Қос сөздердің құрылымы мен типологиясы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Қос сөздер

Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының не бір буынның, бір дыбысының өзгеріп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады.

Қос сөз: қайталама, қосарлама

Қайталама қос сөздер - белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайтьалануы арқылы, не сол сөздің не бір дыбыстың немесе бір буынның өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. М, қора - қора, мая - мая, үлкен - үлкен, қолма - қол, қап - қара т. б.

Қайталама қос сөздер компонентерінің ерешеліктеріне сәйкес, қалыптасқан сыртқы дыбысының және морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай төрт түрлі болады.

  1. қосымшасыз түбірдің қайталануынан тұратын сөздер
  2. қосымшалы түбірдің қайталануынан құралатын қос сөздер
  3. түбірдің бір дыбысы өзгеріліп құралатын қос сөздер
  4. түбір ықшамдалып құралатын қос сөздер
  1. бұл топты жай қос сөз дейді: жол - жол, биік - биік.
  2. Қосымшалы қос сөздер: үйдей - үйдей, айта - айта, қолды - қолына, үй - үйдің, мүй - үйге.
  3. қағаз - мағаз, шай - пай, қалт - құлт.

Бұл өзгерістердің заңдылығы:

а) Егер сөздердің бірінші дыбысы дауыссыз болса болса, ол дыбыс қайталанғанда көбінесе, м (тас - мас, қол - мол, ) әредік с (кемпір - семпір, мәре - сәре), неме, се п (шай - пай, нан - пан) дыбысына ауысады.

Компоненттерінің ара қатынасына байланысты күрделі сөздерді біріккен, тіркескен, қос, қысқарған сөздер деп бөлеміз.

Компоненттерінің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану, тіркесу арқасында туған күрделі сөздердің сыртқы фонетикалық түр-тұрпаты мен ішкі семантикалық құлымында, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптасқан қарым-қатынастардың нәтижесін я оның жиынтығын айтамыз.

Кіріккен сөз деп компоненттерінің я бірігуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағынасынан айырылып (делексикаланып), тұтассымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін оның, сонымен бірег, сол компоненттері фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әрқилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз.

Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөздерді айтамыз.

Компоненттерінің бастапқы кездегі мағыналық (я синтаксистік) қатынастарының ерекшеліктеріне қарай, қазақ тіліндегі біріккен сөздер не сабақтаса не салаласа құралады.

Кіріккен сөздер: бүгін, ендігәрі, биыл, білезік, қарлығаш, қызғыш, әкел, апар, бүрсігүні, былтыр.

Кіріккен сөздердің тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің құрамындағы компоненттерінің мағыналарының жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болды.

Біріккен сөздер: шекара, демалыс, ақсақал, әлдекім, әркім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос сөздердің типологиясы мен жасалу заңдылықтары
Қазіргі қазақ тіліндегі қос сөздердің морфологиялық сипаты
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романындағы қос сөздердің лексикалық-грамматикалық сипаты
Ағайын-анжы, айып-анжы және жайсаң: қос сөздердің тарихи-этимологиясы
М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы қос сөздердің лексика-семантикалық және грамматикалық зерттелуі
М. Әуезовтің Абай жолы романындағы қос сөздердің лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері
Қос сөздердің қазақ тіл біліміндегі табиғаты, түрлері және лексика-семантикалық-грамматикалық ерекшеліктері
Күрделі сөздердің құрылымы, жіктелуі және семантикалық ерекшеліктері
Сөздердің морфологиялық құрылымы: түбір мен аффикстердің мағынасы мен қызметі
Жұлдыз атмосфералары мен қос жұлдыздардың құрылымы және физикалық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz