Қос сөздердің көмескі сыңарлары туралы


Қос сөздердің көмескі сыңарлары туралы
Ағайын-анжы, айып анжы немесе жақсы-жайсаң сыртқы түрі ұқсас болғанмен, шындығында бұл екеуі екі бөлек сөз. «Ағайын» сөзімен қосарланып тұрған «анжының» о бастағы тұлғасы (әнжі (енжі) . Бұл сөз көне түркі жазбаларында, әсіресе, монгол тілінде жазылған нұсқаларында жиі қолданылады. Негізгі мағынасы - ұзатылған қызға (ұлға емес) беретін жасау, енші. Ондай еншілер, дүние-мүлік, қызметші, малшы, жалшы, көрші-қолаң түрінде болған. Академик Б. Я. Владимирцов өзінің «Монғолдардың қоғамдық құрылысы» атты кітабында мынандай бір мәлімет келтіреді. Керей Уан ханның інісі қызын ұзатқанда таңдаулы аспазы Әмір-Темірмен қоса екі жүз адамды әнжіге берген. Кейін ло адамдардың біразы жаңа «иелерімен» жақындасып, тіпті қыз алысып татуласып кеткенге ұқсайды. Атақты Шыңғыс ханның нөкелерінің көбі-ақ бір кезде әжесіне енжі болып келгендердің ұрпағы екен. Міне, енді келіп олар ағайындасып кетеді, яғни «әнжі» сөзі көрші-қолаң, жалшы деген мағыналардан жақын, туыс деген мағынаға ауыса бастайды, сөйтіп барып ағайын сөзімен синоним құрайды. «Ағайын» деген сөздің әсерінен «әнжінің» жііңішке дауыстылары жуандап кеткен, сөйтіп ол «анжы» тұлғасына ие болған. Қазақ тілінде бұл сөз «ағайынмен» қосарланып қана жұмсалатын болған.
Ал «айып» сөзімен қосарланып қолданылатын «анжының» мағынасы мүлде бөлек. Көне түркі жазбаларында «анжы» сөзі (етістік) айыптау, жазалау мағынасында, ал «анжы» (есім сөз) - айып, күнә, кіна мағынасында қолданылғанын көреміз. Яғни бір кезде тілімізде қолданылған анжы сөзінің орнын кейін араптан енген айып сөзі басқанда, ол тек қос сөздің құрамында ғана сақталып, бізге жеткен.
Жайсаң сөзі монғол, қалмақ тілдері арқылы келген болу керек. Қазақ тілінде революцияға дейін зайсан - жоғарғы әкімнің бірі, ал бурят - монғол тілінде кіші әкімшілік шені болған. Академик Б. Я. Владимирцовтың айтуынша ХVІІ ғасырға дейін монғолдар аймақ басын, ұлыс басын «жайсаң» деп келген. Ал алтайлықтарда ондай әкімшілік аты кейінгі жылдарда қолданылып отырған. Бұл атау ноян, бек дегендермен қатар жұмасалып келген. Сонда жайсаң сөзі ауыл ағасы, ел азаматы деген сөзбен қосарланған.
Кұда-анда дегендегі анда Рашид-ад-диннің «Шежірелер жинағында» көңілдес, туыс мағыналарында қолданылған.
Ертеде көңілдес атаулар туыстығын күшейте түсу үшін бір-бірімен қыз алысып, құда болысады. Бұл - біреуінде ұл, екіншісінде қыз болғанда. Ал екеуінің де баласы ұл, я бірыңғай қыз болған жағдайда ше? Академик Б. Я. Владимирцовтың айтуы бойынша, мұндайда олар бір-біріне сый апарып, шапан жабысып, дүние апарып, қалау алысатын болған. Міне, осыдан кейін бұл адамдар бір-бірімен анда деп атайды, мағынасы - қандары араласпаған туғандар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz