Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері

Орындаған: Аралбай Арайлым
Тобы: 210"А" ЖМ
Қабылдаған: Оразбаева Ж.Т

Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері(ми сыңарларларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т,б) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады. Гипофиз бен гипоталамустың арасындағы жүйкелік гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді.Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады,яғни олар түрлі нейросекрециялық гармон тәріздес заттар түзеді. Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі.Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дәм беруші химиялық өнімдер -нейросекр е т т е р д і (грек. нейрон - нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр. Сонымен қатар,
мида көптеген гормондар бар екені белгілі,олар жүйке импульстерін синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.
Гипофиз (грек. hypophysіs -- өсінді) -- мидың төменгі қосалқы бөлігі, организмге қажетті əр түрлі гормондар бөліп шығаратын орган. Адамда гипофиздің салмағы 0,5 - 0,6 г. Ол алдыңғы (безді), орта (аралық) жəне артқы (жүйкелі) бөліктен құралған. Гипофиздің қызметі шамадан тыс күшейіп немесе əлсіреп кетсе, ол организмге елеулі əсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің ішкі секрецияны өте көп шығаруы баланың бойын шамадан тыс өсіріп, акцелераттануға ұшыратады. Гипофиздің қызметі əлсіреген жағдайда баланың бойы өспей қалады, организмде зат алмасуы бұзылады, ал ересек адам шамадан тыс семіріп кетеді, басқа бездердің қызметі нашарлайды. Эпифиз ( грек. epіphysіs -- төмпешік) -- адам мен омыртқалы жануарлар миының төрт төмпешік бөлімі үстінде орналасқан орган.
Гипофиздің артқы бөлімінде олар əбден жетіліп гормонға айналады яғни гипофиздің артқы бөлімі гипоталамус біртұтас құрылымдық жəне əрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы жəне ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғары гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бүл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды. Гипоталамус- аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Əдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің композиторы. Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік жəне гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге əсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) жəне либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин жəне вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейопепидтер либирин жəне статин деп аталады. Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нəтижесінде гипоталамуста полипептидтерден құралған бірсыпыра биологиялық белсенді заттар түзілетіні анықталды. Олардың əрқайсысы гипофиздің алдыңғы жəне аралық бөлімдерінде белгілі бір гармонның түзілу жылдамдығына əсер етеді.
Либерин (лат. Liber-бос деген мағынада) босатушы, күшейтуші,ал статин- тоқтатушы,тежеуші факторлар. Қазіргі кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр. Либериндер тобына кортиколиберин, триолибергин, люлиберин, фольлиберин, соматолиберин, меланолиберин жəне пролатрлиберин жатады.
Гипоталамус-гипофиз жолы (гипоталамо-гипофизарный тракт); (грек, hypothalamus жəне hypophysis, лат. tractus -- жол) - гипоталамустың супраоптикалық жəне паравентрикулалық ядроларынан басталып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі -- нейрогипофизге өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер түрінде аяқталатын эфферентті жүйке талшықтарының будалары. Гипоталамус-гипофиз жолының аксондары арқылы гипоталамустың супраоптикалық жəне паравентрикулалық ядроларында түзілетін окситоцин жəне вазопрессин гормондары гипофиздің нейрогипофизіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктерде (Херринг денешігінде) жинақталады. Аталған гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде Херринг денешіктерінен қанға өтеді. Гипофиз -- аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Əдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің дирижері болып саналады. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нəруызды).
Эпифиздің салмағы адамда 0,2 г, жылқыда 0,44 г, шошқада 0,04 г. Оның физиол. қызметі, активті заттары əлі толық зерттелмеген. Дегенмен эпифиз организмнің күн мезгілдері ауысуына орай өзгеріп, бейімделуіне мүмкіндік беретін орган деп есептелінеді. Жас балаларда эпифиздің қызметінің тежелуі олардың ерте жыныстық жетілуіне əкеледі. Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales) -- екі бүйректің үстінде орналасқан, организмде белоктың көмірсуға айналуын жəне минералдық тұздардың алмасуын реттейтін жұп орган. Салм. 15 г, сыртқы жəне ішкі қабаттан тұрады. Бүйрек үсті безі 50-дей гормон (мыс., адреналин, альдостерон, кортикостерон, кортизон, т.б.) бөліп шығарады. Оның жұмысын орталық жүйке жүйесі басқарады. Бүйрек үсті безінің сыртқы қабаты зақымданса, адам аддисон ауруына шалдығады. Адам мен жануарларда ішкі жəне сыртқы секреция бездерінің қызметін қоса атқаратын ұйқы безі болады. Ұйқы безі (pancreas) -- организмде көмірсу, май, белок алмасуына, яғни, ас қорытуға қатысатын орган. Омыртқасыздарда ұйқы Б-і тек моллюскілерде ғана болады. Адамда қарынның артқы жағында 1-, 2-бел омыртқа тұсында орналасқан. Ұзындығы 15 -- 25 см, ені 3 -- 9 см, қалыңдығы 2 -- 3 см., салмағы 70 -- 80 г. Ол тəулігіне 1,5 -- 2 л сөл бөледі.
Эндокриндік жүйе -- ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз -- қанның құрамындағы гормондар жəне минералдық заттардың əсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге жəне мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына əсер етеді. Организмде бездерді үш топқа бөледі: Сыртқы секреция бездері (көз жас бездері); Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері); Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі). Эндокриндік жүйенің қызметі: - Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады жəне барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды. - Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді. - Жүйке жəне иммундық жүйелермен қосыла отырып: -өсуді; -ағзаның дамуын;
Гормондар ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың қызметін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді. Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша безінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен ерекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді. Бір сәтте клеткаларға көптеген гормондар әсер етеді, бірақ клеткадағы заттар мен энергияның алмасуына ең нәтижелісінің әсері ғана қабылданады. Олардың қайсысы нәтижелірек екені арнайы заттар -- простогландиндердің қатысуымен анықталады. Былайша айтқанда, простогландиндер нақтылы сәтте гормондардың қажетсіздерін тежейтін реттеуші қызметін атқарады. Гипофиз - сына тәрізді сүйектің түрік ершігінің гипофизарлы ойығында орналасқан ішкі секреция безі. Гипофиз массасы 0,5 - 0,7 г, өлшемдері 1,3 х 0,6 х 1,0 см, бірақ өлшемдері адам жасы мен жынысына байланысты өзгеруі мүмкін (ер адамдармен салыстырғанда әйел адамдарда үлкендеу). Гипофизді екі бөлікке бөлуге болады: алдыңғы (аденогипофиз) және артқы (нейрогипофиз).
Ацидофильды (эозинофильды) жасушалар өсу гормоны (ӨГ; соматотрофтар) мен пролактин (лактотрофтар), базофильды жасушалар -- тиреотропты гормон (ТТГ; тиреотрофтар), адренокортикотропты гормон (АКТГ, кортикотрофтар).
Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нəруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын жəне зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің əрі рефлекстік, əрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бəсеңдетеді Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын нəруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нəтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бəсеңдетеді. Нəтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі.
Гормондардың қасиеті:
1.Гормондар дистантты түрде əсер етеді;
2.Арнайы əсер;
3.Био-физиологиялық белсенділік;
4.Əр түрге арнайшылық;
5.Тек тірі жасушаларға əсер ету;
Ішкі секреция бездері: Эндокринді бездер (эндокринные железы); (glandula endocrinae, лат. glandula без, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГИПОФИЗ АУРУЛАРЫ
Эндокринология пәнінен дәрістер
Гипоталамо-гипофизарлы жүйесінің аурулары
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
Вегетативті жүйке жүйесі туралы түсінік
Тұқым қуалайтын аурулар туралы
Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Алиментарлық бедеулік
СТРЕСС ЖӘНЕ ГОРМОНДАР
Эндокриндік бұзылулардың жалпы этиологиясы мен патогенезі
Пәндер