Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктер,вакциналар,моноклинальді антиденешіктер және т.б биотехнологиясы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы : Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктер,вакциналар,моноклинал ьді антиденешіктер және т.б биотехнологиясы

Орындаған: Аралбай А.
Тобы: 110 "А" ЖМ
Қабылдаған: Жазықбаева Г.

Шымкент 2017
Жоспары:
I. Кіріспе
1) Фармацевтикалық биотехнология
II. Негізгі бөлім
2) Антибиотиктер биотехнологиясы
3) Вакциналар биотехнологиясы
4) Моноклинальді антиденешіктер биотехнологиясы
III. Қорытынды
5) Антидене мен антигеннің әрекеттесуі
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Биотехнология - әртүрлі өнімдердің өндіріс мәселелерін шешу, энергияның өзге көздерін табу, биологиялық белсенді заттар мен антибиотиктердің синтезін жасау, қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу сияқты міндеттемелерді қамтыған ғылыми сала. Бұл мамандық түрлі тірі ағзаларды өндірісте пайдалана отырып, олардан нәрлі заттарды алу үшін ген мен жасушаны биологиялық объект ретінде қолданады.Қазiргi уақытта әлемде 143 гендiк-инженерлiк дәрi-дәрмек субстанцияларын өндiруге рұқсат берiлдi және 26 - рұқсат алу кезеңiнде.
Биохимия, генетика, молекулалық биология, иммунология, микробиология жəне вирусология сияқты биологиялық ғылымдардың қарқынды дамуына байланысты адам жəне жануарлардың бұрын қиын жолмен жазылатын ауруларының терапиясы үшін пайдаланылатын жаңа фармацевтік жəне ветеринарлық препараттарды өндіруді жүйелі түрде өсіру мақсатында медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның мүмкіндіктері кеңеюде. Осы жөнінде инфекцияға, қатерлі ісік жəне басқа да ауруларға қарсы адам организмінің қорғаныштық күштерінің деңгейін бақылайтын табиғи қосылыстар зерттелуде. Дамыған мемлекеттерде антибиотиктер, инсулин, интерферондар жəне интерлейкиндер, вакциналар мен моноклональды антиденелерді өндіру тұрақты жолға қойылған. Қазақстанда медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның даму тенденциясы нығаю үстінде.
Ветеринария және медицина саласында ғылыми-техникалық прогрестің өзекті бағытының қазіргі заманғы жағдайын зерттей отырып медициналық және ветеринарлық биотехнологияның әдістерінің көмегімен диагностикалық және дәрілік препараттрады жасаудың медико-биологиялық және ветеринарлық биологиялқ тәсілдерінің стратегиясын, антибиотиктер, антиденелер, вакциналар сияқты қазіргі дәрілік заттардың өндірістік деңгейді өндірілуінің негізін көрсету.
II. Негізгі бөлім
1. Антибиотиктердің жіктелуі.
2. Жаңа кезеңнің антибиотиктерін жасау. Жаңа штам-продуценттерді іздестіру; белгілі антибиотиктердің химиялық модификациясы.
3. Антибиотиктерді алудың технологиялық схемасы
4. Антибиотиктердің жаңа түрлерін іздеудің негізгі жолдары
Антибиотиктер дегеніміз - биологиялық қоспалар. Олар тірі клеткалардан алынады жән аз мөлшерде байытылғанның өзінде оған сезімтал микроорганизмдерді толық жойып жібере алады немесе өрбуін бәсеңдетеді. Олар тек микроорганизмдер мен өсімдіктерден ғана емес, аңдардың клеткаларынан да алынады. Антибиотиктердің өсімдіктерден алынғанын - фитонциттер деп атайды. Оларға сарымсақтан алынатын хлорепин, томатин, сативин және пияздан бөлінетін апиндер жатады. 80-жылдары антибиотиктер әлемдiк рыногының өсiмiнiң жылдық орта қарқыны 10-15% құрады, ал 1991 - 1998 жылдар жекелеген антибиотиктердiң топтары бойынша 20 % асып, 11-12% деңгейінде болған, хинолон ципрофлоксинды (ВАYЕR), кларитромицинды (USА), цефалоспорнды (НОFFMANN - Lа RОСНЕ) сату көлемi 1 млрд. USD асқан. Бүгiн антибиотиктердiң субстанцияларын өндiру үшiн ферментациялық қуаттылықтың едәуiр бөлiгi тоқтап тұр. Бiз антибиотиктердiң субстанцияларын және дайын дәрi-дәрмек түрлерiн сатып аламыз.
Қазіргі кезде микробтардан көптеген антибиотиктер алынады. Солардың кейбір маңыздыларына тоқталып өтелік.
Пениципллин - пенициллум зең саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотик. Оған стрептококтар, стафилококтар және пневмококтар жатады. Таяқша тәрізді бактериялар шар тәрізді түрлеріне қарағанда пенициллинге төзімді болады. Пенициллин микробтар жасушасына өте шапшаң енеді. Пенициллин әсер еткен микробтардың сыртқы пішіндері өзгереді, өніп-өсу қабілеті жойылады, қоректенуі баяулап қалады.
Антибиотик әсерінен жасуша қабығының құралуы бүлінеді, протоплазма ыдырап, жасуша өледі. Пенициллин тіршілік ортасында шамадан тыс көп жиналса, оның биологиялық активтігі кеміп кетеді. Пенициллин медицинада кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде пенициллиннен әсері күштірек оның бірнеше түрлері алынады. Олар пенициллиназа ферментіне аса төзімді метициллин, қышқыл ортада көп уақытқа дейін ыдырамай сақталатын оксациллин антибиотиктері.
Медициналық және мал дәрігерлік практикада антибиотиктердің басым көпшілігі актиномицеттерден алынады. Актиномицеттердің жалпы бейнесі 28-суретте көрсетілген.
Стрептомицин - актиномицеттің бір түрінен алынатын антибиотик. Оның көптеген микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе ауруы таяқшасының тіршілігін жоятын қасиеті бар. Пенициллинге қарағанда ол жасушаға нашар сіңеді. Дегенмен ол жасушадағы тотығу процесін шапшаң тоқтатады.
Стрептомицин тұз және күкірт қышқыл тұздары түрінде өндіріледі. Медицинада бұл антибиотиктің аса тиімді екені толық дәлелденді.
Грамицидин - спора түзетін топырақта тіршілік ететін Бациллус бревис микробынан алынады. 1942 жылы одан Сграмицидин антибиотигі алынады. Ол стафилококтарға, стрептококтарға, пневмококтарға жойқын әсер етеді. Сонымен қатар актиномицеттердің әр тобынан алынған, окситетрациклин деген антибиотиктер де медицинада кеңінен қолданылады. Тетрациклиннің азғана концентрациясы белок синтезін, ал жоғары концентрациясы нуклеин қышқылдарының түзілуін тежейді.
Антибиотиктер әрқайсысы жеке микробтарға ғана әсер етеді. Бактерияларға қарсы антибиотиктер ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға әсер ете алмайды. Бірақ мұндай ішінен тиімді деп танылғандары гризеофульвин мен нистатин.
Гризеофульвин - зең саңырауқұлақтарының кейбіреуінен бөліп алынған антибиотик. Көптеген тері, шаш ауруларын емдеуге кеңінен қолданылады. Ашытқылар қоздыратын кандидамикоз ауруына бұл препарат қолданылмайды.
Нистатин - кандидамикоз ауруына қарсы қолданылғанда жақсы нәтиже беретін антибиотик. Бірқатар микроорганизмдер антибиотиктерді үзбей қолданғанда оған төзімділік көрсетеді. Кейбір антибиотиктер мұндай жағдайда микробтардың өзіне жем болады. Мұндай кезде антибиотиктер мен химиялық дәрі-дәрмектерді қосып қолданса жақсы нәтиже алуға болады. Кейбір микробтар антибиотиктерді бүлдіретін ферменттер түзеді.
Микробтарға жойқын әсер ететін заттарға лизоцим жатады. Оның өзі аздап сілті реакциялы белок. Әсіресе ауру қоздырғыш микробтарға - сіреспе вибриондары мен сібір жарасын қоздырушыларды қырып жіберетін қасиеті бар. Лизоцим сілекейде, көз жасында қан сарсуында, лецкоциттерде, сүтте, тауық белогында, балық уылдырығында кездеседі.
Фитонцидтер - өсімдіктер тіршілігі барысында түзіледі де, бактериялар мен саңырауқұлақтарға жойқын әсер етеді. Өсімдіктердің бұл қасиетін алғаш рет 1930 жылдары Б.Т.Токин ашқан болатын.
Фитонцидтерді шапшаң бұзылатын өнімдерді сақтау мақсатында қолдану кеңінен сыналуда. Сондай-ақ антибиотиктерді де тамақ өнеркәсібінде қолдану қолға алынады. Оларды балық, құс өнімдерін, ашытқы өндіру заводтарында зиянды микробтарға қарсы қолданады. Антибиотиктердің ішінде хлортетрациклин, пеницил мен низин, тағы басқалары тиімді болатыны анықталды. Антибиотиктерді тамақ өнеркәсібінде пайдалану экономикалық жағынан көп пайда келтіре алады.
Алдын антибиотиктерді олардың продуценттері - бактериялар, актиномицеттер, саңырау құлақтар бойынша жіктеген, топтастырған.
Биологиялық әсер етулері бойынша антибиотиктер бактерияларға қарсы, фунгициттерге (саңырауқұлақтануға) қарсы және қатерлі ісікке қарсы болып бәлінеді. Бактерияларға қарсыларына: пенициллин, эритромицин, олеандомицин, карбомицин және басқа да оң (+) грамм бактерияларын егетін. Сол сияқты теріс (-) грамды бактериялар езетін тетрациклин, неомицин, стрптомицин, полимиксин, грамицитин және басқалар; туберкулезге қарсы әсер ететін стрептомицин, биомицин, циклосерин және де басқа антибиотиктер жатады. Саңырауқұлақтануға қарсы антибиотиктер тобына жататын нистатин, гризеосульфин, леворин, кандицитин және "В" мфотерициндер кіреді. Қатерлі ісік ауруларына қарсы антибитиктер болып актиномицин және "С" митомицині есептеледі.
Химиялық құрылысы бойынша антибиотиктер (М.М.Шемянин және А.С.Хохлов бойынша) мынадай топтарға бәлінді.
1. Алифатикалық антибиотиктер - нистатин, миностатин, фунгицитин. Нистетинді (С16 Н15NO18 және 19) Streptomyces tungicidicus. Str. naursei етеді. Ол ашытқыға және саңырауқұлаққа ықпал етеді, бірақ бактерияларға әсер етпеиді.
2. Аликцикликалық антибиотиктер - тетрациклин - стафилакокқа, стептакокқа, салмонеллға және басқаларға әсер етеді. Оның продуценті - Str.vividofac Тетрацилинді хлортетрацилинді хлорсыздандыру арқылы да алуға болады. Егер ттрациклин молекуласының "В" шеңберінің көміртегісінің жоғарғы атомында он тобы болатын болса, онда бұл құрамды (сол секілді кең танымал антибиотикалық затты да ) окситеттрациклин деп атайды. Оның продуценті - Str. rimosus және басқа егінділер.
Егер тетрациклин молекуласы "Д" шеңбері көміртегісі жоғарғы атомында хлор атомы болатын болса, ондай жағдайда бұл зат хлор тетрациклин немсе биомицин деп аталады. Ол тек медецинада ғана емес стимулятор ретінде үй жануарларын бақылауға да пайдаланады.
3. Антибиотиктер - хинодар (мысалы Aspergillus - тің көптеген түрлерімен продуцент ететін фумигатин) стафилакоктарға, стептококтарға,Vibrio choleras-тарға және басқаларға әсер етеді.
4. Құрамында азот бар гетероципиндік антибиотиктер - пенициппин және оның туындылары Penicillium potatum және әсіресе P. chrycodenum дерлин процудент етімді. Ал -Salmonella, Pseudomonas, Staphylococcus, Candida albicans, Mycobacterium Tuberculosis, Streptococcus faecalis, Vibrio және басқа да оң (+) грамды бактерияларға әсер етеді.
5.Стрептомициндер және осы тектес антибиотиктер. Стрептомицинді Streptomyces griceus немесе Actinomyces Streptomycini (совет ғалымдарының жіктеулері бойынша) продуцент етеді. Ол теріс (-)грамды бактерияларға сол сияқты кейбір оң (+) грамды бактерияларға әсер етеді.
6.Құрамында оттегі бар гетерациклиндік антибиотиктер- гризеофульвин және басқаларға әсер етеді.
7. Антибиотиктер- полипиптидтер- грамицидин, полимиксин және басқалар. Құрылысы бойынша олар L және D - аминоқышқылдары қалдықтараының циклопептидтері болып саналады. Полипексинді Bacillus polymyxa, B. Aerosporus-тер продуцент етеді.
Қазіргі кезде өте көп әр түрлі антибиотиктер шығарылады. Мысал ретінде төменде пенициллин мен азықтандыратын биомициндерді алу технологиялары жетілді.
Пенициллин - өндірістік жолмен бірінші рет шығарыла бастаған микроб тектес антибиотик еді. Ең алдын оны үстір өсіру әдісімен алатын. Оны алу технологиясы тіптен анайы еді, себебі продуцентті колбада немесе шыны ыдыста өсіретін. Арнайы жағдайда алынатындығына қарамастан, оған сұраныстың жоғары болуы себепті, оны өндіру көлемі өсе түсті. Продуцентті егу үшін керек десең сүр өнімдерін құятын шөлмектер де пайдаланылатын, себебі ол ыдыстарды жуатын және өңдейтін машина пар болушы еді. Әрбір шөлмекте тиісті желдету жағдайын қамтамасыз ететін 1-4 см қоректік орта қабаты орналастырылатын. Ол ыдыстарды арнайы кәрзеңкелерге салып, залалсыздандырып, салқындататын. Құрғақ спораларды немесе олрдың сулы суспенияларын шөлмектергеерекше бүріккіштермен немесе пипеткалар көмегімен енгізтін және 5-10 тәулік бойына 24*С жылулықта фермент етілуге қойылатын.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде пенициллинді басқада антибиотиктер сияқты тереңдетіп егу әдісімен алып келеді.
Пенициллин продуценттері ретінде Penicillium chrysogenum егіндерінің өсіктері (штаммдары) кеңінен пайдаланылады. Penicillium түрлері споралар (конидийлер) тудырады. Мицелиялардың дамуында әр түрлі фазалар көрініс береді. Мицелияның бастапқы ортаңғы өрбу барысында клеткаларда майлар жиылып, қорланады. Кейіннен олардың сандары азая түсіп, рибонуклеополифосфат түйіршіктері бар вакуольдер пайда болады, одан соң аутолиз басталады. Пенициллин қоспалары үдей түсуі үлкен мөлшердегі мицелия биомассасы бар болған. Глюкоза мен сүт қышқылын бейтарап жағдайға жақын ортадажәне рН жағдайында толық пайдаланған жағдайда басталады.
Пенициллинді зерттегенде, оның қышқылдық гидролизі құрамында әр қашанда В-диметилцистан орын алатындығына көз жеткіземіз. Қоректік орта заттарына C14,N15,S32 белгіленген атомдарын енгізу арқылы пенициллиннің биосинтез механизмі зерттелген болатын.
Бензилпенициллиндік қыщқыл L-цистиннен фенилуксус қышқылынан және диметил пировиниградтың қышқылдарынан жинақталады деп саналады. Пенициллинді алу үшін алдын спораларды көбейтіп өсіреді. Олардың құрамына 0,5% масса, 0,5% пептон, 0,4% ас тұзы, 0,01% бір рет араластырылған калий фосфаты және 0,005% магний сульфаты кіретін агарланған ортада өсіреді. Спораларды 25-27*С жылу ортасында 4-5 тәулік бойына өсіреді.
Өндірісте спораларды мицелийдің шыны флакондарда тары ортасында өсіру арқылы алады. Құрғатылған споралық мантериалды бөлме жылуы жағдайының өзінде де сақтауға долады. Алынған споралық материаоды инокуляторлады егу үшін пайдаланылады.
Егу ферменттерінде мицелий 12-18 сғат өсіріледі, 15-20 %-дық егін сұйығы көлемін негізгі ферментацияның басталуы үшін пайдаланады. Мицелий мен пенициллин биосинтезін өсіру үшін қоректік ортаны, әдетте жүгері экстрактысынан, лактозадан, глюкозадан, минерал заттарынан және антибиотикке жол салушы - кейбір фенил сірке су қышқыл дәрі-дәрмектерінен дайындалады.
Пеницилиннің негізгі ферментациясы үшін өндірісте пайдаланылатын кейбір қоректік орталардың құрамдары төмендегі кестеде келтірілген.

Пенициллин алу үшін фермептациялық орталар құрамдарының кестесі
Компонент
жүгері

майлылығы
Кукурузді экстракт
2,0-3,0
-
2,0-3,0
Жаңғақ және күнбағыс
-
2,0-4,0
-
Лактоза
5,0
5,0
1,0
Глюкоза
1,5
1,5
1,5
Өсімдік майы
0,5-0,1
0,5-0,1
2,5-3,5
Аммони нитраты
0,4
0,4
0,4
Натрий сульфаты
0,05
0,05
0,05
Калий фосфаты
0,4
0,4
0,4
Магний сульфаты
0,025
0,025
0,025
Натрий тиосульфаты
0,2
0,2
0,2
Бор
0,5-1,0
0,5-1,0
0,5-1,0
Пенициллин
0,3-0,4
0,3-0,4
0,3-0,4

Ортаның әсер етуін тұрақтандыру үшін бор пайдаланады. Ферментациялауды 22-26*С жылуда 5,0 - 7,5-ке дейін рН ортасы шекарасында, үдемелі желдету ортасында жүргізеді. 4 тәулік барысында пенициллин мөлшері өзінің шегіне жетеді. Сондықтан да ферментацмя тоқтатылады. Мицелий құрылуының, пенициллин биосинтезінің және ортадан лактозды пайдалану динамикасы мицелиді сүзу арқылы бөледі. Оны мал шаруашылығында белоктар мен витаминдердің қайнар көзі ретінде қолдануға болады, ал егінді сұйықтығынан пенициллин бөлігі алынады. Мицелийді бөліп алғаннан кейін фильтратта 3-6 % құрғақ заттар қалады, олардың 30-40 %-ын пенициллин құрайды. Одан басқада онда 50-200 мг 100 гр, ал кейде 100гр ерітіндіде 700 мл-ға дейін белок болып, лар пенициллин бөлуін өте қиындатады. Белок қоспаларын әр түрлі алдын-ала өңдеу әдістерін пйдаланып аластайды, мысалы көпвалентті металл тұздарымен тұндыру (Al, Fe, Zn) танинмен коагуляциялау немесе рН 5,5-6,0 ортасында жоғары температура (65-70*С) арқылы аластау. Бұл процесстерде пенициллин жағыны 5-15 %-ды құрайды.Бұдан кейін пенициллинді сумен араласпайтын органикалық ерітінділермен (бутил ацетат немесе амил ацетатпен) экстрагирайиядан өткізеді. Бұл кезеңде рН ортасын 1,9-2,0 аралығында ұстау қажет. Экстракция нәтижесінде алынатын зат тазалығы 4-6 есе өседі. Одан кейін пенициллинді бутилацетаттың экстрактын бикарбонат натрий ерітіндісі 6,6-7,2 рН ортасы көмегімен суда ерітіп, құрғақ заттарды құрамы 5-7 % және активтілігі 30000-50000 мл ерітінді алынады. Пенициллинді тазарту үшін оны тағы да органикалық ерітіндімен экстракциядан өткізеді. Экстракция жасағанда фазалар арақатынасы 1:0,5 - 1:1, ал экстракт активтілігі 50000-70000 млн болуы керек. Пенициллин шығуы оның егінді сұйығы мөлшерінің шамамен 86%-ын құрайды.
Антибиотиктердің активтілігін анықтауда микробиологиялық әдістемелер кең қолданылады. Залалсыздандарылған Петри табақшасына 21 мг агарланған ортаны құйып, оның мүмкіндігін береді. Агар үстіне 4 мг басқа құрамдағы агарланған ортаны осы антибиотикке әсерлі тест - дақылмен бірге құяды. Бұл агарланған ортада қатайғаннан кейін, оның бетіне ұзындығы 10 мм, жуандығы 6 м м 4 залалсыздандырылған цилиндргн тіке орналастырады және оларды белгілі мөлшерде байытылған стандартты антибиотик ерітіндісімен зерттелгелі отырған ерітіндімен толтырады. Дайындалған Петри шыны табақшаны 37*С температурада термостатқа орнатады. 11-18 сағаттан кейін дақылдық тест өсіп шықпаған цилидр зонасының диаметрін анықтайды. Пенииллинді активтілігін тексергенде әдетте культура ретінде (штаммы 209-р не 9144) алтын түсті стафилакокк (Staphilococcus aureus) пайдаланылады.
Антибиотиктерді алу тәсілдері
Антибиотиктерді алудың үш тәсілі бар.
Биологиялың синтез. Осы тәсілмен антибиотиктерді алу үшін микроорганизмдердің жоғары өнімді штамдары мен оларды өсіретін арнайы қоректік орталар қолданылады. Биологиялық синтез көмегімен
мысалы пенициллин алынады.
Химиялық синтез. Кейбір табиғи антибиотиктердің құрылымын зерттеуден кейін оларды химиялық синтез жолымен алуға мүмкіншілік туды. Осы тәсілмен алынған бірінші препарат левомицетин. Бұдан басқа, осы тәсіл көмегімен барлык, синтетикалық антибиотиктер жасалынды.
Аралас тәсіл. Бұл тәсіл жоғарыдағы екі тәсілдің бірігуінен тұрады: биологиялық синтез көмегімен антибиотикті ала отырып негізін бөліп алады және оған химиялык жолмен әртүрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен
алынған антибиотикгер жартылай синтетикалык деп аталады. Мысалы, жартылай пенициллиндерге оксациллин, азлоциллин жатады. Жартылай синтетикалық цефалоспориндер, тетрациклиндер т.б. кеңінен қолданылады. Жартылай синтетикалық антибиотикгердің артықшылығы табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдығы болып табылады. Сонымен қатар, бұл антибиотиктерді өндірудің анағұрлым үнемді, пайдалы тәсілі: алу бағасы өте жоғары табиғи антибиотиктің біреуінен әртүрлі қасиеті бар 100 -ден астам жартылай синтетикалық препараттарды алуға болады.
Вакциналарды жасау. Тірі вакциналар. Тірі емес (инактивтелген) вакциналар. Комбинирленген вакциналар.
Иммунитет дегеніміз зиянды әсерді немесе уды қабылдамау қасиеті. Иммунитет түзуге бүкіл организм қатысады. Мұнда орталық нерв жүйесі басқарушы және бағыттаушы қызмет атқарады.
Организмнің иммунологиялық икемділігі
Иммуналогиялық икемділік иммунологическая реактивность , иммундік жауап немесе иммунитет реакциялары дегеніміз организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып, генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған иммунологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті. Бұл иммунологиялық жауап реакциясына жататындар:
-антидене түзу,
-жедел типті сезімталдық,
-баяу типті сезімталдық,
-иммунологиялық жады,
- иммунологиялық толеранттылық,
-идиотип- антидиотип қатынасы.
Иммундік жауаптың себепкері антиген болып табылады. Яғни иммундік жауап антигендік әсерден барып туындайды. Ірі молекулалы белоктар, полисахаридтер, липидтер тегі бөтен заттар антиген болып табылады. Олардың антигендік детерминанттары болады. Химиялық құрамы жағынан антигендік детерминанттары 1-4 пептид, немесе 1-4 сахаридтерден тұратын олигопептид немесе олигосахаридке жатады. Тек қана антигендік детерминанттан тұратын қарапайым заттарды гаптен деп атайды. Гаптен антиденемен әсерлеседі, бірақ антидене түзілте алмайды. Егер гаптенге басқа бір күрделі затты белок, полисахарид қосса, ондай қосылысты организмге енгізгенде гаптенге қарсы антидене пайда болады.
Антидене түзу. Антидене, иммуноглобулин, қорғаныс қызметін атқарып, токсиндер мен вирустарды бейтараптайды, антигенмен қосылған соң комплемент жүйесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктердің, вакциналардың, моноклинальды антиденелердің және т.б. биотехнологиясы
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Молекулалық биотехнология негіздері
Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша - қазақша терминологиялық сөздік
Биологиялық белсенді қоспалар
Антибиотиктер биосинтезінің түрлі жолдары
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
Нуклеин қышқылдарының түзілуін тежейтін антибиотиктер
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
ДНҚ вакциналарын алу технологиясы
Пәндер