Торлы құрылымның физиологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Торлы құрылымның физиологиясы

Орындаған: Абдихани Д. С.

Тобы: 210А ЖМ

Қабылдаған: Оразбаева Ж. Т.

Шымкент 2017

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:
  • Торлы құрылым
  • Торлы құрылымның орналасуы
  • Торлы құрылым қызметі
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Торлы құрылым (ретикулярная формация) (formatio reticularis, лат. formatio - құрылым, reticulum - тор) - сопақша ми сұрзаты ядроларының арасында орналасқан, жүйке жасушалары мен жүйке талшықтарының торланған өрімдерінен құралған мидың үйлестіргіш аппараты. Торлы құрылым ми діңгегі құрылымдарын ( сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми ) байланыстырып, күрделі рефлекторлық доғаның іс жүзіне асуын қамтамасыз етеді. Ол ортаңғы жөне ромбы төрізді ми орталықтарын біріктіріп, үйлестіру қызметін де атқарады. Торлы құрылым сопақша мидағы тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталықтарын түзеді.

Торлы құрылым (ретикулярлық формация) . Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Олардың арасында көптеген синапстар құралады. Мәселен, екі нейрон дендриттері арасында 3-ға жуық синапстар болуы мүмкін. Осыдан 150 жылдай бұрын торлы құрылымға алғаш сипаттама берген Дейтерс болатын. Торлы құрылым ми бағанының ортаңғы бөлігін алып жатыр.

Құрылымдық-функционалдық критерилерге байланысты торлы түзіліс 3 бөлікке бөлінеді:

  1. медиандық орталық сызық бойында орналасқан;
  2. медиальды, сабаудың медиальды бөлігінде орналасқан;
  3. латеральды, сенсорлық аймаққа жақын орналасқан нейрондар.

Медиандық аймақ - нейрондары серотонин медиаторын синтездейтін, ядролы жіп тәрізді элементтерден құралған. Бұл бөлік ағзадағы қозғыштық қасиеті мен жыныстық қабілетке, және ұйқыны реттеуге қатысады.

Медиальды аймақ- тарамдалмайтын ұсақ нейрондардан тұрады. Бұл бөлікте өте көп мөлшерде ядролар орналасқан, арасында дендриттермен тығыз байлансқан мультиполярлы нейрондардар кездеседі. Бұлар мидағы үлкен жарты шарлардағы қыртыстарға жоғарылыған, ал жұлынға төмендеген нерв талшықтарын түзеді. Медиальды бөліктің жоғарылаған жолдары тікелей немесе таламус арқылы жаңа ми қыртысының белсенділігін арттырып әсер етеді, ал төмендеген жолдары тежегіштік қасиетке ие.

Латеральды аймақ - ми сабауындағы сенсорлық аймаққа жақын орналасқан торлы түзілістер, жане осы түзіліс ішінде орналасқан нейрондар жатады. Бұл бөліктің құрлымдық бірлігі үшкіл невтің ядроларымен байланыс түзетін ядролар болып табылады. Бұл бөлікте сенсорлық бөлікті медиаьлды аймақпен, және мотрлық аймақпен байланыстыратын жоғарылаған, төмендеген жолдар бар. Латеральды аймақ жоғарыда айтылғандар ішінде ең жасы, әрі эволюция нәтижесінде дамып-өсуіне байланысты, медиальды аймақты кішірейтті.

Орталық жүйке жүйесінде сұр және ақ заттармен қатар торлы құрылым (ретикулярлы формация) деген атпен белгілі болған түзіліс кездеседі. Ол пішіні мен мөлшері әртүрлі торшалардың шоғырлануы нәтижесінде пайда болады. Осы торшалардың шашыраңқы орналасқан өсінділері бір-бірімен айқасып, қиылысып, тор тәрізді зат құрайды. Торлы зат орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерінде орын тебеді. Жұлында ол астыңғы және үстіңгі мүйіздер аралығында - бүйір бағанда орналасады. Торлы құрылым жұлынның мойын бөлігінде анық байқалады, дегенмен, ол ми сабағында жақсы шоғырланған. Торлы құрылым ми сабағының медиальдық бөлігі мен өзегін ала жатады да, көру төмпектеріне дейін созылады. Тіпті, көру төмпешіктері мен гипоталамусте де бүл кұрылымның элементтерін кездестіруге болады. Торлы құрылымды алғаш XIX ғасырдың аяғында Дейтерс ашқан. XX ғасырда оның морфологиясы терең зерттеліп, көптеген ерекшеліктері анықталған. Торлы құрылымды құрайтын нейрондар өсінділері қысқа келеді де, өте көп тарамданады және олар топтасып, көптеген ядролар құрайды. Тек қана сопақша мида торлы құрылымның 90 ядросы орналасады. Мидың ешбір бөлімдерінде торлы құрылымдағыдай мөлшерде ядролар кездеспейді. Бұл торлы құрылым қызметінің күрделілігінің, жан-жақтылығының белгісі.
Торлы құрылым нейрондары дененің белгілі бір бөліктерімен нақтылы байланыс түзбейді. Олар әртүрлі рецепторлардың -көру, есту, жанасу, дэм сезу, терморецепторлар, т. б. тітіркенуі нәтижесінде қозады. Кез келген рецептор тітіркенгенде тітіркеніс орталыққа тепкіш арнаулы жол арқылы ми қыртысына бағытталады да, тітіркенген рецептордың табиғатына байланысты оның белгілі бір бөлігінде қозу пайда болады. Сондықтан бұл жолды арнаулы немесе классикальқ өткізу жолы деп атайды. Бүл жол үшін көру төмпегі (таламус) өткел болып табылады. Арнаулы өткізгіш жол арқылы импульс өте шапшаң таралады және ми қыртысының нақтылы бөлігіне бағытталады да, шоғырланған қозу процесін тудырады. Ол өзіндік қасиетін сақтап, әсер еткен тітіркендіргіштің сипатын бейнелейді, тітіркендіргіш жайлы анық мәлімет жеткізеді, нақтылы түйсік туғызады. Демек, бұл импульстер белгілі бір хабар (сигнал) ретінде қабылданады.

Ми сабағы деңгейінде эрбір арнаулы өткізгіш жолдан торлы құрылым торшаларына бүйір тармақ бағытталады. Осының нэтижесінде арнаулы өткізгіш жолмен тараған импульстің әсерімен торлы қүрылым торшалары қоса қозады. Бұл торшалар әртүрлі жолдардың бүйір тармақтарымен жалғасатын болғандықтан торлы құрылымда импульстер өзіндік сипаттарын жоғалтады. Қозған торлы қүрылым торшаларынан да импульстер ми қыртысына бағытталады, бірақ олар шашырай, жайыла таралады да, барлық қыртыс торшаларының жалпы белсенділігін арттырады. Осымен байланысты торлы құрылымның өрлеу жолын жалпылама афференттік жол деп атайды. Бұл жолмен импульстер баяу тарайды және өзіндік сипатын жоғалтып, сигналдық маңызынан айрылады. Сонымен, ми қыртысының эрбір нейроны импульстерді арнаулы және жалпылама афференттік жүйелер арқылы қабылдайды. Бұл жүйелер ортақ әсердің салдарынан кез келген рецептордың тітіркенуі нәтижесінде қозады. Бірақ жалпылама афференттік жүйе импульстерді өткізудің қосымша, айналма жолы болып табылады. Арнаулы жүйе арқылы келген импульстер белгілі түйсік тудырса, жалпылама жүйе ми қыртысы нейрондарының белсенділігін арттырып, олардың қызметінің атқарылуына жағдай туғызады. Торлы қүрылымның афференттік жолын толығымен қиып тастаса организм ессіз күйге (кома) көшіп, соңынан өліп қалады. Ал, осы жол жарым-жартылай қиылса, ұйқышылдық, селқостық байқалады. Торлы құрылым ми қыртысымен қос бағытты байланыста болады. Ми қыртысы торлы күрылым нейрондарынан импульстер қабылдап қана қоймай, оның афференттік жүйесінің қызметін не жандандырып, не тежеп отырады. Демек, үлкен ми жарты шарларының қыртысы торлы құрылымның қызметін басқарып, бағыттап отырады.

Торлы кұрылымның төмендеу жүйесі арқылы ортаңғы ми мен сопақша мидан жұлынның мотонейрондарына бұлшық ет қызметін күшейтетін немесе тежейтін импульстер жіберіледі. Сондықтан торлы құрылымның төмендеу жолдары белсендіруші жэне тежеуші болып екіге бөлінеді. Торлы құрылымның төмендеу жүйесі вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары арқылы ішкі ағзалардың қызметіне де әсер етеді. Торлы құрылым жүрек пен қан тамырларының, тыныс алу ағзаларының, ас қорыту жолының, бөлу мүшелерінің, ішкі секреция бездерінің, эсіресе, гипофиздің қызметін реттеуге қатысады. Ортаңғы ми мен сопақша мидың торлы құрылымын тітіркендіргенде гипофиздің алдыңгы бөлімі гормондарының бөлінуі күшейеді. Ми сабағы деңгейінде торлы құрылымның өрлеу жэне төмендеу жүйелері бірін-бірі жауып, бүркеп жатады. Осымен байланысты өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің белсендіруші немесе тежеуші бөлімдерімен бір мезгілде қозуы мүмкін. Егер өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің тежеуші бөлімімен бір мезгілде қозса, ми қыртысының талдау және жинақтау (анализдік жэне синтездік) қызметі күшейеді де, жұлын мотонейрондары қызметі тежеледі, сақтық артады, жануар қоршаған орта жағдайын бағалағаннан кейін ғана әрекет басталады. Ал торлы құрылымның өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің белсендіруші жолымен бір мезгілде қозса, онда рефлекстер күшейеді, бірден әрекет туындайды.

Торлы құрылымның физиoлoгиялық мaңызы электрофизиологиялық әдiспeн анықтaлды. Торлы құрылымның жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсері; ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жаққа қарай бағытталған әсері болады. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауға болады.

Сопақша мидың торлы құрылымын электр тогымен тітіркендіргенде көптеген жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi байқалған. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде пайда болатын нәтиже тітіркендіргіштiң күшiне байланысты болған. Әлсiз тітіркендіргішпен торлы құрылымның бiр жақ бөлiгiне әсер еткенде жұлынның сол бөлiгiндегi нейрондар тежелген, ал күштi тітіркендіргішпен әсер еткенде екі бөлiгiнiң де нейрондары тежелген. Және де ондай нәтиже торлы құрылымның вентромедиальды бөлiмiн тітіркендіргенде ғaнa байқалады. Ал басқа жерлерін тітіркендіргенде ондай нәтиже болмаған.

Торлы құрылым тыныс еттерiн, жұлынның симпатиқалық орталықтарын және тыныс алу мен вазомоторлық жауаптарды реттейтiн мотонейрондарды қозды­рады және тежейдi. Айтылғандардың барлығы торлы құрылымның төмен бағытталған әcepiнің болатындығын көрсетеді.

Торлы құрылым ми қыртысына, яғни жоғарыға қарай бағытталған белсендiру әсерін ми бағанасының және таламустың белсендiрушi жүйесiне бөледі. Ми бағанасындағы жүйе жинақталған белсендiліктi тудырады, ал таламустық жүйе жергіліктi әсер eтeдi. Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОЖЖ-нің жеке физиологиясы
ОЖЖ жеке физиологиясы, Мишық, ортаңғы ми және ретикулярлық формация, бас миының стриопаллидарлық жүйесі, базальды ганглиилер
Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы
Орталық жүйке жүйесі. Жұлын және ми
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік құрылысы
Нейронның құрылысы қызметі
Ми мен жұлын функциясының негізгі заңдылықтары. Вегетативті нерв жүйесінің физиологиясы
Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Орталық жүйке жүйесі
Орталық нерв жүйесі және жоғарғы дәрежелі нерв әрекеті физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz