Иммунитет.Иммунитет түрлері



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИ
Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:Иммунитет.Иммунитет түрлері

Орындаған: Аралбай Арайлым
Тобы: 210 А ЖМ
Қабылдаған: Оразбаева Ж.Т

Шымкент 2017
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Иммунитет
Иммунитет түрлері
Қорғаушы заттар, антиденелер
Иммундық жүйенің ерекше қызметтері мен қасиеттері
Организмді қорғау механизмдері
Фагоцитоз процесі
Иммунды-микробиологиялық әдістер
Вакциналар
Иммунитет төмендегенде пайда болатын аурулар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Иммунитет (латынша іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік -- организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы ауруларқоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет - көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.

Әрине бүндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, івирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы түра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өз ара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштьиқ қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды қүртатын және улы заттардың уытын жойып ыдырататын қабілеті күшейеді.. Иммунитет түзілуде бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бүнда басқарушы және бағыттаушы -- орталық нерв жүйесі. Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв системасының ұштары арқылы сарысу гамма-глобулиндерін түзетін тиісті органдарға әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антителалар бөле-ді. Осында клетка ішінде кандай іпроцестер орын алатыны жөнінде толық мағлүмат жоқ.
Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады. Сонымен бірге иммунитөттің организмде жақсы түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің, фосфор және кальций түздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан зиянды әсерлерге қарсы ікүресуде арнаулы шаралармен қатар (вакциналар егу т. б.) малдарды және адамдарды толық бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет деген қорытынды шығаруға болады. Жалпы иммунитеттің бірнеше түрлерін ажыратады. Оны мына схемадан көруге болады:

Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет -- адамдар және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол түқым қуалайды. Бұдан мүйізді ірі қара малдың -- жылқының маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен ауырмауы мысал бола алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше зиянды әсерге қарсы әсер ете алады.
Жасанды иммунитет адам мен жануарларда жұқпалы аурулар-дың әсерінен пайда болады және оны та,биғи -жағдайда қабылдаған ммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде (егу, вакцина, сарысу енгі-зу) лайда болса, оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Бұнда организмдегі түзілген иммунитет зиянды микробтың бір ғана түріне арналады.
Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше үзақ болады. Ал кейбір ауруларға іқарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталыл қалады. Мәселеқадамдар шешөк, обамен бір рет ауырса, екінші рет ауырмайды. Тіршілік барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп өкіге бөлуге болады. Бүнда организм зиянды әсерге әзі иммунитет қүрайды. Жасанды жолмен құралған актив иммунитет түрақсыздау. Мәселен, паратифке қарсы бұзауларда жасалған иммунитет тек 6 ай бойына ғана сақталады. Сибирь жарасына қарсы жасалған иммунитет тек бірақ жылға жетеді. Актив иммунитет организмге вакцина енгізіл-геинен кейін 2 -- 10 күн еткен соң түзіледі. Ал пассив, сарысу имму-витеті организмге дайын қорғаныш заттарды енгізгенде түзіледі. Түрлі аурулармен ауырған организмнің сарысуында осы ауруға қарсы иммунитет күраушы заттар пайда болады. Оларды арнаулы фабрикада өндіреді. Бүл үшін малдарға ауру қоздырғыш микроб-тардан жасалған вакцинаны енгізеді. Сонда сол малдар қанының сары суында қорғаныш заттар -- антителалар түзіледі. Осындай сарысуды алып, басқа малдарға енгізгенде оларда осы ауруға қарсы тұра алатындық иммунитет түзіледі, бірақ бүл түрақсыз иммунитет, оның үзақтығы 2 -- 3 жүма-ақ.
Табиғи пассив иммунитет организмге, оның әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе жатыр арқылы беріледі.
Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 - 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни "бүйірлі тізбек теориясын" ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 - 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.

Қорғаушы заттар, антиденелер
Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар - фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар - антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.
Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу
Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады. Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцинаегуден кейін пайда болса - белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса - енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 - 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган - орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны - иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде - вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 - 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні - бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әртүрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі - организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.

Иммундық жүйенің ерекше қызметі -- ағзадағы зиянды микробтар мен вирустарды алдымен оқшаулап, содан кейін жояды. Өкінішке орай, үнемі ағзаға осындай заттар түсе берсе, күресе - күресе иммундық жүйе әлсірейді.
Иммунитет тапшылығы ең алдымен тыныс алу мүшелерінің тұмау тәріздес ауруларымен, терінің микробтық, саңырауқұлақтық, вирустық аурулармен жиі ауыру, дер кезінде жазылмау, асқынулар кезінде байқалады.
Ал балалар ересектерге қарағанда жиірек ауырады, оның себебі иммундық жүйе толық қалыптасып үлгермегендіктен.
Иммундық жүйенің ерекше қызметі:
* организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;
* организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;
* организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;
* ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;
* басқа қызметтер атқарады.
Иммундық жүйенің қасиеттері:
1. жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.
2. организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.
Өте сирек кездесетін құбылыс - иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.
Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.
Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

Иммундық жүйенің жасушалары:
* лимфоциттер,
* фагоциттер,
* базофилдер,
* бағана жасушалар,
* тромбоциттер,
* басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.
Иммунологиялық реактивтіліктің 6 спецификалық реакциясы белгілі.
1. Антидене өндіру.
2. Жылдам дамитын гиперсезімталдық.
3. Баяу дамитын гиперсезімталдық.
4. Иммундық ес.
5. Иммундық толлеранттылық.
6. Идиотип-антиидиотиптік әсер.
Иммунды жауап лимфоидты жүйе иммунитет жүйесімен қамтамасыз етіледі.Лимфоидты жүйеде орталық және шеткері мүшелер ерекшеленді.Орталық мүшелерге сүйек кемігімен тимус жатады.Ал шеткері мүшелерге көк бауыр,лимфа түйіні,ішектің пейер табақшалары,аппендикс,бадамшалар,ба сқа лимфоидты түзілістер жатады.Антидене өндірілу және сенсибилирзерленген лимфоциттер жиыны шеткері мүшелерде жүреді.Олардың дамуы және функционерленуі орталық мүшелерге тәуелді.Иммунды реакцияларды қамтамасыз ететін жасушалар жалпы түрде иммуноциттер немесе иммунокомпетентті жасушалар деп аталады.1969ж И.Роид иммунологиялық әдебиетке Т және В символдарын енгізді.Тимус тәуелді жүйе эффекторлы лимфоциттердің жиналуымен жасушалы типтің иммунды жауапты жүргізеді.Бұл жүйе гуморалды иммунитет жауабына жауапты болады.Т-жүйе В-жүйенің жұмысын бақылайды.
Адамдарда иммунитеттің екі жасушалық иммунитет жүйесінің болуының дәлелі туа пайда болған иммунологиялық жетіспеушілік болады.Бұл генетикалық қамтамасызданған даму ақаулары біріншілік иммунодефицит деп аталады.
Иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеу үшін дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттер-ден аулақ болу керек. Айта кететін маңызды жағдай дұрыс тамақтануға қатысты. Ол дегеніміз тек қана дер кезінде тамақтанып тұру емес, сол тағамның құнарлылығы. Тағамдардың құнарлылығы табиғи түрлерінде ғана толықтау болады. Малдың сүті мен еті, соның ішінде шұбат, қымыз, айран, балықта, жемістер мен көкөністерде нәруыздар мен дәрумендердің және минералды заттардың қажетті көлемі бар. Осындай тағамдарды араластырып қолдану пайдалы. Ал үнемі біркелкі тамақтану кейбір дәрумендер мен минералды заттар жетіспеушілігіне байланысты, иммундық жүйе жұмысының тапшылығына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар дене шынықтыру, жұмыс пен демалыс ретін сақтау өте маңызды.

Иммундық жүйе орталық және шеткі органдардан тұрады. Иммундық жүйенің құрамына төс астындағы сырт пішіні айыр тәрізді болып келетін тимус, қарын астында орналасқан көк бауыр, жілік майы, ішектерді жағалай орналасқан лимфалық түйіндер және аппендикс жатады. Бұл органдар денеге таралып сөл (лимфа) тамырлары арқылы организмнің барлық мүшелерін қамтып жатады.

Көптеген елдердегі зерттеулер жұмыстары нәтижесінде, иммундық жүйенің бұзылуының дәрежесі мен деңгейін анықтай келе кең көлемде кешенді иммунотропты препараттар жасап шығарылды. Ауруларды емдегенде және иммунодефициттің алдын алғанда қойылатын басты мақсат бұл базалық терапия мен рациональді иммунокоррекцияның үйлесімділігі. Қазіргі таңда иммунофармакологияның негізгі міндеті болып қолданғанда қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа препараттар жасап шығару болып табылады.

Организмді қорғау механизмдерімен факторлары екі топқа бөлінеді:
1.Туа пайда болған қорғаныс факторлары немесе бейспецификалық төзімділік факторлары.
2.Индуцибельді қорғаныс факторлары - белгілі бір инфекциялық агентке немесе бөгделі қасиеттері бар басқа субстраттарға иммундық жүйені спецификалық реакциялары.
Иммундық жүйе - организмнің жасушалық - генетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ағзалардың, тіндердің, жасушалардың жиынтығы. Иммундық жүйе орталық және шалғайлық ағзалардан тұрады.
Қан элементтерінің барлығына ортақ, лимфойдты жасушалардың бастаушысы - сүйек кемігінің бағаналы жасушалары болып табылады. Антенаталдық және бастапқы постнаталдық кезеңде осы жасушалардың бір бөлігі тимусқа түсіп жетілу кезеңінен өтеді де, натигеннің әсеріне арнайы жауап беру қабілетіне ие болады. Бұндай жасушалар тимус - тәуелді немесе Т- жасушалар деп аталады. Иммуналогиялық функциясы бойынша Т жасушалар бікелкі емес. Иммунологиялық функциясы бойынша Т - жасушалар біркелкі емес. Олардың кейбіреулері баяу типтегі жоғары сезімталдық жауабын беретін заттарды өндіреді. В - жасушалардың және Т - жасушаларының кейбір популяциясының жұмысын күшейтетін Т - жасушалар да бар. Бөгде антигендерді өзінше жоюға қатысады және де кейбір Т - жасушалар жоғары сезіталдықтың баяу түрін туғызуға қатысады, ал басқа түрінің иммунологиялық есте сақтау қабілеттілігі бар.
Т лимфоциттердің активациясына макрофагтардан екі хабар қажет.
Бірінші хабар - Аr тану, екінші хабар және секреция - ИЛ - 1. ИЛ - 1 Т - жасушалардың активациясын ұстап тұратын, басқа интерлейкиндермен бірлесіп ИЛ - 2 синтезделуіне жағдай жасайды. Жасушалардың біразы біріншілік дифференциацияны құстарда Фабрициус қалташасы - ішектің лимфоидты тіндерінен алады. Бұлар В - лимфоцидтер.Т - хелперлер - В және Т жасушалардың кейбір субпопулясының жұмысын күшейтеді.Т - супрессорлар - В және Т жасушалардың дер кезінде жұмысын басып отырады. Т - киллерлер - антигендерді жоюға қатысады, жоғарғы сезімталдықтың баяу түрін туғызуға қатысады, иммунологиялық есте сақтау қызметін атқарады. Ондай жасушаларға ұзақ өмір сүретін және антигендермен қайталап жанасқанда жылдам және жоғарғы деңгейде антидене түзейтін лимфоциттер жатады.
Иммундық жүйенің жасушаларын лимфоциттерге, макрофактарға, дендритті жасушалар және жасушалардың үшінші популяциясына бөледі.

Лимфоциттер - антигеннің әсерінен спецификалық және бейспецификалық реакциялармен жауап беретін негізгі иммунды - компетентті жасушалар. Организмде лимфоциттер лимфа тіндерінің жиналған аймақтарының арасында үнемі айналымда болады. Сәулелі микроскопта олардың морфологиялары біркелкі болады, бірақ олардың ультра құрылымы, қызметтері, беткейлік-жасушалық маркерлары, жеке - дара дамулары, және тағдырлары әртүрлі. Лимоцитерге тән қасиет "өзінікін" "бөгдеден" ажырата алу қабілеттілігі, ол иммундық жауаптың бастапқы нүктесі, одан кейін бөгде заттардың деструкциясы мен эллиминациясына жағдай жасайтын механизмдердің қатары түзіледі.
В - лшимфоциттердің негізгі қызметі гумморальды иммунды реакцияларға қатысу.
В - лимфоциттердің бетінде антигендерді танып, іріктейтін иммунды - глобулиндері болады. Танылған антигеннің әсерінен В - лимфоциттер плазмалық жасушаларға айналып, спецификалық антиденелер - иммунды глобулиндер түзеді. Ол Т және В жасушалардың өзара әсер етуі нәтижесінде атқарылады. Т жасушалардың В жасушаларға ынталандырушы әсері әртүлі жолдармен жүзеге асады. Белсенділігі күшейген Т - лимфоциттер В жасушаларға әсер ететін заттар бөліп шығарады. Антиденелер түзуге Т және В лимфоциттерден басқа А жасушалардың қатысуымен жүзеге асырылады, оларға қан моноциттерімен тіндік фагоциттік жасушалар жатады. Мұндай макрофагтар организмнің барлық жерінде кеңінен таралады. Олардың негізгі қызметтері - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунитет. Иммунитет түрлері жайлы
Инфекциялық иммунология негіздері.
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Иммунитет туралы түсінік
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Пропердин - комплемент жүйесін альтернативті жолмен белсендіретін ақуыз
Малдардың өнімінің сапасын арттыру
Жануарларды иммундеу әдістері
Иммунитеттің әлсіреу себептері
Пәндер