Жүйке тіндері. Жүйке тіндерінің химиялық құрамы мен биологиялық қызметтері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы АҚ

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы АҚ

Морфологиялық пәндер кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырып: Жүйке тіндері. Жүйке тіндерінің химиялық құрамы мен биологиялық қызметтері. Жүйке импульсының берілу механизмдері.

Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 210 A ЖM
Қабылдаған: Қанжігітова М.Ж.

Шымкент - 2018
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
Жүйке тіндері
Жүйке тіндерінің химиялық құрамы мен биологиялық қызметтері
Жүйке импульсының берілу механизмдері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді.
Жүйке жасушалары (нейроциттер) -- өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон -- жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Жүйке жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді. Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі, одан денесі арқылы аксонға өтеді. Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады, оны нейроглия дейді. Нейроглия нейронды қоршап, қоректік, қорғаныштық, тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады . Кейде нейроглияны нейроның "серік жасушалары" деп те атайды.
Жүйке жүйесі барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейді
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:
1. cезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)
2. байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нерондарға өткізеді)
3. қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді)
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары:
Униполярлы нейроциттер -- жануарлар эмбрионында,
Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары -- жұлын түйіндерінде,
Биполярлы нейроциттер -- көздің торлы қабығында, ішкі құлақта, иіс сезімі мүшесінде,
Мультиполярлы нейроциттер -- мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.

Синапстер - қозғыш жасушалар арасындағы функционалдық байланыстар. Сигналдарды өткізеді және оларды өңдеп өзгертіп отырады. Синапстер нейрондардың бір-бірімен қатысына мүмкіндік туғызып, нерв жүесінің, ми қызметінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Синапстер пресинапстық (синапс ұшы), синапстық саңылау (екі клетканы бөліп тұрады), постсинапстық (хабар қабылдаушы клетка бөлігі) бөлімдерден тұрады.
Нейронаралық синапстар көбінесе бір жүйке клеткасының аксонының ұшы мен денесінен және екінші бір клетканың денесінен немесе дендритінен не аксонынан құрылады. Осы құрылысына қарай олар аксо-соматикалық, аксо-дендриттік, аксо-аксондық синапстердеп аталады. Кейбір клеткаларда өте көп (мыңдаған) жеке пресинапстық талшықтар аяқталса, екінші біреулерінде не бары бір-ақ синапс болады. Синапстер қоздырушы, тежеуші синапстер деп бөлінеді және бұл процесс химиялық және электірлік жағдайлар арқылы іске асады.
Жүйке орталығы арқылы қозудың өтуі кезіндегі әсер ету потенциалы жиілігінің өзгерісімен жүзеге асады. Бірнеше механизмдері болуы мүмкін. Жүйке орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де жүйке орталығының жұмыс мүшесіне жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік жүйкеге түскен бір стимулға жауап ретінде жүйке орталығы жұмыс мүшесіне қозу импульстарының тобын жібереді. Жүйке орталықтарынан шеткі жұмыс мүшелеріне секундына 50-200 жүйке импульстары түседі.
Жүйке орталықтарының тонусы. Қызмет атқаратын мүшенің тонусына байланысты болады. Жүйке орталықтарының тонусын сақтап тұратын қызмет атқаратын мүшеден афферентация маңызды орын алады. Мүшелердің деафферентациясы қозғалыс орталықтарына сай тонустар мен қаңқа бұлшықеттерінің тонусының төмендеуіне әкеліп соқтырады (Бронжестің тәжірибесі). Орталық жүйке жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде жүйке орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі жүйке импульстері шығып шеткі мүшелерге қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.
Жүйке орталықтарындағы суммация.Уақыт бойынша суммация және кеңістік суммация болып бөлінеді.
Уақыт бойынша суммация бір синапс шегінде ғана жүруі мүмкін. Оның негізінде қоздыратын постсинапстық потенциал (ҚПСП) немесе тежейтін постсинапстық потенциалдардың (ТПСП) жиынтығы жатыр. Тек қозу немесе тек тежеу ғана суммацияланады.
Кеңістік суммациясы бірнеше синапстардың қоздыратын постсинапстық және тежейтін постсинапстық потенциалдардың жиынтығынан құралады. Қозу, тежелу және қозу мен тежелу де бірге суммациялануы мүмкін.
Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық жүйке жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде жүйке орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену - бұған кері құбылыс. Әр түрлі жүйке жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
ОЖЖ жұмыс қызмет етудiң үйлестiретiн ұстанымдары
Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе принциптері айқындалған.
Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни , өзара жалпы ақырғы жол үшін күреседі.
Иррадиация принципі. Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір жүйке орталығында пайда болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гормондардың әсері
Эндокриндік бездер физиологиясы
Топографиялық түсіріс
Теломер функциялары
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Май ұлпасы
Жеке гистология
Геронтология мәселелері
ЭЛЕКТРЛІК ТОК ӘСЕР ЕТКЕНДЕ АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ ПРОЦЕСТЕРДІ ТАЛДАУ. ЭЛЕКТР ТОКТЫҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЖАРАҚАТТАР
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Пәндер