Гуморальдық қызметінің реттелуі. Жас ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы.
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Гуморальдық қызметінің реттелуі. Жас ерекшеліктері.
Орындаған: Алтын М.Қ
Тобы: 202 А ЖМ
Қабылдаған: Оразбаева Ж Т
Шымкент 2017 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме.
1. Гипофиз және оның гормондарының бала организміне әсері
2. Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары
3. Қалқанша безі мен оның гормондарының бала организміне әсері
4. Бүйрек үсті бездері және оның гормондары.
5. Қос секрециялы бездердің қызметі мен жас ерекшеліктері
6. Жыныс бездері және жыныстық жетілу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей ) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің бүкіл тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады.
Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады.
Ішкі секреция бездерінің қызметін өз тарапында орталық жүйке жүйесі реттеп отырады. Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.
Ішкі секрециялық бездердің өнімі гормон - өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл организмге әсер етеді. Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларына бай келеді.
Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық түрып, алыстан әсер етеді.
Химиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады. Гормондардың биосинтезі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақтылы гормондарды өндіреді.
Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші химиялық өнімдер -нейросекреттерді (грек. нейрон - нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады.
Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқап гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр. Мида көптеген гормондар бар екені табылды. Олар жүйке импульстерін синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.
Гормондар ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың қызметін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді. Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша безінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен өрекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді. Ірі молекулалы пептидтік гормондар клеткалық мембранадан өте алмайды да, клеткадағы зат алмасуына клеткалық мембрананың сыртында орналасатын арнайы рецепторлар арқылы әсер етеді. Мұндай гормондық-рецепторлық тізбектер клеткадағы аденозинмонофосфорлық қышқылды белсендіреді, ал ол, өз кезегінде, клеткалық ферменттерге әсер етіп, ондағы зат пен энергияның алмасуын өзгертеді. Бір сәтте клеткаларға көптеген гормондар әсер етеді, бірақ клеткадағы заттар мен энергияның алмасуына ең нәтижелісінің әсері ғана қабылданады. Олардың қайсысы нәтижелірек екені арнайы заттар -- простогландиндердің қатысуымен анықталады. Былайша айтқанда, простогландиндер нақтылы сәтте гормондардың қажетсіздерін тежейтін реттеуші қызметін атқарады.
Гормондардың жанама әсерін тұжырымдай келгенде, ол да клеткадағы зат пен энергияның алмасуына әсер ететіні белгілі болды. Бірақ бұл әсер жүйке жүйесінің қатысуымен орындалады. Соңғы жылдары гормондардың клетканың ішіндегі РНК мен белоктың синтезделуіне қатысатыны анықталып отыр.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді. Мұндай озара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жүйке жүйссі арқылы к е р і байланыс жолымен реттеліп отырады да, денедегі гормондардың мөлшері тұрақты мөлшер қалпында сақталады. Егер бұл байланыс бұзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады.
Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жылдары анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейрондар оздерінің негізгі қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар - нейросекреттерді түзейді. Нейросекреттердің түзілуінде гипоталамустың нейрондары маңызды орын алады, ол құрылысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол арқылы басқа да ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін рилизинг-гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормондарының өндірілуін, ал статиндер - тежелуін реттейді. Осылай гипоталамус бұрын айтылып кеткен қызметтерінен басқа, ішкі секрециялық бездердің де қызметін реттейді
Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция ( грек. Гипо - аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер - артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.
Гипофиз және оның гормондарының бала организміне әсері. Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі "түрік ері" сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5 х 3 мм, 1 жасқа жеткенде 4x5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9 х 11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Емханада гипофиздің мөлшерін "түрік ерінің" мөлшеріне қарап анықтайды. Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады : алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без клеткаларынан, ортаңғы бөлімі -- базофильді клеткалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады . Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған және оның қызметі әлі күнге дейін толық айқындалған жоқ деуге болады.
Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) - лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) және ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ). СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкөза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. Соматотропин гормоны әйелдің сүт безінде сүттің түзілуіне де әсер етеді деген мәліметтер бар.
Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, делдал (келістіруші) заттар арқылы немесе медиаторлар арқылы әсер етеді. Бұл гормондардың медиаторының қызметін соматомединдер - бауырда түзілетін полипептидтер атқарады.
Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг мл), 3 айда біраз төмендеп (16 ммкгмл), ересек балаларда 10,8 ммкгмл болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкгмл ғана болады. Бұл гормонды 1945 ж Еванс пен Ли және Симпсон тек қана малдың безінен тапқан, ал 1948 ж жануарлардың 1956-1968 жылдары адамның безінен кристалл түрінде бөліп алынды. Қазіргі кезде ол организмдегі маңызы жақсы зерттелген гормондардың біріне жатады. СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады. Бойы 2 метрден асқан адамды а л ы п деп атайды. Бойы нашар өскен балаларды бұл гормонмен емдесе, олардың бойы 6 айдың ішінде 5-6 см өседі. Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей е р г е ж е й л і болады.
АКТГ бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары глюкокортикоидтар мен андрогендердің өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуын реттейді. Жалпы алғанда АТКГ-ның бүйрек үсті бездеріне әсері жан-жақты. Мұның гиперсекрециясы бүйрекүсті бездерінің қызметін күшейтіп, заттың алмасуын бұзады, қанда қанттың мөлшерін көбейтеді, қанның қысымын арттырады, сүйектің құрамын өзгертіп, борпылдақтандырады, сүйек тез сынғыш болады, Иценко-Кушинг ауруы пайда болады, адамның денесі толады, беті дөңгелектеніп, шабының, қолтығының терілері жарылады.
ТТГ қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: иод элементінің без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп, қалқанша безінің гормондарының түзілуін реттейді. Ол қалқанша безінің клеткаларының өсуіне, қызмет атқаруына ықпалын тигізеді. Бұған қоса, қалқансерік бездеріне де сондай әсер етіп, қанда кальций тұзын көбейтеді.
Гонадотроптық гормондар (ЛТГ, ЛСГ, ФСГ) балалық кезде өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан физиологиялық мәні онша бола қоймайды. Тек жыныстық жетілу басталған мерзімнен кейін оның организм үшін маңызы арта бастайды. Жалпы алғанда, бұл гормондар ерлерде сперматогенезді күшейтеді, әйелдің етеккірін мезгілінде келтіріп, жыныс гормондарының түзілуін, бала емізетін әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді, жыныс бездерінде гормондардың пайда болып, организмге әсер етуін бақылайды.
МСГ адам терісінің түсін жөнге келтіреді. Оның мөлшері көбейсе, дене терісінде сүттей ақ, ал азайса -қоңыр дақтар пайда болады. Егер ол мүлде түзілмесе, адамның барлық денесінің терісі сүттей аппақ болып, күн шалмайды (күнге күймейді). Бұған қоса, меланотропиндер көздің жарық қабылдағыш аппараттарының қызметін күшейтіп, қараңғылыққа бейімделуге және естің қалыптасуына қатысады.
Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан Бұл ар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құрылған. Бұл ар супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларда түзіледі де, аксондар арқылы нейрогипофизге келеді. Нейрогипофиз бұл гормондарды қор етіп етіп сақтайтын орын. Бұл жерде олар белсенді қалыпқа келіп, қанға құйылады және қан арқылы бүкіл денеге тасылады. Вазопрессинді антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Нейрогипофиздегі Бұл гормонның гиперсекрециясында қантсыз диабет ауруы пайда болып, тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді. Оның ықпалынан тегіс мускулатураның және ішектің артерияларының қызметі күшейеді, қанның артериялық қысымы артады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Сонымен қатар, окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып, сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде емшектен сүттің шығуын реттейді. Окситоциннің қанға шығуына бала сорғанда емшектің ұшын тітіркендіруі арнайы қоздырушы рөлін атқарады.
Гипофиз безінің аурулары басқа аурулармен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде онша маңызды орын ала қоймайды. Дегенмен, келесі ауруларды мысал ретінде келтіруге болады. Айталық, кішкентай балаларда кездесетін жартылай (парциалды) гигантизм немесе жартылай алыптық. Бұл ауруды көп емдеген В. И. Молчанов оны туа пайда болған кемшілікке жатқызады. Жартылай алыптың бүкіл денесі емес, тек қана кейбір мүшелері (саусақтары, бір аяғы, бір қолы) тез өсіп, басқа денесінен ерекшеленеді. Қантсыз диабет ауруында бала шөлдей береді, суды өте көп 10-15 литрге дейін ішеді, жиі дәретке отырады, жүдейді.
Бастауыш сынып оқушыларында гипофиз безінің қызметі ересек адамның безінің қызметіне жуық деуге болады.
Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары. Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде оның ұзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста ұзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалыңдығы 3 мм болады. Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана дамығанымен, одан әрі қарай оның клеткалары кішірейіп, қарапайымдалады, ал одан әрі қарай дәнекер ткандері көбейеді. 8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жас өспірімдер мен жігіттердебойжеткендерде без клеткаларының қызметінің белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді. Ересек адамдарда бұл бездің клеткаларының тіршілігі тұрақталады, цитоплазмадағы түйіршіктерінің саны аздап кемиді. Кейбір ғалым-мамандар мұны без ұлпаларының белсенді секреторлық қызмет атқаруының белгісі санайды.
Эпифиздің ішкі қабаты жалпақ эпителий клеткаларымен көмкерілген.
Соңғы жылдардығы ғылыми мәліметтер бойынша эпифизде 3 гормон -- меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.
Гипофиздің меланоцитотропин гормоны терінің пигменттік қасиетін реттесе, меланин теріні түссіздендіреді, демек екеуінің арасында қарама-қайшылық бар.
Контргипоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді, сөйтіп гипофиздегі гонадоптропин гормонының өндірілуін азайтады.
Эпифиздің ертінді тұнбасын денеге еккенде бүйрекүсті безінің аумағы кішірейіп, ондағы аскорбин қышқылы (витамин С) және майлы заттардың мөлшері азаяды, өйткені гломерулокортикотропин гормоны бүйрекүсті безінің қызметін тежейді. Ал бүйрекүсті безінің қызметі күшейгенде эпифиздің қызметі, керісінше, төмендейді. Олай болса, осы екі бездің арасында кері қарым-қатынас бар.
Қалқанша безі мен оның гормондарының бала организміне әсері. Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Оның аты 1956 жылдан бастап әйгілі болғанымен, организмдегі ішкі секрециялық қызметі жайлы алғашқы болжамдар 1838 ж тәжірибелер негізінде көрсетілген. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады . Безді қоршаған дәнекер ұлпасы ішіне қарай өтіп, оны бірнеше бөлшекке бөледі. Бөлшектер адамның жасы ұлғайған сайын өсіп, көбейеді. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г. Алғашқы жылғы баланың өмірінде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3 г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г. Жыныстық жетілу кезінде, негізінен, бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды, себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Без клеткаларының қанға толуына байланысты мөлшері өзгермелі келеді. Бұл без пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі түйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан тұрады . Фолликулдар дөңгелек, сопақша немесе көп қырлы болуы мүмкін. Фолликулдар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен болінген, олар қан тамырлары мен нервтерге бай келеді. Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады. Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин. Бұл гормондар зат алмасуын үдетіп, биохимиялық реакцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге, әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Тироксин жүйке жүйесінің қалпын сақтауға күшті әсер еткендіктен оның қандағы мөлшері өзгергенде ең алдымен жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды. Жекелеп алғанда тироксин судың алмасуын реттейді, бүйректе судың қанға қайта сіңуіне ықпалын тигізеді, белоктың, майдың, көмірсутегінің алмасуына, организмдегі негізгі зат алмасуына, қан клеткаларының пайда болуына әсер етеді. Тіпті жүректің қызметіне де күшті өсері бар. Бұл гормонның ұрықтың дамуында маңызы тіпті зор. Оның ұлпаларының өсуі мен қызмет атқаруға бейімделуін күшейтеді. Қалқанша бездің гормондары организмдегі иммундық қасиеттерге әсер етіп, аллергиялық жағдайдың және инфекцияның дамуына ықпалын тигізеді.
Қалқанша безінің тиреоидты гормондары ұрықтың өсіп дамуына күшті әсер етеді. Әсіресе оның маңызы Ұрықтың жүке жүйесінің дамуына әсері аса маңызды. Бұл гормондардың жеткіліксіз болуы кретинизмге ұшыратады.
Жаңа туған сәбидің тироксиндік белсенділігі күшті болады, яғни физиологиялық гипертиреоз байқалады. Мұндай қалып 2 аптаға дейін сақталып, содан соң біртіндеп азая бастайды да, 6 жастан соң ересек адамның қалқанша безінің белсенділігіндей болады. Бұл организмнің қажеттілігін және күшті өсуін қамтамасыз етеді. Алғашқы жылдардағы стероидтық гормондардың секрециясы жоғары болғандықтан, балалардың қалқанша безінің мөлшері де үлкен болады. Қалқанша безінің гормондарының құрамында йод бар. Мысалы, тироксиннің 65% йод. Сондықтан организмге йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады. Ал пайда болған ауруды эндемиялы зоб деп атайды (грек. эндемос - жергілікті). Эндемия деп атау себебі ауру белгілі бір жердің маңайында, топырағында йод жеткіліксіз жерлерде пайда болады. Мұндай жердегі түрғындардың қалқанша безі үлкейіп, оның қызметі төмендейді. Қазақстан топырағының кей жерлерінде йод жеткіліксіз. Сондықтан біздің ел де сол елдердің қатарына қосылады. Бұл ауру топырақта йодтың жетіспеуіне байланысты болғанымен, оның пайда болуында басқа да себептер бар. Қуатты тағамдармен тамақтанатын балаларда бұл ауру кездеспейді. Йодтың жеткілікті болуына астың құрамындағы витаминдердің, түрмыс жағдайларының, тазалықтың маңызы зор. Бұған қоса, сыртқы ортадағы фтор, кобальт микроэлементтерінің маңызы да бар екені анықталды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша эндемиялық зоб ауруының алғашқы жеңіл түрлерінің өзінде бұл науқасқа байланысты жүрек-қан тамырлар кемшілігі, жүйке жүйесінің кемшілігі және зат алмасуының өзгеретіні анықталды. Бұл ауруды емдеуде маңызды орынды профилактикаға, яғни аурудың алдын алу жұмыс тарына көп көңіл бөлінеді. Жалпылай профилактика арқылы балалардың зоб ауруын 20-30 есе азайтуға болады. Эндемиялық зобтың пайда болуына жүқпалы аурулар жиі себеп болады. Инфекция өзінің тікелей әсеріне қоса, қалқанша безіне орталық жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. Себебі барлық инфекция ең алдымен орталық жүйке жүйесін уландырады, оның қызметін өзгертеді, ал жүйке жүйесінің өзгерісі тікелей қалқанша безінің ауруын тудырады. Сондықтан мектепке дейінгі балалармен, бастауыш сынып оқушыларымен торбие жұмыс тарында оларды жүқпалы аурудан сақтауға кобірек көңіл аудару керек.
Қалқанша безінің кальцитонин гормоны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады. Оның бұл әсері сүйектің минерал заттары -- оксиапатитті сүйек ұлпасына жинауына байланысты. Соңғы кездерде кальцитонин көптеген ас қорыту бездері мен ішкі секрециялық бездердің өндіру қызметін тежейтіні анықталып отыр.
Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед немесе тиреотоксикөз ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шыға үлкейіп, бадырақ көз болады, қалқанша безі өседі, зат алмасуы күшейіп тез жүдейді, иульсы шапшаңдайды, тез шаршайды, Ұйқы сы бұзыл ады, бала жылауық, ашуланшақ болады.
Қалқанша безінің гипосекрециясында микседема, яғни шырышты ісік пайда болады. Науқас баланың асқа тәбеті болмай, температурасы төмендеп, немқүрайлы, сылбыр болады, психикасы бұзыл ады, еске сақтау қабілеті төмендеп, ақылы кем болады. Егер бала ауруға кішкентай кезінде ұшыраса кретинизмге айналады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болып, дене пропорциясы бұзылады, жүрегінің қызметі күрт өзгереді (жүрек тахикардиясы).
Гипосекреция жағдайында байқалатын қалқанша безінің кемшіліктері -- гипотиреоз екі түрлі болады: а) туа болган, яғни қалқанша безі болмай, не нашар дамыған балалар; ә) жүре болган, яғни гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болған. Қазіргі кезде жүре болған түрін ертерек емдей бастаса, ауруды асқындырмауға болады.
Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалындығы 1,5-2 мм. Жасөспірім балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы түрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, үзынша, бүршақ іспеттес болады. Без ұлпалары әртүрлі клеткалардан тұрады : гликогені бар негізгі клеткалар мен эозинофилдері бар оксифильді клеткалар. Балалардың қалқансерік бездері негізгі клеткалардан тұрады . Жасы ұлғая келе оксифильді клеткалар көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде паратгормон немесе паратиреокрин деп аталатын гормон өнеді. Оның маңызы 1925 ж Коллиптің зерттеулері арқылы анықталған. Паратиреокрин калыдийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтан Бұл гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін тигізеді. Мұны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері көбейгенде фосфордың мөлшерінің азаюы арқылы байқайды. Паратгормон сүйек ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл гормонның жеткіліксіз болуы қандағы кальцийдің мөлшері кемігендіктен, сіңірдің тартылуын тудырады. Қалқанша безінің кальцитонин гормонымен және Д витаминімен бірге бала организмдегі кальцийдің алмасуының дұрыстығын қадағалайды. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да, гиперкальциемия байқалады. Паратиреокриннің гипосекрециясы көбінесе қалқанша безіне операция жасағанда, оған қоса қалқансерік бездерін байқамай алып тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады. Балаларда туа пайда болған гипофункция без ұлпаларының болмауынан немесе еркін дамығандықтан кездеседі. Кейбір жаңа туған сәбиде ұрықтық мезгілінде анасының паратгормонының гиперсекрециясына байланысты қалқансерік бездерінің қызметі нашарлайды. Мұндай гипосекреция туғаннан кейін де сақталады. Қандай болмасын гапопаратиреоз жағдайында баланың қанындағы кальцийдің мөлшері азайып, организмдегі калий-натрий тепе-теңдігі бұзыл ады да, гипопаратиреоздың белгісі -- бұлшық еттердің тетанусы (лат. тетанус- сіреспе) пайда болады, кейін тісі бүлінеді, шаштары мен тырнақтарында кемшіліктер пайда болады.
Қалқансерік бездерінің дамуы ұрықта басталады. Оның өсу барысында без клеткалары дамып, паратгормон түзіліп, канға құйыла бастайды. Бұл Ұрықтың қаңқасындағы кальций тұздарының жиналуымен қатар жүреді. Бала туғаннан кейін өсіп, жетіліп, кальцийдің алмасуына қатысады. Баланың сүйектерінің қатуы көбінесе осы ік* ідердің қызметіне байланысты.
Бүйрек үсті бездері және оның гормондары.
Бүйрекүсті бездері - қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады, яғни қыртыс қабаты 23 бөлікке тең.
Бүйрек үсті бездерінің салмағының жасқа байланысты өзгеруі
Жасы Бүйрек үсті бездерінің жалпы
салмағы,г
1 айға дейін
6,22
2-12 ай
3,35
1-5 жас
4,60
6-10
6,60
11-15
8,63
16-20
12,95
21-50
13,71-13,84
51- 70
13,36 -13,20
Бұл - салмағы аз болғанымен ішкі секрециялық бездердің ішіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор бездердің бірі. Егер жануарлардың екі безін де сылып алып тастаса, ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп, астан қалады, арықтап, салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын қүсып, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бүйректің несеп шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады.
Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын сылып алып тастаса, жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап, қыртыс қабатын қалдырса, айтарлықтай өзгеріссіз ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффин клеткалар бүйрекүсті безінен басқа кейбір ірі қан тамырларының бойында, шеткі ганглияларда кездеседі. Оған қоса, нервтердің ұштары норадреналин медиаторын бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормондары тәрізді әсер етеді.
Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық түрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады.
Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар; ә) минералкортикоидтар; б) адренокортикоидтар.
Глюкокортикоидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа өте белсенді гормон -- кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады.
Кортизол мен кортизон молекуласының С17 бөлігінде окси тобы болғандықтан, оларды 17-оксикортикостероидтар дейді. Глюкокортикоидтар зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер және лимфа ұлпаларында бұл гормонның әсерінен бірқатар ферменттердің, яғни трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. б. ферменттердің белсенділігі күшейеді.
Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпаларда, әсіресе ет ұлпасында, белоктың ыдырауы күшейеді. Қандағы амин қышқылдарының және несептегі азоттың мөлшері көбейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. аталған әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы ұлғайып, өсуі нашарлайды.
Глюкокортикостероидтардың майдың алмасуына әсерінен ұлпадағы май ыдырап, май қышқылдары бауырға огеді. Бұл гормондар көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Олар бауырдағы гликонеогенезді (грек. гликос - тәтті + нео жаңа + генезис - тек, болмыс, пайда болу) күшейтеді. Гондықтан гипергликемия, тіпті глюкөзурия (несепте канттың болуы) пайда болуы мүмкін. Бұл топтағы гормондардың әсерінен бауырдан басқа барлық мүшелердегі клеткалық мембраналардың глюкөзаны өткізу кабілеті төмендейді. Ал бауырда, керісінше, глюкөза мен амин қышқылдарын өткізу аздап артады.
Глюкокортикоидтардың қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыруға, иммунодепрессивтік (лат. иммунотатис - бірдеңеден босау, қүтылу + депрессия - басу, тежеу) әсерлерінің маңызы мүлде ерекше. Олардың мұндай қабілеттері клеткалық мембрананың өткізгіштігі төмендеуіне, клеткалардан және басқа құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антителолардың түзілуін төмендетуге, антиген мен антителоның реакциясын тежеуіне, дәнекер ұлпадағы коллаген мен мукөполисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.
Глюкокортикоидтардың әсерінен белоктың ыдырауынан пайда болған заттардан көмірсутекті заттар түзіледі, бұл әсіресе лимфа ұлпаларында күшті болады. Аз мөлшерде глюкокортикоидтар басқа гормондардың әсерін күшейтеді. Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы гипофиздің кортикотропин гормонымен реттеледі.
Канадалық зерттеуші ғалым Г. Селье алғаш рет бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге түрлі қауырт жағдайларда өте қажет екенін көрсетті. Адамның қатты күйзелісі кезіндегі тітіркендіргіштерді ол стрессор (ағыл. стресс - қатты күйзелу, абыржу, қауырт жағдай) деп атады. Бүйрек үсті бездерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz