Биостатистикадағы деректер типі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
аҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Биостатистикадағы деректер типі

Орындаған: Аралбай Арайлым
Тобы: 210 А ЖМ
Қабылдаған: Мауленова Ақмарал Айтбековна

Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
oo Биостатистикадағы деректер және олардың түрлері
oo Цензурирленген деректер
oo Деректерді алдын-ала талдау
oo Деректердің графиктік түрде кескінделуі
oo III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Шымкент 2017ж.
I.Кіріспе
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты деректер жинау және олардың көмегімен зерттеу жұмысының қандай да бір саласына қатысты шынайы ақпарат алу. Деректер жинағындағы әрбір нысанға тән белгілерді немесе қасиеттерді анықтайьын айнымалылар терминімен анықталады.
II.Негізгі бөлім
Қарастырылатын айнымалылар санына қарай деректер жинағы бір өлшемді, екі өлшемді және көп өлшемді болуы мүмкін.
Бір өлшемді(бір айнымалы) деректер жинағы әрбір нысан үшін тіркелген тек бір ғана белгі жөніндегі ақпараттан тұрады. МЫсалы, тек қана бойдың ұзындығы бойынша тіркелген ақпараттар.
Екі өлшемді(екі айнымалы) деректер жинағы нысандардың әрқайсысы үшін тіркелген екі белгі жөніндегі ақпараттардан тұрады. Мысалы, бойдың ұзындығы және дене салмағы жөніндегі ақпараттар.
Көп өлшемді(көп айнымалылар)деректер жиынтығы әр нысан үшін тіркелген үш немесе оданда көп белгілер жөніндегі ақпараттардан тұрады. Мысалы, бойдың ұзындығы, дене салмағы және систолалық қан қысымы сияқты ақпараттар.
Нақты бір жағдай үшін қандай статистикалық әдісті қолдану қажеттілігін шешпей тұрып, біз әрбір айнымалының деректердің қай түріне жататындығын алдын-ала анықтап алуымыз керек.
Деректер сандық және сапалық болып 2 түрге бөлінеді.
Сапалық деректер- жиынтықтағы әрбір нысанға тән белгілі бір сапаны сипаттайды. Сол сапалық белгілердің өзі номинальды(категориальды) және реттік (ординальды) деп 2ге бөлінеді.
*Номинальды(nominal) немесе категориальды (categorical) деректер. Деректердің бұл түрін өлшеуге немесе мәндері бойынша реттеуге болмайды, олардың тек атаулары бар, оларға арифметикалық амалдар қолдануға болмайды. Мысалы: қан тобы, көздің түсі, диагноз.
Реттік(ординальды, рангілік)(ordinal date) деректер. Деректер қиылыспайтын категорияларға жатады. Номинальды деректердің тек қана екі қиылыспайтын категориядан тұратын түрін бинарлы немесе дихотомиялық деректер деп атайды. Мысалы: иәжоқ, пациент ауру пациент сау,10.
Сандық деректер(numerical or interval date)- мәндері санмен өрнектелген айнымалылар. Сандық деректер 2 түрге бөлінеді: дискретті және үздіксіз.
Дискретті сандық деректер (discrete data)
Деректер тек қана белгілі бір анықталған сандық мәндер (көбіне оқиғалар саны саналады) қабылдайды, әдетте олар бүтін сандар болады. Олардың маңызды. Мысалы: балалар саны, пациенттің саны, тамыр соғуыны саны. Деректер-әрқашан санау нәтижесі болып табылады.
Үздіксіз сандық деректер. Деректер берілген диапозондағы кез-келген сандық мәнді қабылдай алады. Мәндер саны шексіз, мәндер өлшеу дәлдігіне байланысты бөлшек құрамдас болуы мүмкін. Үтірден кейінгі бөлшек құрамындағы таңбалар саны өлшеу әдісінің дәлдігіне байланысты. Мысалы, дене салмағын килограммға дейін дәлдікпен немесе микрограммға дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Үздіксіз сандық деректер өлшеу нәтижесінде алынады.

Туындаған(екіншілей) деректер
Медицина саласында деректер кейбір басқа түрлерін де кездестіруге болады:
Пайыздар. Олар емдеу кезінде аурулардың жағдайын бағалау барысында тууы мүмкін, мысалы, жаңа препаратпен емдегеннен кейін аурулардың жағдайы 25% жақсарады.Бұл жағдайда пайыздар пациенттің жағдайы жөніндегі абсолютті деректер емес, тек оның жақсару дәрежесін бейнелейді.
Пропорциялар немесе қатынастар. Пропорция немесе қатынастың екі нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, симптоиның бар болуы немесе болмауы, емдеудегі жетістік немес сәтсіздік.
Қарқындылық, үдемелік. Ауру - сырқаулықтың салыстырмалы жиілігі, ауру-сырқаулықтың санын қарастырып отырған кезеңнің ұзақтығына бөлгендегі бөлінді, бұл деректер эпидимиологиялық зерттеулерде қолданылады.
Таңбалар, бағалар. Ерікті деректер, мөлшерді өлшеу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Мысалы, өмір сапасын бағалауға арналған сауалнамаларға талдау жасау. Мұндай айнымалыларды зерттеу жұмыстарының көп жағдайында үздіксіқ айнымалылар ретінде қарастыруға болады.
Цензурирленген деректер(censored). Цензурирленген деректер зерттеушілер тобындағы кейбір аурулар әртүрлі себептерге байланысты(мысалы, өлім немесе басқа жаққа кетіп қалу) бақылаудан осы зерттеу жұмысы аяқталғанға дейін шығып қалған жағдайларда пайда болады. Мұндай деректер басқа себептерден де пайда болуы мүмкін. Мысалы, егер лабораториялық өлшеу қандай да бір параметрдің мәнін тек қна таба алатын құрал арқылы жүргізілсе, онда бұл деңгейден төмен кез-келген шама табылмайды. Мәселен, мөлшері өлшеу шегінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер қорын басқару
Деректер қоры
Microsoft Access программасы
Деректер қорының жіктелуі
Visual Basic 6 жобалау ортасы
Oracle МББЖ операциялары
Деректер базасын жобалау
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі
ДББЖ MS SQL Server 2012 құралдарымен деректер базаларын құру және ДБ-мен жұмыс үшін клиенттік қосымшаны құру
Деректер базасын басқару жүйесінің теориясы
Пәндер