Тамақтанудың физиологиялық мөлшері. Тиімді тамақтанудың физиологиялық негіздері


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Морфологиялық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Тамақтанудың физиологиялық мөлшері. Тиімді тамақтанудың физиологиялық негіздері.
Орындаған: Абдихани Д. С.
Тобы: 210А ЖМ
Қабылдаған: Оразбаева Ж. Т.
Шымкент 2018
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Тамақтану физиологиясы
- Тиімді тамақтану
- Тамақтану режимі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тамақтану - организмнің тіршілігін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін қажетті қоректік заттарды сіңіру процесі. Адам ағзасы тамақпен бірге тіршілік әрекетіне қажет нәруыздар, майлар, көмірсуларды, сондай - ақ биологиялық белсенді заттар - дәрумендер мен минералды тұздарды алады. Ағзаға түскен тамақты қорытуда ас қорыту жүйесі үлкен рөл атқарады, тағамды нәруыздарға, майларға, көмірсуларға, оларды өз кезегінде жай заттарға ыдыратады. Тамақтану жайлы ғылымды нутрициология дейді.
Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады, себебі, оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің, т. б. синтезімен байланысты. Егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса, өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді.
Сонымен, тамақтану өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етеді:
а) пластикалық қызметті, осының арқасында ағзаның дамуы және жасушалар мен тіндердің үзіліссіз жаңаруы іске асады;
б) ағзадағы барлық тіршілік үрдістері үшін қажет энергетикалық қызметті;
в) ағзаны, реттеуші-каталитикалық роль атқаратын, кейбір биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуді;
Дегенмен, кез-келген тамақтану түрі, ағзаны оптималды физиологиялық жағдайда ұстап тұра алмайды, денсаулығының және жоғары жұмыс қабілеттілігінің сақталуын, қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті емес.
Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша, мұндай талаптарға рационалды (тиімді) деп аталатын тамақтану ғана жауап бере алады.
Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану - ағзаға тағамның саны мен сапа жағынан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық қызметтерінің оңтайлы өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану.
Тиімді тамақтанудың негізгі қағидалары:
· Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет.
· Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс.
· Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы - рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді.
· Тағамның әр түрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс.
· Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс.
· Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек.
· Режиммен тамақтану.
Сонымен қатар тамақ құрамы организмде ферменттер жүйесімен түзілмейді, сондықтан да олар желінетін аспен сырттан енгізілуі шарт. Тамақтың мұндай қоспасына алмастыруға болмайтын амин қышқылдарынан (изолейцин, лейцин, лизин, метионин, фенилаланин, триптофан, тренин және валин), май қышқылдарынан қанықпаған май қышқылдары және витаминдер жатады. Алмастыруға болмайтын амин қышқылдары арнайы белок синтезі үшін пайдаланылады, әрі түрлі гормондар және нейромедиаторлар синтезделетін бастапқы қоспа (тироксин, адреналин, ацетилхолин т. б. ) . көп қанықтырылмаған май қышқылдары (олеин, орохидон т. б. ) биологиялық мембрана құрамына кіретін негізгі бөлік, олар простогландин, нейропептид т. б. биологиялық белсенді заттар жасалатын негізгі қажетті материал.
Жас ерекшеліктеріне, дененің жалпы салмағына, жынысына, атқаратын қызметіне, қоршаған ортаға қарай, әр адамға тән белгілі бір мөлшерде, құрамда қажетті белок, май, көмірсу, су, минерал заттары және витаминдері бар тағам қажет.
Қажетті энергия мөлшерінің деңгейі организмдегі негізгі алмасу мен атқаратын жұмыс тәртібіне байланысты энергия шығыны арқылы анықталады. Атқаратын жұмыс неғұрлым ауыр, әрі тез орындалса, соғұрлым тамақта қоректік заттар мөлшері көп болуы қажет. Организм құрамында саны жағынан энергия мөлшері тым немесе аз тамақ заттары зиян келтіреді. Құрамында артық калория мөлшері бар тамақ ( дене қимылы төмен болса ), сезімдікке әкеледі, соның нәтижесінде әртүрлі мүшелердің, жүйелердің жұмыс қабілеті төмендеп, тіпті уақытынан бұрын қартаюға әкеліп соғады.
Қазіргі уақытта тағамның құрамы және ондағы калория мөлшері жақсы зерттеліп анықталған, соның нәтижесінде әр адамға қажетті тәуліктік тамақ мөлшерін жұмсалған энергия мөлшеріне сәйкестендіріп қабылдауға болады.
Тәуліктік тамақтанудың оңтайлы (оптималдық) мөлшері анықталған, онда жас ерекшелігі, жыныс, энергия жұмсалу мөлшері т. б. көрсеткіштер есепке алынған. Тағамдық заттардың тәуліктік калориясының 13-15% белок, 30-33% май, 50-55% көмірсу болуы керек. Жануар белогы жартысынан аз болмау керек, майдың 40% - дан азы өсімдік текті болуы керек.
Ересек адамдарда, салыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда тәулігіне 80-100 г, орташа ауыр қызмет атқарғанда 110-120 г, ауыр дене қызметін атқарғанда -130-160 г белок қажет. Балаларда қажетті белок мөлшері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады. Дене салмағының 1 кг есептегенде ересек адамдардын гөрі белок әлдеқайда көп пайдаланылады, өйткені бала организмінде даму, өсу үрдісі, белок биосинтезі өте жоғары. Тамақ рационында тәулігіне 70-80 г, егер энергия жұмсалу мөлшері жоғары болса -100 г дейін май, және оның құрамында 50-60% жануар майы болғаны жөн.
Тәуліктік көмірсу мөлшері адам тамағында 400-450 г дейін болуы қажет. Жұмыс және тұрмыстық жағдайларға байланысты тамақ құрамының өзара қатынасы өзгеріп тұрады. Дені сау адам үшін оптималдық тамақтағы белок, көмірсу, майдың өзара қатынасы 1:1:4 жақын болады. Тамақ заттары жақсы сіңіріліп пайдаланылу үшін, оның құрамы жануар мен өсімдік тектес болғаны дұрыс. Өсімдіктік зат көбіне шикі күйінде пайдаланып организмді қажетті витамин, ферменттермен қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында витаминдердің жетіспеуінен организмнің әртүрлі жұқпалы ауруларға, сыртқы орта әсерлеріне қарсы тұруы төмендеп, арнайы аурулар пайда болады (авитаминоз) .
Адам денсаулығын сақтауда оптималдық дұрыс тамақтанумен қатар, тамақ ішу уақытын дұрыс белгілуе, энергия құндылығы, мөлшері, құрамы, тамақ ішуді ұйымдастыру жағдайы үлкен роль атқарады. Тамақты бір тәулікте 3-4 рет бөліп ішкен пайдалы екені анықталған.
Көпшілік ғалымдар тәуліктік тамақтың көбін ертеңгілік және түсте, ал кешкілік бір тәулікке қажет жалпы барлық жылу калориясының үштен бір бөлігін қабылдау керек екенін айтады.
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:
- таңертеңгі ас(сағат 7. 00-9. 00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т. б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;
- түскі ас(сағат 13. 00-14. 00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;
- кешкі ас(сағат18. 00-19. 00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
Аралық тамақтану:
- таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында -екінші таңертеңгі ас(ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;
- түскі ас пен кешкі астың ортасында -түстік- көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.
Тамақ ішу тәртібін сақтамаудың салдары
:
Тамақ ішу тәртібін жүйелі түрде сақтамау асқазан ауруларының дамуының негізін салады, ағзадағы зат алмасуының бұзылуын туындатады. Осындай ретсіз тамақтану асты көп ішу дағдыларын қалыптастырады, яғни дене салмағының артуына, ал кейде семіруге әкеп соқтырады. Әсіресе, организмі калыптасу мен қарқынды өсу деңгейінде болатын жеткіншектер дұрыс тамақтану тәртібін сақтағаны маңызды, ал мектептін немесе жоғары сыныптарындағы (қурстарындағы) сабақтарда оларға қойылатын талаптар жеткілікті жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша əлемдегі өлім-жітім себебінің 60 пайызы тікелей дұрыс тамақтанбауға байланысты . Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.
Тамақтану режимінің маңызды элементтерінің бірі- тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы т. б. Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өйткені бұлар тәбетті, ішек - асқазан жолы жұмысының ырғағын бұзады. Спортпен шүғылданған кейін, үлкен дене жүктемелерін орындағаннан кейін бірден дастарханға отыру ұсынылмайды.
Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы нормаға сай болуы керек. Бала немесе жасөспірім тәулігіне 80 - 100 гр нәруыз, 100 гр май, 380 гр көмірсу қорек ету керек. Нәруызды сүттен, дәнді - дақылдардан, еттен, көмірсуды нан, салат, картофельден, майлы заттарды май, жұмыртқа, сүттен, витаминдерді өсімдік және жануар майынан, минералды тұздар мен микроэлементтерді шай, шырын, компот және жеміс - жидек сияты заттардан алады. Дұрыс тамақтанбау салдары рак ауруына да шалдықтырады. АҚШ-та ерлер 28 есе, әйелдер 7 есе ғана ауырады екен. Үндістанда барлығы 1, 2% екен. Рак ауруы тазалыққа да, астың дәмді, таза болуына да байланысты. Мысалы, суың жақта тұратын Якутия, Карелия АР-ында денені жылыту үшін ыстық тамақ, шай ішеді. Соның әсерінен рак ауруы 13-18% екен. Ал Прибалтика республикаларында 2, 5%, ыстық шай ішу Орта Азия республикаларында кең тараған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz