19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. XIX ҒАСЫРДЫҢ II ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУЫ
1.1 XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстандағы орын алған саяси жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Қазақ баспасөзін дамытудағы орыс баспасөзінің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.4 Большевиктік баспасөз . революцияның жаңадан өрлеуі жылдарында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2 XX ҒАСЫРДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСПАСӨЗ
2.1 Қазақ баспасөзінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.2 “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналының жалынды жаршылары ... ... ... ... 52
2.3 XIX ғасырдың II жартысымен XX ғасырдың I жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси . қоғамдық және әлеуметтік мәні (“Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78

Бітіру жұмысының өзектілігі. Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің сипатына тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді-енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды.
Бітіру жұмысының өзектілігі сол – ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің атқарған қызметтері, міндеттері, көздеген мақсаттарының қандай болғандығы жөнінде тарихи тұрғыда қаралып, мәлімет беруінде.
Бітіру жұмысының тарихнамасы. Бір жарым ғасырға таяу ғұмыры бар қазақ баспасөзі халқымыздың тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. Осы мезгіл ішінде түрлі кезеңдерді бастан кешіп,

1 Асылбеков М.Х. Патша үкіметіне қарсы қазақ тіліндегі өңдеу өлең туралы /
М. Х.Асылбеков // Қазақ ССР Ғылым акад-ң хабарламасы, тарих, археология және этнография сериясы. – 1960. - №3. – 3 бет.
2 Асфендияров С. Иcтория Казахстана / С.Асфендияров. – Алматы: Қазақстан,
1991. – 225с.
3 Әбілдаев И. «Социалистік Казахстан» газеті Ұлы Отан соғысы жылдарында
/ М.Әбілдаев. – Алматы: Қазақстан, 1964. – 126 бет.
4 Әбдіманов Ө. Қазақ газеті / Ө.Әбдіманов. – Алматы: Қазақстан, 1993. –
168бет.
5 Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі / Б.Әбілқасымов. – Алматы:
Мектеп, 1971. – 241бет.
6 Әшірбаев Б. Баспасөз дамуының қазіргі шындығы оның түп-төркінін тануда.
/ Б.Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. – 2000. -№11. – 5-6 бет.
7 Байтұрсынов А Шығармалары. / А.Байтұрсынов. – Алматы: Жазушы, 1989. –
283бет.
8 Баянов З. «Лениндік» Правданың тілшісі . / З.Баянов. – Алматы: Қазақстан,
1974. – 218бет.
9 Бейсембаев С.Б Вопросы историй Компартий Казахстана. / С.Б.Бейсембаев.–
Алматы: Ғылым, 1961. – 198с.
10 Бектемісов Ә Жан азығы. / Ә.Бектемісов. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 144б.
11 Бекхожин Х Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі / Х.Бекхожин. – Алматы:
Ғылым, 1981. – 191бет.
12 Валиханов.Ч.Ч Собрания сочинений. / Ч.Ч.Валиханов. – Алматы: Ғылым.–
Т.1., 1989. – 389с.
13 Дала уалаяты. - №12. – 1894. – 4 бет.
14 Дала уалаятының газеті / Киргизская степная газета. / Құраст. Субханбердина. – Алматы: Ғылым, 1994. – 816 бет.
15 Дулатова.Д Шоқан – тарихшы. / М.Дулатова. – Алматы: Казахстан, 1976. –
67бет.
16 Жақсыбаева Р. Баспасөз тілінің ерекшеліктері. / Р.Жақсыбаева // қазақ тілі
мен әдебиеті. – 1999. - №3. – 20-22 бет.
17 Игенбаев А. Батыр Красной гвардий. / А.Игенбаев. // Казахстанская правда
1977. – 9 апрель.
18 Игенсартова Ә.Тәуелсіз Қазақстан баспасөзі. / Ә. Игенсартова. – Алматы:
Санат, 1997. – 120бет.
19 Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. / С.Исаев. – Алматы:Қазақстан, - 1983. – 180бет.
20 Исмағұлов Р. Уақтылы татар мажбұғаты. / Р.Исмағұлов. – Алматы: Рауан,
1966. – 346 бет.
21 Кәкішев Т. Қағидаға айналған қателер. / Т.Кәкішев. – Алматы: Нәубет, 1990.
– 205бет
22 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. / Б.Кенжебаев. – Алматы: Мектеп, 1950. – 205бет.
23 Кенжебаев Б. Қазақ халқының 20 ғасыр басындағы демократ жазушылары. /
Б.Кенжебаев. – Алматы: Мектеп, 1976. – 200бет.
24 Қажакеев Т. Жыл құстары. / Т. Қажекеев. – Алматы: Қазақстан, 1991. –
240бет.
25 Қазақстан тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 165 бет.
26 «Қазақ» газеті. / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы-энциклопедиясы, 1998. – 560 бет.
27 Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. – Алматы: Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы, 1984. – 728 бет.
28 Қозыбаев С. Әлем баспасөзі тарихынан. / С. Қозыбаев, А. Рамазанова, Қ.
Аллаберген. –Алматы: Санат, 1998. – 300 б.
29 Қозыбаев М. История Казахстана ССР. / М.Қозыбаев, А.Бекмаханова. –
Алматы: Санат, 1991. – 161 бет.
30 Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы. / В.И Ленин. – 3-том, - 634 б.
31 Мамажанов М. Асыл мұра. / М.Мамажанов. – Алматы: Қазақстан, 1993. –
128 бет.
32 Мұқатаев А. Баспасөз және Еңбек тәрбиесі. / А. Мұқатаев. – Алматы: Қазақстан, 1980. – 114 бет.
33 Нұрпейісов Е. Қазақстан мемлекеті хандық биліктен президенттік республикаға дейін. / Е.Нұрпейісов, А.Котов. – Алматы: Санат, 1996. – 180бет.
34 Остроумов Н.П Сарти. / Н.П. Остроумов. – Ташкент, 1896. – 177бет.
35 Өрелі өнер. – Алматы: Ғылым, 1976. – 170бет.
36 Русская периодическая печать. – Справочник. – Москва: Просвещение, 1959.
– 533с.
37 Рысбайұлы.К Қазақтсан Республикасының тарихы. / К.Рысбайұлы. – Алматы: Санат, 2001. – 312бет.
38 Сағымбеков Р. Ажалды жеңген адам. / Р.Сағымбеков // Семей таңы, 1967. – 6
– желтоқсан.
39 Садықұлы.С Баспасөзде билік бар ма? / С.Садықұлы // Ақиқат. – 200. - №2 –
5.- 35 – 39бет.
40 Салқынбек Т. Қазақ халқының рхани дүниесі . автореф. – Алматы, 2002. –
29б.
41 Самарская газета 1895. - №49
42 Сармурзин.А Бөкейханов және тарих шындығы. / А.Сармурзин, В.Григорьев // Қазақ әдебиеті, 1989. -7 шілде
43 Сармурзин А. Халықтың жарық жұлдызы. / А.Сармурзин // Жұлдыз. – 1990.
– №9 - 15-19 бет.
44 Социал – демократ, 1911. – 1 - қыркүйек
45 Субханбердина У. Дала уалаятының газеті: 5 томдық / У.Субханбердина. –
Алматы Ғылым, 1989. - 199бет.
46 Субханбердина.У Қазақ халқының атамұралары / У.Субханбердина. – Алматы: Арыс, 1999. – 470бет.
47 Труды общества изучения киргизского края. Вып 3. - Оренбург, 1922. – 24с.
48 У истоков Коммунистической партий Казахстана. Ч.1. Алматы: Казахстан,
1966. – 216с.
49 Фетисов М.И. Зарождение казахской публицистики / М.И.Фетисов. – Алматы: Жазужы, 1985, - 237 бет.
50 Ыдырысов Т. Баспасөз - өмір айнасы. / Т.Ыдырысов. – Алматы: Казахстан,
1977 – 204бет.
51 Ысмағұлов М. «Қазақстан» газетінің шығу тарихы мен идеялық мазмұны . –
Қазақ ССР 6 – том, 1962. – 633бет.
52 Ысмаилов Е. Революционер ақын Сәкен Сейфуллин . / Е.Ысмаилов // қазақ
әдебиеті 1936. – 12 шілде
53 Ысмаилов Е. Сәкеннің өмір тарихы. / Е.Ысмаилов // Қазақ әдебиеті. - 1968. –
10 шілде

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. XIX ҒАСЫРДЫҢ II ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУЫ
1.1 XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстандағы орын алған саяси жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Қазақ баспасөзін дамытудағы орыс баспасөзінің әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
1.3 Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.4 Большевиктік баспасөз - революцияның жаңадан өрлеуі жылдарында ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2 XX ҒАСЫРДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСПАСӨЗ
2.1 Қазақ баспасөзінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
2.2 "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналының жалынды жаршылары ... ... ... ... 52
2.3 XIX ғасырдың II жартысымен XX ғасырдың I жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси - қоғамдық және әлеуметтік мәні ("Қазақ" газеті мен "Айқап" журналы негізінде) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының өзектілігі. Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің сипатына тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді-енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды.
Бітіру жұмысының өзектілігі сол - ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің атқарған қызметтері, міндеттері, көздеген мақсаттарының қандай болғандығы жөнінде тарихи тұрғыда қаралып, мәлімет беруінде.
Бітіру жұмысының тарихнамасы. Бір жарым ғасырға таяу ғұмыры бар қазақ баспасөзі халқымыздың тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. Осы мезгіл ішінде түрлі кезеңдерді бастан кешіп, біресе алға басып дамыса, енді бірде жүрісін баяулатып, тіпті тоқыраған тұстары да болмай қалған жоқ. Бір кереметі, қандай жағдайда да қоғамдық ойдың қозғаушы күші қызметін адал атқарып келеді. Оған тарих куә 28,б.37 .
Ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі - қазақ баспасөзі 19 - ғасырдың екінші жартысында Түркістан уалаятының газеті, Дала уалаятының газеті болып патшалы Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді. Бұл басылымдар отарлаушы елдің жыртысын жыртып, жырын жырлау мақсатында шығарылғанымен, шын мәнінде, сол шеңбермен тұйықталып қалмай, ұлтымыздың жоғын түгендеу бағытын да едәуір көп еңбек сіңірді. Баспасөз - халықтың қоғамдық - әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге әсер ететін бірден - бір құрал.
Қазақ баспасөзінің де халықтың саяси ой - пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт - насихат саласындағы қызметі жөніндегі А. Байтұрсыновтың: "Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды" (Қазақ, 1898, №10) - деуі, газеттің әлеуметтік - қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан туындаған. Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті 45,б.98 .
Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған Современник журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистикасының негізін қалады 11,б.77 .
Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. Облыстық ведомстволармен қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда Торғай газеті, Омбыда Дала уалаяты газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.
XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың I жартысындағы қазақ баспасөзі патша үкіметінің екіжүзді мақсатына қарамастан, Қазақстандағы мәдениеттің дамуына елеулі әсер етті. Патша үкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялап, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, сонымен қатар бұл газеттер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көтеруге мүдделі болды. Газет беттерінде мал шаруашылығы жайлы, мектептер, егіншілік туралы және сауда туралы жазылып тұрды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның археологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып отырды.
Алдымен аударма ретінде шығып, бірте - бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған Түркістан уалаяты газеті (1870-1882) мен Дала уалаяты газеті (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихының алғашқы бет ашарлары деп есептелінеді. Бұл газеттер патша үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, Қазақстанда капиталистік қатынастарды орнықтыруға қызмет еткенімен, объективтік тұрғыдан қарағанда қазақтың тілі мен жазба әдебиетін қалыптастыруда, ұлттың мәдениеті мен экономикасының тарихын жазу жөнінде белгілі дәрежеде айтарлықтай роль атқарды.
Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени - ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық - жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеді.
Осы кезеңнің тарихнамасын ашуда жұмысымызға басты бағыт - бағдар берген Ө. Әбдіманов, Х.Бекхожин, Б.Кенжебаев, С.Қозыбаев, М.И.Фетисов, М.Мамажановтардың ғылыми монографиялық еңбектерін жұмысымызға негіз етіп алдық.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері Бітіру жұмысының алдына қояр негізгі мақсаты - қазақ баспасөзінің, дәлірек айтсақ, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің тарихи тұрғыдан соны қырларын ашу. Баспагерлер арасындағы рухани сабақтастықты, үндестікті пайымдау. Осы кезеңдегі қазақ баспасөзінің тарихи қызметін анықтау. Міне, осы мақсатты жүзеге асыру үшін бітіру жұмысының алдына мынадай нақты міндеттер қойылды:
-Қазақ баспасөзінін дамытудағы орыс баспасөзінің әсерін көрсету;
-Қазақ баспасөзінің орыс баспасөзінен дәстүрлік жалғастық табу жолдарын анықтау;
-Осы кезеңдегі алғашқы қазақ баспасөзінің шығу тарихын жүйелеу;
-Қазақ баспасөзін дамытушы баспагерлердің мақсатын айқындау:
-Қазақ баспагерлерінің арасындағы рухани сабақтастықты ашу;
-ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің негізгі атқарған міндетін айғақтау, көздеген мақсаты мен
жасаған қызметін ашып көрсету;
-Тарихи тұрғыдан қарастырғанда, осы кезеңдегі қазақ баспасөзінің ішіндегі көтерген жүгі өте ауыр болған Қазақ газеті мен Айқап журналына тоқталу; Қазақ баспасөзінің саяси - қоғамдық және әлеуметтік мәнін ашу;
Бітіру жұмысының жаңалығы. Қазақ баспасөзінің шығу тарихына орыс баспасөзінің тигізген игі әсері ғылыми негізде сараланды. Қазақ баспасөзінің даму қарқыны көрсетіліп, екшелді.
- Қазақ баспасөзінің шығу тарихының негізгі себептері дәлелденді;
- Осы кезеңдегі қазақ баспасөзің атқарған қызметі, көздеген мақсаты,
жаңашыл бағыт - бағдарлары ашылды;
- Қазақ баспасөзінің қоғамдық - саяси және әлеуметтік мәні анықталып,
тарихи талдау жасалды;
Жұмыстың зерттеу әдістері. Бітіру жұмысының негізгі әдіс-тәсілдері - баяндау, салыстыру, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау. Сондай-ақ, тарихи талдау басшылыққа алынды.
Бітіру жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Бітіру жұмысы жоғары оқу орнында қазақ баспасөзінің тарихын оқығанда қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Бітіру жұмысында қазақ баспасөзінің бас баспагерлері А.Байтұрсынов пен М.Дулатов сынды көрнекті тұлғалардың ойшылдық, гуманистік, пәлсапалық көзқарастарын әдебиет тарихында, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзін тарих факультеттерінде арнайы курс, арнайы семинар ретінде пайдалануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 XIX ҒАСЫРДЫҢ II ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУЫ
1.1 XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстандағы орын алған саяси жағдайлар
Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
Осы кезеңнен бастап, Ресейде болған әлеуметтік өзгерістердің қазақтар тарапынан қабыл алынып, өздерінен күшті солтүстік көршілеріне деген бағыныштылығының арта түскендігі байқалады. Ресейдегі бұл әлеуметтік өзгерістің жемісті болғандығы сондай, олар енді қазақтардың тұрмысы мен салт-саналары туралы, оларды зерттеп білу қажеттілігі жайлы жиі айта бастады. Мұның негізінде әкелік қамқорлық (бірінші жағынан) және ризашылық (екінші жағынан) қатынастары жатқан болатын. Мәселен, Спиранскийдің 1822 Сібір қазақтары туралы жарғысындағы қоғам өміріндегі өзгерістерге көп жол беріледі. Жарғы қазақтарға тән ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесін жоққа шығарып, оның орнына әлеуметтік бөлудің Еуропалық тәсілдерін танытты. Осының нәтижесінде патша әкімшілгі орта жүздегі хандық билікті жойып, оның орнына округтер мен приказдар құрды. Осы жарғыны негізінде кіші жүз Орынбор шекаралық комиссиясына бағынатын болды. Мұның барлығы ақыр аяғында қазақтардың оған қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығуына жол ашты 50,б.198 .
Халық көтерілістері, қазақтардың өздерін сыртқы жаулардан қорғау әрекеті (әсіресе, Хиуа, Бұқара, Қоқан, Қытай елдерінің оның ішінде Ресейге де қарсылық көрсетулері) отарлық басқару тұсында ерекше орын алды. Ал, орыстар қазақтарды өз діндеріне бағындыру мақсатында басқарудың еуропалық үлгісін оларға күштеп таңды. Осының барлығы ұлттық сананың дамуына ұзақ жылдар бойы қасақана құрылған тор болып келді. Ал, жергілікті байлардың қанау тәсілдерімен патша әкімшілігінің ауыр алым-салықтары, қазақтардың күш көрсетуі-қазақ халқын қайыршылыққа әкеп тіреді. Мәселен, ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Ұя, Орал, Ешім, Ор және Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле тағы басқа өзендерді бойлай орналасқан ұшан теңіз алқапты қазақтар иемденді. ІХ ғасырдың соңында олардың саны жүз мың адамнан асып кетті. Патша үкіметі оларға қазақтардың кесерлерінен жер беріп, көптеген жеңілдіктер жасап, ал қазақтарды Сахарада пайдаланатын ұрда қолшоқпарына айналдырды.
Қазақ жерін отарға айналдыру саясатының тиімді түрі миграция тәсілі болды. Егер Қазақстанға Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен 1986 жылға дейін 294 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінсе, 1906-1910 жылдары олардың саны 770 мыңға артты.
Ел билеуші жергілікті бай - манаптардың халық санасына үнемі Ресей мемлекеті бізге бар жақсылық жасауда деген, қоғамдық пікір тудыруға тырысып баққаны байқалады. Олар басқаларға қазақ халқы орыстарға бағынғанға дейін негізінен көшпенді өмір сүрді. Сөйтіп Еуропалық елдерден артта қалған жартылай жабайы халық болды деген жел сөз таратып, қазақтарды отырықшылыққа үйретудің қажеттігі туралы екі ұшты жоспарлар құра бастады 1,б.3 .
Өткен ғасырдағы патшалы Ресейдің осындай саясаты кешегі кеңес үкіметіне де мұра болып қалғандай. Себебі, соңғы кезеңге дейінгі қазақтар туралы сөз қозғалса, Олар тек дала көшпенділері болған, оларда шаруашылықтың егіншілік түрі мүлдем болмаған еді деп еске алып келді.
Алайда, қазіргі қолда бар көптеген архив және сол кезеңде шығып тұрған демократиялық бағыттағы басылымдардың материалдарына сүйене отырып, біздер қазақ жерінде Ресей Қазақстанды жаулап алған кезеңге дейін де мақта, астық шаруашылығы, көкеніс, бау-бақша, жеміс-жидек, алма бақтары болғандығын, сол тарихи кезеңде Қазақстанда суландыру құрылыстарының кең жүйесі жасалғандығын, қазақтардың ерте заманда да суландырылған алқаптарда жұмыс істегендігін, оларға малға жем, шөп дайындау ісінің де ертеден таныс болғандығын, қазақтардың ХІХ ғасырдың басынан-ақ отырықшы және көшпелі өмір сүріп, ол кезде де қазіргі малшылардың
да өміріне ұқсас шаруашылық түрлерінің болғандығын мақтанышпен айта аламыз.
XIX ғасырда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын (әсіресе ет, май) ірі отар елге айналды. Қазақтардың өміріне бойлап енген сауда, тауар айырбасы және жәрмеңке оларды Еуропа мәдениетіне жақындастырып, ерекше роль атқарды. Алайда, сауданың келуіне байланысты қазақ даласында жергілікті халықтың орыс заңдары мен нарықтық құнын жете білмегендіктерінен алдау, тонау, күш көрсету дегендер көбейіп кетті. Сол кезеңдегі Отечественные записки сияқты кейбір жанашыр басылым қағаздардың жер бетінен толық жойылып кету қауіпі төнді, -деп дабыл қағуы да тегін емес. Екіншіден, мұның барлығының себебі өзінің шет аймақтарында; әсіресе, аз ұлттардың арасында патшалық Ресейдің саясатына байланысты еді. Өйткені, Ресей Қазақстанды жаулап алғаннан соң, оның жерін шикізат қоймасы мен арзан жұмыс күшіне айналдыруды көздеді. Өлкенің өнеркәсібін игеру көп экономикалық шығынды қажет етті. Сондықтан, Ресей пайдалы қазбалары мен мал шаруашылығының өнімдерін қанағат тұтты. Ресейге Қазақстанда астық шаруашылығын дамыту ол кезде пайдасыз болды. Оған көп шығын жұмсау керек еді. Сөйтіп, қазақ даласында ауыл шаруашылығы нашар дамыды. Тіпті ұсақ тауар өндірісі саласында да Қазақстан өз саудасын Ресей мен байланыстырғандықтан Шығыстың бай саудасынан айырылып, күнделікті өмірге қажетті заттарды шығаруға да мүмкіндігі болмай қалды. Осының нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың соңында да мал шаруашылығы мамандандырылған шаруашылықтың басты түрі ретінде қала берді 9,б.172 .
Белгілі Еуропалық түсінік бойынша, XIX ғасырда қазақтардың мәдениет дәрежесі орыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған. Алайда, мұндай теңестіру қазақтардың мәдениетіне орыс мәдениетінің тұрмысынан қараудың негізінде пайда болғаны шындық. Бірақ әділін айту керек, кезінде демократтарды былай қойғанда, кейбір миссионерлердің өздері де қазақ халқының ұлттық өзіндік мәдениетін жоғары бағалап, қазақтар бейбіт, бауырмал, адамдар ретінде сипатталған. Әйтседе, өкінішке орай, қазақ елін басқару (патшалы Ресейдің тарапынан) өте шиеленіскен, қиын жағдайда жүргізілді. Мәселен, 1868 жылы далалық облыстарды басқару жағдайының жобасын талқылаған Министрлер кабинеті қазақтарға қатысты, барлық заңдардың бұрмаланып отырғанын атап көрсеткен. Ал, осы кезде қазақ жеріне Ресейден орыстардың шектен тыс қоныс аударуы демократиялық бағыттағы зиялыларды қатты ойлантқан. Бұл орайда А.Ядренцевтің Сібір бұратаналары және олардың құрып бітуі деген мақаласындағы жер мәселесі барлық жүгенсіздіктер мен кедейшіліктің басталуы болды деген жолдар патшаның оспадар саясатының нәтижесінде бір ұлттың құрып кету қауіпінің тұрғанын меңзеді. Өзінің әріптесінің бұл ойын қостай отырып, Л.К.Чермак Қырғыздар қырылып бара ма! деген мақала жазды. Сөйтіп, патша отарлау саясатын өрістетіп, бар шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына беру арқылы өзі шығарған заңды өзі бұрмалап, қазақтардың жерін орыстардың меншігіне айналдырған. Бұл жөнінде қазақ даласын басқару туралы заң жобасына пікір ұсынған комиссия былай деген: Қырғыз даласына, шекаралардан қазақтарды сондай-ақ ішкі және Сібір губернияларынан орыс шаруаларын кіргізу оларды қазақтар тегіне алу, орыстардың көп мөлшерде қазақ даласына тереңдей енуіне мүмкіндік берді. Приказдардың тұрақты орналасқан жері қоныс аударушы орыстардың тегін көбейте түсті. Орыс қоныс аударушылары Жайық пен Ертіс өзендерінен есептегенде 1000 шақырымға жуық оңтүстік аймақты басып алып, бұрындары Ресейдің шекаралық аудандары болып келген қазақ даласы патшалықтың ішкі бөлігіне айналып шыға келді. Бұл хабарды кезінде деректі құжаттар негізінде патша генралдары Ф.Бис пен Л.Валюзик жазған. Сол кезде Современник, сатиралық Искра, Военный собранник тағы басқа көптеген газет-журналдар мен альманахтардың беттерінде қазақтарға хат танытудың қажеттілігі, қазақ жұмысшыларының тұз өндіру орындарындағы қиын жағдайлары, көшпелі ауылдардағы тап қайшылықтары қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін кенжелеп қалу қауіпі турасында және қазақ даласындағы отарлау саясатын жүргізіп отырған патша үкіметінің топас іс жүргізушілері хақында еңбектер жазған Е. Карповик, А.Еврейна, К.Губарев, А.А.Курочкин, А.Гейнстер есімдерін ерекше атауға болады. Отарлау саясатының жүгенсіздігі үкіметтің барлық шет аймақтары сияқты Қазақстанда да тек өз жеке бастарының қамы үшін, қажеттілікті халықтың хал жағдайымен есептескендігінен-ақ көріп отырды. Олар өз мақсаттарына жету үшін Мамандарылған шаруашылық саясатында жүргізді. Мұның өзі Қазақстандағы индустрияландырудың өнеркәсіпті дамытудың, ауыл шаруашылығы жүйесінің қолданбалы түрлерін дамытудың орнына, өлкені пайдалы қазбалар мен мал шаруашылығы өнімінің қоймаларына айналдыруға әкеп соқтырды. Осының барлығы жергілікті халықтың өміріне, әдеп-ғұрпына үлкен әсер етті. Оларға күштеу арқылы Еуропалық дүниетанымның белгілерін енгізе бастады. Отаршылдар қазақ мәдениеті Еуропалықтар мен орыстардың мәдениетімен салыстырғанда Екінші сортта деп келісті 22,б.184 .
Міне, осындай себептермен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы жоққа шығарылды. Халық көшпелі рулар мен тайпалардың жиынтығы болғандықтан олардың мәдениеті мен әдебиеті ауызға алғысыз, -деп көрсетілді. Осыдан барып, орыстар өздерін басқаларға Аға халықпыз деп мойындатуға тырысты. Қазақ халқының осылайша бұрмаланып келген ғасырлар бойғы тарихының сыр - сипатын тек бүгінгі дербес ел болған таңда ғана ашық айтуға мүмкіндік туды.
XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой - пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші - баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Міржақып, Ғушар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипатты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді. Сонымен қатар XX ғасырдың бас кезі қазақ өміріндегі азаттық жолындағы күрестің, яғни, саяси әлеуметтік қозғалыстың дамып, құлаш жая бастаған тұсы болып табылады. Мұның себебі, Ресей самодержавиесындағы жалпы қоғамдық ой - сананың дамуында бостандық идеясы билеп алған 1905 жылғы революцияның түпкір-түпкірге жеткен сарынынан еді.
1.2 Қазақ баспасөзін дамытудағы Ресей баспасөзінің әсері.
Қазақстанның Россияға қосылу нәтижесінде орыс пен қазақ халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдері арасында рухани жағынан да достық қарым - қатынастар орнады. Революциядан бұрынғы кездің өзінде демократияшыл орыс интеллегенциясының аса көрнекті қайраткерлерінің Россияның барлық халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен тығыз байланысты болғаны, ұлттық езгіге қарсы белсенді күрес жүргізгені, әр түрлі ұлттар мен халықтардың мәдениетін дамытуға игі әсер еткені мәлім.
Қазақстанға Орталық Россиядан орыс шаруаларының көшіп келіп орналасуының зор маңызы болды. Олар қазақтардың отырықшылыққа, егіншілікке көшуіне әсер етті, орыстар мен қазақтар арасында достық қатынастар күн санап нығая берді 37,б.245 .
Патшалық Россия халықтардың түрмесі болғаны мәлім. Ол шет аймақтардағы халықтарды аяусыз езіп, азапқа салды, оларды надандық пен қараңғылықта ұстауға тырысты, ұлт араздығын қоздырып отырды. Россияның басқа халықтары сияқты, қазақ халқы да саяси жағынан еріксіз болды, ұлт мәдениеті, әсіресе, тілі қорланды. Бірақ патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарамастан, Қазақстанның Россияға қосылуының терең прогрестік маңызы болды. Бұл қосылудың нәтижесінде Қазақстанда экономика мен мәдениеттің дамуына жағдай жасалды.
Капитализмнің ескі шаруашылық құрылысқа қатысты аталған барлық өзгертулері,- деп көрсетті. В.И.Ленин,- сондай-ақ халықтың рухани бейнесін өзгертуге де сөзсіз әкеліп соғады. Қазақстанға капиталистік қатынастардың терең бойлай таралуы мұндағы ескі шаруашылық құрылысты өзгертті, ал мұның өзі қазақ халқының санасына да елеулі өзгеріс енуіне әсер етті 8,б.110 .
Орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев сияқты демократ ағартушылар шықты, қазақ халқының ішінде ұлт интеллигенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862-1900 жылдар арасында қазақ тілінде 7 шамалы кітап басылып шықты. Қазақтың жазба әдебиеті мерзімді баспасөзі пайда болды. Орыстың революцияшыл - демократиялық баспасөзі мен публицистикасы қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің және Абай Құнанбаевтың қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. В.И.Ленин атап көрсеткендей, крепостниктікке қарсы күрес, тұрмыстық прогрестік формалары мен ағарту ісін жақтаушылық, халық бұқарасының мүддесін қорғау, орыс ағартушыларының осындай үш түрлі сипаты қазақ ағартушыларына да тән қасиеттер еді 8,б.116 .
Орыстың ұлы ағартушыларының демократияшыл дәстүрінен үлгі - өнеге ала отырып, олар қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті, феодалдық - патриархалдықтың сарқыншақтарына қарсы шықты, ұлы орыс халқымен дос болу, оның озат мәдениетінен үйрену идеясын қызу насихаттады. Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті. Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған Современник журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары алдыңғы қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі - өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистиканың негізін қалады 11,б.77 . Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. Облыстық ведомстволармен қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда Торғай газеті, Омбыда Дала уалаяты газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды 11,б.80 .
Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени - ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейе түсу, оның бұйрық - жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеді.
Алайда патша үкіметінің екіжүзді мақсатына қарамастан, Қазақстанда мәдениетің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер етті. Патша үкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялап, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, сонымен қатар бұл газеттер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көтеруге мүдделі болды. Бұл газеттерде мал шаруашылығы жайлы, мектептер, егіншілік туралы және сауда туралы жазылып тұрды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның археологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып отырды.
Алдымен аударма ретінде шығып, бірте - бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған Түркістан уалаяты газеті (1870-1882) мен Дала уалаяты газеті (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихының алғашқы бет ашарлары деп есептелінеді. Бұл газеттер патша үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, Қазақстанда капиталистік қатынастарды орнықтыруға қызмет еткенімен, объективтілік тұрғыдан қарағанда қазақтың тілі мен жазба әдебиетін қалыптастыруда, ұлттық мәдениеті мен экономикасының тарихын жазу жөнінде белгілі дәрежеде айтарлықтай роль атқарды. Ташкент қаласында 1870-1917 жылдары орыс тілінде Туркестанские ведомости газеті шығып тұрды. Түркістан өлкесін
билейтін генерал-губернаторлардың ресми органы болғанымен, бұл газетте жарияланған Орта Азия халықтарының тарихы мен этнографиясы, археологиясы және географиясы жөніндегі материалдардың мәні зор болды 11,б.533 . Газетті шығарысуға Н.С.Сеерцев, В.В.Бортольд, Н.П.Остроумов, Ш.М.Ибрагимов сияқты белгілі ғалымдар қатысты.
Осы газеттер қосымша ретінде сол жылдан бастап тұңғыш қазақ тілінде Түркістан генерал - губернаторының ресми органы Түркістан уалаяты газеті шығарылды. Бұл газет ол кезде Түркістан өлкесіне қарайтын осы күнгі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарының қазақтарына арналды. Газеттің редакторы және аудармашысы ағайын Ибрагимовтар болды. Қазақ газетін шығару ісіне Хасан Жанышев, Заманбек Шайхыәлібеков, Жүсіп Қазыбеков аудармашы әрі әдеби қызметкер болып қатысқан.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатын уағыздай отырып, ресми газеттер, кейде Россияның самодержавиелік езгісіндегі ұлттарды ұлы орыс халқының озат мәдениетіне тарту идеясын насихаттап отырды. Россия халықтары арасындағы қатынастардың мұндай демократиялық және гуманистік бағытталуына мерзімді баспасөздің ұйымдастырушылары, редакторлары және қызметкерлері көбінесе прогресшіл ниетті орыс интеллигенциясының арасынан шыққан қайраткерлер болғаны себеп болды 49,б.34 .
Түркістан уалаяты газетінің бетінде өзбек халқының революцияшыл ниеттегі демократ ақыны Мұқимидың және ағартушы ақыны Фурхаттың, орыс әдебиетінің классиктері Крыловтың, Пушкиннің, Толстойдың шығарамалары басылды 11,б.27 .
Осы газет арқылы қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың өмірі мен ісі бүкіл қазақ еліне мәлім болды. Қазақ тілінде газет шығарылуын жұршылық қуана қарсы алды. Семей жағының қазақтары бір жиында бұл газетті оқығанын, көңілдеріне ұнағанын, бұған дейін тек татар тілінде намаз оқуды үйрететін кітапшаны оқитындарын айта келіп, біздің қазақты бір жұрт біліп, біздің тілімізде газет бастырғаны үшін алғыс айтады деп қуанды. Басылған хат-хабарларға қарағанда газеттің Ақмола (Целиноград), Ақмешіт (Қызылорда), Алматы Әулие-Ата (Жамбыл), Қапал, Қазалы, Қызылжар, Қарқаралы, Көкшетау, Омбы, Семей, Түркістан уездерінен жазып тұратын тұрақты тілшілері болған. Газет халықаралық жағдай және Россияның сыртқы саясаты туралы орталық үкімет газеттерінен көшіріп басып отырды. Мысалы, Париж пролетариатының 1871 жылы 18 мартта көтерілісі туралы хабар беріп тұрды. 1877-1878 жылдарда орыс - түрік соғысы кезінде бір пантюркистің Турция әскері жәрдем беру керек деген үгітіне қазақтардың қалай қарағандығы жөнінде газетке заметка жариялады. Онда Россияға мемлекет жәрдем бермейміз деп жұрт бір ауыздан мәлімдеген. Керісінше, Жетісу облысының Алматы, Қапал уездерінің қазақтары мен армиясының атты әскеріне жөнелткен. Газет қазақтарды отырықшы тұрмысқа ауысуға, егіншілік кәсібін қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үйрену, бірлесіп Арыс -Түркістан каналын салуға шақырды. Әрине, ол заманда мұндай идеяны жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл арман тек Кеңес өкіметі тұсында ғана орындалады.
Газет бетінен капиталистік қатынастардың қазақ даласына өтуінің жағымды және жағымсыз жақтары да көрінеді. Ақмоладан келген тілші хатында кедейленген қазақтар қала шетіне жатақ болып жиналып, жаңаша өмір сүре бастаған олардың тұрмысы көшпенділерден көп ілгері екендігі айтылады. Олар орыс тілін үйрене бастаған, үй ұстаулары мұнтаздай таза, самауыр стол, қасық, киім - кешегі-бәрі түзу. Көшеде екі кісі кетіп бара жатса қайсысы жатақ, қайсысы ел қазағы екенін сұрамай-ақ танисыз. Газет ауыл кедейлерінің хал - жағдайының әбден нашарлағанын, соның салдарынан олар қалаға келіп жалшы болып, күн көретінін, сөйтіп олар байлардың езгісінен өсімқорлардың тонауынан қашатынын аңғартады 11,б.58 .
Түркістан уалаяты газеті оқу - ағарту және әдебиет мәселелеріне едәуір орын беріп отырды. Ол қазақ жастарының гимназияда, орыс - қазақ мектептерінде оқи бастағанын құптайды. Әрине, алдымен дәулеттілердің балалары оқитыны сөз болады. Жастардың оқуға деген құштарлығын қуаттай отырып, орысша оқып білім алған қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы өнеге ретінде арналған мақала жариялады 45,б.145 .
Орыстың мерзімді баспасөзінің әсерімен алғашқы қазақ газетінде заметка, корреспонденция, мақала, фельтон мен очерк сияқты жанрлар туа бастады.
Ғылыми хабарлар рубрикасымен сол кездегі ғылым мен техника табыстары жайында түсінік, сондай-ақ жаратылыс жөніндегі ғылыми тақырыптарда мақалалар, ветеринария және зоотехника мәселелері жайында консультациялар жариялауының қандай маңызы болғаны өзінен - өзі түсінікті. Бұлардың бәрі көшпелі халықтың дүниетанымына игі әсер еткені сөзсіз.
Газет оқушыларына танымдылық сипатты материалдардың әсер еткені қызық. Батыс Европа туралы очерк жөнінде біреу Осы күнге дейін біз дүниенің бәрінде үш-ақ мемлекет бар деп жүруші едік - орыс, түрік және қытай мемлекеті. Қарасақ, дүниеде мемлекет үшеу емес, көп екен депті. Н.П.Остроумовтың Петр Ведомостволарының XVII-XVIII ғасырларда орыстар үшін қандай маңызы болса, Түркістан уалаяты газетінің де XIX ғасырда өзбектер мен қазақтар үшін сондай маңызды болды деген тұжырымымен келіспеуге болмайды 34,б.171 .
1882 жылы Дала генерал - губернаторы құрылып, оның құрамына Ақмола, Семей, және Жетісу облыстары енгізілді. Орталығы Омбы қаласы болды. 1888 жылы 1 январьда Омбыда Дала уалаяты газеті шыға бастады. Баспасөз ісі жөніндегі бас басқарма оны жергілікті халықты үкімет бұйрықтарымен таныстырып отыру өтінішін шығарып тұруға рұқсат етті 23,б.171 . Әрине, Қазақстанды, зерттеп білу мақсаты көзделді. Аптасына бір рет шығып қазіргі Қазақстанның бүкіл территориясына дерлік таралды.Дала уалаяты газеті барлық патшалық губерниялық газеттердей ресми және ресми емес бөлімдерден тұрады. Ресми бөлімінде үкімет және әкімшілік органдардың указдары, нұсқаулары, бұйрықтары басылды. Сонымен бірге ақ патшаға адал берілгендікті сездіретін материалдар да жарық көрді. Әсіресе ресми емес бөлім ерекше назар аударады.
Мұны сол замандағы қазақ аулының қоғамдық ой-пікірі біршама көрініс берген.
Газетте экономика мен мәдениет жөнінен анағұрлым ілгері Россияның қазақ халқының өміріне тигізген әсерін көрсететін құнды материалдар жарияланды.
Осы газеттің маңына топталған өдерінше прогресс ниеттегі қазақ интеллигенттері Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің және А.Құнанбаевтың өнегесі бойынша көшпелілерді шаруашылықты жаңаша жүргізуге, басқаша айтқанда отырықшы болып, егіншілікпен айналысуға шақырды, орысша оқып білім алуға, орыстың озат мәдениетіне жақындасуға деді. Олар өздерінің ізашаралары сияқты қазақ әдебиетін, тілін дамытуды көздеді, әйелдерді азат етудің және соңғы әлеуметтік проблемаларды ұсынады. Осындай проблемаларды талқылаудың барысында бірін - бірі қарама -қарсы екі ағым - кертартпа және прогрестік ағым туды. Қазақ қауымының арасында сондай екі ағымның барлығын Ш.Уәлиханов елуінші жылдардың орта шеніннен-ақ атап көрсеткен болатын. Осы уақытта,- деп жазды Ш.Уәлиханов,-ескі мен жаңаның арасында елеусіздеу, бір күшті күрес болып жатыр деуге болады 12,б.389 .
Қазақ қауымының үстем тап өкілдері жаңалық пен прогрестің бәріне мейлінше қарсылық білдірді. Өмірде бола қоймайтын өзгерістерге қарсы және күні өтіп бара жатқан іріткіні сақтау үшін күресте үстем тап өкілдері рухтандыратын күшті мұсылман дінінен, панисламизм мен пантюркизмнен деді. Кертартпа ақындар қазақ халқының қас жауы К.Қасымовтың реакцияшыл қозғалысты басқарғаны үшін мадақтады. Осыған байланысты айта кету керек: Дала уалаяты газеттерінде Кенесары тонағыш және бұзақы деп сипатталады. Қазақ қауымының ішінде кертартпа, мұсылманшылдық және прогресшіл орыс мәдениеті ықпалдарынан туған екі түп мәдениеттің арасындағы идеялық күрес XIX ғасырдың аяққы шенінде және XX ғасырдың басында күшейе түсті. Бұл күрес Дала уалаяты газетінің бетінен көрініс тапты. Газет бетінде Редакцияға хат деген арнаулы рубрика ашылған-ды. Біреулер таңдаулы ақындардың шығармалары және халықтың ауыз әдебиетінің үлгілерін қазақ тілінде кірген жинақ етіп бастырып шығаруды талап етті, басқалары қазақ газетіне кім немен көмектесе алар екен деп жазды. Көптеген хаттарда қазақтың жазба әдебиетін қандай жолмен дамыту керек екені туралы сөз болды. Сөйтіп қарама - қарсы екі идеялық ағымның соқтығысын бейнелейтін айтыс туды 14,б.589 .
Ақыры прогресшіл ағымды жақтаушылардың мерейі үстем болды. Газетте ең алдымен халық туындылары және демократияшыл жазушылармен публицистердің шығармалары басылды, сонымен бірге қазақтың реалистік бағыттағы жазба әдебиетінің әдеби тілін ұстанудың негізін қалаған Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары және Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы мақалалар жарияланды. Осы газеттің бетінде орыс әдебиеті классиктері: А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың, В.Г.Белинсийдің М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың және басқаларының шығармалары қазақ тіліне аударылып басылды.
Тілшілері мен авторлары арасында аса ірі шығыс зерттеушілері, этнографтар, фольклористер: Г.Потанин, Н.Добромыслов, В.Обручев, Н.Пантусов және басқалар бар еді. Қазақстанның барлық облыстарында газеттің тілшілері болды.
Дала уалаяты газетінің редакторы міндетін Ешмұхамет Абылайханов пен Дінмұхамет Сұлтанғазин кезек атқарды. Аудармашы және әдеби қызметкерлері, тілшілері, авторлары арасында Рақымжан Дүйсенбаев, Мұқаметжан Сералин, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов сияқты қазақ ағартушыларының жолын қуған демократиялық-прогресшіл адамдар болды, алғашқы екеуі кейін большевик болды. Прогресшіл бағыттағы интеллигенттер Дала уалаяты қараңғы бұқараны ағартуға себеп болатын маңызды құралдардың бірі деп есептеді. Мысалы, Сұлтанғазиннің пікірінше газет қазақ шаруаларына өздерінің мұқтаждары, мал бағу, егіншілік, мәдени өмірдің барлық мәселелері жөнінде пікір алысуына мүмкіндік жасайды 13,б.3 .
Тілшілер қазақ халқын отырықшы болып, егіншілікпен айналысуға, мұны интенсивті мал шаруашылығымен қоса жүргізуге үнемі үгіттеп отырды. Газет көшпенді қазақтардың отырықшылану және егінмен шұғылдануы елеулі қозғалысқа айналғандығын атап көрсете келіп, бұл қозғалысты қазақ даласына енген жаңалықтардың бастамасы деп бағалады 13,б.4 .
Қазақтардың жаңаша өмір салтына бет бұруына (бұл ол кезде бұқаралық құбылыс болған жоқ еді, ал патша өкіметі тұсында ондай болуы мүмкін де емес еді) Россияның орталық аудандарында қоныс аударып келген еңбекші орыс шаруаларының жергілікті халықты жер өңдеу ісін үйренуіне көмектесуі себеп болды. Газет материалдарынан қазақ аулына капиталистік қарым - қатынастардың қалай тарағанын айқын көруге болады. Бұл жөнінде бір ғана мысал келтірсек те жеткілікті. Қазақ арасында да өсімқорлар бар,- деп жазды Павлодар уезіндегі тілші Қ.Жапанов,- бұлардың сауда жүргізетін уақыты көбінесе алым алғанды әм қазақтар қалаға шығарда болады. Теңге басы 70 тиын өсім деп нарық айтады, кедей байғұстың екі сиырынын екі бұзауы борышқа кетіп, баяғы екі сиыр төлсіз қала берді 13,б.4 .
Максим Горкий Самарская газета Киргизская степная газета (Дала уалаяты) газетіне шолу жасағанда проценттік есебіне сатылуын сұмдық факті деп, өсімқорлардың жауыздығын ызалана әшкереледі 4,б.3 .
Қазақтың ұлы ағартушыларының жолын қуушылар реакцияшыл идеологияға қарсы күресе отырып, газетте өз ұстаздарының идеяларын паш етті. Олар қазақ жастарын орысша оқуға шақырды, бұл жөнінде тағылым ретінде Ш.Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің есімін атады. Алғашқы қазақ ағартушылары сияқты қазақ әдебиеті мен тілінің даму жолын оларда орыстың озат-мәдениетімен өте жақындасуынан күтті. Мәселен, Сұлтанғазин қазақ әдебиеті шығармаларының тілі мен стилі жаңа заманның талаптарына сай өзгеруі, бейімделуі керек дейді. Оның пікірінше, біріншіден, тіл байлығы халқымыздың ұғымын, идеясын, сондай-ақ ой-өрісін кеңейту себеп болмақ. Екіншіден, жаңа ұғымдар, жаңа сөз, сөйлеу түрлерін тудырмақ.
Мұсылман дін басылары мен пантюркизмнің кертартпа пікірлеріне тойтарыс бере отырып, Сұлтанғазин қазақ тілін не түріктен, не орыстан енген интернационалдық терминдермен баюына қарсы болған жоқ. Тілдің дамуын ол экономикалық дамудың жағдайларымен байланыстырды, тілге тарихи категория деп қарады. Тіл,- деп жазды ол,- халықтың өзі сияқты органикалық зат өзгереді, өседі, жетіледі. Міндет мынадай: Біз ана тілімізді Алтынсарин айтқандай дамытуымыз керек. Осындай келелі мәселе жөнінде А. Құрманбаевтың айтқандары да назар аударады. Қазақ тілі мен әдебиетін даму тарихын талдай келіп, ол Алтынсарин шығармалары Қазақтың өлең құрастыру өнері мен поэзияның тамаша үлгісі болып табылады деп жазды.
Буржуазияшыл ұлтшылдар орыс мәдениетінен шошынып, орыс тілінің ықпалына жол бермеуге тырысты. Міне осындай кезде А.Құрмабаев Қазақ тілін қолдау және дамыту, орыстың білімін тарату - қазақ оқығандарының адамгершілік борышы болуға тиіс. Қазақ тілін өңдеу ережесін тәртіпке келтіру жөнінде Алтынсарин бастаған істі ілгері алып баруымыз керек деді.
Сөйтіп, Дала уалаяты газетінің бетінде қазақ ағартушыларының жолын қуушылар еңбекші шаруаларды көшпенділіктен отырықшылыққа ауысуға, ұлы орыс халқының озат мәдениетінің үлгісімен жаңаша өмір салтын құруға шақырды. Н.А.Добролюбов орыстың тұңғыш баспа газеті туралы Ведомостволардан орыстар әскери және саяси оқиғалардың жариялануын тұңғыш рет көрді деп жазған болатын 11,б.184 .
Ал Түркістан уалаяты және Дала уалаяты жөнінде де тап солай деп айтуға болады. Қазақ тіліндегі газеттердің шыға бастауы Қазақстанның Россияға қосылуының прогрестік нәтижелерінің бірінен саналады. Қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы капитализмнің кең және терең дамуымен және халықтың мәдени қызметінің ұлғаюымен де байланысты еді 14,б.458 .
1.3 Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде
Партия буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы жағдайындағы теорияны, басшылыққа ала отырып, Россиядағы 1905-1907 жылдардағы революция жолындағы күреске басшылық етті. Россия пролетариаты мен шаруалар бұқарасының қалың топтары лениншіл партияның басшылығымен қолына қару алып, самодержавиелік әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы шықты. Россиядағы аудандарының соның ішінде Қазақстанның жұмысшылары мен шаруалары да патша өкіметі мен қанаушы таптарға қарсы көтеріледі. Қазақстан большевиктері қазақ және орыс еңбекшілерінің басын қосып, қанаушы таптарға қарсы күрес ұйымдастырды.
Революцияға дейінгі Қазақстандағы коммунистік баспасөз тарихының патша империясындағы артта қалған қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық өзгешіліктеріне байланысты бірқатар ерекшеліктері болған-ды. Ол кезде мұнда патриалхалдық-феодалдық құрылыс және рулық салт үстемдік болған-ды. Сондықтан мұнда жергілікті марксистік топтар олардың басылымдары елдің орталық аудандарынан гөрі едәуір кешірек пайда болды 11,б.89 .
Қазақстанда кейінірек ұйымдастырылған социал-демократиялық топтар мен ұйымдар өлкедегі революциялық қозғалысқа басшылық етті, сонымен қатар олар жергілікті басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің дербес баспасөз органдарын да құрды. Қазақ топырағында марксизм-ленинизм идеялары он тоғызыншы ғасырдың аяқ кезінен тарай бастады. Мұнда марксистік әдебиетті алғаш таратушылар саяси сенімсіздігі үшін патша үкіметі жер аударған революционерлер еді. Мысалы; 1879 жылы К.Маркстің жақын досы Герман Лопатиді патша үкіметі Ташкентке жер аударды. Жас дәрігер Ф.В.Поярков 1880 жылы Верный (Алматы) қаласына К.Маркстің Г.Лопатин мен Н.Даннельсон орыс тіліне аударған Капиталының бірінші томын алып келген 48,б.38 .
Марксистік революциялық идеяларды қазақ жеріне алғаш ағартушылардың қатарында Петербургтағы Благоев тобының көрнекті мүшесі В.Г.Харитонов бар еді. Сондай-ақ Петрбургта В.И.Ленин ұйымдастырған Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағының Е.А.Шеголева сияқты мүшелері болған. Демек, саяси жер ауып келгендер арқылы ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылардың шығармалары, Плехановтың Еңбекті азат ету тобының басылымдары еңбекшілердің алдыңғы қатарлы бөлігіне, қазақ даласында ұйымдастырылған марксистік қозғалысқа дейін мәлім бола бастады. Жер ауып келген социал-демократтар революциялық насихат үшін кейбір либералды-буржуазиялық бағыттағы баспасөз органдарын пайдаланды.
Қазақстанның бірсыпыра қалалары мен кәсіпорынында алғашқы марксистік үйірмелер он тоғызыншы ғасырдың аяқ шенінде пайда болды, осыған байланысты демократиялық мазмұндағы әдебиеттерді оқитындардың саны көбейе берді. Қазақ даласындағы үйірмелер және ұйымдармен тығыз байланыс жасап, олардан қажетті әдебиеттерді алып отырды. Марксистік әдебиеттер басқа жолдармен де таралады, саяси жер аударылғандар мен студенттер өздері ала келетін, кітапханалардан кітаптар жаздырып алатын.
Социал-демократиялық үйірмелердің мүшелері К.Маркстің Капиталын, К.Маркс пен Ф.Энгельстің Коммунистік партияның манифесі, В.И.Лениннің Халық достары деген не және олар социал-демократтарға қарсы қалай күреседі?, Не істеу керек?, Россияда капитализмнің дамуы және басқа еңбектерін оқып үйренді.
Лениндік Искра Қазақстанда революциялық қозғалыстың туына күшті ықпал жасады. Искрашылардың инициативасы бойынша 1901 жылы майда Оралдың жергілікті баспаханасында стачка өткізілді. Бұл Қазақстандағы бірінші саяси көтеріліс еді. Искраның Россияның езілген халықтарын қорғауының ұлттық езгіге және патша отаршылдарының озбырлығына қарсы шығуының үлкен маңызы болды. Оның бетінде ұлт мәселесі жөнінде В.И.Лениннің мақалалары мен басқа да материалдар басылды. Газет патша самодержавиесінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі, еңбекшілерді пролетарлық интернационализм рухында тәрбиеледі 50,б.168 .
Лениндік Искра елдегі ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның жұмысшылары мен шаруаларының да өмірі мен күресін назардан тыс қалдырған жоқ. Бұған газетке жарияланған корреспонденциялар айқын дәлел. Оның Жұмысшы қозғалысы хроникасы және Фабрикалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz