Дәрумендер жайлы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы
Тақырыбы: Дәрумендер.
Орындаған: Қуандық Ғ.Е
Тобы: 202 А ЖМқ
Қабылдаған: Оразбаева Ж.Т
Шымкент2017
Витаминдер дегеніміз барлық тағам мен азық түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.
Азық - түлікте жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери - бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай сықат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.
Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторы үшін витамин деген тарихи термин сақталып қалды.
Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.
Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18-20 көміртек атомы бар циклді көмірсутектер мен қанықпаған - лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар,, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер ағзаға да синтезделеді. Олар қоректік заттармен ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.
Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға тиамин мен пиридоксинді аздап қоудың өзі көптеген өсімдіктердің тамыршалары мен жас өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.
Ағзаға тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
Ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы сырқаттары қозады.
Осы жоғарыда аталған себептердің адам ағзасына тигізетін зиянды әсерлерін алдын-ала болдырмауға немесе азайтуға болама?
Әрине, болады.
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, тез шаршап-шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты себебінің бірі - адам ағзасына қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні өте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.
Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ - С - авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д - авитаминоз, бери-бери - В1 - авитаминоз т.с.с.
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.
Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау өте қиын. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.
Кез келген витаминді ағзаға қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады.Витаминді бірден көп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.
Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың ағзасы қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстарғанда витаминдерді әсіресе С витамині мен В тобының витаминдерін көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдерді мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептірілген итмұрын жемісінің тұндырмасын, сонымен бірге басқада жеміс-жидектердің шырындары мен қайнатпалары асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк пиязды және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ жақсы сақталады.
Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер бар және олар ағзаның тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде ерекше орын алады. Барлық витаминдер ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.
Негізгі қоректік заттармен (белоктар, майлар, көмірсулар, минерал тұздары ) салыстырғанда ағза витаминдерді тым аз мөлшерде қажет етеді. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әртүрлі тағамдарындағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі.
Сөйтіп витаминдер - әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.
1.1 Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс ғалымы Н.И.Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударады. 19 ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін көмірсулар, майлар,белоктар,минералды заттар және судың болуы жеткілікті
деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И.Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бұл қоспалардағы заттардан басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажетті бұрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болды. Осындай пікірді У.Бунгенің С.А.Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп берді. 1986 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың бери-бери ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамақтандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит ауруымен ауырған көгершінді емдеп жазды.Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты витаминдер деп атады. Вита - латынның тіршілік, өмір деген сөзі, ал амин - деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды.
1913жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор А ның қажет екенін анықтап, оған А витамині деп ат берді. А витаминінің жетіспеуі адамды ақшамсоқыр ауруына шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині. Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В1,В2,В3, т.б.деп белгіледі.
1928жылы СентДьерьди С витаминінін ашты және оның малдың бүйрек үсті безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның құрамында болатын К витаминінін ашты.
1948 жылы Смит, Фолкерс т.б. В12 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам ағзасында қанның азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі болды.
Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мәселен, А витамині - ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині - кальциферол деп аталады, яғни кальций ионын, тасымалдайды деген мағынаны береді.
Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау қабылданған. Ол кезде анти деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сөз болып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині(рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы)витамин деп аталады.
Сөйтіп, витаминдердің тағамдық заттарда жетіспеуінен болатын дерттер көне заманнан-ақ белгілі болғанымен, оның себептері осы біз өмір сүріп отырған 20 ғасырдың бастапқы жылдарында ғана анықтала бастады. Қазіргі уақытта витаминдер тобына жататын заттар өте көп.
Әріппен белгілеу ескеуі салдарынан ыңғайсыздық тудыра бастады, әрі күнделікті зерттеулер нәтижесінде табылған витаминдер санының көбеюіне байланысты, олардың биологиялық және химиялық қасиеттері толық қамтылмады. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөлді:
1.алифматикалық витаминдер қатары аскорбин қышқылы;
2.алициклды витаминдер қатары;
3.ароматикалық витаминдер қатары;
4.гетероциклді витаминдер қатары.
Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатынсу мен майларда еритін витаминдер топтары.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлихинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары А, Д, Е, К,Q және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам ағзасына әсер мөлшері де түрліше болады.
Витаминдер ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі. Витаминдерге - бауыр, бүйрек, жүрек, ішек-қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, көкөністер мен жеміс-жидектер өте бай келеді. Витаминдерді ағзаның қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгерумен бірге, сол сияқтыкейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларда да күшті өседі. Мысалы, ағзаның буаз не екі қабат кезінде төлдері мен балаларын тамақтандыруда, инфекциялық ауруларда және т.б. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін витаминдерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.
II ВИТАМИН ТҮРЛЕРІ
Суда еритін витаминдер.В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде жүйкелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан - ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бастайды.
Азия мен Оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың арасында бери-бери ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылдарын көп пайдаланатын елдерде жиі тараған. Европа елдерінде бери-бери ауруы, керісінше, өте сирек кездеседі. Себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, қара нан, әр түрлі тағамдар мен көкөністерді жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізген зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда бери-бери ауруының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі тағам қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бери-бери ауруының негізгі себебікүріштің кебегінде көп кездесетін В1 витаминінің жетіспеушілігінен екені анықталған.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні - бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиаминпирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылын ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде ферменттің активтілігі азаяды да, қанда прожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы , сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды - тиамин - және кокарбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
В1 витаминінің зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттердің құрамына кіреді.
В1 витаминінің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит,яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған бери-бери ауруының негізгі себебі де осында.
Бери-бери ауруымен ауырғанда адамның жүру қабілеті нашарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауыруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер тартылып солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі - оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей; В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Ағза тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек етеді. В1 витаминінің жалпы формуласы - С12Н17N4OSC HCI. Тиаминнің құрамында 2 гетероциклды сақина болады: пиримидин және тиазол. Тиазол молекуласында амин тобы мен күкірттің кездесуіне байланысты тиамин деген атқа ие болады. Тиаминді кристалдық жағдайда түссіз ине тәрізді тұз қышқылды тиамин түрінде алады. Тиамин суда жақсы еріп, этил спиртіне нашар ериді, эфир мен хлороформда ерімейді. Күшті қышқыл ортада тиамин қыздыруға берік, ал сілтілі және бейтарап орталарда, ол қайнағанға дейінгі уақыттың өзінде-ақ бұзылады. Тиаминпирофосфат кофермент есебінде ферменттер құрамын кіреді. Тиаминнің жеткіліксіз нәтижесінде: қанда, жүйке ұлпасында, мида прожүзім қышқылының мөлшері артады.
В1 - авитаминозы кезінде қарында және ішекте сөл бөлінуі нашарлайды, асқазан қабырғасында тұз қышқылының түзілуі тоқталады. Осылардың салдарынан асқа деген тәбет жойылады, сөйтіп, малдың салмағы кемиді, арықтайды. Ағзадағы осы аталған жайсыз өзгерістер , онда ТПФ коферменттің активті тобы тиаминнің жеткіліксіздігінің көмірсулар алмасуының тотықпаған өнімдері жиналуынан болады.
Тиамин өсімдіктер тектес өнімдер,әсіресе бидай, күріш, қара бидай дәндерінің қауызы, ашытқы оған бай кееді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі.
В1 витаминін күйіс қайыратын малдың қатпаршақ қарынында микроорганизмдер синтездейді. Жылқы, шошқа және тауық бұл витаминді өте-мөте қажет етеді. Жылқы мен шошқаға бір тәулікте қажет мөлшері олардың 10 кг дене массасында 3-4 г шамасындай. Малдың буаз және желіндеу кезінде В1 витаминін қажет ету мөлшері арта түседі.
Тиаминнің адам ағзасы үшін тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг-нан аспайды. Рационда көмірсулардың мөлшері көбейген сайын ағзаның тиаминге деген қажеттілігі арта түседі.
В2 витамині (рибофлавин). В2 витаминінің жалпы формуласы - С17H20N4O6 . Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындаы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиттің күңгірттенуіне әсерін тигізеді. В2 витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасудағы маңызыда өте зор.
В2 витамині әсіресе клетканың, яғни ағзаның өсіп - өнуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілетін де төмендетеді. В2 витаминінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар. Әсіресе, бұл витамин А витаминмен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі түсті айыруына қажет.
С витамині жеткіліксіз болғандағыдай , рибофлавин гиповитаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі - ұсақ қан тамырларының әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 витаминінің жетіспеушілігі бірте - бірте бауыры мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады. Жалпы В2 витамині жеткіліксіз болғанда адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні шаншып ауырады. Көзден жас ағып жарыққа қарай алмайды , көздің көруі де нашарлайды. Жиі кездесетін белгісінің бірі - аузы уылып, екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып , қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында ауыздық деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршақтанып кетеді. Ағзадағы флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 витамині кіреді. Демек, В2 витамині жетіспеген ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымданады .
Сондай - ақ бұл витаминнің ана мен баланың денсаулығы үшін де атқаратын рөл өте зор. Мәселен, перзенттің құрсақта жақсы өсіп жетілуі үшін ананың денсаулығы жақсы болып, ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Тамақтың құрамында А, В, С витаминдері жеткілікті болу керек, өйткені екі қабат әйел тек өз ағзасын ғана емес, жатырдағы перзентті де қоректендіреді.
Туғаннан кейін жүре пайда болатын катарактағы келсек, адамның жасы ұлғайған сайын зат алмасуының өзгеруінен көз бұршағының қасиеттері кеми береді. Адамның 55 - 60 жасынан бастап жалпы ағзасында , әсіресе көз бұршағының құрамында қышқылдық процесі бұзыла бастайды. Осыған орай , жалпы ағзада және көз бұршағының құрылысында аскорбин қышқылы және рибофлавин витаминдері азая түседі. Сөйтіп, зат алмасу көз бұршағының ішкі құрылысы мен сыртқы қабығы қатайып, мөлдірлігі кемиді де, оның ортасында қатайған дән (ядро) пайда болады, әрі шет жағы да көмескілене береді. Сөйтіп, егде адамның ағзасы, әсіресе көз бұршағы С және В2 витаминдерімен жеткіліксіз қоректенгендіктен, оның жанарында бірте - бірте катаракта басталады. Әсіресе ішіп - жейтін тағамның құрамында С және В2 витаминдері жетіспейтін адамдардың көзінде бұл дерт жиі кездеседі.
Катарактаның әуелгі белгілері мынадай: көздің көру өткірлігі бірте - бірте нашарлап, содан қарашықтың ортасы ақсұрғылт болып көрінеді. Сөйтіп, көз бұршағының қарауытуы күшейген сайын көздің көру қабілеті де нашарлап , бірте - бірте тек күн мен түнді ғана ажырата алатын болады.
Кәріліктен болатын катаракта көбінесе бір көзден басталады . Ал кейде екі көзден бірдей басталуы мүмкін. Көз бұршағы қарауытқанда ауырмайды, қызармай тек бірте - бірте көздің көру өткірлігі кеми бастайды.
Катаракта әр адамда әр түрлі уақытқа созылады. Кейде бір жылда түгел қарауытып, ал кейде бұл процесс бірнеше жылға созылады.
Катарактадан алдын ала сақтану үшін егде жастағы адамдардың күнделікті ішіп - жейтін тағамының құрамында витаминдердің мөлшері , әсіресе С және В2 витаминдері жеткілікті болуы тиіс. Бұл үшін тағам үнемі бір түрлі болып келмей, әр түрлі болуы керек. С витамині қарақат, аскөк - укроп, көк жуа, қымыздық, помидор, қияр, сәбіз, өрік, апельсин, лимон, картоп, орамжапырақтарда көбірек болады. Витаминдер тіпті ашытқан капустаның өзінде де , оның шырынында да болады.
Ағзада С витаминін жинау үшін жаз , күз айларында көкөніс түрлері мен жеміс - жидектерді көбірек жеген дұрыс. Өйткені қыс , көктем айларында көкөніс пен жеміс - жидектер бола бермейді. Тағы бір айта кететін жайт - көкөніс, жеміс - жидек витаминдерінің көпшілігі адам ағзасының склерозға қарсылығын күшейтіп, адам өмірін ұзартуға да әсер етеді.
Демек, күнделікті ішіп - жейтін тамақтың құрамында көкөніс , жеміс - жидектер жеткілікті болса, олардың адам ағзасына рак айруын болдыртпайтын ерекше қасиеті бар екенін Жапония ғалымдары терең зерттеп анықтады.
В2 витамині сиырдың сүті, жұмыртқа , картоп, капуста, сәбіз, қара нан, бұршақ тағамдарында көп болады. Тағамда В2 витамині ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда тек көз бұршағын ғана көмескіленіп қоймай, адамның беті - қолының терісі құрғап , өңі кетеді, еріні жарылады, көз айналысы мен маңдай терісіне әжімдер түсіп, адам жасына жетпей мосқал тарта бастайды.
Катаракта иондалған радиоактивтік заттардан шыққан сәулелердің зардабынан да пайда болады.
Рибофлавин картопта , орамжапырақта, қара нанға , ашытқыда, қызанақта, сәбізде, жұмыртқада, бауырда , сүтте жане сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі. В2 витамині дәрі ретінде қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.
Пантотен қышқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz