоты.
Орындаған: Абдихани Д. С
Тобы: 210А ЖМ
Қабылдаған: Қанжігітова М. Ж
Шымкент 2018
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Қан плазмасының ақуыздары.
- Қан ферменттері.
- Қанның ақуызсыз азотты заттары, қанның қалдық азоты.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4, 5-5 л.
Қанның функциясы:
- Тыныс алу- өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
- Асқорыту- қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
- Бөліп шығару- қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
- Регуляторлық- әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
- Қорғаныш- қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
- Терморегуляторлық- қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
- Гомеостатикалық- қантамырлар зақымдалғанда қанның ұю процесі.
Қанның құрамы - плазмадан(55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер , лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.
Қан плазмасы - бұл ақшыл-сары түсті сұйықтық, оның 90%-су, ал 1%-суда еріген заттар құрайды. Қалыпты жағдайда плазмада кейбір еріген заттардың концентрациясы тұрақты болады, ал олардың өзгерістері әртүрлі аурулар кезінде байқалады.
Қан плазмасының барлық химиялық заттарын мынадай топтарға бөлуге болады:
- Минералды-бейорганикалық заттары
- Органикалық заттары
Қан плазмасының органикалық заттары құрамында азот бар және азотсыз органикалық қосылыстар түрінде болады. Құрамында азот бар органикалық заттар белоктар және азоттық алмасудың метаболиттері ( қанның қалдық азоттары ) түрінде болады.
Қанның азотсыз органикалық заттары - бұл көмірсулы және липидті алмасулардың метаболиттері.
Қан плазмасының ақуыздарына альбумин (40-50 г/л), глобулин (20-30 г/л), фибриноген (2-4 г/л) жатады. Қазіргі заманғы зерттеулердің физико-химиялық әдістері қан плазмасының шамамен 200 түрлі белоктарын ашып, сипаттауға мүмкіндік берді. Қан плазмасы ақуыздарының синтезі бауырда және басқа ретукулды-эндотелальды жүйелерде жүріп көптеген қызмет атқарады. Иммунды электрофорез әдісімен алынған электрофореграммалар қанның сары суы 5 ақуыздық фракциядан тұратынын көрсетті:
- Альбуминдер
- α1- глобулин
- α2- глобулин
- β-глобулин
- γ- глобулин
Альбумин - молекулалық салмағы - 7000, жәй ақуыз (580АҚ) . Қанның коллоидты-осмостық қысмын сақтауда орны ерекше. Концентрациясы 30 г/л түсіп кетер болса, қанның онкотикалық қысымы төмендеп ісік тудырады. Альбуминдер гормондарды, холестеринді, өт пигменттерін, бос май қышқылдарын, кальцийды, дәрілік заттарды, бояуларды тасымалдайды.
α 1 - глобулиндері - альфа-липопротеидтер (ТЖЛП), гликопротеидтер, трипсинді ингибиторлайтын (антитрипсин, жедел фаза белогы), металл иондарынмен (мыс) байланысқан белоктар.
α 2 - глобулиндері - альфа-липопротеидтер (ТЖЛП), гликопротеидтер, гаптоглобин, макроглобулин, С-реактивті белок (жедел фаза белогы), металл ионын тасымалдайтын, трипсин ингибиторы ақуызы.
β-глобулин - бета-липопротеидтер (ТТЛП), гликопротеидтер, гемопексин, металл ионын тасымалдайтын, соның ішінде трансферрин болады.
γ- глобулиндер - ерекше иммундық қорғаныс қызметін атқаратын ақуыздар. Антиденелік белсенділігі бар, яғни вирустың, бактериялардың антигендерімен кездескенде оларға қарсы антиденелік қасиет көрсетеді. Иммуноглобулиндердің молекуласы 4 полипептидтік тізбектен тұрады, оның екеуі ауыр (Н-тізбек), екеуі жеңіл (L-тізбек) . Олар бір-бірімен дисульфидтік байланыспен байланысқан. Иммуноглобулиндердің 5 түрі бар: IgG, IgA, IgM, IgE, IgD.
Қан плазмасында тағыда лизоцим, интерферон, комплемент, пропердин сияқты ақуыздар кездеседі.
Фибриноген -қан ұйыған жағдайда ерітінді жағдайынан ерімейтін күйге ауысатын қан плазмасының ерекше ақуызы.
Гиперпротеинемия - қандағы жалпы протеидердің мөлшері 90-100 г/л асып, кейде 150-180 г/л жетеді (қалыпты жағдайда 65-85 г/л) . Миелома, инфекциялық, токсикалық ауруларда кездеседі.
Гипопротеинемия - қан плазмасындағы жалпы белок мөлшерінің төмендеуі. Нефротикалық синдромның көрінісі, жүрек қызметінің декомпенсациясы, бауыр циррозы кезінде.
Плазмада патологиялық белоктардың пайда болуы парапротеинемия деп аталады (миеломды ауру кезінде) .
Диспротеинемия - қан ақуыздарының жіктері арасындағы калыпты мөлшерлерінің арақатынастарының бұзылуы (өткір қабыну процестерінде) .
Қан плазмасының ферменттерін шартты түрде үш топқа бөледі:
- Функционалдық немесе плазмаөзгешелік ферменттер
- Индикаторлық немесе клеткалық ферменттер
- Эксреторлы ферменттер
Плазмаөзгешелік ферменттер бауырда синтезделеді және өзінің каталиикалық әсерін қан плазмасында көрсетеді. Оларға бауырдың липопротеидлмпазасы, холинэстераза (ацетилхолинді ыдыратушы), лизоцим, қан ұюы ферменттері, фибринолиз және кининогенез ферменттері, ренин жатады.
Индикаторлы ферменттер клеткаларда синтезделеді және олардың қандағы белсенділігінің өзгеруі мүше клеткаларының физиологиялық, патологиялық жағдайымен тікелей байланысты. Мысалы, , креатинфосфокиназа, ЛДГ1 және ЛДГ2 ферменттерінің қан плазмасындағы белсенділігінің артуы жүрек зақымдалғанда, миокард инфарктын анықтайды. АЛТ, ЛДГ5, ЛДГ4 белсенділігінің артуы бауыр паренхимасының зақымдалғанын көрсетеді. Сукцинат, урокиназа, лизоцим - бүйректің, трипсин, кининоген, эластаза, альфа-амилаза - ұйқы бездің, сілтілі фосфотаза сүйектің зақымдалуының көрсеткіші.
Экскреторлы ферменттер , негізінен, бауырда синтезделеді. Оларға лейцинаминопептидаза, қышқылдық фосфатаза, т. б жатады. Экскреторлы деп аталу себебі, ағзадан өттің құрамында шығарылады.
Қанның белокты емес құрамында азот бар заттары белокты және аминоқышқылды алмасудың метаболиттері түрінде болады. Оларға мочевина, аминқышқылдар азоты, эрготионеин, зәр қышқылы, креатин, креатинин, аммиак, индикан, нуклеотидтер, нуклеозидтер, билирубин, холин және т. б кіреді.
Мочевина бауырда синтезделеді және мұнда аммиактың залалсыздандырылуы жүреді. Қанда мочевина мөлшерінің өзгеруі оның синтезі мен шығарылу (бүйректе) процестерінің арасындағы қатынасына тәуелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz