Иіс сезу талдағыштары. Иістердің жіктелуі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Иіс сезу талдағыштары. Иістердің жіктелуі

Орындаған: Аралбай Арайлым
Тобы: 210"А" ЖМ
Қабылдаған: Оразбаева Ж.Т

Шымкент 2018

Жоспар:
I .Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Талдағыштарға жалпы шолу
Иіс талдағыштары
Иіс сезу механизмі
Иіс сезу типтері
Иіс талдағыштарының адаптациясы
Иіс сезімталдығының аурулары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Иіс сезу мүшелері - адамның және жануарлардың иіс қабылдайтын органы. Иіс сезу мүшелері иіс сезу шұңқыршасын жауып жатқан иіс сезу клеткаларынан тұрады. Омыртқасыз жануарлардаиіс сезу мүшелері эктодермадан дамиды және олардың әр жерінде жеке не топтанған клетка түрінде болады. Кейбір буынаяқтыларда шоғырланған ұзын не қысқа талшықтары бар көп клеткалы өсінді түрінде болады. Мысалы, иіс сезімі жақсы дамыған бал арасының әрбір мұртша буынында 15 мыңдай сезім түйіні болса, иіс сезімінен гөрі көзі жақсы дамыған инелікте ол 10 - 12 ғана болады. Омыртқалы жануарлар мен адамдарда мұрын қуысының (иіс сезу шұңқыршасының) кеңейіп, тереңдеуіне байланысты Иіс сезу мүшелері одан әрі жетіле түседі. Бұлайша күрделену - иіс сезуі өте күшті дамыған жануарларда (макросоматиктерде) - жыртқыштарда, кемірушілерде, тұяқтыларда ең жоғары дәрежеге жетеді. Керісінше иіс сезуі нашар дамыған (микросоматик) жануарларда, мысалы, ескекаяқтылар, тіссіз киттер, т.б. иіс сезу мүшелері біршама жетілмеген (редукцияланған). Кейбір жануарлардың иіс сезу мүшелері болмайды (аносоматиктер). Оларға дельфиндер жатады. Адамдарда Иіс сезу мүшелері мұрын қуысының жоғарғы бөлімінде, яғни жоғарғы мұрын қалқаны мен мұрын қалқасының жоғасыр бөлігінде орналасқан. Заттардың иісі ауамен бірге мұрын қуысына еніп, иіс сезу мүшелерінің иіс сезетін, жүйке клеткаларынан түзілген рецепторларда қабылданады. Бұл клеткалардың орт. өсінділері бассүйектің тор сүйегі арқылы миға өтетін 15 - 20 иіс сезу жүйкелерін құрайды. Мидың ілгек деп аталатын бөлігінде иіс сезу мүшелерінің (анализаторының) орталығы орналасқан. Осы орталықта әр түрлі иістер саналы түрде қабылданады.
Иіс сезу талдағыштары адам мен жануарларда дистанттық рецепторлармен байланысты. Ол қоршаған ортадағы биологиялық маңызды химиялық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл ең ерте дамып жетілген анализаторлардың бірі. Иіс сезу анализаторларының даму деңгейіне қарай жануарлар екі топқа бөлінеді: макросматиктер және микросматиктер. Макросматиктерге иіс анализаторы жақсы дамыған сүтқоректілер жатады, Иіс сезу анализаторы китте, маймылда, адамда нашар дамыған олар микросматиктер. Иіс сезу анализаторының шеткі бөлімі мұрын қуысында кеңсіріктің жоғарғы жолында иіс сезу аумағы болып табылады. Омыртқалы жануарларда иіс сезу эпителийдің қалыңдығы 30-дан 200 мкм-ге дейін жетеді.
Ол рецепторлық, сүйеніш және негіздік болып бөлінетін үш түрлі торшалардан құралады. Сүйеніш торшаларының апикальдық ұшы тармақтанып, айырланып жатады. Ал, негіздік торшалар еш уақытта эпителий қабатының бетіне шықпайды. Иіоік торшалар тікелей сезгіш торшалар қатарына жатады. Сүйеніш торшалары иіс сезу рецепторындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Негіздік торшадан рецепторлық немесе сүйеніш торшалар өсіп отырады. Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлардың иіс аймағында түкшелі рецепторлық торшалар иісті қабылдауды қамтамасыз етеді. Бастапқы хеморецепсия (химиялық заттар әсерін қабылдау) осы түкшелер мембранасында жүретін болу керек, себебі түкшелерді зақымдап бүлдіргенде хеморецепторлық қызмет бұзылған. Сонымен қатар иіске сезімтал торшалардың микротарамды түрі де болады. Олардың ұшында түкшелер болмайды, бірақ торшаның беткейлік өсіндісі қолдың саусақтары сияқты цитоплазмалық тарамдар түзеді. Осы құрылымды микротарамдар деп атайды. Микротарамдар қысқа болып келеді (3-5мкн) және оларда фибрилярлық аппарат (талшық) болмайды. Аталған иіс рецепторлары, немесе иіс торшалары, қос өрісті торша болып табылады. Құрылықтағы омыртқалылар мен су омыртқалаларының иіс торшаларының ультра құрылымының бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ. Құрлықтағы омыртқалыларда қосмекенділерден бастап сүтқоректілерге дейін, жоғарыда аталған рецепторлардың екі түрі де сақталған. Иіс сезу рецепторлары көптеген тгтіркендіргіштерді қабылдай алады, бірақ олардың бір затқа- орташа болады. Олардың әрекетін тежеп те тастайтын заттар кездеседі. Қазіргі кезге дейін иістің түрлері толық анықталмаған, жіктелмеген, сол себепті иісті көбінесе иіс шығаратын заттардың атымен атайды. Мысалы, жуа, раушан, сірке иістері. Х.Хеннинг иісті . иіс шығаратын заттардың химиялық құрылымына қарай жіктеген, Бірақ кейінірек әртүрлі құрылымды заттардың бірдей иіс шығаратыны аныкталған. ДЭймур иісгі жеті түрге бөлген. Олар камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, өткір және шірік иістер. Оның пікірінше камфора иісті затгардың молекуласы шар пішінді, жұпар иісті заттар молекуласы-диск пішіндес, эфир иісті заттар молекуласы-таяқша тәрізді келеді. Бірақ барлық иіс зат молекуласының пішініне сәйкес келе бермейді, молекулалардың электр зарядтарына да байланысты болса, заттың иіа өткір, ал теріс болса-шірік болады. Иіс жуашығының пішіні домалақ немесе сопақша болып келеді. Әр жуашықтың іші қуыс каналша болады. Иіс жуашығында топтасқан торшалар алты қабат болып орналасқан. Бірінші- фиброзды қабат иіс нейрондарынан құралады. Оның нерв талшықтар ұштары түрлі торшалар өсінділерімен синапс түзеді. Екінші қабат -- иіс жуашығы торшаларының дендриттері шумақ немесе гломеруладан тұрады. Митральды торшалар төртінші қабатты түзеді де, оның бір жагында сыртқы- үшінші, ал екінші жағында сыртқы-бесінші торлы қабаттар орналасады. Бесінші қабат та нерв торшалары өсінділерінің ұйысқан жері болып табылады. Алтыншы қабат дәнді торшалардың шоғырлануынан түзіледі. Сүтқоректі жануарларда иіс жуашығынан басталған торшалар алдынғы мидың құрылымдарына барады (иіс сезу томпешігіне, алдынғы иіс ядроларына, қыртыстық ядроға). Иісті қабылдау механизмін негіздеу мақсатында екі түрлі теория ұсынылған, Олар химиялық және физикалық теориялар. Химиялық теорияға сәйкес иісті қабылдау механизмнің негізінде иісті заттардың молекулаларының құрылысымен сипатталады. Физикалық теория иісті заттар молекуласының төменгі жиілікті тербелесінен туындайтын электромагниттік тербеліспен түсіндіріледі. Қазіргі кездегі иіс сезу механизмін тұсіндіретін теорияға сәйкес адекватты тітркендіргіштер молекуласы иіс торшаларының хеморецепторлық мембранасымен әрекеттеседі, Иіс торшаларында арнаулы белоктардан құралып, тітркендіргіш, молекуласымен, атомымен немесе иондармен жылдам әрекеттесетін белсенді рецептивтік орталық немесе бөлім болады. Хеморецепторлар беткейі кілегей қабатымен қапталған. Осы кілегей қабаты торшаның рецептивтік беткейінің тітркендіргіш молекуласының әсерін қабылдау мүмкіндігін реттеп отырады. Иісті қабылдау теориясына сәйкес процесі екі түрлі әрекеттесудің нәтижесінде жүреді. Иісті заттар молекуласының қабылдаушы учаскемен түйісуінің салдарынан пайда болған зарядты контакты түрде өткізу және зарядтарды беретін молекулалық кешендер түзу арқылы. Бұл кешендердің құрамына әруақьпта рецепторлар белоктарының молекулаларьі енеді. Олардың белсенді бөліктері электрондар доноры мен акцептор қызметін атқарады. Бұл теорияға сәйкес рецептивтік бөлікте иісті заттар молекулаларымен бірнеше жерден әрекеттеседі.
Анализатор, яғни талдағыш (сенсорлық жүйе) - ақпараттарды қабылдап, кодтап, өткізіп және ми қыртысында талдап құрастыратын күрделі морфофункциялық жүйе
oo Иіс сезу рецепторы шетте орналасқан (экстерорецепторлар) хеморецепторлар болып табылады. Сыртқы ортамен байланысу түрінен:
1. Дистанттық: иіс сезу
Иіс талдағышы туралы түсінік
Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан.
Ауданы=5-8см
Иіс беткей тіннің қалыңдығы=100-150мкм
Иіс қабылдағыштарының диаметрі=5-6мкм
Адамдарда иіс сезгіштердің саны=10-20млн
Әрбір қабылдағыш ұзындығы=10мкм
Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері=6-12
Иіс сезу анализаторы
● Иіс сезу рецепторы жүйесінен
● Иіс сезу жиынтығынан
● Иіс сезу орталығынан
ИІС СЕЗУ МЕХАНИЗМІ
Бұл сезімнің рецепторы иіс сезу мембранасында орналасқан,ол мұрынның тынысалу жолын қаптайды.Бұл мембранада иіс сезу жасушалары орналасқан,ол иіс
сезуге маманданған.Иіс сезу жасушалары ұзарған,олардың бос ұшында иіс сезу
кірпікшелері бар,мұрынның шырышты қабатында орналасқан.
ИІС СЕЗУ МЕХАНИЗМІ
Ауадағы ұшқыш молекулалар кірпікшелердің шекарасына жанасқанда жасушада нервті импульс п.б. n Басқа ұшынан иіс сезу клеткаларына жіңішке нерв тіндері жалғасады. n Одан үлкен ми жарты шарына хабар жеткізетін нервтер орналасқан.
Иіс сезу типтері
Хош иісті заттап бөлшектері кеңсіріктің кілегейлі қабықшасында орналасқан маманданған белоктармен әрекеттеседі. Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электор көрсеткішін электроольфактограмма деп атайды.Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда да пайда болып,бірнеше секундқа созылатын шайқалу Тербелісі 10мВ монофазалық теріс толқыннан тұрады.
Ауа неғұрлым таза болса,иіс талдағышының сезімталдығы соғұрлым жоғары болады. Иіс сезу мүшелерінде қозу тудыратынзаттың ең аз мөлшерін оның табалдырығы деп атайды. Иіс қоспалары әртүрлі түйсініледі.Кейде
бірнеше иіс қосылып,жаңа бір иіс түйсігін тудырады немесе әрбір иіс жеке қабылданып, тұтас сезім құрайды,не болмаса иіс түйсіктері кезектесіп алмасады.
Иіс түйсінудәң кең таралған қағидаларының бірі-стереохимиялық теория.Бұл теория бойынша,заттың иісі оның құрамындағы бөлшектердің мөлшері,пішіні және
көлемімен айқындалады. Бірнеше иістердің әсерінен оның қозған тежелген жерлерінің кеңістіктік өрнегі өзгереді. Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіш
талшықтары алмаспайды,яғни мидың қарсы mсыңарына ауыспайды.
Иіс сезудің маңызы
Иіс талдағышының маңызы өте зор.Адам бірнеше мың әртүрлі заттардың иісін ажырата алады. Иіс сезу қабілеті адамға қарағанда 3-4 есе артық болады.Иісті заттың бір молекуласы бір қабылдағышты қоздырады, ал бірнеше қабылдығыштағы қозу түйсік туғызады.
Иіс кірпікшелері
oo Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады
oo Бұл кірпікшелер иіс сезім мүшесінің қабылдау ауданын 50-60 есе өсіреді
oo Олар аңқыған иісті заттардың ауаға таралған бөлшектерін сезгіш келеді
oo Иіс кірпікшелері үнемі қозғалыста болып, аңқыған иісті заттардың молекулаларымен белсенді түрде жанасады
Электроольфактограмма
Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электр көрсеткішін электроольфактограмма деп атайды
Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда да пайда болып,бірнеше секундқа созылатын,шайқалу тербелісі 10 мв монофазалық (көбінесе) теріс толқыннан тұрады
Кейде баяу толқындардың үстіне көптеген талдағыштардан шығатын лайықты (синхронды)серпініс шоқтары қабаттасады
Жеке қабылдағыштардың серпініс жиілігі тітіркендіргіштің сапасына және қарқынына сәйкес өзгереді
Иіс жүйесі жеке зат қабылдауға арналған әралуан түрлі қабылдағыштардан тұрады
Олардың мембранасы бетінде белгілі пішінді ойыс жерлері болады
Егер олардың пішіні иісті зат молекуласының белгілі пішініне (кілт пен құлып сияқты) сәйкес келсе ғана иіс түйсігі туады
Оcыған сәйкес иістің бастапқы бірнеше(камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, сасық иіс) түрін жіктейді.Олардың нақтылы қабылдағыштармен әрекеттесуі потенциал тудырады
Иіс талдағыштарының адаптациясы
Иіс ұзақ әсер еткенде оған қабылдағыштардың бейімделетіндігін бақылауға болады
Талдағыштар көптеген исті заттарға толық бейімделеді,яғни оларға иіс түйсігі жойылады
Бірқатар заттарға талдағыштар баяу және ішінара ғана бейімделеді
Кейбір жағдайларда бұл тек бір затқа емес,бірнеше ұқсас әртекті иістерге де байқалады(гетерогендік бейімделіс)
Ол иісті заттардың мөлшеріне және иіс сезу жолдарынан өтетін ауа толынының жылдамдығына тәуелді келеді
Иіс сезімталдығының аурулары
Гипосмия- иіс сезудегі сезімталдықтың төмендеуі
Аносмия- иіс сезудегі сезімталдықтың жойылуы
Паросмия -иісті теріс түйсіну
Иллюзия- белгілі бір иіс тітіркендіргіштері болмаған жағдайдағы жалған түйсік
Галюцинация- елестеушіліктің пайда болуы
Иіс сезу талдағыштары адам мен жануарларда дистанттық рецепторлармен байланысты. Ол қоршаған ортадағы биологиялық маңызды химиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иіс сезу типтері
Түйсіктің түрлері
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Дәм және иіс сезімдерінің контрасттары
Түйсік туралы ақпарат
Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары
Дәм сезу рецепциясының механизмі. Иіс сезу, дәм сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі
Түйсіктің жалпы заңдылықтары
Түйсіну мен қабылдаудың қасиеттері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер