Сыртқы ортаға ағзаның биімделуіндегі талдағыштардың маңызы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІКФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Морфологиялық және физиялогиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы

Реферат

Такырыбы :Сыртқы ортаға ағзаның биімделуіндегі талдағыштардың маңызы

Орындаған: Сапаралы З
Тобы: 202 А ЖМ Қабылдаған:Оразбаева Ж.

1. Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
Барлық мүшелердің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ қоршаған ортаны бағдарлай білу сезім мүшелерінен, яғни есту, көру, сипап сезу, дәм және исіс сезу мүшелерінен, сол сияқты барлық басқа мүшелерден келетін хабарларды дәлме-дәл және үздіксіз талдап отыруды талап етеді. Талдау процесі рецепторларда басталады, құрылысының ерекшелігіне байланысты оларға кейбір тітіркендіргіштер ғана оңай әсер ете алады және олар басқа рецепторлардың әсерінен жақсы қорғалған. Мәселен, көру мүшелерінің рецепторларын іс жүзінде жарық қана, есту мүшелерінің рецепторларын - дыбыс қана тітіркендіргіштерді адекватты, яғни сәйкес тітіркендіргіштер деп атайды.
Кейбір рецепторлар белгілі бір мүшенің өзінде әр түрлі талғамалы сезімталдық көрсете алады. Мысалы, есту мүшесінде әрбір рецептор белгілі бір биіктіктегі дыбыс арқылы ғана қозады. Рецепторларда туатын қозу импульстердің жиілігі де түрліше болады. Ол тітіркендіру қарқынына байланысты.
Әр түрлі жағдайларда және басқа тітіркендіргіштермен түрліше ұштаса отырып әсер ететін өзара ұқсас немесе белгілі бір тітіркендіргіштерді мұқият талдау шартты рефлекстерді түзүге негізделген және ол үлкен ми сыңарлары қыртысы арқылы жүзеге асады.
Тітіркендіруді талдау рецепторларда басталып, орталық нерв жүйесінің афференттік импульстер өтетін жолдары бойындағы әр түрлі учаскелерінде жалғасады да, үлкен ми сыңарлары қыртысында аяқталады. Бұл процесті қамтамасыз ететін жүйелерді И.П.Павлов анализаторлар (талдағыштар) деп атады.
Қандай да болмасын әрбір анализатор үш бөлімнен турады:
1) перифериялық немесе шеткі, рецепторлық, сезгіш бөлім;
2) өткізгіш бөлім;
3) орталық, немесе сезім орталықтары, немесе қыртыс бөлім.
Рецепторлық бөлімінде ең бірінші талдау - алғашқы қарапайым саны мен сапалық анализ жүргізіледі. Рецепторлардың, яғни анализаторлардың шеткі, перифериялық бөлімдерінің тітіркенуі - миға біздің денемізде, сондай-ақ бізді қоршаған ортада қандай әрекет болып жатқанын жеткізетін хабарлардың бірден-бір көзі болып табылады. Сезім мүшелері рецепторларының ерекше маңызы бар: адам олар арқылы айналадағы дүниені танып біледі.
Анализатордың өткізгіш бөлімінде шетте түзелген қозу импульстерін аралық афференттік нерв арқылы орталыққа өткізіп, сонымен қатар алғашқы қарапайым синтез немесе талқылау жүргізіледі.
Орталық немесе қыртыс бөлімінде жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Рецепторлардан келетін қозу импульстер үлкен ми сыңарлары қыртысының тиісті пункттеріндегі белгілі бір жасушалар тобының қозуына себепші болады, бұл бірқатар түйсік ретінде біздің санамызда бейнеленеді. Ми қыртысының күрделі қызметінің нәтижесінде түйсіктер негізінде қабылдау пайда болады, ол заттың жекелеген қасиеттерін емес, тұтасымен алғанда заттар мен құбылыстарды бейнелейді.

2. Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
Есту- ол есту анализаторы арқылы организмнің дыбыс толқуларды, дабылды (толқындары) қабылдауы және ажыратуы. Бұл анализаторда 3 бөлімнен, яғни дыбыс қабылдаушы рецептордан(сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ), өткізгіш нервтік жолдары және орталық бөлімнен тұрады (ми жасушасынан, бас миының үлкен жарты қабығының самай бөлігінде орналасқан).
Есту мүшесі - құлақ дыбыс өткізетін және дыбыс қабылдайтын екі бөлімнен тұрады. Дыбыс өткізгіш бөлім сыртқы және ортаңғы құлаққа бөлінеді, олардың арасында дабыл жарғағы бар. Дыбыс қабылдайтын бөлім ішкі құлақтан, есту нервтерінен және самайда орналасқан мидың арнайы есту орталығынан тұрады.
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту түтігі жатады. Ортаңғы құлақта есту сүйекшелері: балғашық, төс және үзеңгіше орналасқан шығын дабыл қуысы бар. Дабыл қуысы евстахиев түтігі арқылы мұрын-тамақ жолымен ұштасады. Адам жұтынғанда евстахиев түтігі ашылып, мұрын-тамақтан келген ауа ораңғы құлаққа енеді, мұның дыбысты ішкі құлаққа өткізуде маңызы бар.
Ішкі құлақта құлақ құрышы, онда сезімтал есту клеткалары мен вестибуляр аппараты - тепе-теңдік органы орналасқан. Дыбыс толқыны есту түтігі, дабыл жарғағы және күллі есту сүйекшелері арқылы құлақ құрышына беріліп, есту клеткаларын тітіркендіреді. Бұл тітіркеніс одан әрі есту нервтері арқылы мидың есту орталығына жеткізіледі. Адам осылай сөзді, музыканы қабылдайды.
Адамның құлағы секундына 16-20-дан 20-30 мың тербеліске дейінгі жиіліктегі дыбыстарды естиді. Ол эсіресе секундына 1000-нан 4000-ға дейінгі тербеліске сезімтал келеді. Эсіресе қабылданатын жиіліктің жоғарғы және төменгі шегіне жақандаған сайын неңұрлым жоғары немесе төмен дыбыстарға сезімталдық едәуір кемиді. Толық тыныштық жағдайда есту анализаторының сезімталдығы айтарлықтай артып, айқай-шу жағдайында кемиді. Егер күшті өзгермейтін белгілі бір биіктіктегі үн естіле бастаса, онда оған бейімделу салдарынан үн күштілігін түйсіну алғашында тез, ал одан соң барған сайын баяу кемиді. Мұнда естіліп тұрған үн мен оған тербеліс жиілігі жөнінен жақын үнге сезімталдық төмендейді.
Күшті дыбыстардың ұзақ әсер етуі мен қыртысы клеткаларының шектен тыс тежелуіне себепші болуы мүмкін, осының нәтижесінде анализатордың сезімталдығы күрт кмиді. Мұндай жағдай тітіркендіру аяқталған соң біраз уақыт бойы сақталады. Күшті айқай-шу жағдайында жиі болу иірім түтіктің есту аппаратының емдеуге келместей бұзылуына, сөйтіп құлақ мүкістігіне, яғни нашар естуге, тіпті мүлде саңырау болып қалуға әкеп соғуы мүмкін.
3. Есту қызметі бүзылған балалар.
Аномалды балалар арасында естудің белгілі ауытқулары бар балалар түрліше айқындалған категорияны құрайды.
Естудің сақталуы бала дамуына өте қажет, өйткені қоршаған өмір жайында көп мөлшерлі хабарды ол есту анализаторы арқылы алады. Әсіресе ең маңыздысы, ол баланың сөзінің қалыптасуы тікелей дыбыс қабылдауына сүйенеді. Естудің бұзылуы, бірінші кемшілік болып саналады, оның танымдық іскерлігі мен жекеленіп көрінуінің байқалуы, баланың дамуының екінші ауытқуын ескертеді.
Есту қызметінің терең және тұрақты зақымдануы деп, даму процесінің кемшілік негізінде ағып өтуіне және зақымданған қызметтің белгілерінің жақсаруының байқалмауын, ал емдеу әрекетінің тиімді еместігін айтады.
Естудің бұзылу себептері: туа біткен және жүре пайда болғандар.
Туа біткендер: жүре пайда болғандарға қарағанда мейлінше аз кездеседі және шамамен балалардың 25%-н нашар еститіндер құрайды. Туа біткендердің естуінің бұзылуы:
1) Генетикалық келісілген ерекшелігі бар, осыдан барып тұқымқуалаудың себебі болып келетін ішкі құлақтың толық және жартылай аплазиясы (шала дамуы) түріндегі құрсақ ішінде есту мүшесінің дұрыс дамымауы, дабыл қуысы және сыртқы құлақ түтігінің атрезиясы (бітеліп қалуы) түрінде ортаңғы және сыртқы құлақ дамуының бұзылуы. Сондай-ақ естудің ауыр бұзылуына генетикалық бейімділік мұра болып қала береді.
2) Ана ағзасының жүкті кезінде құрсаққа түрліше зиянды, ауру тудырғыш әсерлердің шақырылуынан болады. Оларға: жұқпалы аурулар (қызылша, тұмау), әсіресе бірінші үш айлық жүктілікте, химиялық, дәрілік заттармен (стрептомицин, хинин), ішімдікпен құрсақтың улануы жатады.
3) Құрсақ ішіндегі ұрықтың түрліше жарақат алуынан болады. Оның алғашқы дамуында зақымданудың ауыр түрі ерекше біліне бастайды, өйткені есту анализаторының ұрықтануы бұл кезеңде өте сезімтал болып келеді.
Жүре пайда болған естудің бұзылуы туа біткенге қарағанда көп кезедеседі және соның салдары болып келесі жағдайлар табылады.
1)Жұқпалы инфекциялық аурулар - менингит, қызылша, қызамық, скарлатина, эпидемиялық паротит, пневмония.
2) Қабыну процессі. Бұзылу дәрежесі дыбыс есту аппаратының зақымданған жеріне байланысты. Есту нерві және ішкі құлақ зақымдануына қарағанда, ортаңғы құлақ отиті (қабынуы) естуге аздап ауыр зардабын тигізеді. Құлақтың әр-түрлі бөлімдері қабынып ауырғанда уақытша немесе мүлде естімей қалады. Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары ауруға шалдыққанда евстахиев түтігі қабынып, соның салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындап, дыбыс өткізгіштігі бұзылады. Евстахиев түтігі ұзақ уақыт бойы қабынып ауырғанда ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болып, соның салдарынан көмескі естуі мүмкін. Сондықтан да созылмалы тұмауға шалдыққанда, не мұрын-тамақ жолдары қабынғанда міндетті түрде дәрігерге қаралып, құлақтың есту қабілетіне ұзақты көз салып отыру қажет.
Отит - құлақтың қабынуы. Отиттың сыртқы,ортаңғы және ішкі түрлері болады. Сыртқы есту жолының қабыну процесі терінің зақымдалған жеріне инфекция түсуден болады. Бұған құлақтың үсуі, күйіп қалуы, құлақты шаш түйрегішпен, сіріңкемен шұқылап, зақымдау ықпал жасайды. Ауруға шалдығудың басты белгісі-құлақтың қышуы болып табылады. Әдетте құлақты алақанмен қатты басқанда, не қолқанын ұстап салғанда, кейде ауыз ашқанда ол қатты ауырады.
Ортаңғы құлақ қатты қабынып, созылмалы сырқатқа айналуы мүмкін. Отит көп тараған сырқат, онымен әсіресе балалар жиі ауырады. Ол көбінесе инфекциялық аурулар (грип, қызылша, скарлатина т.б.) асқынып, жоғары тыныс тарағанда болады. Қабыну процесі жұтқыншақтан құлақтың қалқанды қуысына ауысады. Сондай-ақ, ортаңғы құлақтың қабынуының асқынуына аденойдтар мен полиптер, кеңірсектің қисайып, тұмау, танау тесігінің ауруы т.б.себеп болады. Әдетте, отитке шалдыққанда құлақ қатты ауырады, температура көтеріледі, есту нашарлайды. Құлақтан ірің аққанда оның ауырғаны басылып, науқастың жалпы күйі жақсарады, температура төмендейді, ал келесі науқас құлағының нашар естуіне ғана шағым айтуы мүмкін. Кейде ортанғы құлақтың қабынуы созылмалы формаға айналады. Онда дабыл пердесіндегі жазылып бітпеген тесік арқылы оқтын-оқтын ірің ағады, есту төмендейді. Ал, құлаққа су тисе, ол асқына түседі. Сондықтан баланы жуындырғанда құлағына вазелинге не майға жағылған мақта тығып қою керек.
Осы құлақ қабыну созылмалы формаға айналса, ол асқынып кетуі мүмкін: ішкі құлақ қабынады (лабиринтит деп аталатын ауру, мұнда бас айналады, жүрек айниды, адам бойын билей алмай, жүрісі бұзылады) ми қабынады, бет нервтері т.б. жансызданады. Осыдан жазылғаннан кейін, дабыл қуысында тыртық болып, дыбыс тербелісінің дұрыс берілмеуіне кедергі болып есту нашарлайды.
3) Қан құйылу, ісік шалу, энцефалиттер есту анализаторының орталық бөлігінің зақымдануын тудыруы мүмкін, яғни бас миы қабығының есту орталығының.
4) Ерте жастағы түрліше мұрын және жұтқыншақ аурулары (созылмалы тұмау, бездердің аденоидты өсулері және т.б.) ортаңғы құлақ мүшесінің өткізбеуіне, евстахиев түтігінің және естудің жеткіліксіздігінің қалыптасуына себеп болады. Әсіресе, бала құлағына өте сақ болған жөн, көп жағдайда бала құлағының мүкістігі аденоидтерге (тамақ-мұрын бездерінің ұлғаюына) байланысты.
5) Есту нервінің невриттері. Бұлар есту нервісінің нервті жасушалардың аурулары, улану мен бактериялы токсиндерге ерекше сезгіш, есту қызметінің толық немесе жартылай зақымдануына әкеледі.
6) Есту анализаторларына ұлы әсерін тигізуші химиялық заттар: түрліше дәрі-дәрмектер (хинин, стрептомицин және т.б.) және өндірістік улар (сынап, мышьяк, қорғасын).
7) Қатты шудың ұзақ уақыт әсер етуі, соның салдарынан құлақта қысым сезімнің немесе аурудың пайда болуы.
8) Бастың түрліше жарақаттары (туу кезінде немесе жүре пайда болғандар.)
9) Кейбір жағдайда, мәселен, құлаққа құлық қатып, тесігін мүлдем бітеп тастағанда есту нашарлайды, ол тазалау арқылы ашылады. Құлақ ішіне заттар, насекомдар, құлақты тазалағанда мақта т.б. тұрып қалады. Балалар ойнап жүріп, кейде құлағына күнбағыс дәнін, қағаз, түйме, моншақ секілді ұсақ заттарды кіргізіп алады. Мұндайда дереу дәрігерге қаралған жөн, өйткені құлақтағы затты дұрыс алмаудың салдарынан оның есту жасы мен дыбыс жарғағы жарақаттанып, ортаңғы құлақ ауруға шалдығуы мүмкін.
Құлақ қуысын дұрыс тазаламау не үшкір заттармен (шпилька, сіріңке тал ) шұқылау салдарынан кейде ол тітіркенеді, есту саңылауының терісі сызаттанады. Сызатқа микробтар түскенде есту саңылауында сыздауық пайда болуы мүмкін, бұл ауру асқынған жағдайда ортаңғы құлақ қабынып, есту нашарлайды. Құлақты саусаққа оралған таза шүберекпен, не сіріңке талына оралған мақтамен тазалау қажет. Құлақ қышыған жағдайда мақтаны әтірге не вазилин майына шылап алады. Ал, қышуы басылмаса, дәрігерге қаралған жөн.
Зардаптың өзгешелігі мынаған байланысты:
- есту қызметінің кемшілік дәрежесінің анықталуына;
- патологиялық процестің пайда болу уақытына;
- дамудың қай кезеңінде естудің бұзылғанына.
Баланың қай жасында естуінің бұзылғаны анықталғанын, сондай-ақ осы кемшіліктің дәрежесінің айқындылығына байланысты, естуі нашар балаларды естімейтіндер (саңырау), кеш естімей қалғандар және нашар еститіндердеп бөледі.
Естімейтіндер немесе саңыраулар қатарына сөзі қалыптасқанға дейін, естудің екі жақты, терең, тұрақты бұзылуы туа біткен немесе жүре пайда болған балалар жатады, яғни есту, сөзді еркін меңгеруге негіз бола алмайды. Негізінен естудің бұл жойылуы 70 децибел деңгейінен жоғары. Саңырау балалар ауызша сөйлеуге тек арнайы оқыту кезінде ғана, ерекше сақталған анализаторлардың көмегімен үйрене алады (көретін, түйсіну-тербелмелі енмесе вибрациялық, кинестетикалық). Саңыраулық кей жағдайларда ғана абсолюттік болады, негізінен шамалы есту сақталады, жеке дара тым қатты, жылдам немесе бәсең дыбыстарды қабылдауға мүмкіндік береді (шуды, ысқырықты, құлақ түбіндегі қатты дауысты). Әлбетте, сөзді айқын қабылдау мүмкін емес.
Естуінің жаппай бұзылуы барсаңырау балалар екіге бөлінеді:
А) Ерте естімей қалғандар немесе сөзсіз саңыраулар - бұл саңырау туған балалар, немесе сөздің дамуына дейін естімей қалғандар, сондай-ақ 2-3 жаста сөйлеу дағдысынан айрылып, естімей қалғандар.
Б) Кеш естімей қалғандар немесе сондай-ақ басқаша жағдайда сөздерін сақтап қалған саңыраулар - бұл саңыраулық пайда болғанға дейін сөз меңгеріп кеткен және оны сақтап қалған балалар. Осыған сәйкес, саңыраулықтың ерте және кеш пайда болуын пайда болу уақытына орай ажыратады. Ерте саңыраулық ауызша сөйлеуді меңгеруге мүмкіндік бермейді және баланы мылқаулыққаәкеледі. Мылқаулық саңыраулықтың зардабы. Осылай болғанда ерте естімей қалғандарды, мылқауларда ережедегідей, сөйлеу аппаратының қандай-да бір органикалық (алғашқы) зақымдануы байқалмаған (перифериялық немесе орталық бөлігінде). Мылқау баланың психикалық даму қарқыны бәсеңдейді. Саңырау балаларда сөздің бұзылуынан араласу бәсеңдейді, Заттарды елестетудің қалыптасуы төмендейді. Жинақтау және алаңдату процестерінің даму қарқынының бәсеңдеу орны бар. Ауызша сөзді қабылдай алмағандықтан мұндай бала сыртқы өмірді ұғады, оның сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы жеңілдетілген және тарылған. Саңырау балалар сақталған анализаторларды қоршаған шындықты тану, тұрмысқа бейімделу үшін қолданады. Көрнекі-көрудің түрлерін білу ауызша-логикалықтан басым болады. Саңырау балалардың ауызша-сөйлеу жүйеін, негізінен жазу жұмыстары, оқу құрастырады. Солай болғандықтан араласу мұқтаждығы сөздің көмегінсіз іске асырылуы мүмкін емес, саңырау бала заттардың, суреттердің, әрекеттенудің көмегімен түрліше араласу амалдарын іздейді, және шарасыз араласу түріне жүгінеді-ыммен сөйлесу, ыммен көрсетіп сөйлеу жүйесі, әр сөздің өзіне қатысты белгісі бар. Алайда мұндай сөз дөрекі және өзгеше. Ауызша сөйлеу мөлшері естушілердің естуімен қабылданады. Саңыраулар осы мақсатта көруді пайдаланады, еріннен оқу сияқты, яғни ауызша сөйлеуді көру арқылы сөйлеу мүшелерінің қозғалысын қабылдайды. Естуді қадағалаудың болмағандығынан саңырау баланың шығарған дыбыс сөзі оның, түсінікті болмауы ерекшеленеді. Саңырау балаға тән түрліше дауыс бұзылулары; әлсіз дыбысталу, биіктігі бірдей емес, мыңқылдақтық, фальцет, тембрының жасандылығы.
Саңырау балаларды арнайы оқытуды ұйымдастырмай толық жәрдем беру мүмкін емес, алайда ауызша сөйлеу және сөздік ойлаудың қалыптасуы басты роль атқарар еді. Бұл барлық оқу-тәрбие процесінің орталық және қаншалықты қиын міндеті. Саңырауларды оқыту барысында жазбаша және дактильді сөз қалыптасады (қолды әліппе, дактильді белгілерді әріптерге ауыстырғанда). Дактильді сөз - бұл ауызша сөйлеудің өзгеше түрі, ауада қол саусақтарының қозғалысымен жасалуы.
Кеш естімей қалғандарда естудің бірден жойылуы сөз қатысты қалыптасқанда, яғни 3 жаста және одан кешірек кезде пайда болады. Олар естімей қалып, бірақ сөзді сақтап қалғандықтан туа біткен саңыраулармен немесе ерте естімей қалғандармен салыстырғандапсихикалық даму жағынан айтқан артықшылықтары бар. Дамудың соңғы сатысында пайда болған саңыраулық, сөздік қорды бұзбайды, әсіресе оқу мен жазу кезінде қалыптасқан әдетті. Арнайы оқу және тәрбиесіз балалар, 4-5 жаста естімей қалғандар, мектепке барарда мүлдем сөз білмей, тек шамалы, бұрмалап айтылған сөздер қорымен келеді. Арнайы ұйымдастырылған оқыту және тәрбиелеудің міндеті-ауызша сөйлеуді сақтау және дамыту, шындықты ауызша-логикалық ойлау деңгейінде тану. Кеш естімей қалған баланың сөйлеуі өзінің өзгешелігімен ерекшеленеді: дыбыстық модуляциялануының бұзылуы, дыбыс артикуляциясының анық еместігі, нашар дыбысталуы, түсініксіздігімен, сөйлеу мәнері мен сөздің аяқталуын қате айту. Сондықтан балалармен түзету жұмысы толық жауап беруді шығару үшін арнайы жаттығулар енгізеді.
Нашар еститін, құлақ мүкістігі бар балалар жартылай, түрлі дәрежеде айқындалған есту кемістігімен сипатталады және түп мәнінде сөздік дамуын қиындатады, бірақ есту анализаторының көмегімен өз бетінше сөздік қор жинауға мүмкіндік береді. Нашар еститіндерге естуі 20-дан 70 дцБ төмендеген балалар жатады, сондықтан құлақ мүкістігі қабылдау деңгейі бойынша үш дәрежеге бөлінеді: 1 дәреже - қабылдаудың басталуы 40 дцб-дан жоғары емес, 2 дәреже-қабылдаудың басталуы 60 дцб-ға шейін, 3 дәреже-қабылдаудың басталуы 60-тан 80 дцбдейін.
Балалар арасынан келесі категориялы балаларды ажыратуға болады:
А) мектепке барар алдында сөзі өте шектеулі немесе дамымаған (бөлшектеп бұрмаланған сөздер мен сөйлемдер) балаларды;
Б) ашып сөйлеу кезінде, грамматикалық құрылымында да шағын кемшіліктері, айтылуы мен жазылуында қателері бар балаларды. Олар керең балаларға қарағанда қалдық естуге ие, қоршаған ортамен араласуды және шындықты танып білуді оқу процесі кезінде тиімді қолдана алады. Олар шектеулі сөз қорын меңгереді.
Естуі нашар кезінде естудің қатты бұзылуын 4 дәрежеге бөлуге болады - жеңіл, орташа, айрықша, ауыр. Жеңіл дәрежедегі естімеушілікке 3-6 м қашықтықтан сыбырлап сөйлеуді, ал 6-8 м-ден әңгімелеуді қабылдау жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лиганд-рецепторлық қатынастардың механизмі. Сенсорлық мембраналық-ядролық рецепция
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Түйсіну мен қабылдаудың қасиеттері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Дәм қабылдағыштары
Түйсік және оның негіздері
Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Оқушылар физиологиясы, дене бітімі, құрылысы
Орта мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары
Пәндер