Липидтер алмасуының сатылары. Қорлық және құрылымдық липидтер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Липидтер алмасуының сатылары. Қорлық және құрылымдық липидтер.

Орындаған: Абдихани Д. С

Тобы: 210А ЖМ

Қабылдаған: Қанжігітова М. Ж

Шымкент 2017

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:
  • Липидтер алмасуы
  • Қорлық және құрылымдық липидтер
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Липидтер - (гр. λίπος , lípos - май) - барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, этанол) ериді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында полярсыз (көмірсутекті) және полярлы (-СООН, -ОН, -NH2) аймақтар болады. Химиялык
құрылысы бойынша липидтер әртүрлі болады, бірақ олардың барлығы дерлік кез-келген спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Сонымен қатар
липид молекулаларының құрамына азоттықосылыстар, фосфор қышқылы және көмірсулар енуі мүмкін.

Липидтерге майлар және май тәрізді заттар - липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет - олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында) . Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты (грекше hydor - су және phobos - қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады. Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі - майлар . Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт - глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұратындығы мынадай формулада бейнеленген:

May formulasy.jpg

R 1 , R 2 , R 3 радикалдарының орнына кез келген пальмитин, стеарин, олеин және т. б. қышқылдары болуы мүмкін. Майлар: жануар, өсімдік майлары және т. б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы - олардың құрамына кіретін май қышқылдарының сипатына байланысты. Май кышқылдары: қаныққан және қанықпаған больп екі топқа бөлінеді. Қаныққан май қьшқылдары бір байланысты, оларга пальмитин, стеарин қышқылдары және т. б. жатады. Ал қанықпаған май қьшқылдары қос байланыс түзеді, оларға олеин, линол және т. б қышқылдар жатады. Жануар майларының құрамында қаныққан қышқылдар көп, сондықтан олар бөлме температурасында да қатты күйде болады. Мысалы, сиыр майының құрамында глицерин, пальмитин және стеарин қышқылдары бар. Пальмитин қышқылы 43°С-та, ал стеарин қышқылы 60°С-та ғана ериді. Яғни, су қайнағанда глицерин су молекуласымен байланыс түзеді де, ал май қышқылдары сұйықтықтың беткі қабатында қалықтап, гидрофобты қасиет керсететіндігін күнделікті тұрмыстан аңғаруға болады. Өсімдік майының құрамында канықпаған май қышқылдары көп болады. Осыған байланысты олар жеңіл ериді және бөлме температурасында сұйық күйін сақтайды. Мысалы, зәйтүн майы глицеринмен байланысқан олеин қышқылының қалдығынан тұрады. Көптеген жасушалардағы майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5--10%-ын құрайды. Алайда құрамының 90%-ға жуығы майдан тұратын жасушалар да болады. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, май бездері, шарбы (қарынның сыртындағы жұқа май), түйенің өркеші жөне дельфин сүтінің 40%-ы майдан тұрады. Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі рөлі ерекше. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді, керісінше іштен сыртқы ортаға жасуша заттарын шығармаудың нөтижесінде, оның химиялық ортасы тұрақты болады. Сол сияқты липидтер жүйке ұлпасында, мида көп мөлшерде бар. Сонымен қатар жүйкенің миелинді қабықшасын зерттеудің нәтижесінде фосфолипидтердің маңызы айқындала түсті. Май төрізді заттарға: холестерин, майда еритін А, D витаминдері және кейбір гормондар жатады.

Липидтер химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер, күрделі липидтер, стероидтар.

Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды. Триацилглицерол - бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.

Күрделі липидтерге фосфолипидтер жатады. Фосфолипид биологиялық мембрананың негізгі құрамдас бөлігі болып саналады. Барлық жасуша мембранасы құрамына фосфодиацилглицерин кіреді. Ол күрделі эфир, молекуласы глицерин қалдығынан, май қышқылының екі қалдығынан, фосфор қышқылының қалдығынан және азотты негіздерден тұрады.

Стероидтар биологиялық белсенді қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклді спирт пергидроцикло-пентанофенантрен құрайды. Стероидтар сабындалмайтын липидтерге жатады, сілтілі гидролизде сабын түзілмейді. Олар жануарлар, өсімдіктер ұлпаларында және микроорганизмдерде кездеседі. Стероидтарға холестерин және олардың туындылары жатады.

https://cf.ppt-online.org/files/slide/x/x1LYt7jQFMZveGIsSfKndPXwkyo94mEzTr6p05/slide-5.jpg

Липидтердің алмасуы төрт кезеңнен тұратын сатылы процесс. Ол кезеңдер мыналар: ас қорыту, сіңіру, аралық алмасу және сол алмасуының ақырғы өнімдерінің пайда болуы.

Ауыз қуысында, сілекей құрамында липидтерді ыдырататын, гидролиздейтін ферменттер болмайды.

Асқазан сөзінде липидтерді гидролиздік ыдыратуға қабілетті біршама липазалар болады. Бірақ, асқазан липазаларының /рН-6/ маңызы көп емес, себебі олар тек қана алдын ала эмульгацияланған майларға әсер етеді. Асқазанда эмульгацияға, яғни май эмульсиясының /тамшыларының/ пайда болуына жағдайлар жоқ.

Ұлтабар ас қорыту процесіне қатыспай тұрған кезде, мұнда әлсіз сілтілі реакция жүріп жатады /рН орташа есеппен 7, 2 - 8, 0 болады/. Бұл ішекке асқазандағы қышқылданған қоспа түскен кезде оның ішіндегі реакция қышқыл реакция болады, бірақ тұз қышқылын ұйқы безінің сөлі және басқа сөлдер бейтараптандыруының нәтижесінде қайтадан сілті жағына қарай өзгеріске түседі.

Ішекте, керісінше, майлардың эмульгациясына өте қолайлы жағдай жасалған. Өт қышқылдарының тұздары - ең күшті эмульгаторлар.

Майлардың ішекте қорытылуы

Майлардың негізгі массасы /95-97 %/ ащы ішек бөлігінде, ең алдымен, он екі елі ішекте қорытылады. Қорытылу екі процестерден, эмульгациядан және гидролиздік ыдыраудан тұрады. Бауыр клеткалары өт бөліп шығарады, ал ол болса, өт қабына жиналып, одан қорыту процесіне қатысу үшін, ащы ішекке өтеді. Күйіс қайратын малда ұлтабарға өтеді. Өт қышқылдары май тамшыларының бетіне сорылады да, жұқа қабық құрады. Бұл процесті э м у л ь г а ц и я деп атайды.

Эмульгация май тамшыларының беттерінің кермектілігін төмендетеді, соның салдарынан олардың бір-біріне тартылысы әлсірейді де, май тамшылары өте ұсақ түрге айналып кетеді. Бұның өзі липазаның әсеріне жағдай тудырады.

Ұйқы безі сөлінің липазасы өт қышқылдары эмульгацияланған майларды глицерин мен май қышқылдарына ыдыратады.

Сонымен, өт қышқылдары 3 түрлі маңызды қызметтер атқарады:

  1. Майларды эмульгациялау
  2. Эмульгация арқылы майлардың липазамен өзара септесуінің /әрекеттесуінің/ жақсаруына жәрдемдеседі, себебі липазаның активтігін арттыра түседі.
  3. Май қышқылдарының сіңірілуіне қатысады.

Бұдан басқа өт қышқылдары ішектің моторлық қызметін /перильстатикасын - жиырылуын/ күшейтеді. Асқазаннан ішекке келген тамақтың реакциясын бейтараптандырады, ішектің микрофлорасындағы бактерияларға өлтірерлік әсер етеді және олармен бірге зиянсызданған улар сыртқа шығады.

Липидтердің сіңуі

Ішек шырыш қабығының клеткаларында жоғары май қышқылдары глицеринмен қосылып, қайтадан май /жануардың белгілі бір түріне тән майы/ түзіледі, яғни ресинтезделеді. Ресинтез - гидролизге керісінше процесс.

Майлар лимфа жүйелерінің тамырлары және көкірек тармағы арқылы қанға келіп түседі. Бейтарап майлардың қандағы тамшыларын х и л о м и к ро н деп атайды.

Бұдан кейін майлар май депосына /қоймасына/ қор ретінде жиналады. Резервті липидтер негізінен үшацилглицериндер түрінде болады. Олар көп мөлшерде май депосында жинақталады да, қажет болған жағдайда оңай ыдырап, энергетикалық материал ретінде жұмсалады.

Липидтердің аралық алмасуы. Майлардың биохимиялық өзгеруі

Глицериннің тотығуы. Глицерин АТФ есебінен глицерокиназа ферментінің әсерімен фосфорланады, яғни активтік күйіне көшеді.

Жоғары май қышқылдарының тотығуы. Жоғары май қышқылдарының организмде ыдырау механизмін неміс биохимигі Ф. Кнооптың 1904 жылы ұсынған «Май қышқылдарының β-тотығу теориясы» түсіндіре алады. Бұл теория бойынша организмде май қышқылдарының ұзын көміртек тізбегі тотығудың әрбір айналымында екі атом көміртегіне карбоксил тобы ұшынан қысқарып отырады.

Қорыта айтқанда, май қышқылдарының Кнооп теориясы бойынша бір ізділікпен тотығуының дағдысы /механизмі/ гидрлену және дегидрлену реакцияларынан құралады. Бұл реакциялар β-орындағы көміртек атомында өтетін болғандықтан Кнооп теориясы екінші бір «β-тотығуы» деген атқа ие болды.

Жоғары май қышқылдары организмдегі химиялық энергияның ең маңызды көзі болып келеді. Стеарин қышқылының бір молекуласының толық ыдырауынан ацетил - КоА -ның 9 молекуласы пайда болады:

n - стеарин қышқылының молекуласындағы көміртек атомдарының саны

Әр айналымда АТФ-ның 5 молекуласы пайда болса, ал 8 айналымда оның 40 молекуласы пайда болады.

Ацетил-КоА-ның бір молекуласының одан арғы Кребс циклінде тотығуынан АТФ-ның 12 молекуласы пайда болады.

Қорыта айтқанда, ацетил - КоА-ның 9 молекуласы Кребс немесе трикарбон қышқылы циклінде тотыққаннан кейін, АТФ-ның 108 молекуласының /9х12=108/ қайнар көзі болады. Стеарин қышқылының бір молекуласының толық тотығуы организмге АТФ-ның 148 молекуласын береді /40 + 108 =148/.

«Стеарин қышқылын активтендіруге организм өз қорынан АТФ-ның 1 молекуласын берген болатын. Сонда, пайда болған «таза АТФ саны» 147, ал энергия мөлшері 6174 /147х42/ кДж/моль тең болады.

Липидтердің биологиялық түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі

Липидтер тек ыдырап қана қоймай, организмде түзіле де алады. Майлардың биологиялық түзілуі үш негізгі сатыдан тұрады: глицериннің, жоғары май қышқылдарының пайда болуы және олардың триглицерид молекуласын құрауы.

Жоғары май қышқылдарының түзілуі. Май қышқылдарының биологиялық түзілуі β-тотығуына қарама-қарсы жүреді. Ацетил-КоА соларды синтездеуге арналған шикізат болып табылады. Ол көмірсулардың аэробтық ыдырауы кезінде пайда болатынын білеміз.

Ферменттердің қайтымды әсер ету қасиеті біздерге жақсы мәлім. Соның арқасында тіпті ацетил-КоА-ның екі қалдығын қосудың өзінен-ақ едәуір күрделі бөлшек алуға болады. Сондықтан да, май қышқылдарының β-тотығуын тездететін иминия олардың синтезін де жылдамдату керек.

Май қышқылдарының биологиялық түзілуінің екі жолын айыруға болады: митохондрияның ішкі және одан тыс беттерінде.

Митохондрияның ішкі бетіндегі түзілу синтетаза /лигаза/ ферментімен катализденеді. Бұл ацетил-КоА және НАДН 2 -нің есебінен митохондриядағы әлдеқашан дайын активтелген жоғары май қышқылдарының қалдығын ұзартуға қабілетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның тасымалдаушы липопротеиндерінің құрамы, құрылысы және жіктелуі
Зат алмасудың типтік бұзылыстары
Зат және энергия алмасу
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Энергетикалық алмасудың кезеңдері
Клиникалық биохимия пәні
Көмірсулар мен липидтердің алмасуының клиникалық биохимиясы. Клиникалық медицинадағы биохимиялық анализдер
Нәруыздардың алмасуы
Қанның азотсыз органикалық және бейорганикалық қосылыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz