Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі


Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі
Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ тұтігі тар, оның терісінде түтіктер көп болады. Бір жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус) .
Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, бірітіндеп барып ауаға толады. Бір жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ бір жылдың ішінде ересек адамның құлағымен теңеседі.
Екі-үш жаста сыртқы құлақ түтігі сәл ииеді де, төрт алты жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғының құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында-ақ ересек адамның құлағымен теңеседі.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарыны нейрондары дифференцияланбаған. Бір жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту талдағышының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. Бір жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.
Дене сезімі бірнеше сезімнің жиынтығы, оның ішкі және сыртқы мүшелері қабылданған мәліметтер әртүрлі сезім тудырады, бірақ дененің қалыпты жағдайын немесе оның өзгерісін білдіретін тікелей мәліметтер әуелі терідегі рецепторлар арқылы қабылданады. Бұлар сыртқы ортаның денеге тікелей әсерін білдереді. Тері рецепторларының жалпы аумағы өте үлкен: 1, 5-2 кв. м. Мұнда жаңасу, қысым ыстық-суықты сезу және ауырсыну рецепторлары бар. Олар терінің әртүрлі қабатында және әр жерінде орналасқан. Көбі саусақтың ұшында, алақанда, табаңда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыңыс мүшелерінің терісінде болады.
Тері рецепторларының сан мөлшері де әртүрлі: жанасу рецепторлары 5, жылуды сезу рецепторлары 3, суықты сезу - 25 шамасында ауырсыну (ауруды сезу) бәрінен де көп және дененің барлық жерінде болатын әртүрлі рецепторларда тітіркендіргіштің күшті әсерінен ауырсыну сезімі туа береді.
Тері рецепторларының тітіркену сәтінде қабылдағыш потенциалы әрекет потенциалына көшіп, қозуды тудырады. Қозу толқыны жүйке тамырлары арқылы орталық жүйесіне серпінісі ретінде жеткізіледі.
Тері рецепторларына қозу толқыны жұлын - таламус жолына шығады. Жоғары өрлеу жолы жіңішке Голь мен сына тәрізді. Бурдах будаларымен сопақшамиға барады.
Бейімделу тәртібі бойынша тері рецепторлары екі топқа бөлінеді. Тез бейімделетіндер, яғни жылдам рецепторлар және баяу бейімделетіндер, яғни баяу рецепторлар.
Терінің түгінің түбіндегі сипап сезу рецепторлары мен қатпарлы деңешіктер өте тез бейімделеді.
Қатпарлы денешік 40-1000 гц аралығындағы тербелісті қабылдай алады. Адамның терісінің бетіндегі қатар жатқан екі нүктеге жанасуды бөлек сезуі әркелкі болады. Мысалы, тілдің шырышты қабығындағы жанасуды бөлек сезуі 0, 5 мм, ал арқа терісіндегі - 60мм.
Рецепторлардың жаңа тітіркендіргіштерге, сыртқы ортаның жаңа әсерінен организмнің тыныштығының қалпында ұстау артық беймаздықтан сақтайды, алаңдамай бірқалыпты өмір сүріп, стереотипті жағдайда қызмет атқарып, салауатты өмір тіршілігінде болуды қамтамасыз етеді.
Жаңа туған бала сыртқы ортаның тікелей тітіркендіргіштерінің әсерін қабылдап, олардың тірлігіне қажетті түрлерін талдап, талқылай алады. Бұл қызметке дененің барлық сезімдері, әсіресе тері сезімдері көп қатысады. Себебі олардың сыртқы ортаның әсерін қабылдау тікелей денеге әсер еткен тітіркендіргіштер арқылы жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz