Өт қабының және өт шығару жолдарының гистологиясы



Морфологиялық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Өт қабының және өт шығару жолдарының гистологиясы
Орындаған: Аралбай Арайлым
Тобы: 210 “А” ЖМ
Қабылдаған: Кожамкулова П. Р.
Шымкент 2018 ж.
Жоспар
Кіріспе
1) Өт гистологиясы
Негізгі бөлім
2) Өт шығару жолдары
3) Өт қапшығы
4) Өт қабының жасқа сай ерекшеліктері
5) Ас қорытудағы өттің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өт(bіlіs, fel) - мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп отырады, ол асқабылдау мерзіміне сәйкес келеді. Организмдегі өт, бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығызд. - 1, 010 - 1, 015, рН - 7, 4 - 8, 0, ақшыл-сары түсті. Өт қапшығыөтінің құрамындағы негізгі заттардың (өт қышқылы тұздары, пигменттер, холестерин, майлы қышқылдар, аниондар, катиондар) тығызд. бауыр өтімен салыстырғанда 5 - 10 есе жоғары болады. Қара-қоңыр түсті, қою, тұтқыр болып келеді. Өт түзу қалыпты бауыр клеткаларының (гепатоциттер) суды, өт қышқылдарын, билирубинді өт түтікшелеріне бөлуден басталады. Өт ішектегі өт майларының ыдырауына, бөлшектенуі мен сорылуына қажет. Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады, яғни, алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі. Ішекке қапшық өтінің түсуі гормондық заттармен (секретин, холецистокинин) реттеледі, одан басқа, майлы заттар өт қапшығының жиырылуы мен босаңсуына себепші болады. Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 - 700 мл өт бөледі. Жануарлардың, әсіресе, ірі қара малдың өтінен алынған препараттар медицинада кеңінен қолданылады.
Өттің атқаратын қызметтері:
- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;
- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;
- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;
- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;
- ішектегі шіру процесін тоқтатады.
- Өтті қорға жинау
- Өттің сұйық құрамын сору арқылы өтті түзу
- Шырышты секрет бөлу
Негізгі бөлім
ӨТ шығару жолдары қабықшаларының тіндік құрамы
Бөлікаралық өт өзектері, қақпа көк тамыры және бауыр артериясы үштіктер түзейді.
Бөлікаралық өт өзектердің қабырғасы бір қабатты аласа призмалы, ал үлкен өзектерде жиекті биік призмалы эпителийден және болбыр дәнекер тінінің жұқа қабатынан тұрады. Өзектердің эпителий жасушаларының жоғарғы бөліктерінде өт құрамына кіретін заттар түйіршіктер немесе тамшылар түрінде жиі кездеседі. Осыған сүйеніп, бөлікаралық өт өзектері секреторлық қызмет атқарады деп болжайды.
Кілегейлі қабық бір қабатты биік призмалық эпителийден және дәнекер тіні жақсы жетілген меншікті қабаттан тұрады. Бұл өзектердің эпителиі үшін оның жасушаларына лизосомалар мен өт пигменттерінің қосындыларының болуы тән. Кейбіреулер мұны өзек эпителиінің резорбциялық, яғни сіңіру қызметінің дәлелі деп санайды. Эпителийде бокал тәрізді жасушалар кездеседі, олардың саны өт жолдары ауруларында тез өседі. Өт өзектерінің меншікті қабаты бойлай және айнала орналасқан эластикалық талшықтарға бай болуымен ерекшеленеді. Онда аздаған мөлшерде кілегей бездері бар.
Ет қабығы жұқа, араларында көп дәнекер тіні бар, бірыңгай салалы ет шоғырлары шиыршықты орналасады. Ет қабығы өзектердің белгілі бір аймақтарында өт өзегінің өт қабына және жалпы өт өзегінің ұлтабарға ауысқан қабырғасында жақсы білінеді. Бұл жерлерде бірыңгай салалы ет жасушаларының шоғырлары негізінен айнымалы болып орналасады. Олар өттің ішіктерге құйылуын реттейтін сфинктілерді құрайды.
Бауырдан шыққан өт өт қапшығында жиналады. Өт қапшығының өзінде өт жасалмайды. Бауырдан келген сұйық күйіндегі өт, қапшықта ұзақ сақталғандықтан, сұйықтық қайта сорылады да өт қоюланады. Тағам майлы болған кезде өт қапшығы өтті ұлтабарға өткізіп жібереді. Өйткені майдың үлкен түйіршіктерін өт бөлшектеп, ыдыратып, ферменттерге даярлап береді
Өт қабының ет қабығы айнымалы бағытта тор түрінде орналасқан, бірыңғай салалы ет жасушаларының шоғырларынан тұрады. Қап мойыны аймағында ет жасушаларының айнымалы шоғырлары жақсы жетілген. Олар өт өзегінің ет қабатымен бірігіп, сфинктерді құрайды. Ет жасушаларының шоғырларының арасында әрқашан болбыр дәнекер тінінің айқын жетілген қабаттары болады.
Өт қабының адвентициальды қабықғы тығыз талшықты дәнекер тінінен тұрады. Онда көптеген жуан эластикалық талшықтар түзейді
Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар - гормондар мен дәрумендер.
Өт қапшығы- қабырғасы 1, 5-2мм, сыйымдылығы 40-70 болып келген қапшық қабырғасында үш қабығы бар. Кілегейлі қабығының меншікті пластинкасында алвелоларлы-түтікшелі бездер бар. Ет қабығы тегіс салалы миоциттерден тұрады, сыртқы адвентициялы қабығы тығыс талшықты дәнекер тіннен тұрады.
Өт қабының қызметтері
Өттің депосы (өт жиналады)
Өттің құрамындағы сұықтықты сорып концентрациясын реттейді
Шырышты бөледі
Өт жолдарының бітелуінен (ісік, тастардың пайда болуы)
Өт сұйықтығын бауыр ажыратады, өт сұйықтығыкобынше майлы тағамдарды қорытуға көмектеседі. өт ауруының пайда болуы көбіншебәуір қызметының жақсы болмауы, өт жолы тосылуы, асқазан, ішек жараларынан өтсұйықтығының құйылуы ( тамуы) баяулаынан болады. кейде лайықты азықтанбаудан, калтситүздарінің өт жолында немесе өт қалтасында тұнба пайда болуы арқылы біртіндеп қатты түйіршіктерге айналып, қатты форма қалыптастырады. бұл біз айтып жүргенөтке тас байлану ауруы болып табылады. өт жолы ауруларын қазақ емшілгінде «запыран» деп атайды. өт жолы ауруы, ас қорыту жолдарының ауруларына ұқсапкетеды. өт жолында ауру пайда болғанда көбінше адамның жүрегі айниды, құсады, басы ауырады, оң жақ қабырға әсті жанеөң жақ жауырын асты қатты ауырады, шұғыл қозғалғанда құсады немесе іші өтеді. бұл көбінше майлы тағамдарды қорыта алмаудан, ішек бүйірлері майды сіңіре әлмауінан әрі асқазан бүйірлеріндегі нерв тамырларының тамақты сңіре алмауынан болады.
Кейбір адамдарда өт тастарының түзілуінің жоғары қаупі болады:
Әйелдер ерлерге қарағанда өт тасындағы тастардың түзілуіне бейімірек болады. Эстрогеннің көптігі өттегі холестерин деңгейінің артуына және өт қабының жиырылуының азаюына ықпал етуі мүмкін, нәтижесінде, өт тастарының түзілуіне алғы шарттар пайда болады. Әйелдерде эстрогеннің көптігі жүктілік кезінде, гормондық алмастыру емдеуінде немесе ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдауда пайда болуы мүмкін.
Өт қабындағы тастардың түзілуіне 40 жастан асқан адамдар бейім келеді.
Отбасылық өт тас ауруының тарихы болуында өт қабында тастың пайда болу қаупі жоғары болады.
Жас сәбилердің өт қапшығы
1. Нәрестенің өт қапшығының ұзындығы - 3-4 см, ұршық немесе цилиндр пішінді болып бауыр ұяшығында орналасады. Өт қапшы-ғынан шыққан өт жолдары арқылы өт, жіңішке ішектің алғашқы бөлімі ұлтабарға құяды.
2. Бауырдан шыққан өт өт қапшығында жиналады. Өт қапшығының өзінде өт жасалмайды. Бауырдан келген сұйық күйіндегі өт, қапшықта ұзақ сақталғандықтан, сұйықтық қайта сорылады да өт қоюланады. Тағам майлы болған кезде өт қапшығы өтті ұлтабарға өткізіп жібереді. Өйткені майдың үлкен түйіршіктерін өт бөлшектеп, ыдыратып, ферменттерге даярлап береді.
3. Өт қапшығы нәрестеде 10-12 жаста екі еседей ұзарады. Нәрестенің өт қапшығы ұлтабар, шажырқай шумағына және көлденең жиек ішектің иініне дейін жетіп жатады.
Өт аурулары
Өтке қатысты мынадайауру түрлері бар:
Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т. б.
Өт сұйықтығы
Өт қабының жасқа сай ерекшеліктері
Жаңа туылған баланың денесінің орталық жазықтығы өт қабы-жазықтығымен үшкір бұрыш құрайды, ал ересек аадамдарда ол параллель жатады. Жас ұлғайған сайын бауыр жасушаларында жасушаларды қоңыр түске бояйтын липофуссиннің мөлшері көбейеді. Бөлінетін жасушалардың саны тез азаяды. Бауыр жасушаларының ядролары көлемі жағынан қалыптан тыс ұлғайып, ондағы ДНҚ - ның мөлшері артады және гиперхроматоз байқалады. Қартайған шақта бауыр бөліктерінің арасында дәнекер тінінің өсуі білінеді.
Ас қорытудағы өттің қызметі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz